№8 Тамыз, 2022

Жер бетінде адамзат жаралғалы алуан түрлі қоғамдық формациялар болғаны белгілі. Қазақстан Республикасыда осынау өмір заңдылығының талай-талай табалдырығын аттап, алуан-алуан сынағынан өткені белгілі. Осы орайда мейлі қай заманда, қай мемлекет болса да адам хұқы, қоғам хұқы, демократия, әр елдің ондағы әр аймақтың өзін-өзі басқаруы хақында мәселе ешқашан саябырлаған даӨйру дегеніміз қашан да демократияның ең басты көріністерінің бірі екені рас.

Еліміз тәуелсіз мемлекет атанып өз алдына дербес даму жолына түскелі мемлекет ретінде өзін-өзі басқару жолына түскені, содан бері саяси да, әлеуметтік те, экономикалық та тәуелсіз басқарудың небір ірілі-уақты сатыларынан өтті, яғни, шынайы демократиялық зайырлы мемлекет болуына осы өзін-өзі басқару идеясының зор септігі тиді. Бүгінде бұл ұлы жобаның мемлекеттің жоғарғы буынынан өтіп, енді жергілікті жерлерде, яғни, жергілікті әкімшіліктерде өзін-өзі басқарудың жаңа жолына түсу қолға алынғаны мәлім. Бұл әсіресе, осыдан бір жыл енді толғалы отырған үкімет шешіміне сәйкес жүргізілуде.
Иә, осыдан тура бір жыл бұрын қабылданған «Әлеуетті аймақтар – елді дамытуды жеделдетушілер» атты ұлттық жобаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылдың12-ші қазанындағы інстады. Онда Орталық, жергілікті атқарушы орындар мен басқа да ұйымдарға (келісім бойынша) осынау ұлттық жобаны жүзеге асыруға жауапты осы орындар үкімет қабылдаған бұл ұлттық жобаның жүзеге асырылуының барысы мен Үкімет Қаулысында көрсетілген орындалу мерзімі туралы хабарлап отыру міндеттелген.
Ал облыс әкімдері мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне осынау ұлттық жобада қарастырылған іс-шараларды жергілікті қазынадан қаржыландыруды қамтамасыз ету тапсырылды. Ал оған Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика министрлігі бақылау жасап отыратын болды.
Осынау Үкімет Қаулысына орай Нұр-Сұлтан қаласында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда өзін-өзі басқару жүйесі қызу қолға алынды. Бұл істегі орта жолда кездескен әлі де кездесіп тұратын кейбір қиыншылықтар мен орындалған, атқарылған істер туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Көлгіновтың халық алдына жиі-жиі шығып, баспасөз және басқа да ақпарат құралдарына сұхбат беріп отыратыны да ел разылығына бөленуде. Ол былай дейді:
–Өзін-өзі басқарудың қаржылық жағын да бірте-бірте игеріп келеміз. Бұл өте жауапты шаруа. Бірақ – Нұр-Сұлтан қаласында жаңа мектептер ашылып, үй кезегінде тұрғандарға жаңа пәтерлер кілттерін тапсырып, көптеген қоғамдық кеңістіктер қалалықтардың демалыс орындарына айналып, әсем көпірлер мен өзге де нысандар іске қосылып жатқанын көргенде ол қиыншылықтар мен кедергілер тез-ақ ұмыт болады екен.

Өз тілшіміз