№6 Маусым, 2022
Жаңа Қазақстанның жас өрендерін білімге құштар, ғылымға ынтық, өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ұлтжанды тұақамандығына адал, өз ісінің шеберлері.
Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен, білім мен тәрбиенің бастауы — ұстаз қолында.Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бү. да ұстазға жүктелетін өте ауыр міндетті абыроймен атқарып жүрген жандар жайында сыр шертпекпіз.
«Көк жүзіне алаулы
Міндет емесЕң Кәсібіңе сай болу»-деген қадірлі Қадыр ақынның өлең жолдарын өзінің өмірлік ұстанымы етіп алған педагог-зерттеуші Насамбаева Жанар Темірханқызы Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ-де 20 жылға жуық еңбек етіп келеді. Ақынжанды, шығармашыл, ізденімпаз, білім, өнер, спортты ұштастырған «сегіз қырлы, бір сырлы» жанның шәкірттерге берер өнегесі мол. Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәні мұғалімі ретінде қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін санамалап айтып шығу мүмкін емес.Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу – ерекше қиын іс. Алабіл бағытта жетелеп, ізденуден жалықпайтын ұстаздық парызын адал өтеп жүрген жанның бірі — Жанар Темірханқызы.
Қазақ әдебиеті пәні бойынша оқушысы республикалық ғылыми жоба конкурсында І орын иеленсе, 2018 жылы өзін-өзі тану пәнінен шәкірті Г.Талмағанбетова республикалық пәндік олимпиададан 1-орын жүлдегері атанып, 2022 жылы осы жетістікті оқушысы Ұ.Дайрабай қайталады.
Құстың қос қанатындай екі пәнді де қатар алып, мәртебесін биік, абыройын асқақ етіп жүрген ізденімпаз Жанардың, әсіресе, өзін-өзі тану пәніне сіңірген еңбегін ерекше атап өтуге болады. «Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз» деген қағиданы берік ұстанған ол іргесі енді қаланып жатқан пәннің кабинетін жабдықтап, 2012 жылы облыстық конкурстан 1-орын иеленді. Облыс, республика көлемінде ғылыми баяндамаларымен бөлісіп, «Мәңгілік Ел» бағдарламасын сабақта қолдану, пәндерді интеграциялау жайында шебер-кластар ұйымдастырды, семинар, конференцияларда өткізген бірнеше «жанды сабақтары» әріптестеріне үлгі болды. Оқушы, ата-ана, әріптестің ілтипатына бөленген ұстаздың 2015 жылы «Қазақ тілі мен әдебиетін өзін-өзі тану пәнімен ықпалдастыру» атты әдістемелік құралы облыс көлемінде, 2018 жылы «Рухани құндылықтың негізі- өзін-өзі тану» тақырыбындағы әдістемесі ISBN санымен республикаға таратылды.
Бірнеше кәсіби байқауларда сынға түсіп, «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурсынан 2-орын, республикадан сертификат (2018 ж.), «Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған сабақ жоспары» конкурсынан
1-орын (2019 ж.), «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» байқауында 1-орын (2021 ж.) иеленіп, шеберлігі мен шығармашылығы ұштасқан жан екендігін дәлелдеп келеді.Оқушыларының шығармашылығы, өзінің тәжірибесі облыстық, республикалық басылымдарда жарық көруде.
Ізденімпаз жан үнемі білімін жетілдіріп отырады. 2021 жылы республикалық біліктілік курсынан өту барысында Адамның Үйлесімді Дамуы Ұлттық Институты ғалымдарын рухани тереңдігі, креативті идеялары, мол тәжірибесімен тамсандырып, институттың тренері ретінде сертификатталды. 2021 жылдан бастап Ұлттық институттың тренері ретінде де қызмет етіп келеді.
Ұстаз үшін бақыт – алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәті. Өз кәсібіне шын берілген Жанар Темірханқызы бүгінгі білім мен білік, бәсекелес заманында шәкірттерінің биіктен көрінуі үшін аянбай еңбек етуден жалықпайды.
Жаңа Қазақстан үшін оқушыларға тек білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрететін ұстаз керек.Тұлғаның өзіндік дамуы үшін өз жауапкершілігін көтеру оның «көптің бірі» немесе «көптің ең жақсысы» болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігімен, құндылығымен маңызды болып саналады. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданып, олардың бойындағы құндылықтарды арттыруда дарынды шәкірттерді тәрбиелеп келе жатқан Шалқар қаласындағы №6 ЖОББМ мұғалімі Досмағамбетова Айым Шынбайқызын өз ісіне адал ұстаз деп айтуға болады.
14 жылдық еңбек жолында оқушыларын білім нәрімен сусындатып, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын қанаттандырды. 2007 жылғы Республикалық ғылыми жоба медалисі О.Бердешованың жетекшісі, 2016 жылы облыстық «Отан тарихы» олимпиадасының ІІ орын иегері А.Олжаеваны жеңіс тұғырына шығарды. Облыс мақтанына айналған, 2017 жылғы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ІҮ Республикалық «Яссауи» пәндік олимпиадасында «Қазақстан тарихы» пәні бойынша І орын және университет грантының иегері, облыстық тарих пәні бойынша пәндік олимпиаданың ІІІ орын иегері А.Нұрпейісовтің ұстазы. 2019-2020 жылдары өткен Халықаралық «Алтын жабағы» ойын сайысының І орын иегерлері С. Сайлаубаева мен С.Серіков, ХҮ республикалық «Тарих ата» олимпиадасының ІІІ орын, ХҮІ республикалық «Тарих ата» олимпиадасының ІІ орын иегері С.Сайлаубаева, Е.Бекмаханов олимпиадасының «Жас тарихшы» төсбелгісінің иегері И.Жұбанышбаева секілді жүзден жүйрік шыққан дарынды шәкірттері майталман ұстазын мақтан тұтады.
Әр шәкірті бір жұлдыз боп жарқыраған ұстаздың еңбегі өлшеусіз, 2020 жылы Б.Сайлаубаев «Дарын» РҒПО Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиадасынан ІІ орын,С.Сайлаубаева «Ой-сана» республикалық қашықтық олимпиадасынан І орын, Н. Өтебаев Ақтөбе облысы Білім басқармасы, Ақтөбе «Дарын» ӨҒТҚБО «Менің кіші Отаным» интеллектуалды конкурсынан І орын,С.Ариназ ІІ орын,2021 жылы А.Болатқызы, А.Маштаева, А. Ермұхан, БҒМ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ұйымдастырған республикалық пәндік олимпиадада ІІІ орын алып, облыс абыройын асқақтатты.
Досмағамбетова Айым Шынбайқызының озық іс-тәжірибесі облыс, республика көлемінде таратылып, 2015 жылы Облыстық ПШО Ақтөбе қ. филиалы, Ақтөбе қаласында физика-математика бағытындағы НЗМ, «Өрлеу» БАҰО АҚ -ның «Алғыс хатымен» марапатталды.
Цифрлық сауаттылық пен терең білімді ұштастырған ұстаз облыстық «Ең үздік сайт» атты байқауда «Серіктес мектептердің желілік қауымдастық сайты» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі диплом иеленді.
Айым Шынбайқызы- жас жеткіншектерді тәрбиелеуде, сапалы білім беруде оқу- тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттырып келе жатқан бірегей ұстаз. Көптеген кәсіби конкурстарға қатысып, республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасы, «Педстарт» қашықтық олимпиадасы, Қазақстан тарихы пәні олимпиадасы және халықаралық жобада І дәрежелі Дипломдарды иеленді.
Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, тарихи деректердің мән-мазмұнын зерделеп, әрдайым ізденіс пен даму үстінде жүретін Айым Шынбайқызының шәкірттері шынайы патриот боп өсіп, елдің өркендеуіне зор үлес қосады деп сенеміз.
Әрбір мемлекеттің болашағы білімді де, білікті мамандармен шыңдалады. Қазіргі уақытта мамандықтардың ішіндегі ең қажеттісі, әрі сұраныстағы мамандық – психология мамандығы.Есбосынов Сабит Зулхашович Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы№ 6 орта мектебіне педагог-психолог болып қабылданып, 2015 жылдың 3 қыркүйегінен бастап білім бөлімінде әдіскер болып қызмет атқарып келеді. Оның ұстаздың қызметіндегі сан алуан еңбегі ауыз толтырып мақтан етуге тұрарлық. Атап айтар болсак,
2012 жылы «Бояулар сыры» арттерапиялық авторлық бағдарламасы, осы жылы Республикалық ғылыми – тәжірибелік, психологиялық журналында «Арттерапиялық техника» тақырыбында мақаласы жарияланды.2013 жылы Астана қаласындағы Отбасылық Тәрбиелеу Институтының «Отбасылық консультант психолог» тақырыбында курс тыңдаушысы болды және облыстық білім басқармасының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫмен марапатталды.
2014 жылы облыстық «Үздік психолог» байқауында жүлделі І орын, республикалық «Үздік психолог» байқауында жүлделі ІІ орын иеленді. 2016 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығында өткізілген облыстық семинарда іс – тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс хат және осы жылы «Ақтөбе — Дарын» ӨҒТҚББО, облыстық семинар – коучингте «Дарынды баланы дамыту барысында психотехникалардың қолданылуы» тақырыбында іс – тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс хат иеленді.
2017 жылы Республикалық ғылыми – тәжірибелік, психологиялық журналында «Психологиялық тренингтер» тақырыбында мақаласы жарияланса, осы жылы Астана қаласы ҚР Білімі және Ғылым министрлігі, «Bilim foundation» қоғамдық қорының алғыс хатын алды және «Ақтөбе — Дарын» ӨҒТҚББО, облыстық семинар – коучингте «Дарынды баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы отбасының рөлі» тақырыбында дәріс бергені үшін сертификатпен мадақталды.
2018 жылы Астана қаласы ҚР Білімі және Ғылым министрлігі, ЖШС «Отбасылық Тәрбиелеу Институты», «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата – аналар: Өз балаңа үлгі бол!» республикалық ата – аналарға арналған конференцияны ұйымдастыру бойынша семинарда дәріс оқығаны үшін сертификат, «Ақтөбе — Дарын» ӨҒТҚББО, отбасылық семинарда «Отбасылық ізгі қарым – қатынастың бала дамуына психологиялық әсері» тақырыбында іс – тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс хат, «Ақтөбе — Дарын» ӨҒТҚББО, Ақтөбе облысының дарынды балаларын анықтап дамытуда ерен еңбегі үшін және облыстық психологтерінің кәсіби шеберлігін ұштауда үлес қосқаны үшін алғыс хат, облыстық білім басқармасының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, Астана қаласы ҚР Білімі және Ғылым министрлігі, «Bilim foundation» қоғамдық қорының алғыс хаты-ұстаз еңбегінің нәтижелі көрінісі деуге болады.
Ізденімпаз ұстаз 2019 жылы Нұр — Сұлтан қаласы ҚР Білімі және Ғылым министрлігі, «Bilim foundation» қоғамдық қорының «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» бағдарламасы аясында 2018-2019 оқу жылында белсенділік көрсетіп, атсалысқаны үшін алғыс хат, Нұр — Сұлтан қаласы ҚР Білімі және Ғылым министрлігі, «Bilim foundation» қоғамдық қорының алғыс хаты, 2020 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының алғыс хаты, Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығы, «Жыл таңдауы- 2020» білім беру саласындағы үздік әдістемелік серіктестік пен ынтымақтастық аясында облыстағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісін жүзеге асыруда белсенділік танытып, әдістемелік жұмысты жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен марапатталды.
Шебер ұстаз кәсіби біліктілігін арттыру үшін үнемі өз курстарға барып, біліктілігін арттырып отырады, түрлі семинарларда іс-тәжірибесімен бөліседі. Мәселен, 2020 жылы ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы 36 академиялық сағат көлемдегі біліктілікті арттыру курсынан өтсе, 2021 жылы «Ақтөбе — Дарын» ӨҒТҚББО –ның ұйымдастыруымен облыстық онлайн семинар – коучингте іс – тәжірибесімен бөліскені үшін сертификат алды. Осы жылы Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық пәндік олимпиадада І орын иеленіп, 2021 жылы «Тәуекел тобындағы» оқушымен жұмыс жүргізу барысында арттерапия әдістерін қолдану» тақырыбында Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығынан әдістемелік құрал шығарды.
Өз тәжірибесін тарату барысында 2021 жылы Республикалық ғылыми – тәжірибелік, психологиялық журналына «Психологиялық әдістемелер мен техникалар» тақырыбында мақала жарияланса, осы жылы «А-Полиграфия» баспасынан «Диагностикалық және арттерапиялық әдістемелер мен техникалар жинағы» тақырыбында оқулығын жарыққа шығарды.
Ендеше білім беруде мұғалім білігі мен білімі өте жоғары, ұлағатты тұлға болуы міндетті. Басқа ешбір мамандыққа дәл мұғалімге қойылғандай жоғары талаптар қойылмайды.
Қай елде болсын, балаға білім беру ісі қоғамда елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Себебі: еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел қожасы- жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін- нағыз өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу- біздің басты парызымыз.
Мектепті басқаруда, сапалы білім берудің нәтижелі болуы үшін әрбір атқарылар істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жаңа жұмыс жоспары жасалуы тиіс екендігі айқын. Басты мәселелерді айқындау, білім беру ісін жоспарлау, келешекті болжау, жұмысты ғылыми тұрғыда ұйымдастыру қажет.
Қазіргі кезде білім стандарты жасалынып, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «Мен» менталитетін қалыптастыру, оларды өзін-өзі таныту үшін еңбектену оқытушылар қауымына үлкен мақсаттар жүктейді.
Қазіргі инновациялық технология туралы айтсақ, «технология» грек сөзінен, яғни «өнерпаздық, шеберлік, іскерлік» деген ұғымды білдіреді.
Жаңа технологиянынісіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданылып жүргені мәлім. Олар: Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы, Ж.Қ.Қараевтың «Деңгейлі саралап оқыту» технологиясы, П.М. Эрдниевтың «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы, В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясы, «Ойын арқылы оқыту» технологиясы, т.б.
Жаңа технологияларды пайдаланудың оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды, жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау және бақылау деп бөлуге болады. Ал оқушылардың өз бетінше білім алуы – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне әкеледі. Шығармашыл оқушы – дарынды оқушы. Дарынды оқушылар – сапалылықты қамтамасыз ететін сапалы мұғалімдерді қажет етеді. Яғни, бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашыл болу керек. Ол өздігінен қаншалық ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше, мұғалімнің күш-қуаты, көңіл-күйі жоғары болуы керек, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.
Егер мұғалім ата-анамен бірлесіп, баланың қызығушылығын дамытса, онда ол әрқашан арқа сүйейтін жақтарын тапқаны. Егер мұғалім өз пәнін сүйсе, педагогикалық мәдениетті меңгерсе, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін түсіне білсе, баланың қызығушылығын дамытуда үлкен жетістіктерге жетеді, оқушыларының білімге деген құштарлығын дамыта алады. Педагог үшін ең бастысы – оқушыларды өз еңбегімен ештеңеге теңгерілмейтін еңбегінің жемісін көруге тәрбиелеу. Сондықтан ұстаз бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық дәрежесін, ғылыми-теориялық мәселелерді, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарға сәйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан-жақты дамытып, тәрбиелеуге шамасы келмейді. Социологтардың зерттеу мәліметі бойынша, университет бітірген инженерлердің білімі 6-8 жылдардан кейін ескіреді. Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін мұғалім үнемі ізденіп жұмыс істейді.Сондықтан оның шығармашылық іс-әрекеттері, мысалы, арнаулы әдебиеттер мен пәндік журналдарда жарияланатын тың мәселелерімен таныс болуы, ғылыми-семинарлар мен конференцияларға белсене қатысып, үлес қосуы ой-өрісін кеңітеді. Педагогикалық үрдісте озат тәжірибені кеңінен қолданудың маңызы зор. Өйткені терең білім мен тәрбие беру, педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және таратудың нәтижесі- мұғалімдердің шығармашылық ісінің жемісі.
Оқыту кірпішті бір қолдан екінші қолға бере салу емес, керісінше идеяларды біз дайын күйінде бермей, оқушылардың өз идеяларын ұсынатынтай етіп ұйымдастыруымыз керек. Басты мәселе мәліметтер мен мағлұматтар, яғни ақпарат көлемінде емес. Мәселе – қажетті ақпаратты игеру жолдары мен әдістерінде. Білім алушыны айналаны танып біліп, одан өзіне қажеттіні таңдай алу, өз бетінше ізденіп, білімін, тәжірибесін молайту жағдайына қоя білу керек. Оны қалай жүзеге асырамыз? Оқыту сабақ тақырыбынан басталады. Осы күнделікті сабақ тақырыбының өзін өзгертіп, шешімін табуды қажет ететін проблема түрінде ұсынсақ, осы арқылы оқушыға жақындасақ, қызықтырсақ болады.
Ал, оқытудың нәтижесі қандай болмақ?
Қазіргі оқушылардың білім деңгейі қандай?
Ары қарай дамыту үшін не қажет?
Өзімізге осындай сұрақтар қою арқылы оқытудың мақсатын айқындап, маңыздысын таңдап, ең тиімді әдістерді қолдануға тырысамыз. Әрине, оңай емес. Ең бастысы, осындай жұмыстар арқылы оқушы ақпаратты қабылдап қана қоймай, сол қабылдаған ақпаратты талдап, бағалауға үйренеді. Әр оқушының жеке басының өсуін, білімін, жетістігін көруге мүмкіндік туғызады.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруға жағдай тудыру әрбір басшыдан саналы көзқараспен саралауды талап етеді. Оқытушылардың өздігінен білімін жетілдіру қабілеттілігінің диагностикасы, ұстаздардың өз білімін көтеруге уақытының тапшылығы – негізгі кедергі деген ой туындатады. Осы себепті мектепте өткізілетін әдістемелік жұмыстардың өте тиімді, танымдық пайдалылығы, жоғары деңгейде өтілу қажеттілігі – күн тәртібінде тұрған мәселе. Әрбір ұстаз педагогика ғылымының, педагогикалық іс-тәжірибе жетістіктерімен таныстырылуы керек, оны талдап, іс-тәжірибеде қолданып, тарату керек. Педагогикалық шеберлікті дамытып, озат педагогикалық технологияны енгізу керек. Жас педагогтардың кәсіби біліктіліктерін жетілдіру керек. Ұжымның жұмысқа, оқытуға, тәрбиелеуге деген жалпы көзқарастарын бірізділікпен қалыптастыру қажет.
«Алдыңғы қатарлы мұғалімдер оқуды бітіргеннен кейін өз беттерінше дамымайды немесе мұғалім болып туыла алмайды. Керісінше, олар әрқашан өздігінен білім көтеру үстінде болады. Өз мамандықтарын алғаннан кейін мұғалімдер әріптестерімен әңгімелесіп, бірігіп жұмыс жасау арқылы жалғаспалы, тұрақты білім мен өз өнерлері жөнінде терең ойлану арқылы өздерінің кім екендігін, не үшін қызмет жасайтындықтарын анықтауды қажет етеді…», — деген екен бір белгілі педагог. Олай болса, әріптестер, қандай пән болмасын, жас ұрпақ үшін қызмет жасап, қашанда даму үстінде жүретін шығармашыл ұстаз болайық!
Әрбір мемлекеттің болашағы білімді де, білікті мамандармен шыңдалады. Қазіргі уақытта мамандықтардың ішіндегі ең қажеттісі, әрі сұраныстағы мамандық – психология мамандығы.Есбосынов Сабит Зулхашович Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы
№ 6 орта мектебіне педагог-психолог болып қабылданып, 2015 жылдың
3 қыркүйегінен бастап білім бөлімінде әдіскер болып қызмет атқарып келеді. Оның ұстаздың қызметіндегі сан алуан еңбегі ауыз толтырып мақтан етуге тұрарлық. Атап айтар болсак,
2012 жылы «Бояулар сыры» арттерапиялық авторлық бағдарламасы, осы жылы Республикалық ғылыми – тәжірибелік, психологиялық журналында «Арттерапиялық техника» тақырыбында мақаласы жарияланды.2013 жылы Астана қаласындағы Отбасылық Тәрбиелеу Институтының «Отбасылық консультант психолог» тақырыбында курс тыңдаушысы болды және облыстық білім басқармасының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫмен марапатталды.
2014 жылы облыстық «Үздік психолог» байқауында жүлделі І орын, республикалық «Үздік психолог» байқауында жүлделі ІІ орын иеленді. 2016 жылы Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығында өткізілген облыстық семинарда іс – тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс хат және осы жылы «Ақтөбе — Дарын» ӨҒТҚББО, облыстық семинар – коучингте «Дарынды баланы дамыту барысында психотехникалардың қолданылуы» тақырыбында іс – тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс хат иеленді.
2017 жылы Республикалық ғылыми – тәжірибелік, психологиялық журналында «Психологиялық тренингтер» тақырыбында мақаласы жарияланса, осы жылы Астана қаласы ҚР Білімі және Ғылым министрлігі, «Bilim foundation» қоғамдық қорының алғыс хатын алды және «Ақтөбе — Дарын» ӨҒТҚББО, облыстық семинар – коучингте «Дарынды баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуындағы отбасының рөлі» тақырыбында дәріс бергені үшін сертификатпен мадақталды.
2018 жылы Астана қаласы ҚР Білімі және Ғылым министрлігі, ЖШС «Отбасылық Тәрбиелеу Институты», «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата – аналар: Өз балаңа үлгі бол!» республикалық ата – аналарға арналған конференцияны ұйымдастыру бойынша семинарда дәріс оқығаны үшін сертификат, «Ақтөбе — Дарын» ӨҒТҚББО, отбасылық семинарда «Отбасылық ізгі қарым – қатынастың бала дамуына психологиялық әсері» тақырыбында іс – тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс хат, «Ақтөбе — Дарын» ӨҒТҚББО, Ақтөбе облысының дарынды балаларын анықтап дамытуда ерен еңбегі үшін және облыстық психологтерінің кәсіби шеберлігін ұштауда үлес қосқаны үшін алғыс хат, облыстық білім басқармасының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ, Астана қаласы ҚР Білімі және Ғылым министрлігі, «Bilim foundation» қоғамдық қорының алғыс хаты-ұстаз еңбегінің нәтижелі көрінісі деуге болады.
Ізденімпаз ұстаз 2019 жылы Нұр — Сұлтан қаласы ҚР Білімі және Ғылым министрлігі, «Bilim foundation» қоғамдық қорының «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» бағдарламасы аясында 2018-2019 оқу жылында белсенділік көрсетіп, атсалысқаны үшін алғыс хат, Нұр — Сұлтан қаласы ҚР Білімі және Ғылым министрлігі, «Bilim foundation» қоғамдық қорының алғыс хаты, 2020 жылы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымының алғыс хаты, Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығы, «Жыл таңдауы- 2020» білім беру саласындағы үздік әдістемелік серіктестік пен ынтымақтастық аясында облыстағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісін жүзеге асыруда белсенділік танытып, әдістемелік жұмысты жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін «Шығармашыл ұстаз» номинациясымен марапатталды.
Шебер ұстаз кәсіби біліктілігін арттыру үшін үнемі өз курстарға барып, біліктілігін арттырып отырады, түрлі семинарларда іс-тәжірибесімен бөліседі. Мәселен, 2020 жылы ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы 36 академиялық сағат көлемдегі біліктілікті арттыру курсынан өтсе, 2021 жылы «Ақтөбе — Дарын» ӨҒТҚББО –ның ұйымдастыруымен облыстық онлайн семинар – коучингте іс – тәжірибесімен бөліскені үшін сертификат алды. Осы жылы Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық пәндік олимпиадада І орын иеленіп, 2021 жылы «Тәуекел тобындағы» оқушымен жұмыс жүргізу барысында арттерапия әдістерін қолдану» тақырыбында Ақтөбе облыстық ғылыми – тәжірибелік орталығынан әдістемелік құрал шығарды.
Өз тәжірибесін тарату барысында 2021 жылы Республикалық ғылыми – тәжірибелік, психологиялық журналына «Психологиялық әдістемелер мен техникалар» тақырыбында мақала жарияланса, осы жылы «А-Полиграфия» баспасынан «Диагностикалық және арттерапиялық әдістемелер мен техникалар жинағы» тақырыбында оқулығын жарыққа шығарды.
Ендеше білім беруде мұғалім білігі мен білімі өте жоғары, ұлағатты тұлға болуы міндетті. Басқа ешбір мамандыққа дәл мұғалімге қойылғандай жоғары талаптар қойылмайды.
Қай елде болсын, балаға білім беру ісі қоғамда елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Себебі: еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел қожасы- жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін- нағыз өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу- біздің басты парызымыз.
Мектепті басқаруда, сапалы білім берудің нәтижелі болуы үшін әрбір атқарылар істіңанірілген, стратегиялық жаңа жұмыс жоспары жасалуы тиіс екендігі айқын. Басты мәселелерді айқындау, білім беру ісін жоспарлау, келешекті болжау, жұмысты ғылыми тұрғыда ұйымдастыру қажет.
Қазіргі кезде білім стандарты жасалынып, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «Мен» менталитетін қалыптастыру, оларды өзін-өзі таныту үшін еңбектену оқытушылар қауымына үлкен мақсаттар жүктейді.
Қазіргі инновациялық технология туралы айтсақ, «технология» грек сөзінен, яғни «өнерпаздық, шеберлік, іскерлік» деген ұғымды білдіреді.
Жаңа технологияны жетік меңгеру,мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданылып жүргені мәлім. Олар: Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы, Ж.Қ.Қараевтың «Деңгейлі саралап оқыту» технологиясы, П.М. Эрдниевтың «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы, В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясы, «Ойын арқылы оқыту» технологиясы, т.б.
Жаңа технологияларды пайдаланудың оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды, жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау және бақылау деп бөлуге болады. Ал оқушылардың өз бетінше білім алуы – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне әкеледі. Шығармашыл оқушы – дарынды оқушы. Дарынды оқушылар – сапалылықты қамтамасыз ететін сапалы мұғалімдерді қажет етеді. Яғни, бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашыл болу керек. Ол өздігінен қаншалық ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше, мұғалімнің күш-қуаты, көңіл-күйі жоғары болуы керек, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.
Егер мұғалім ата-анамен бірлесіп, баланың қызығушылығын дамытса, онда ол әрқашан арқа сүйейтін жақтарын тапқаны. Егер мұғалім өз пәнін сүйсе, педагогикалық мәдениетті меңгерсе, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін түсіне білсе, баланың қызығушылығын дамытуда үлкен жетістіктерге жетеді, оқушыларының білімге деген құштарлығын дамыта алады. Педагог үшін ең бастысы – оқушыларды өз еңбегімен ештеңеге теңгерілмейтін еңбегінің жемісін көруге тәрбиелеу. Сондықтан ұстаз бүгінге ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық дәрежесін, ғылыми-теориялық мәселелерді, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарға сәйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан-жақты дамытып, тәрбиелеуге шамасы келмейді. Социологтардың зерттеу мәліметі бойынша, университет бітірген инженерлердің білімі 6-8 жылдардан кейін ескіреді. Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін мұғалім үнемі ізденіп жұмыс істейді.Сондықтан оның шығармашылық іс-әрекеттері, мысалы, арнаулы әдебиеттер мен пәндік журналдарда жарияланатын тың мәселелерімен таныс болуы, ғылыми-семинарлар мен конференцияларға белсене қатысып, үлес қосуы ой-өрісін кеңітеді. Педагогикалық үрдісте озат тәжірибені кеңінен қолданудың маңызы зор. Өйткені терең білім мен тәрбие беру, педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және таратудың нәтижесі- мұғалімдердің шығармашылық ісінің жемісі.
Оқыту кірпішті бір қолдан екінші қолға бере салу емес, керісінше идеяларды біз дайын күйінде бермей, оқушылардың өз идеяларын ұсынатынтай етіп ұйымдастыруымыз керек. Басты мәселе мәліметтер мен мағлұматтар, яғни ақпарат көлемінде емес. Мәселе – қажетті ақпаратты игеру жолдары мен әдістерінде. Білім алушыны айналаны танып біліп, одан өзіне қажеттіні таңдай алу, өз бетінше ізденіп, білімін, тәжірибесін молайту жағдайына қоя білу керек. Оны қалай жүзеге асырамыз? Оқыту сабақ тақырыбынан басталады. Осы күнделікті сабақ тақырыбының өзін өзгертіп, шешімін табуды қажет ететін проблема түрінде ұсынсақ, осы арқылы оқушыға жақындасақ, қызықтырсақ болады.
Ал, оқытудың нәтижесі қандай болмақ?
Қазіргі оқушылардың білім деңгейі қандай?
Ары қарай дамыту үшін не қажет?
Өзімізге осындай сұрақтар қою арқылы оқытудың мақсатын айқындап, маңыздысын таңдап, ең тиімді әдістерді қолдануға тырысамыз. Әрине, оңай емес. Ең бастысы, осындай жұмыстар арқылы оқушы ақпаратты қабылдап қана қоймай, сол қабылдаған ақпаратты талдап, бағалауға үйренеді. Әр оқушының жеке басының өсуін, білімін, жетістігін көруге мүмкіндік туғызады.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруға жағдай тудыру әрбір басшыдан саналы көзқараспен саралауды талап етеді. Оқытушылардың өздігінен білімін жетілдіру қабілеттілігінің диагностикасы, ұстаздардың өз білімін көтеруге уақытының тапшылығы – негізгі кедергі деген ой туындатады. Осы себепті мектепте өткізілетін әдістемелік жұмыстардың өте тиімді, танымдық пайдалылығы, жоғары деңгейде өтілу қажеттілігі – күн тәртібінде тұрған мәселе. Әрбір ұстаз педагогика ғылымының, педагогикалық іс-тәжірибе жетістіктерімен таныстырылуы керек, оны талдап, іс-тәжірибеде қолданып, тарату керек. Педагогикалық шеберлікті дамытып, озат педагогикалық технологияны енгізу керек. Жас педагогтардың кәсіби біліктіліктерін жетілдіру керек. Ұжымның жұмысқа, оқытуға, тәрбиелеуге деген жалпы көзқарастарын бірізділікпен қалыптастыру қажет.
«Алдыңғы қатарлы мұғалімдер оқуды бітіргеннен кейін өз беттерінше дамымайды немесе мұғалім болып туыла алмайды. Керісінше, олар әрқашан өздігінен білім көтеру үстінде болады. Өз мамандықтарын алғаннан кейін мұғалімдер әріптестерімен әңгімелесіп, бірігіп жұмыс жасау арқылы жалғаспалы, тұрақты білім мен өз өнерлері жөнінде терең ойлану арқылы өздерінің кім екендігін, не үшін қызмет жасайтындықтарын анықтауды қажет етеді…», — деген екен бір белгілі педагог. Олай болса, әріптестер, қандай пән болмасын, жас ұрпақ үшін қызмет жасап, қашанда даму үстінде жүретін шығармашыл ұстаз болайық!
Н.ЖАҚСЫБАЕВА, білім бөлімінің әдіскері