№6 Маусым, 2022
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Ақмешіт филиалы қызметкерлері «Qyzylorda»телеарнасыменбірлесе«Құнды жәдігер» телевизиялық жобасын жүзеге асыруда. Жобаға елімізге белгілі ғалымдар, жергілікті өлкетанушылар қатысуда. Бұл жоба жыл басында ұсынылып, облыстық музейдің директоры Сапар Алиасқарұлы және «Qyzylorda» телеарнасының басшысы Қарабала Жағыпардың жан-жақты қолдауымен телевизия арқылы республикаға таратылуда. Жобаның мақсаты Сыр е, ен батырлар пайдаланған халық қасиетті санайтын дүниелерді зерттеу және насихаттау болып табылады.
Жобаның алғашқы экспедицияларының бірі ХІХ ғасырда Алаш жұртының рухани көсеміне айналған Марал ишан Құрманұлының ұрпақтарында сақталған жәдігерлерді зерттеуден басталды. Марал ишанның ұрпақтарында сақталған мөрдегі арабша жазу түркітанушы ғалым Серікбай Қосановтың қатысуымен тәржімаланып «Қалмұхаммед ибн Марал ишан, хиджраның 1247 жылы» деп жазылғаны анықталды. Ұрпақтарының айтуынша шамамен 1830-1835 жж. жасалған мөр осыған дейін Марал ишандікі саналып келген. Аса қызығушылық танытқан зерттеушілер де болмаған. 1815-1870 жылдары өмір сүрген Қалқай ишан Бұхара мен Бағдат қалаларының медреселерінде ілім алып елге келгеннен кейін мешіт-медресе ұстап, жастарды руханиятқа сусындатып қана қоймай, елді еңбекке баулыған екен. Шығыстың қисса-дастандарын жатқа білген, тіпті жырлардын лқай ишанның (Қалмұхаммед) немересі Әмит ишанның (Абдулхамид) біраз дүниелері сақталған екен. Оның ішінде бас киімі, қанжарының күмістелген былғары қыны, араб, парсы, шағатай тілдерінде жазкшргі уақытта бір кітаптың жалпы мазмұны аударылып, авторы мұсылман дінінің көрнекті өкілі, тарихшы Мұхаммед Мұрад Рәмзи (1855-1934 жж.), Ресей империясының құрамындағы түркілердің тарихына арналған «Талфик ал-ахбар ва талких ал-асар фи вакаи» атты екі томдық тарихи еңбек екені анықталды. Араб тіліндегі екі томдық тарихи еңбек төрт тарау арқылы тарихи оқиғаларды хронологиялық тәртіпте сипаттайды.
Кіріспеде түркілердің шығу тарихы мен даму тарихын және олардың көршілермен қарым-қатынасын баяндалады. Бірінші бөлімінде Еділ Бұлғариясының тарихы және оның монғолдар жаулап алғанға дейінгі халқы сипатталған. Екінші бөлімінде моңғол шапқыншылығы, алып мемлекет Алтын Орданың құрылуы және олардың Исламды қабылдауы туралы қамтылады. Үшінші бөлімінде Иван Грозныйдың Қазанды жаулап алуына дейін және оның кезінде болған оқиғаларды сипаттайды. Төртінші бөлімде автор үшін жаулап алынған сәттен бастап қазіргі уақытқа дейінгі Қазан және оның тұрғындарымен байланысты оқиғалар айтылады. Сонымен қатар, Мұрад Рәмзи өз жұмысының соңғы бөлімінде өз заманының жүзге жуық қоғамдық, саяси, діни, мәдени қайраткерлері туралы қысқаша биобиблиографиялық ақпарат береді.
Автор шығармамен 1880 жылдардан бастап Мединада болған кезінде айналыса бастайды. Бірнеше рет Ресей империясына қарасты Бұқара өлкесіне келеді. Араб, парсы және түркі тілдеріндегі дерек көздерін, оның ішінде қолжазбаларды автор өз жұмысына пайдаланады. Осы арқылы шығарма бірқатар артықшылықтарға ие болады.
Кітап 1908 жылы Орынборда «Каримов, Хусаинов және К» баспаханасында жарық көреді. Көп ұзамай билік тарапынан «Автордың христиандар әлеміне және жалпы орыстың бәріне арам пиғылмен және жеккөрушілік қатынасы» деген пікірмен дәлелденіп тәркіленеді. Алайда кедергіге қарамастан кітап шығыс елдеріне тез тарайды. Қазіргі таңда сирек кездесетін кітаптар тізіміне енген.
Әмит ишан туралы да ел аузында қызықты деректер сақталған. Әкесі Әбдірахман мақсұм Меккеге қажылыққа сапарында Осман сұлтаны ІІ Абдулхамидпен танысып, зор сыйластықта болады. Сұлтанның өтінішімен 1906 жылы дүниеге келген ұлына азан шақырып Абдулхамид есімін береді. Кейін жергілікті халық Әмит деп атап кетеді.
Жоба барысында өткен жылы Қалқай ишан мөрінің көшірмесі жасалып, мұражай қорына өткізілді.
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында тарихи мұрамызды түгендеу бағытындағы жүзеге асырылып жатқан «Құнды жәдігер» жобасы алдағы уақытта ұмытыла бастаған қаншама тарихи тұлғаларымыз туралы тарихи құнды мәліметтерді жинақтап, зерттеп, олардан қалған киелі дүниелерді халық назарына ұсынып, құнды жәдігерлермен мұражай қорын толықтырады деген сенімдеміз.