№6 Маусым, 2022
Міне, Халықаралық балаларды қорғау күні мейрамы да келді. Иә, бүгінгі әрбір сәби – елінің, ұлтының болашағы. Қазір әлемнің әдебиеті де, мәдениеті де, ғылым-білімі де алдыңғы қатарлы озғын елдердің көпшілігі сәбилерін мектепке барғанға шейін тек ұлттық тілінде даярлауды үрдіске айналдырған.Ал жапондар мектепте, тіпті, балалары кем дегенде 14-15 жаска келгенше ешқандай басқа тілдің «маңына жуытпайды» десек те болады. Жасыратыны жоқ, біз, яғни, қазақтар туған тіліміздің қадір-қасиетін түбегейлі түсініп, оның әлемдегі ең бір бай тілдердің бірі екенін еліміз Кеңестік құрсауынан шыққасын ғана айта бастадық. Аллаға шүкір, қазір туған тілімізде сөйлеп, оқып, жазатындар әсіресе, жас балалар арасында да жиі ұшырасатын болып келеді. Маржан қазір төрт жаста. Оның ата-анасы белгілі бір себептермен жақын уақытқа шейін қазақшаға аздап шорқақтау болыпст.Олар соған қарамастан өздері білгенінше Маржанның ана тілінде сөйлеуіне көп көңіл бөліп отырыпты. Маржанның қазақша сөйлегенін қалайды. Сөйтіп оны қазақ балабақшасына береді.
— Сенесіз бе,-дейді Маржанның анасы, – ол қазір бізге қаэақша үйрететін болды. Ол бақшадан үйге келгесін қазақша біз біле бермейтін небір мағынасы өте күрделі сөздерді қолданып сөйлегенде әкесі екеуміз, тіпті, қайран қаламыз. Маржан қызымыз біздің ана тілімізге деген махаббатымызды күшейтті дей аламыз. Ол, әсіресе, қазақша өлеңдер, тақпақтар, ертектерден үзінділер айтып тұрғанда әкесі екеуміздің жүрегімізге мол бір қуаныш сәулесі құйылғандай күй кешеміз.Осының бәріне оның балабақшадағы тәжірибелі де ұлтшыл тәрбиешілерінің еңбегі зор деп білеміз. ның сәні гүлінде.
Иә, Маржан қазір мемлекеттік тіл—қазақ тілі бойынша өткізілетін әртүрлі байқаулар мен жарыстар жеңімпазы болып жур.Ал Маржанның өзі: мен орысша да білемін,ағылшынша да үйреніп жүрмін.Бірақ кім-кіммен де ең әуелі ана тілімде сөйлесуді ұнатамын. Біздің балабақшадағы балалар тек қазақша сөйлеседі,- дейді.Ғұмыр жасың ұзақ та бақытты болсын,кіршіксіз таза сәби жүрегі ана тілім деп соғатын Маржан бүлдіршін. Біз сені балаларды қорғаудың халықаралық күні мейрамымен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Құралай Бейсебаева