№6 Маусым, 2022
Қандай мемлекет, қандай қоғамдық құрылыс болса да солардың ешқайсысы бір қалпында қатып тұрып қалмайды. Олардың талай ғасырлық тарихында бірде даму, бірде құлдырау, бірде тоқырау сияқты тағдырлы кезеңдер болып отыратыны табиғи заңдылық. Біздің туған еліміз, тарихи Отанымыз Қазақстан да сондай талай-талай тарих табалдырығынан өткені мәлім. Тіпті, күні кеше дерлік КСРО құрамында болған 70 жылдан астам дәуірде еліміз талай-талай тағдыр белестерінен өтіп небір ауыр да, жеңіл де кезеңдердің куәсі болды. Оған қысқаша тоқтар болсақ 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейінгі ақтар мен қызылдар деп аталатындардың шайқастары елді ұжымдастыру (колхоз) шаруашылығын құру деген сылтаумен халқымыздың басты күнкөрісі малын тартып алып ортаға салу, тәркілеу (конфискация), қолдан әдейі жасалған бірнеше ашаршылық «халық жауы» деген айыппен атып-асу, одан кейінгі 1941-45 жылдардағы соғыс ауын . Бұл біресе патшалық Ресейдің, біресе коммунистік-кеңестік Ресейдің құлдық бұғауынан құтылып Тәуелсіздік алған туған еліміз Қазақстанның өткен өмір жолына қысқаша ғана шолу.
Сөйтіп, 1991 жылы еліміз Тәуелсіздік алды. Өз алдымызға отау тігіп, шаңырақ көтеріп, іргелі ел болдық. Сол жылы желтоқсанның 16-шы жұлдызында Қазақстанның тұңғыш президенті Қазақстанның Тәуелсіздігін әлемге паш етті. Әнұранымыз бен Елтаңбамыз белгіленді. Қазақстанның тәуелсіздігін әлемде ең бірінші болып Түркия мемлекеті мойындайтынын мәлімдеді. Осы соңғы 30 жылдық тәуелсіздік кезеңінде де еліміз толып жатқан саяси да, қоғамдық та, әлеуметтік те, экономикалық та толып жатқан белестен өтті.
Әрине, кейде мемлекеттердің тарихы да, тағдыры да адам өмірінің тарихы сияқты. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі дамудың бүгінгі сатысы әлемдік дамуға сәйкес келуі замана талабы. Міне, сондықтанда президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгінде халқымыздың алдына өзі ойға алған жаңа игілікті де ізгілікті жоба-жоспарларды, болашағы зор бағдарламаларды ұсынып отыр. Ол – «Жаңа Қазақстан» деп аталады. Бұл ел президентінің бүгінгі де ертеңгі де ұрпағының бақытты өмір сүріп, нағыз тәуелсіз келешегі кемел елдің иесі болуына арналған ұлы бастама.
Жаңа Қазақстан идеясы біздің ойымызша алда атқарылатын нағыз ұлы істердің ұйытқысы деуге әбден болады. Біз Жаңа Қазақстан құру туралы президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастаған ұлы жоспар ел мен жер болашағының басты бағыты деп білеміз. Бүгінгі Қазақстан есте жоқ ескі ғасырларда-ақ бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен құрған Ұлы Дала елініңңаз. Тәуелсіздігіміздің арқасында бұны бүкіл әлем мемлекеттері де мойындап отыр.
Жақында президентіміз Қ.Ж. Тоқаев Қазақстан тарихынан лайықты орын алатын біршама өзгерістер енгізді. Облыстарға тарихы тереңде жатқан Жетісу, Ұлытау атаулары беріліп, жаңа территориялар бекітілді. Олардың атауының өзі бүгінгі жас ұрпақты өз елінің ертеңгі тарихына ойлана қарауға жетелейді.
Бүгінде ел президенті Қ.Ж. Тоқаевтың Ұлытау аймағына зор көңіл бөліп, жаңа облысты солай атауының өзі сол өткенді құрметтеу арқылы Жаңа Қазақстан құру керектігін елге паш етуі деп білуіміз керек. Ал Жаңа Қазақстанды құрудың ең басты шартының тағы бірі ел экономикасын көтеру, мемлекеттік тілді ел төріне шығару екенін Қ.Ж.Тоқаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында өз дәрежесіне, биік тұғырлы дәрежесіне жеткізе айтты. Біз ертеңгі Жаңа Қ езеге асыруға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек деп білеміз.
Әбді – Нәжім КЕНЖЕБАЙ