№4 Сәуір, 2022

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы Ақтөбе облысындағы педагогикалық қызметкерлердің яғни, ұстаздардың біліктілігін арттыру мақсатында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында креативті педагогтің ішкі ұмтылысығыстың үшінші кезеңін ұйымдастырды.

2020 жылы бастау алған шара бұл жолы Ақтөбе қаласындағы №6, №10, №11, №17, №26, №37, №41 және Заречный орта мектептері мен Хромтау ауданындағы №2, №6 және Мәртөк ауданының №1 білім беру мекемелерінде ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда сандық білім беру ресурстары, көмекші әдістемелік құралдар, электронды орта мен әдістемелік нұсқаулықтар облыс мұғалімдерінің тәжірибесінде қолдануға ұсынылды. Оқушыны еркін ойлауға, алдына қойған істі жоспарлап, оны соңына дейін жеткізуге, кедергіге қарсы тұруға бейімдеу эксперимент барысында жүзегожәне сырттай дайын болуы керек.
Эксперимент жұмысының негізгі міндеті де сол — әр сабақта оқушының кез келген мәселеге сыни көзқарасын қалыптастырып, оларды ашық, еркін сөйлеуге баулу міндетін орындау арқылы мұғалімнің ішкі уәжін арттыру.

К.РАХАТОВА,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
Ақтөбе облысы бойынша
педагогтердің кәсіби біліктілігін
арттыру институтының аға оқытушысы.

Ақтөбеде облыстық олимпиада басталды

Кеше Ақтөбе қаласындағы №51 гимназия мен №56 мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада басталды. Білім бәйгесінде өңірдегі 205 мектептің 936 оқушысы бақ сынайды. Олардың360-ы — ауыл балалары.
Олимпиада жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағыжалпы 16 пән бойынша ұйымдастырылады.
Шараның мақсаты— оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, оқушының өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу.
— Бастапқы екі күнде жарыс жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өткізіледі. Әр бағыт 2 турдан тұрады.Олимпиаданың бірінші күні география, биология, физика, информатика, математика, химия пәндері бойынша жалпы 390бала сынға түсті, — дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Құң дық-гуманитарлық бағыттағыпәндер бойынша
олимпиада өтеді.
Олимпиаданы өткізуге қойылатын талаптарға сәйкес әрбір жалпы білім беретін пән бойынша әр қатысушы Oqylyq платформасына қосылуға мүмкіндік беретін веб-камерасы бар жеке компьютермен қамтылады. Әрбін арақтарының бланкілері беріледі. Логин (пароль) республика бойынша белгіленген бірыңғай уақытта сынылады. Әр қатысушыға арналған тапсырмалар жеке таңбаланған. Шараның әділ өтуі үшін бейнебақылау жүйесі орнатылады.
Тур аяқталғаннан кейін жауапты маман (ITмаман) көпфункциялы құрылғыға (МФУ) жауап бланкілерін сканерлейді. Бұдан соң оқушылардың жұмыстары «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының aktobe.daryn.kz сайтында жарияланады.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ