№4 Сәуір, 2022
Ғылым түбі жоқ, шет-шегі жоқ мұхит дейді. Ал химия, биология сияқты ғылымдардың адам өмірінде араласпайтын саласы жоқ деуге болады. Ол арабтың элхимия сөзінен бастау алады. Әсіресе, еліміздің көрнекті ғалымдарының бірі А.бірімжанов бір кезде: «Біз химия ғасырының тұрғындарымыз» деген екен. Бұл әлі де өз құнын жоймаған және жоймайтын сөз дерлік. Ал дүниежүзіне өзінің жерасты да, жерүсті де байлықтарымен жануарлар дүниесімен мәшһүр Қазақстан үшін химия, биология ғылымдарының алар орны мен маңызы өте айрықша. Елімізде Менделеевтің таблицасындағы химиялық элемент атаулының бәрі бар. Сондықтан, осынау ұшан-теңіз жер, су байлығымызды өз пайдамызға, өз кәдемізге, өз игілімізге жарату үшін қазақтың жас жерыз десек те болады. Егер біз осынау өте күрделі химия ғылымына жақсы бет бұрмасақ ел байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді.
Иә, қазір қай ел, қай халық болса да өзінің ғылымымен мақтануды қалайды. Сол арқылы әлем алдында абыройы артатынын біледі. Қазақстан – мұнайға, газға бай ел. Ол химия өнеркәсібіне тікелей қатысты өнеркәсіп десек, одан басқасы, мысалы, дәрі-дәрмек, ғарыш, атом өнеркәсібі тағы басқалары түгелдей химия ғылымына байланысты. Химия мен биология ғылымының мамандарын даярлау мектептен басталады. Жақында Қызылорда облысының Шиелі индустриялық-аграрлық колледжінде әдістемелік кабинетте жұмыс жоспарына сәйкес химия, биология пәндеріне арналған апталық ашылып, онда көпшілікті қызықтырған осы салалардың небір қызықты мәліметтері ортаға салынды. Осы апталық жоспарына сәйкес жоғарғы сынып оқушыларының да қатысуымен «Қоршаған ортаның құпиялары» туралы өте тартымды кездесу өткізілді.
Қорыта келгенде ғылым мен білімнің атағы әлемге әйгілі ғалымдарының қай-қайсысы да ғылым мен білім мұхитына сапарын мектептен бастаған. Міне, сондықтанда қазір тәуелсіз Қазақстанда дамыған үстіне дамып, әлем елдері алдында абыройға бөлеуде ғылымның атқарар орны ерекше екендігіне зор көңіл бөлініп, ғылымның алғашқы атауы мектептер мен колледждер жұмысына, ұстаз беделін арттыруға ден қойылуда демекпіз.
wp:paragraph —>
Ү. Андосова, ұстаз