№4 Сәуір, 2022
Әлемде аяқдоп, яғни, футбол ойынына қызықпайтын адам кемде кем. Бұл ойын түрінен әлем чемпионаты сонау 1930 жылдан бері өткізіліп келеді. Алайда, ғасырға жуық уақыттан бері келе жатқан футбол додаларының тарихын екінің бірі біле бермейді. Оқырманға бұл тақырыпты алғаш ұсынушылардың бірі болсақ, деген оймен осынау қысқаша тарихты ұсынуды жөн көрдік.
2006 жылға дейін өткен 18 чемпионаттың бәріне қатысқан жалғыз Бразилия құрамасы. Қаы нда Италия, Германия (ГФР) – 16, Аргентина – 14, Мексика – 13, Англия, Испания, Франция – 12, Бельгия, Швеция – 11 рет қатысты.
Әлем чемпионатының финалдық матчтарында Бразилия мен Германия құрамалары – 7, Италия – 6, Аргентина – 4, Уругвай, Чехословакия, Венгрия, Голландия мен Франция – 2, Англия мен Швеция – бір рет сынға түсті.
Чемпионаттың финалдық бөлігіне қатысушылар арасында екі елдің намысын қорғаған футболшылар да бар. Атап айтқанда: Луиджи Монти (1930 жылы – Аргентина, 1934 жылы Италия), Аттилио Демария (1930 жылы – Аргентина, 1934 жылы – Италия), Ференц Пушкаш (1954 жылы – Венгрия, 1962 жылы – Испания), Хосе Эмилио Сантамария (1954 жылы – Уругвай, 1962 жылы – Испания), Жозе Альтафини (Маццола) (1958 жылы – Бразилия, 1962 жылы – Италия), Александр Бородюк (1990 жылы – КСРО – 1994 жылы – Ресей ), Сежыки (1990 жылы – Югославия, 1998 жылы — Хорватия), Роберт Ярни (1990 жылы – Югославия, 1998 жылы – Хорватия).
Бразилия құрамасы әлем чемпионатында ең ұзақ мера958 жылы – 6, 1962 жылы – 6, 1966 жылы – бір кездесуде ұтылған жоқ. барлығы 13 матчқа тең.
Ағылшындық Джеффери Херст финалдық матчта (1966 жылы ГФР-мен кездесу) қарсыластары қақпасына үш гол соққан дара саңлақ. Сондай-ақ италияндықтар Колаусси мен Пиола (1938 жылғы Венгриямен кездесу), германиялық Ран (1954 жылы Венгриямен кездесу), бразилиялықтар Вава мен Пеле (1958 жылы Швециямен кездесу), аргентиналық Кемпес (1978 жылы Голландиямен кездесу), француздық Зидан (1998 жылы Бразилиямен кездесу), бразилиялық Роналдо (2002 жылы Германиямен кездесу) екі голдан соқты.
Түркиялық Хакан Шүкір чемпионат тарихында ең шапшаң соғылған доптың авторы. Ол 2002 жылы Корея –Түркия матчының (2:3) 11 секундында Ли Вун Чжа қорғаған қақпаға гол енгізді.
Алаң иелері сегіз рет финалға шығып, оның алтауында жеңіске жетті. 1950 жылы Бразилия Уругвайдан, ал 1958 жылы Швеция Бразилиядан ұтылып, өз жанкүйерлерін жерге қаратты.
Чемпионаттар тарихындағы жеңістер қызығын Оңтүстік Америка мен Еуропа елдерінің өкілдері ғана көріп жүр. Ескі құрлықта өткен додаларда еуропалықтардың мерейлері үстем болса, Америка құрлығында латынамерикалықтардың мысы басым. Бразилиялықтар бұл «дәстүрді» бір рет бұзып, 1958 жылы Швецияда алтыннан алқа тақты. Ал 2002 жылы «бейтарап» Азия құрлығында өткен чемпионатта, тағы да Бразилия футболшылары ешкімді шақ келтірген жоқ. Енді еуропалықтар мен латынамерикандықтар арасындағы финалдық матчтар нәтижесіне назар аударыңыздар:
1958 Стокгольм Бразилия — Швеция – 5:2
1962 Сантьяго Бразилия — Чехословакия — 3:1
1970 Мехико Бразилия — Италия — 4:1
1978 Буэнос-
Айрес Аргентина — Голландия — 3:1
1986 Мехико Аргентина — Германия — 3.2
1990 Рим Германия – Аргентина -1:0
1994 Лос-
Анджелес Бразилия — Италия — 0:0
(11 метрлік нәтижесі – 3:2
1998 Сен-Дени Франция – Бразилия — 3:0
2002 Иокогама Бразилия – Германия — 2:0
Италияндықтар ХҮІІІ чемпионаттан соң Ескі және Жаңа құрлық арасындағы таразы басын тағы да теңестіріп кетті. Әлем чемпионы атағын екі жақ тоғыз реттен жеңіп алды.
Оңтүстік Америкадан Бразилия – 5, Уругвай мен Аргентина – 2. Еуропадан Италия – 4, Германия – 3, Англия мен Франция – 1 реттен әлем чемпионы атағын иемденді.
42 жастағы аргентиналық дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Орасио Элисондо чемпионаттың беташар және финалдық матчтарына қазылық еткен тұңғыш төреші ретінде тарихта есімін қалдырды. Ол 2006 жылы Германия – Косто-Рика және финалдық Италия – Франция кездесулеріне қазылық етті.
Бразилиялықтар үшін француздар қияметтің қыл көпіріне айналып барады. 1958 жылы атамыш командалардың алғашқы кездесуінде Бразилия 5:2 есебімен ұтқан болатын. Ал келесі кездесулері бразилиялықтар үшін жағалай жеңіліс. Олар 1986 жылы ширек финалда негізгі уақытта тең (1;1) түскенімен, пенальтиден 3:4, 1998 жылы финалда (0:3), ал 2006 жылы тағы да ширек финалда (0:1) тізе бүкті.
Бразилия құрамасы плай-офф кезеңінде жеті рет сүрінсе, оның үшеуінде Франциядан жеңілді. Сондай-ақ, 1934 жылы Испаниядан, 1938 жылы Италиядан, 1954 жылы Венгриядан, 1990 жылы Аргентинадан ұтылды.
Португалиялық Рикарду матчтан кейінгі пенальтиде үш рет доп қайтарған тұңғыш қақпашы ретінде танылды. Бұған дейін сегіз қақпашы екі реттен допқа тосқауыл бола білген-ді. Олардың арасында неміс Тони Шумахер мен испандық Серхио Гойкоэчеа екі реттен көзге түскен-ді.
2002 жылы испандық Икер Касильястың Ирландиямен болған кездесуде, бір рет ойын барысында, екі рет матчтан кейінгі «лотерея» кезінде доп қайтарғанын да атап өткен жөн.
2006 жылғы чемпионат Зиданның футболшылық өміріндегі соңғысы болғандықтан ба, әйтеуір кейде оның жүйкесі сыр беріп жүрді. Команда бапкері Зиданды Кореямен болған матчта алмастырған болатын. Раймон Доменектің бұл шешіміне ашуланған Зидан футболшылар бөлмесінің темір есігін теуіп, майыстырып жіберген еді. Франция делегациясының мүшелері есікті қалпына келтіру үшін, біраз қаржы қажет-ау,-деп тұрғанда Лейпциг стадионның менеджері Винфрид Лонцен: — Абыржуларыңыздың негізі жоқ. Бұл аса құнды тарихи таңба, оны дәл күйінде сақтаймыз,-депті.
2006 жылғы чемпионатта Зидан 12-ші рет алаңңнан аластатылды. Оны қарсыласын баспен сүзгені үшін бірінші рет қуған жоқ. 2000 жылғы «Ювентус» командасында жүргендегі чемпиондар лигасы матчында «Гамбург» футболшысы Иохен Кинцті де осылай, тақыр баспен қолдануға жіберген-ді. Демек, италияндық М.Матерацци «қасиетті» бастың дәмін татқан екінші жігіт. 1998 жылғы Францияның тасы өрге домалап тұрған сәтте де, жүйкесі жұқарған Зидан Сауд Арабиясының өкілі Әминді аяғымен басып таптағанына көпшілік куә. Зидан әлем чемпионаттары тарихында алаңнан екі рет қуылған екінші футболшы. Бұған дейін (1994, 1998 жылдары) камерундық Сонга осындай жазаны басынан кешкен еді.
Ал енді Зиданның табыстарына келетін болсақ, ол екі финалдық матчта гол соқты. Оның бұрын Вава (1958, 1962), Пеле (1958, 1970) және Брайтнер (1974, 1982) голдың авторы атанды. Вава, Пеле, Херст финалда үш доп енгізді. Зиданның еншісінде де, осыншама финалдық гол бар.
2006 жылғы чемпионатқа қатысушылар дөрекілігі жағынан да тарихқа енді. Оның айғағы ретінде 27 футболшының алаңнан қуылғанын айтсақ та жетіп жатыр. Ал Португалия – Голландия матчында ресейлік төреші В.Иванов 16 ойыншыға сары карточка көрсетіп, төрт футболшыны алаңнан аластады. Бұл да өзіндік рекорд. Осы матчқа «Нюрнберг майданы» деген айдар тағылды.
Әлем чемпионатының финалдық бөлігіне қатысқан ең жас футболшы Солтүстік Ирландиялық Норман Уайтсайд. 1982 жылы Югославия құрамасымен алаңға шыққанда, оған 17 жас 41 күн толған-ды.
Қызыл карточканы ең тез алған уругвайлық Серхио Батиста болды. Серхио Уругвай – Шотландия (1986 жылы) матчының 56-шы секундында алаңмен қоштасты.
Әлем чемпионаттарының финалдық бөлігіне негізінен Америка мен Еуропа құрлықтарының өкілдері қатысып келгені белгілі. Ал 1982 жылы Испанияда өткен чемпионатта бес құрлықтың өкілдері бірінші рет бас қосты.
Ж.Қисимов