№4 Сәуір, 2022
«Кім ақпаратты игерсе, сол әлемді жаулайды» деген Уинстон Черчиллдің сөзін есепке алсақ, рухани қазынамыз бен сан ғасырлық тарихы бар тіліміздің маңызы өте зор. Тарихқа зер салсақ, ата-бабаларымыз үш байлыққа бар, екінші – тіл, үшінші – ұлт және оның тарихы.
Елбасымыз 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек» деген болатын. Тіліміз бен ұлттық руханиятымыз жаңару үшін альфабиттің маңызы зор. Осы тұста Елбасы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірруында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп мәлімдеген-тін. Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кирилл қарпіне ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды. Содан бері бір ғасырға жуық уақыт кирилл әліпбиін қолданып келеміз. Алайда, өзге Түркі халықтары әлдеқашан латын әрпіне көшкені шындық. Егер біртұтас Түркі алфабиті жасалатын болса, Түркі халықтарының қарым-қатынасы мен достығы бұдан да нығайа түсері анық. Рухани арналарымыз бірігіп, көне мұрағаттарға жақындай түспекпіз.
Осылайша, қазақ тілін латын әліпбиіне өзгерту заман талабына сай болып отыр. Латынға Түркия 1928 жылы көшсе, Өзбекстан, Әзірбайжан КСРО ыдырағаннан кейін ауысты. Cол елдердің тәжірибесіне қарасақ, мысалы, Өзбекстан 1928 жылға дейін өзбек тілі араб әліпбиін қолданған. 1928-40 жылдар аралағында жазулары латын әліпбиі негізінде болған. 1940-1992 жж. кириллица қолданылып, 1993 жылы өзбек тілі қайта латын тіліне көшіп, қазіргі кезге дейін қолданып келеді.
Өзбек латын тілінің ерекшелігі — арнайы символдар мен диакритикалық белгілердің жоқтығы (тек апострофтар бар). Классикалық латын кириллицасымен салыстырғанда 7 әріпке кем, сондықтан арнайы белгілер мен символдардың жоқ болу есебінен кейбір әріптерді екі еселеуге тура келеді. Нәтижесінде апострофпен қосқанда 29 әріптен тұратын өзбек латын әліпбиі құрылған.
Сол сияқты Әзірбайжанда 1925 жылдарға дейін ресми әліпби рөлін араб тілі атқарды. 1926-39 жылдары латын әліпбиін қолданса, 1940-2001 жылдары кириллица, одан кейін 2001 жылы қайта латын әліпбиіне көшті.
Міне, бұл біз үшін үлгі болмақ. Ақын, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген болатын. Алаш қайраткерлері де латын әліпбиін жазу-сызуда қолданды. Бұл бізге таңсық дүние емес. Латын әліпбиі әлемде кеңінен қолданылады. Латын әліпбиі б.з.б. VII ғасырда Римде, грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Тарихы тереңнен таралған латын әліпбиі елімізді өркениетке жақындатып, дамыған елдер сапына қосылуға өз ықпалын жасары сөзсіз. Дәл қазірден латын әрпіне көшуді талқылап, жан-жақты шаралар қолдануымыз керек. Ғалымдарымыз арнайы жұмыс жасап, әр әріптің тағдыры үшін күресіп отырғаны белгілі.
Латын қарпіне көшу жылдан-жылға әсіресе, жастар арасында қолдау тауып, ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған. Латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып отыр.Бұл тарихи бастама жайлы пікір білдіріп отырған өнер иелері, қоғам қайраткерлері аз емес. Қазақстанның Еңбек ері, елімізге танымал актер Асанәлі Әшімов өз сөзінде: «Қайта жаңғыру заманындағы барлық озық технологияның үлгісі болып отырған латын әліпбиіне көшу бұл – еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құбылыс. Латын әліпбиін енгізу – халқымыздың білімі мен мәдениеті, өнерінің дамуына тағы бір серпіліс әкелетін дара жолы деп білемін» деген болатын. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Сергей Вишняк болса: «Мемлекет басшысы қазақ әрпін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне байыппен қарап, түрлі пікірлер мен ұсыныстарды саралай келе, өзінің салиқалы шешімін айтты. Бұл қадам дер кезінде, барлық жағдаяттар ескеріле отырып жасалды. Біз латынға көшу ісіне үлкен дайындықпен келдік. Көптеген шаралар атқарылды. Қоғамның пікіріне баса назар аударылды. Қоғамымызда латынға көшуді қолдайтындардың үні басым түсті. Өйткені латынға көшу уақыт талабы, замана сұранысы екенін халық терең түсіне білді» деп пікірін білдірді.
Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу — ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашары сөзсіз.
Т. Бекет