№4 Сәуір, 2022
Иә, спорт адам өмірінің ең белсенді де пайдалы бір бөлігі десе де болады. Ал оны қоғамнан бөліп қарау мүлде мүмкін емес. Сондықтанда еліміз тәуелсіздік алған 30 жыл мұғдарында спорт еліміздің саяси да әлеуметтік өміріне тікелей байланысты болып келеді. Бір ауыз сөзбен айтар болсақ спорт ел тұрғындарының тұрмыстық деңгейінің өлшемі де, көрсеткіші де бола алады. Міне, Оңтүстік өңірінде осынау қағидат берік орын алғаны бұдан бұрын да айтылып та, жазылып та келеді. Спорттың оның ішінде баскетболдың біздің елімізде әлі де қажетті деңгейге көтерілуі керектігі де жиі айтылып жүр. Міне, жақында шырайлы Шымкент шаһарындағы Ө. Жәнібеков атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектепте 5 және 6 сыныпта оқитын ұл балалар арасында да баскетболдан жүлделі бір бәсекелі жарыс бопсы «Алтын доп» қалалық іріктеу жарысында аталмыш мектептің ұлдар командасы жақсы жеңіске қол жеткізді деп хабарлады бізге Шымкент қаласының білім басқармасынан.
Осы мектепте тағы да елді елең еткізер жағымды жаңалық болды. Иә, Қажымұхан Мұңайтпасұлы қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой боксшы. Оның есімі алты құрлыққа аян болғаны да мәлім. Қажымұхан өзінің бүтін ғұмырын күрес өнеріне арнап, өз туған халқы перзенттерінің ішінде сол халқын әлемге паш етіп, қазақ арасында өзіне шейін ешкімнің табаны тимеген басқа ел, басқа құрлықтар топырағына тұңғыш табаны тиген, өзге бірде-бір қазақ тақпақ түгіл түсіне кірмеген толып жатқан алтын, күміс медальдарды тұңғыш мойнына таққан ұлттық мақтанышымыз. Осы ұлы бабамыздың 150 жылдық мерейтойына орай және оның әлемді таңғалдырған палуандық өнері мен ерліктерін, ұлтшылдыығын, елсүйгіштігін бүгінгі ұрпаққа дәріптеу, үлгі-өнеге ету мақсатында аталмыш, яғни, Ө.Жәнібеков атындағы орта білім беру мектебінде жарыс өткізілді. Ал тарих пәнінің ұстазы Н.Жорабекова спортқа құмар жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, бабамыздың спортқа сіңірген еңбегі, өмірі туралы тартымды баяндап берді.
М.Сахиұлы