№4 Сәуір, 2022
Біле білсек Тәуелсіздік тілді жаңғыртудан басталады. Құдайға шүкір, бұл шаруа бүгінде ел басшылығының басты назарында екенін көріп отырмыз. Енді сәл шегініс жасайық. Әлі есімде кино басталғанда бір ауылға жаяу сапарлап бара жатқан шал мен бала шаршаған соң «ат шалдыруға» жайғасады. Екеуі әр әңгіменің басын бір шалып отыр. Сонда әлгі баланың жұлып алғандай: «Ата, грузиндер ағылшын тілін оқиды. Ағылшындар неге грузин тілін оқымайды?»– демесі бар ма? Бұл атақты грузин актеры Серго Махарадзенің сол баланың рөлінынасып кеткен болуы керек, осы бір фильмдегі қаршадай грузин баласының сөзі көкейімнен әлі күнге кетер емес.
Әнебір кезде ғана теледидарда композитор Әсет Бейсеуов жөнінде хабар берілді. Көз көргендер, дос-жарандары, шәкірттері Әсеттің әсем әндерінің шығу тарихы туралы естеліктер айтып жатты. Кезек бір пақырға тиді. Әуелі іліп-шалып қазақша бастауы сол-ақ екен кенет: «Жоқ, маған сөйлеуіме ыңғайлы әрі жеңіл орыс тілім дұрыс», – деп орысша судырлата жөнелді.
Ойды ой қуалайды. Ойды ой қозғайды. «Сіз пошему кешегі бешірге не прихадили», – дейді біреу. Осыған үй тіршілігіндегі бір әйел: «Мен ошен удевятся етем, менің дошкам өте странна билет», – деді. Ал жаңадан тілі шығып келе жатқан бір бала: «Мам, я кошу, хлеб, масю», – деп жылады.
Бұл келтіріліп отырған үзінділер өткен ғасырдың 40-жылдары қала қазақтарының орысшаны «мода» қылып, өздерінше орысша былдырлауларының басы болатын.бәрі сол кезден басталды. Ол кездегі республика басшысы қазақнабіреулер жер-көкке сиғызбай мақтайды.
Иә, тіл білгеннің залалы жоқ. Білген дұрыс. Қазіргі қазақ орысша сайрағанда ерні-ерніне жұқпайды. «Қазақтың орнд сөйлеуге тырысып, маймылдай құбылуы қандай жиіркенішті, қандай өкінішті опасыздық», – деп Майя Плисецкая ана жылы масқарамызды бір шығарып еді.
Майданнан қысқа демалысқа келген Бауыржан Момышұлы орыс тілін «өрге сүйрей бастаған» бейшара қазақтардың сорлы тірлігін көрген соң, Қазақстан компартиясы орталық комитетінің хатшысы Абдыхалықовқа жолдаған өзінің «Қазақ тілі туралы пікір» деген әйгілі хатында: «Қазақ тілі ешуақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жегізбегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған емес пе еді?», – деп жазған еді.
Енді бірер күннен кейін қанды-қасап соғыстың ортасына қайыра аттанайын деп отырған ұлы қазақтың жан айқайы еді бұл! Туған жерінің топырағын қайтып баса ма, баспай ма? Мұнысы өзіне де белгісіз. Белгілісі –жанын өртеп жатқан дұшпанның оғы емес, қазақ тілінің мүшкіл халі еді.
Осыдан бірер жыл бұрын Елордадағы №4 бағдардағы автобуста: «Келесі аялдама Степан Разин көшесі», – деген хабарламаны құлақ шалды. Қазақ үшін Степан Разин кім еді? Ол – жол торыған орыс қарақшысы, бандиті болатын. Оны Кеңестік саясат дәріптеді. Иә, рас, кешегі КСРО тарихында Емельян Пугачев, Степан Разиндерді әлпештеп-ақ бақты. Жә, ол кешегісі дейік. Бүгінгісі не жорық? Мұны тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері әлі де болса тіл туралы Заңды не білмейтіндердің, не силамайтындардың ісі дер едім.
Ұтыры келгенде айта кетейік. Ұлттық құндылықтарды кейде кейбіреулер ашықтан-ашық мазақ етуге көшкен бе дегенде ойға кетеміз. Әнебір жолы «ОРТ» телеарнасында бет-аузын бояуға аямай-ақ малып алған қазақ жастары төрт сағат бойы: «Сен маған байға ти, мен саған қатын болам» дегеннен аузы босамады. Сөзім дөрекілеу естілсе де, шындығы осы!
Осы арада бір кілтипанның құлағы қылтиятын сияқты. Ашықтан-ашық қазақ жастарының сана-сезімін улау деген. Менің түсінуімше: бұл ішіміздегі кейбіреулердің әдейі жасап жатқан саясаты. Әйтпесе, төрт сағат бойы мәнсіз де мағынасыз әңгімені неге соншама күйіттейді? Атам заманнан бері, ұлттық тәрбиемізде, салт-дәстүрімізде екі жастың арасындағы сезім өзара құпия емес пе еді?
Тілімізді ашықтан-ашық менсінбей, жүргендер телеарнаның осы төрт сағат уақытын ұлтымыздың ұлыларын ұлықтауға, ұлы тұлғалардың өнегелі өмірін жастардың құлағына құюға арнаса ғой.
Кешегі Кеңес заманында «Қыңқылдаған, мыңқылдаған домбыра. Өлетін-өшетін пұшық домбыра», – деген сатқындар дауысы қазақ даласында самбырлап жатты. Олар: «Еуропалық мәдениетке тезірек көшейік, фортепиано, скрипканы меңгерейік» деп жарамазандағаны әлі есімізде. Дәл осы кезде, аруағыңнан айналайын, Ахмет Жұбанов домбыра ансамблін құрып, аналардың өңешіне құм құйып еді. Кейін бұл бүкіл әлемді дүрілдеткен атақты «Құрманғазы атындағы Халық аспаптар» оркестріне айналды. Оған Вена қол соқты. Оған атақты «Ла-Скала» қол соқты. Қол соқпаған әлемнің атақты мәдени ошақтары кемде-кем шығар. Ал скрипканы дәріптеп отырған оқығансымақ бейшара қазақ ол аспаптың түп атасы Қорқыт бабаның қобызы екенін білді ме екен?
Әйтпесе, Ельциннің кезінде Ленинград – Санкт-Петербург, Калинин –Тверь, Горький – Нижний Новгород т.б. тарихи есімдеріне ауысып жатқан шақта, бізде де тарихи атауларды қайтарып алатын сәтті кез емес пе еді!?
Кезінде, яғни, Кеңес заманында-ақ ел басшылығында болғандардың ішінде тіл мәселесіне қатты көңіл бөлген ұлт тұлғасының бірі Жұмабай Тәшенов еді. Өмірден өтерінен сегіз айдай бұрын қайран Жұмабек Тәшенов Бурабайға демалып, қайтар жолда туған қаласы Ақмолаға соғыпты деседі. Ескі базардың жанындағы үлкен ағасының үйіне түсіпті. Оны үлкен жеңгесі әрі шешесі іспеттес кейуана қарсы алған.
Тозығы жеткен, жұпыны үйдің көрінісі, әрине, қиындау еді. Мұны көрген Жұмекең қатты күйзелсе керек. Кезінде көмектесе алмағанына кеште болса қынжылды. Соны байқап қалған тоқсан жастағы жеңгесі: «Жұмабек-жан, сен халықтың баласысың ғой! Еш қынжылма. Біз сенің адалдығыңа, тазалығыңа өмір бақи тәубе деп келеміз», – деген екен.
Ұлы Далада от ауызды, орақ тілді, ғұлама, дана билердің сарқыншақтары қалмаған ба? «Тәй, жетер енді деуге де жарамай қалғаны ма? Өздерін ұлт зиялыларымыз дейтін өңкей ақын-жазушылар, ғалымдар. Әлихан Бөкейханның мінезі туралы айтқыш алаштанушы ғалымдар қайда жүр? Том-том кітап керек шығар болашаққа. Бірақ анау тажал-жемқорларға: «Халық тағдырын енді сендер шешпейсіңдер, халық шешеді. Бетімен кеткендікті дереу доғарыңдар», – деп айқайға басатын тұлғаң қайда, қазақ?!
Сәкен Сейфуллин өзін тұтқынға алардан біраз бұрын Ғабит Мүсіреповке: «Мені жуырда әкетеді. Оған шүбәң болмасын. Әдебиеттің басында енді сендер, сендердің жасыңдағылар қалады. Ежелден-ақ әдебиет – елдіктің ең бірінші белгісі, халықтың басты қасиетін бойына дарытқан ақын-жазушылар – халықтың қамқор панасы, дауыл өтіндегі қалқаны. Біздің қазақ – қасқыр мінездес халық, бірін-бірі талаудан тайынбайды. Сендерге амантым: қазақты біріне-бірін жегізбеңдер, аман-сау алып қалыңдар», – деген екен деседі. («Қазақ әдебиеті». 18.10.2013 жыл. Жадыра Дәрібаеваның «Зиялылық әлемі» мақаласынан).
Міне, нағыз ұлт болашағын ойлаған тұлғалардың айтар сөзі осылай болса керек-ті. Өз басым ана қаршадай грузин баласының ұлтқа, ұлттық тілге тікелей қатысы барден. Қалай ұмытасың? Менің де жайым мәз емес. Сондықтан осыны жаздым. Сөз соңын гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының: «Қазақстанда қазақ тілі заңның әділдігі бойынша мемлекеттік тіл болып саналып, өз орнына төрге шығарып отырғызылып, бұрынғы қалпына кешікпей келтіру шаралары тезден қолға алынып, тіл бұрмалау ежелден келе жатқан ескі ауруға айналып бара жатқанын ескере отырып, іс жүзінде қатал төңкеріс түрінде асырылуы жөн», – деген ойымен аяқтағым келеді.
Б.Ысқақ, зейнеткер-ұстаз