№4 Сәуір, 2022
Міне, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын да тойладық. Осы 30 жылдық ел дамуы жолында білім саласы да қалыспай қатар дамып, Тәуелсіз елдің шәкірттерін сапалы білім нәрімен сусындатып келеді. Шыны керек, өткен оқу жылы білім саласына үлкен сын болды.
Соған қарамастан ұстаздарымыз қашықтан білім нд сай білім берді. Бұл жөнінде облыстық білім бөлімі де келелі сөз болды.
Иә, қазір дәстүрлі форматта басталған білім жүйесі білім беру ордаларынан санитарлық сақтықты талап етуде. Сондықтан білім беру процесіне қатысушыларға күнделікті термометр мен қолды антисептикпен өңдеу әдетке айналды. Барлық білім ордаларында жүріп-тұру бір жақты қозғалыс қағидасы бойынша арнайы көрсеткіштермен таңбаланды. Қызылорда облысы бойынша 294 мемлекеттік және 10 жеке мектепте 177196 оқушы білім аны шоғырлануын болдырмау үшін үзілістерді әртүрлі уақытта өткізу, білім алушылар мен қызметкерлер арасында бетперде тағып жүру режимін сақтау, «бір сынып – бір қазір барлық білім беру ұйымдарындағы бұқаралық, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу шектелген. Спорттық іс-шаралар таза ауаада өткізілуде. Басқарма мәліметтеріне сүйенсек, жаңа оқу жылында облыста 30 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс істеуде, 13-і жеке колледждер. Колледждерде барлық студенттер контингенті – 19775, оның ішінде мемлекеттік колледждерде 10742 студент, жекеменшік колледждерде 9033 студент білім алады. Бүгінде колледждердің күндізгі бөлімінде студенттер контингенті 18257-ні құрайды.
Алдыңғы оқу жылдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы колледждер арасында бөлінген болса, биылдан бастап олар талапкердің таңдауы бойынша колледждер арасында орналастырылған екен. Биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен 3108 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінген. Құжат қабылдаудан біраз уақыт бұрын облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген комиссия өңірімізге қажетті сұранысқа ие мамандықтар бойынша 3108 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын нақтылаған болатын. Былтырғы жылы қабылдау жаңа рәсімдер бойынша жүргізілген. Талапкер 4 оқу орны және 4 мамандықты таңдай отырып, автоматтандырылған жүйе бойынша колледжге құжаттарымен қоса өтініш берген.
Қазіргі таңда облыс бойынша 294 мектеп пен 670 балабақша, 30 колледж «ASHYQ» қосымшасына жұмыс жасайды. Жаңа оқу жылында санитарлық талаптарды, оның ішінде: дезинфекциялық тоннель мен кілемше, кварц шамдары, санитайзерлер орналастыру, антисептиктермен өңдеу, сақтау мақсатында жергілікті бюджеттен 31,4 млн теңге бөлініп, қажетті дезинфекциялық заттар алынған. Қосымша білім беру ұйымдарында білім беру процесі штаттық режимде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылуда. Өңірімізде бір ауысымда оқитын мектептер саны – 45. Ондағы оқушы саны – 8647, екі ауысымда оқитын мектептер саны – 242, ондағы оқушы саны – 148821, үш ауысымда оқитын 7 мектеп бар, ондағы оқушы саны – 16255. Үш ауысымда оқитын мектептерде балалардың бір мезгілде шоғырлануын болдырмау мақсатында негізгі пәндерді дәстүрлі түрде оқытса, қосымша пәндерді онлайн форматта оқыту ұсынылған. Осы ретте тағы да айта өту керек, бұл – тек үш ауысымда оқитын мектептерге ғана қатысты қабылдаған шешім. Соңғы жылдары өңірдегі демографиялық өсімнің жоғары болуының нәтижесінде жаңа мөлтек аудандар бой көтеріп келеді. Бұл ретте бізге қосымша мектеп салуды сөзсіз қажет етеді. Алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясының жол картасы аясында 28 мектептің құрылысын бастау жоспарлануда.
Былтырғы жылы 6 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылында президент тапсырмасымен іске асқан Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп пен инвесторлар есебінен жүргізілген 2 жеке мектеп пайдалануға берілген. Қалған 3 мектеп жыл соңына дейін табысталмақ. Мұнан бөлек бірнеше жылдан бері жөндеуді қажет еткен Жалағаш ауданындағы 2 білім беру нысаны жаңарған. Ал 48 мектеп модернизациядан өтіп жатыр. Бұл бағытта облыстық бюджеттен 2 млрд теңге қаржы қаралған.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін облыста 550 орындық 3 қосымша білім беру ұйымының құрылысы жүргізілуде. Олар жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. 2021-2022 оқу жылына оқулықтармен қамтамасыз етуге 1,1 млрд теңге бөлініп, 15 баспамен келісімшарт жасалды. Бүгінде барлық мектепке кітаптар ата-аналарға түгелімен таратылды. Айта кету керек, 1-сынып оқушыларының оқулықтары толығымен жаңартылады. Қазіргі таңда балғындар «Әліппемен» қайта қауышып, білім алуды жалғастыруда. Облыста 27033 педагог 100 пайызы вакцинацияланған.
Облыс көлемінде 12643 баланы мектеп формасы, аяқ киім және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілген. Бүгінгі таңда облыс бойынша мектеп формасымен 4225 балаға, аяқ киіммен 5283 балаға, кеңсе заттарымен 4370 балаға көмек көрсетілді. Ал демеушілер тарапынан 3322 балаға көмек көрсетілді. Тамыз айында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында қала мен аудандар бойынша бюджет және бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен 8605 балаға көмек қолы созылды. Оның ішінде бюджет есебінен 5283 балаға, демеушілер есебінен 3322 балаға көмек көрсетілді. Сонымен қатар «ҚазГерМұнай» компаниясы 320 балаға, «Сыр мейірімі» 100 балаға, «ЕлАрай» қоры 137 балаға, Қызылорда қалалық әкімдігі 145 балаға, облыстық басқармалар 23 отбасыға көмек қолын созған.
Президент айқындап берген тағы бір мәселе – қала мен ауыл мектебінің арасындағы алшақтық. Осы мәселенің мәнін өзгерту жұмыстары да қарқынды. 2019 жылдан бастап ауыл мектептерінде білім алатын оқушыларға арналған «Мың бала» олимпиадасына 27502 оқушы қатысып 174 оқушы жеңімпаз атанған. 2 жыл ішінде 50 оқушы мамандандырылған мектептерге қабылдануға жолдама алды. 2021 жылғы зияткерлік олимпиада қорытындысымен Қызылорда облысы үздік үштіктен көрінді.
Ал «Елбасы медалі» жобасында 247 бала «қола» медаль иегері атанды. Мұнан бөлек, ауыл мектептеріндегі 8-9 сынып оқушылары арасындағы IQanat олимпиадасына 5400 оқушы қатысып, үздік 26 оқушы Қапшағайдағы демалыс орталығына жолдама алды, 4 оқушы Бурабайда орналасқан «Iqanat High shcooI of Burabai» мектебінде білім алуда. Ресей, Белорусь мемлекеттерінде өткен халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардан 8 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Сонымен қатар 38 оқушы республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба конкурстарының және президенттік олимпиада жеңімпазы атанды.
Жалпы, пандемия шектеулері білім нәтижелеріне салқынын тигізген жоқ. Биыл 4 оқушымыз өз білімждерін SAT халықаралық стандартталған тест сертификаты негізінде дәлелдеп, ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл алып, еліміздегі ең беделді университеттердің студенттері атанды. Ал жуырда ғана Түркияның Стамбул қаласында география пәнінен өткен халықаралық олимпиадада №9 «Білім инновация» лицей-интернатыныңылегер атанды.
Осы көрсеткіштің барлығы таза еңбек пен ұлт алдындағы парыз салмағын сезінуден екені даусыз. Осы мүдде мәнін жоймаса, аймағымыздың білім саласы жетістік жолынан жаңылмақ емес. «Бәрі де бала үшін, бәрі де білімді қоғам үшін» деген ұранды жүрек сөзіне айналдырған білім саласының мамандарына алдағы уақытта тек сәттілік пен абырой серік болғай.
М.Байназар