№4 Сәуір, 2022

Баяғыда бір ерлі-зайыпты болдеп, әйеліне:

–Мен егінжайға кеттім. Сен түскі ас дайындап, жертөледегі сусынды сүзіп қой,-дейді.
Әйелі:
мады да сүземін,-деп шығарып салады.
Сөйтіп, әйел тамақ істеуге кіріседі. Етті табаға салып, астына от қояды. Бір кезде пысықтығы ұстап кетіп: «Уақытты бекер өлтірмей, ет піскенше жертөледен сусын әкеле қояйын»,-деп ойлады.
Сөйтіп, жертөлеге түсіп, ондағы сусын тұрған бөшкенің шүмегін ағытып, астына құтысын тосады. Сусынның көбіктеніп аққанына тамашалап қарап отыр еді, кенет есіне бір нәрсе түсіп кетті. Орнынан атып тұрып, санын бір соғып:

–Ақымақ басым-ай, құрғырдың итін байламаппын ғой!-деп жүгіре жөнелді. Сөйтсе иті етті тістеп алып, қораға қарай кетіп бара жатыр екен. Ол итке тұра ұмтылады. Ит зыта жөнеледі.
–Тоқта! Таста!-деп айғайға басады. Ит мақұлық оны тыңдасын ба?! Одан ары қаша жөнеледі. Осылайша пысық әйел итті бір сағат әуре бамқтан қарғып өтті де, орманға қарай қашып кетеді.
Ұнжырғасы түсіп, көңілі бұзылған әйел: «Жә, болды, енді ұстатпайды»,-деп жертөлеге жөнелді. Ондағы бөшкенің шүмегінен аққан сусын құтыдан атіші телегей теңіз су боп жатыр екен.
–Мәссаған! Енді қайттім? Көлкіп жатқан мына суды көрсе байымнан ұрыс естимін ғой,-деді әйел.
Сол кезде үйдегі бір қап ұны есіне түседі. Қапты сүйреп әкеліп, төгілген сусынның үстіне ұн септі. Суды сонымен құрғатпақшы болды. Сеуіп-сеуіп ақыры ұнды тауысты. «Дұрыс болды, жертөлені құрғаттым»,-деп ойлады әйел.
Бір кезде күйеуі жұмыстан шаршап-шалдығып келді. Қарным ашты деп тамақ сұрады.
–Мен сенің түстігіңе ет қуырып, сусын даярлаған едім. Өзім сусын құйып әкелуге кеткенде табадағы етті ит алып кетіпті. Өзім сол итті қуып кетсем, бөшкедегі барлық сусын жерге ағып төгілді. Сонан соң жертөлені бір қап құнды сеуіп құрғаттым. Жертөлеміз аппақ боп тазарып, құрғап қалды!-деді әйел.
Күйеуі басын бір шайқады да:
–Жарайды, өткен іске өкінгеннен не табамыз? Ұрысқаннан не өзгереді?-деп қоя салды.

Бір күні күйеуі қалаға астық сатуға кетті. Астығын сатып, қаладан ақша әкеледі, сосын әйеліне:
–Мына күміс ақшаны қобдишаға салып, сиыр байлайтын жерге апарып көмемін. Сен де біліп жүр. Анда-санда қарап қой! Бірақ қолыңды тиігізбе!-деп қатты ескертеді.
–Жарайды, тимеймін,-деді әйелі.
Бір күні күйеуі бір шаруамен жолға шығып кетті. Сол күні қалаға құмыра сатушы саудагерлер келді. Саудагерлер әйелге келіп:
–Сізге құмыра керек емес пе?-деп сұрады.
–Керегі керек-ау, бірақ соны сатып аларлық еш нәрсем жоқ. Үйде күміс теңгелер ғана бар еді. Бірақ ол сізге ұнай қойса, екі құмыра беріңіздер,-деді әйел.
–Күміс дөңгелекшелер дейсіз бе? Әкеліңіз, көрейік,-деді саудагерлер.
–Жоқ, күйеуім маған «тиіспе» деген. Маған болмайды. Өздеріңіз барып алыңыздар! Ол ана сиыр байлайтын жерде көмулі,-деді.
Саудагерлер қораға кіріп, ақшалы қобдишаны қазып алды. Қобдишаның ішіндегі ақша тіпті көп, құмыраның екеуі түгілі жүзін сатып алуға жетеді. Саудагерлер ақшаны алып, екі құмыра берді де, қаладан шығып жүріп кетті. Әйел екі құмыраның түбін ойды да, қақпа бағаналарына іліп қойып «әдемісін-ай» деп әбден сүйсінді.
Күйеуі үйіне келгенде құмыраны көріп:
–Қатын, тағы бірдеңе бүлдіргенсің бе?-деді.
–Еш нәрсе бүлдірген жоқ. Қыдырма саудагерлерден екі құмыра сатып алдым,-деді әйелі.
–Ақшаны қайдан алдың?
–Ақшам болмаған соң қорадағы дөңгелек ақшаларды беріп жібердім.
–Мен саған «тиіспе» деп едім ғой.
–Тиіскенім жоқ, саудагерлер өзі қазып алды,-деді әйелі. Күйеуі ашуланып:
–Оның ішінде мың құмыра сатып алатын ақша болған,-деді күйініп. Әйелі біраз ойланып тұрды да:
–Ендеше саудагерлердің артынан қуайық, жетіп ақшамызды алайық!-деді.
–Қусақ қуайық! Жолға май, ірімшік, нан едагерлердің ізінен қуа шықты. Жүгіріп келеді. Ерлі-зайыптылар бірінен бірі қалысар емес. Бір кезде күйеуі оза бастады. «Озса озсын! Кері қайтарда аз жүгіруге жақсы»,-деді әйел ішінен.
Ол таудың басына шыққаны сол еді, саутамтығын қалдырмай қазылып қалған жолды көрді. «Мына бейшара жолды адамдар әбден қинап, кескілеп тастапты. Үстімен дөңгелек жүргенде байғұстың жанына батады ғой»,-деп ойлады. Әйелдің жолды аяп кеткені сонша, дорбадағы майын алып, жолдың жарықтарын майлай бастады. Ол жолды майлап жатқанда дорбадан бір ірімшік жерге түсіп, ылдиға қарай домалай жөнелді.

–Тоқта, ірімшік! Онсыз да тауға әрең шықтым. Мен сені қумаймын. Қуса жолдастарың қусын,-деп дорбадан екінші ірімшікті алып, таудан төмен қарай домалатып жіберді. «Ірімшіктер өздері қайтып келер»,-деп тосып отырды. Бірақ іііііірімшіктер қайтып келмеді. Сонан соң дорбадан үшінші ірімшікті алып, оны да төмен қарай домалатып жіберді. Тағы да тосты,келмеді. Бұған әуелі ашуланды да, ірімшіктерді бірінің артынан бірін домалатты. Төртінші, бесінші, алтыншы ірімшіктер таудан төмен домалап жатты. Әйел қанша күткенмен бұлардың ешбірі қайтып оралмады.
«Жарайды енді, сендерді ұзақ күте алмаймын, уақытым жоқ. Келетін болсаңдар өздерің қуып жетерсіңдер!»-деп жүре берді. Жүре-жүре күйеуін қуып жетті.
–Қатын, қарным ашты. Біраз тыныстап, тамақтанып алайық!-деді ері. Әйел дорбадан нанды алып еріне ұсынды.
–Май мен ірімшік қайда?-деп сұрады күйеуі.
–Маймен жолдың жарығын майладым, ірімшіктер үйге кетіп қалмаса, қайтар. Дорбадан бір ірімшік түсіп үйге қарай домалап кетті. қалғандарын
«оны шақырып әкел» деп өзім жібердім,-деді әйелі.
Күйеуі бір күрсініп:
–Мұның дұрыс болмапты. Өзің ойлашы, маймен жолды майлаған кімді көрдің? «Ірімшік өзі келіпті» дегенді қайдан естідің?-деп ұрысқан болды.
–Олай істемеу керегін қайдан білейін? Күні бұрын айтып қоюың керек еді,-деді әйелі.
Бұлар нанды құрғақтай жеп, азырақ көк шөптің үстінде отырып тыныстады. Бір кезде ері:
–Қатын-ау, осы сен үйден шыққанда есікті жаптың ба?-деп сұрады.
–Жоқ, бұл туралы да күні бұрын айтқан жоқсың.
–Ендеше үйге бар! Біреу-міреу тонап кетіп жүрмесін. Есікті мықтап бекіт! Келеріңде жеуге бірдеңе ала кел! Мен осы төңіректі аралап, сені тосамын.
Әйелі үйіне жүгіріп кетті. Келген соң: «Күйеуім жеуге басқа нәрсе сұрады. Демек оған ірімшік пен май ұнамағаны. Олай болса оған бір дорба кепкен нәк пен сірке суын әкеп берейін»,-деп ойлады.
Кетерінде есікті бекітудің орнына топсасымен қоса жұлып алды. «Есікті өзіммен бірге алып кетсем, мына аңыраған тесіктен ешкім батып кіре алмас»,-деп түйді. Сөйтіп есікті көтеріп алып еріне келді.
–Мә, есікке өзің ие бол!-деді.
–Тағы да бүлдірген екенсің ғой, -деп күрсінді күйеуі. Енді үйге кім көрінген кіріп, көңіліне ұнаған затты алып кете береді. Енді бөгелсек саудагерлер алыстап кетеді. Кері жүре алмаймыз. Бірақ, жазаң сол, әкелген есігіңді өзің алып жүресің!-деді.
«Есікті алып жүруын жүрем ғой. Бірақ мына кепкен нәк пен бір күрешке сірке суын қалай алып жүрмекпін? Мұның бәрі маған ауыр. Ең қолайлысы, бұларды есікке іліп қояйын. Сонда оны есік алып жүреді» -деп ойлады. Сөйтіп ерлі-зайыпты екеуі орманға келді. Ымырт жабылып түн болды. Ормандағы үлкен бір ағаштың басына шықты да, түнемекші болды.

Бұлар отырған ағаштың қасына көп ұзамай біреулер келді. Олар сол ағаштың түбіне отырды да, от жағып ақша бөлісе бастады. Әйел оларды танып еріне:
–Мен құмыраны осы саудагерлерден алғам. Әне, біздің ақшаны бөлісіп жатыр,-деді.
Күйеуі ағаш басынан жерге түсті де, ақырын ғана тас теріп алып, қайтадан жоғарыға шықты. Сөйтіп тастарды саудагерлерге лақтыра бастады. Тасты қанша лақтырса да, саудагерлердің ешқайсысына тигізе алмады.
Саудагерлер жоғары қарап:
–Тәрізі таң атайын деген жоқ. Жел аршаның бүршігін түсіре бастағанын қарашы,-десті.
Ағаш басында ерлі-зайыпты екеуі отыра берді. Әйел есікті әліге дейін басына қойып көтеріп тұрған еді. Қолы талып, шаршап кетті. Күйеуіне қарап:
–Нәкті түйіншегімен жерге тастасам қайтеді?-деді. Ері оған:
–Жоқ, тастама! Жердегілер тауып алса, бізді ұ> і ауыр болып кетті,-деді әйелі.
–Ендеше тастай ғой,-деді ері.
Нәк ағаш бұтақтарының арасынан бұршақша жауды. Саудагерлер оны тағы да ұшыптүскен бүршіктер деп ойлады. Біраз уақыт өтті. Әйелге есікті ұстап тұру бұрынғыдан да қиындап барады. Ол тағы күйеуіне қарап:
–Сірке суын да төгіп тастаймын!-деді.
–Төкпе, жаман болады!-деді ері.
–Жоқ, төгемін! Қолым талды,-деді әйелі. Сөйтті де, сірке суын шашып жіберді.
Саудагерлер тағы да таңғалды. «Бұл не, жаңбыр ма, шық па?»-десті. Тағы да біраз уақыт өтті. Әйелдің есікті ұстап тұрарға дәрмені қалмады.
–Есікті де тастаймын, бәлкім сонда жеңілірек болар,-деді әйелі.
–Тастама деген соң тастама!
Әйелі ай-шайға қарамай саудагерлердің үстіне есікті тастап кеп жіберді. Саудагерлердің үрейі ұшып, орындарынан атып-атып тұрды.
–Бұл не деген сұмдық? Әлде, үстімізге тау құлап келе ме? Қашыңдар!-деп даурықты. Сөйтіп саудагерлер қаша жөнелді. Ақшалары, қобдишалары орнында қалып қойды. Сол жерде ерлі-зайыпты екеуі ағаштан түсіп, ақшаларын алып, үйіне қайтты.

АҒАЙЫНДЫ ҮШ ЖІГІТ

Осыдан көп жыл бұрын дүниеде бір шал болыпты. Оның үш баласы бар екен. Ұлдары бірінен бірі өткен жақсы екен. Бір күні шал балаларына:
–Ұлдарым, жердүниені кезіп қайтыңдар. Жақсы-жаман ел көріңдер! Алуан-алуан өнер үйреніңдер! Өнерді ең жақсы үйреніп қайтқандарыңа үйімді мирасқа қалдырамын,-деді.
Сонымен ағайынды үшеуі жер бетін кезіп жүріп кетті. Олар үш жыл бойы ел аралады. Үш жылдан соң әкесіне қайтып келді.
–Аман ба, әке?!-деді олар.
–Амансыңдар ма, ұлдарым?! Ал айтыңдар, не көрдіңдер, не білдіңдер?! Қандай өнер үйрендіңдер?-деп сұрады әкесі.
–Мен шаш алуды үйрендім,-деді кенжесі.
–Мен ат тағалауды үйрендім,-деді ортаншы ұл.
-Мен қылыш ұстауды үйрендім,-деді үлкені.
-Бұларың жөн екен. Енді сол өнерлеріңді өз көзіммен көргім келіп тұр,-деді әкесі.

Тап сол кезде егінжайда бір қоян жүгіріп бара жатты.ұлдардың кішісі «маған да керегі осы» деп дереу қолына кішкене шылапшын мен сабын алып, қоянның артынан жүгірді. Сөйтіп қоянның тұмсығына көбік жағып, екі жағын ұстарамен қырды. Осының бәрін жүгіріп бара жатып істеді. Еш жерін кесіп те алған жоқ, бір тал қылын да қалдырмады.
-Өнерің өнер-ақ. Ұстарамен қыруға епті екенсің!-деді әкесі.
Сол-ақ екен, жолдан бір күйме көрінді. Ортаншы ұл атып тұрып:
-Әке, енді менің өнерімді көріңіз, -деді де, күйменің артынан жүгірді. Шауып бара жатқан атты тоқтатпай төрт тағасын бірден жұлып алып, қайта тағалады. Күйме ешбір тоқтамай жылжи берді.
-Сенің де өнерің жақсы. Ініңдікінен кем емес,-деді әкесі. Сол арада тұңғышы тұрып:
-Әке, мен де өнерімді көрсетейін, рұқсат етіңіз!-деді.
-Жарайды, рұқсат! Көрсете ғой, балам,-деді әкесі.
Жаңбар жауып тұр еді. Үлкен ұлы қылышын ала сала төбесінен үйіргенде жылдамдығы сонша үстіне бір тамшы жаңбыр дарыған жоқ. Жаңбыр барған сайын үдеді, шелектеп жауды. Бірақ ұлға жаңбырдың бір тамшы суы да дарымады. Шатыр астында тұрғандай үсті-басы құп-құрғақ.
Әкесі мұны көріп, тағы таңданды, содан соң балаларына:
–Бәрің де асқан өнерпаз екенсіңдер! Тіпті үйді қайсыңа қалдырарымды білмей тұрмын. Сондықтан үшеуің бірге тұрыңдар!-деді.
Балалары әкесінің бұл айтқанына риза болды. Сөйтіп олар осы күнге дейін бірге тұрып келеді.

Тәржімалаған Ә.Шәймиева