№4 Сәуір, 2022

Дүниеде баланы қуантқаннан артық бақыт жоқ. Осы ретте оларға тәлімді тәрбиемен қатар, эстетикалық-рухани байлық сыйлау аса маңызды міндет. Жастайынан әдебиет әлемінен сусындап өскен бала, қиялдап өскен жеткіншек есейгенде жаман болмаса керек. Балалардың осы бір қажеттіліктерін көркем әдебиетпен қатар театр да өтейді. Мың рет естігеннен бір рет көргеннің әсері ерекше болады. Бала көргенін ұмытпайды. Сондықтан балаларға арналған шығтүеді.
Міне, осы мақсатпен Шымкент қаласында қуыршақ театры ашылғалы да 30 жылдан асты.

Театр репертуарында бүгінгі таңда отандық және шетелдік авторлардың қазақ және орыс тілдерінде 150-ге жуық қойылымдары бар. Репертуарда Н.Гернеттің «Алладиннің сиқырлы шамы», С.Оспановтың «Мұңлық-Зарлық», Н.Оразалиннің «Аққұс туралы аңыз», Д.Исабековтың «Киелі алма», С.Маршактың «Теремок», М.Байғұттың «Достық мектебі», Ә.Файзуллаұлының «Керқұла атты Кендебай», А. Малюченконың «Птица счастья», О.Әубәкіровтың «Қожа мен спорт», Б.Пармановтың «Алпамыс», С.Олжабаевтың «Адалдық туралы аңыз», М. Малдыбаеваның «Алтын балық» тағы басқа қойылымдары бар.

Осы мерзім ішінде балалар театры небір биік белестерді бағындырды. Айталық, 199наельфин» Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінде Р.Москованың «Когда расцветут маргаритки» қойылымын көрсетіп, «Көрермен көзайымы» жүлдесін иеленді. Ал ұжымымыз сонау жылы театр өзінің алғашқы атауын қайта алып, қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры болып аталуына орай, 37 маусымында «Жастар жылы» аясында тұңғыш рет шығыстың шайыры Низамидің «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымын жасөспірімдерге арнап сахналады.

2020 жыл айтулы даталарға арналды. А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, А.Алтынбековтың «Дара тұлға» поэтикалық драмасы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай К.Булычевтің «Можно попросить Нину?» драмалық қойылымы, Е.Чеповецкий, Г.Усачев «Саржағал» ертегісі, Г.Остер «Котенок по имени Гав» ертегісімен толықты. Елімізде орын алған эпидемиологиялық ахуалға қарамастан театр қызметкерлері онлайн режимде де жұмыс жасады. Мысалы, балаларға арналған ертегілер мен қойылымдарды әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде көрсетіп отырды.

Бүгінгі күні театр ұжымы жас таланттармен толығып келеді. Соңғы жылдары Өмірзақова Толқынай, Бимуса Рано, Тұрдалиев Ерғаа Нұржан, Сахно Яна, Мусакулов Ақберді, Сейдахмет Ғабит, Жұмабай Анель, Уалханов Олжас, Орлов Константин сынды жастар театр құрамына қабылданды.
Театр директоры Самат Алтаевпен сұхбаттасқанымызда театр репертуарын байыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өтті. Ол осы мақсатта Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегі, бірқатар театрларда жемісті еңбек еткен Фархадбек Аманжолұлы Қанафинді аттай қалап, театрдың көркемдік жетекшілігіне шақырғанын айтып өтті. Бас суретші Ақмарал Қосбармақова, қоюшы режиссер Мақпал Малдыбаева да өз істерінің білгірлері.
Театр ұжымы балаларға әртүрлі жанрдағы қойылымдар ұсынып, олардың көңіл көкжиегін кеңейту мақсатында бұдан да басқа қызықты да әсерлі қойылымдарды ұсына беруді мақсат етіп отыр.
Иә, әлемге балалар көзімен қарайықшы. Мына әлем ақша қардай тазарып, дүние құлпырып сала бермей ме? Өйткені балалар – періштелер елінен.

С.Олжабай