№3 Наурыз, 2022
Халқымызда «Өнер десе ішкен асын жерге қояды» деген мәтел бар. Осы бір қанатты сөз еліміз тәуелсіздік алған жылдар мұғдарында үкіметіміздің басты ұстанымдарының біріне айналған. Бұл орайда талай-талай жобалар ұйымдастырылған. Соның бірі «Drama.kz» жобасы. Бұл жоба бойынша жыл сайын бүкіл Қазақстандағы талантты авторлардың, драматургтердің ең үздік пьесаларын іріктеп, заманауи театр фестивалі ұйымдастырылады. Фестивальде мәтіндер көбіне оқылым яғни, «читка» түрінде өтеді. Оқылым дегеніміз – рөлге бөліп оқу арқылы пьесаны ұсыну түрі. Драматург сахнада өз пьесасын көре отырып, талқылауда сараптамалық талдауды бола алады. Бұл процесс драматургты дамытып, шабытын шыңдап, келесі пьесасын әлдеқайда жоғары деңгейде жазуға мүмкіндік береді.
Егер бүгінгі көптеген қазақ театрларының репертуарларын қарастыратын болсақ, басым бөлігі шет ел драматургиясын сонымен қатар, кеңес уақыты кезеңінде жазылған пьесаларды сахналайды. Осы тұрғыда жобаның алдыға қойған мақсаттарының бірі – читкаға қатысқан режиссерлер мен актерлердің жаңа драматургиямен, жаңа тақырыптармен, жаңа мәтіндермен танысу барысында олардың арасында алтын көпір болу. Байқаудың тағы бір ұтымды тұсының бірі – қарапайым көрермендердің өзіне заманауи тақырыптарды тыңдап, алған әсермен бөлісіп, өзіндік жеке пікірін айту арқылы театрлық үдерістің тереңіне түсіп, толық бір мүшесіне айналуына болады.
Фестиваль аясында сондай – ақ білім беру бағдарламасы, пікірталастар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Атап айтқанда, фестивальдің көркемдік жетекшісі Олжас Жанайдаров драма теориясы мен практикасы бойынша шеберлік сабағын өткізеді. Осы орайда Қазақстандық драматургтер құнды білім мен кеңес алып жатыр.
Қазіргі таңда көптеген театрлар өз авторларын іздеу үстінде екені белгілі. Қуантарлық жайттың бірі жобаға жаңа әрі тың ізденістегі авторды іздеуші театрлардың қызығушылық танытуында. Бұл ретте байқау Алматының мемлекеттік және тәуелсіз театрларын байланыстырып ғана қоймай, заманауи драматуретды талқылап, жаңа аудитория қалыптастыруға ұмтылған білім беру және әдеби мекемелерді де біріктіреді.
Қазіргі кезде «Drama.kz» жобасының көмегімен авторлардың бір-бірімен танысып, пікір алмасулары, театр сыншылары мен болашақ жас мамандардың басы процесс алаңында тағы да бірігіп жатқаны байқалып отыр. Жоба қазақ театр өнерінің жаңаша деңгейде дамуына үлес қосып, жаңа келісімдер мен танысулардың ордасына айналуда.
Заманауи драматургия драматург Олжас Жанайдаров пен театр продюсері Айгүл Сұлтанбекованың бастамасымен 2017 жылы зертхана форматында дүниеге келген. Жоба Ресей Федерациясының театр қайраткерлері одағы мен шетелдің орыс театрлары қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды. 2018 жылы зертхана білім беру бағдарламасымен және оқылыммен толықтырылды. Кейінгі жылдары конкурсқа екі тілде (қазақ және орыс тілдерінде) пьесалар қабылдана бастады. Сонымен қатар, жоба өткізілетін алаңдардың саны артты, бейнетрансляциялар пайда болды, мәтіндер оқуға ыңғайлы етіп жасалынған арнайы электрондық қосымшада жариялана бастады.
2017 жылдың маусым айында драматургтер арасында конкурс жарияланып, соның нәтижесінде орыс тілінде жазатын 13 адам іріктелді (барлығы 48 өтінім келіп түсті). Т.Қ Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Жүргенов Олжас Жанайдаровтың жетекшілігімен драматургияға тегін дәрістер оқытылды. Нәтижесінде трагифарстан бастап, мелодрамаға дейін әртүрлі жанрларда 13 пьеса жазылды. Бұл пьесалар Алматы Лермонтов атындағы театрдың кіші сахнасында 26-29 қазан аралығында. читка түрінде ұсынылды. Оқылымға қаланың түрлі театрларының жас режиссерлері мен актерлері қатысты.
2018 жылы Фестиваль сол жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен өтті. 9 пьеса іріктеліп алынып, олардың оқулары Лермонтов театрының сахнасында 26-28 қазан аралығында өтті. Олардың үшеуі қазақ тілінде болды. 2018 жылы фестивальге алғаш рет Алматыдан келген авторлар ғана емес, сонымен қатар Қызылорда мен Петропавлдан келген драматургтер де қатысты. Фестивальге қатысқан авторлар үшін жобаның көркемдік жетекшісі Олжас Жанайдаров «Т.Қ Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында» бес практикалық семинарлар жүргізді. Драматургтер драма теориясымен танысып, әдеби шеберлікті дамытуға арналған қызықты жаттығуларды жасап, маманның кеңесін алды.
2019 жылы фестиваль алғаш рет Алматы ашық әдеби мектебінің (ОЛША) қолдауымен өтті. Байқауға 48 пьеса жіберілді. Орыс тіліндегі алты пьеса және қазақ тілінде үш пьеса іріктелді. Пьесалардың оқылымдары 26-28 қазан аралығында Лермонтов атындағы орыс драма театрында , сонымен қатар ARTиШОК театрларында өтті. Фестиваль аясында білім беру бағдарламасы өткізілді. Көрермендер драматургия, театр саласы , актерлік шеберлік өнері бойынша дәрістер мен шеберлік сыныптарын тыңдады. Сондай – ақ конкурстан тыс бағдарлама енгізілді. Оның шеңберінде 2019 жылғы маусымда өткен GoViral фестивалінің драматургиялық питчингінің жеңімпаз – пьесасы оқылды.
2021 жылы конкурсқа Қазақстандық «Драма.KZ» авторлдылері орыс тілінде алты пьесадан, қазақ тілінде үш пьесадан тұратын Ақтөбе, Алматы, Нұр-Сұлтан және Орал драматургтерінің шорт – парағын дайындады. Фестиваль блогына екінші жыл қатарынан әдебиет және театр сыншылары барлық пьесаларына талдаулар жасады. Сондай-ақ, фестиваль аясында алғаш рет қазіргі заманғы қазақстандық драматургияның қал – жағдайына байланысты пікірталастар отырысы өтті. Пьеса оқылымдары жиырма үшінші – жиырма бесінші қазан аралығында « Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында», «Лермонтов атындағы орыс драма театрында» , сонымен қатар «ARTиШОК» театрларында өтті. Барлық оқылымдар мен пікірталастардың трансляциясын фестивальдің YouTube арнасынан көруге болады.
Алтынбек Мерей,
Т.Жүргенов атындағы Қазақ
ұлттық өнер академиясының
4 курс студенті