№4 Сәуір, 2022

Биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, ұлы аталарымыз Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл. Осыған орай кітапханаларда, мәдениет мекемелерінде, мұражайларда көптеген ауқымды іс-шаралар өткізіліп жатыр. Соның бірі кітап пен оқуды алға жылжыту мақсатында, әдебиеттің озық үлгілерін насихаттауда 2022 жылы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы енгізіліп, жалпы оқу үшін ұлы ұстаздың өлеңдері мен қанатты сөздерінің жинағы ұсынылып отыр. Бұл әрине кітапханадағы насихаттау жұмысының басты міндеті. Алаш қайраткеріне деген үлкен құрмет, ана тіліміздің мәртебесін көтеру. Акция барысында өткізілген іс-шарал т дәріптеуге, ұлт пен тіл жанашырының еңбектеріне құрметпен қарауға тәрбиелейді. Бір басында сан-салалы білім иесі, ірі тұлға, халықтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының:

Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жөн сілтедім жақын емес , алысқа
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда
Дедім: «Сен де қатарыңнан қалыспа!» — деген өлең жолдары қазақтың рухын оятып, санасына ой қосады. Қазақ елінің жанашыры өз жұртының ел қатарлы болып, санаттан қалмай, өркені зор ел болуына жанашырлық танытқаны сезіледі. Бұл ойлар жастардың бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарытып, ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ықпал етеді. Бес арыс деген атпен ел есінде қалған ақын-жазушыларымыздың қазақ әдебиетінде алар орны зор. Бірі тұңғыш қазақ әліпбиін жазса, енді бірі тұңғыш қазақ романын жазып шықты. Одан да басқа артына мол мұра қалдырып кеткен арыстарымыздың елеулі еңбектері ұлан -ғайыр десем қате болмасы анық.

«Біздің заманымыз — өткен заманның баласы, келер заманның атасы» — деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, кешегі отаршылдықтан басталып, бүгінгі күнге жалғасқан орыстану саясатын тоқтатқандардың бірі осы Ахмет Байтұрсынұлы. Қазіргі таңда Қазақстанның қай қаласы болмасын өз көшелерінің біріне қоғам қайраткерінің есімін беріп, атын жоққа шығармауда. Наурыз айында Көкшетау қаласының қалалық кітапхана жүйесі «Менің қаламның көшелері» атты айдармен зерттеу жұмыстары нәтижесінде бейнероликтер жасады. Отанға деген сүйіспеншілік өзінің кіші отанына-адам дүниеге іс. Көше аттарынан қазақ халқының ұлылығын көреміз. Өлкетану іс-шарасы аясында Көкшетау қаласының «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасы Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталатын көшемен әлеуметтік желі пайдаланушыларын, оқырмандарын таныстырып өтті. Өзіміздің Көкшетау өңірінде де Қопа көліне жақын орналасқан көшелердің бірі ұлы ұстаздың есімімен аталған. «Көкемнiң атын көшеге, атамның атын ауылға» дегендей көшеге, елдi мекендерге кiсi есiмiн беруде осындай сөз тiркесiнiң ел арасына кеңiнен тарап кеткенi рас. Көше аттарын жаңарту туралы ақпаратты зерттеу нәтижесінде Көкшетау қалалық ішкі саясат басқармасы Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Айгүл Түзелбайқызының көмегімен ақпараттар табылды. Алаш қайраткерінің есімі 1986 жылдың 30 тамызында облыстық атқару комитетінің хаттамасымен Көкшетау қаласының Кузнечная көшесін Ахмет Байтұрсынұлының атымен атау ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілді. Көшеге ұлы адамның есімін берудің бірден бір мақсаты қоғам қайраткері, ағартушы, лингвист, әдебиеттанушы, түркітанушы, аудармашы А.Байтұрсынұлының есімін қала тұрғындарына кеңінен танымал ету. Жас ұрпаққа өз Отанының патриоты, жас ұрпақ тәрбиесіне өзіндік үлесін қосқан нағыз қазақ азаматын үлгі ету.
Ахмет ұстаздың өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек. 1937 жылы сегізінші қазанда қамауға алынып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлы Алматы қаласында 1938 жылы сегізінші желтоқсанда қаза тапты. Өзі өлсе де, артынд қның рухына тағзым ете отырып, қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.

Бақытгүл Майданқызы Галиева,
«Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі
кітапхананың кітапханашысы