№3 Наурыз, 2022
Белгілі орыс жазушысы Д. Мамин-Сибиряктың бұл әңгімесінде адам мен табиғат, жануарлар арасындағы байланыс әңгімеленеді. «Кім жыртқыш?» атты бұл әңгімені белгілі ғалым Әлкей Мтә бүгінгі жас балаларға тағы да ұсынып отырмыз.
Дүниеде қояннан асқан қорқақ жоқ шығар. Ғұмыры қорқумен басталып, үреймен аяқталады. Пәни өмірге қорқу үшін келгендей. Тіпті, ұйықтап жатса да жүрегі дүрсілдеп соғып жатады. Тышқан екеш тышқан да жауымен күресіп, өмір үшін тіресіп барып өледі. Ал қоянда ондай жоқ. Ол тек қашуды ғана біледі.
Осыны ойлаған қоян бір күні өз-өзінен ашуға мініп, әйеліне бұрқылдап:
–Мен кетем! Балалармен не болсаң, оеуүйренген еді.
–Кете бер, сенсіз-ақ күн көрерміз, — деді сабырлы үн қатып. Қоян:
–Саған бәрібір екен ғой. Көр де тұр! Әлі-ақ өкінесің,-деді.
«Ой, жаным, жарығым. Кетпеші! Ұшқан құс, жортқан түлкінің тісіне ілініп мерт боларсың! Бізге амандығың олжа!»-деп әйелі жалынатын шығар деп ойлаған. Олай болмады. Әйелі үндемей теріс қарап, тірлігін істей берді.
Қоян тістеніп:
–Қош, бәйбіше! Енді мені көрмейсің!-деді де, жүре берді. Інінен шыға бергенде-ақ аяқ-қолы дірілдеп, құйқа тамыры шымырлап кетті. Бірақ әйелінің қылығы күйдіріп барады. Үрейден ұят күшті. Шөп бұтаны тасаламай ашық даламен жүрді. Зымырап жөнелмей аяғын балуандарша асықпай басты. Маң-маң басып келе жатқан сәтін өзге қояндарға көрсетіп мақтанғысы келді. Кім біледі? Мүмкін әйелі көріп, тәубесіне келер…
Сол-ақ екен, көктен бірдеңе зуылдап келе жатқанын сезді. Байқаса, көзі – от, тырнағы – қанжар, қызыл шұбар қаршыға екен. Қорыққанда қоянның таппас айласы жоқ. Зып беріп орманға кіріп жоқ болды. Қаршыға жемтігінен қапыда айырылып қалды.
«Үһ, бұл пәледен құтылдым-ау».-деді қоян. Жүрегі орнына енді түсе бергенде алдынан шегір көз, апан ауыз қасқыр к жжұмып, қасқырға тура ұмтылды. Сөйтті де, үстінен аттап өте шықты. Атқан оқтай ұшып өткен қоянды қасқыр да әрең байқап үлгерді. Байқағаны былай тұрсын, өзін жзәресі қалмады.
Қоян болса сол қашқаннан зымырап отырып, өзенге барып бір-ақ тоқтады. Одан әрі қашарға жол жоқ екен. Су шайып астын үңгіп кеткен бір томарды паналады. Қас пен көздің арасында екі өлімнен аман қалғанын ойлап, демін баса алмады. Жүрегі алқымына тығылып әрең тұр. «Бәріне үйдегі қатын кінәлі!»-деп ашуланды. «Кетпе!» деп жалғыз ауыз сөз айтса, тілі кесілер ме еді? Дәл осылай дала кезіп, екі оттың ортасында қалар ма едім?»-деді тістеніп.
Өз-өзіне келіп, тері басылып, үрейі тарап, есін енді жия бергенде басына тағы бәле төнді. Әлгі қасқыр өзенге су ішейін деп келген еді. Жақын маңда қоянның барын иісінен сезіп қояды. Тіміскілеп, шөп арасын иіскеп жатқанда төбеден қаршыға келе қалды. Ол қасқырмен амандасқан соң:
–Уа, Қасеке, жаңа ғана бір қоянды қуып едім. Ол қашып орманға кірді де, жоқ болды. Әттең, ізінен қуалар едім, бірақ қарным тоқ, уайымым жоқ болған соң іздеуге еріндім. Соны сен тауып алсаң қайтеді?-деді.
–Ойбай, ол қояның менің үстімнен секіріп, зәремді ұшырды. Ол тентекті ұстап алып сазайын берер едім, бірақ менің де қарным тоқ қой. Қуып әуре болмадым,-деді қасқыр.
Мұны естіген қаршыға тағы не айтар екқо үстіне қонды. Шөлдеген қасқыр өзенге бас қойып, суын сіміре бастады. Кенет су астында жатқан шортанды көріп қалды. Онымен амандасқан соң:
–Әй, достым, қарның тоқ па, бірдеңе жеп пе едің?-деп сұрады.
Шортан еріне сөйлеп:
–Үйректің бір балапанын тірідей қағып салдым. Одан соң екі табан балықты жұтып алдым. Сөйтіп Құдайдың бұйыртқанын қанағат қылып жүрміз. Өзің ше?-деді.
–Иә, мен де солай. Құдайдың бұйыртқанын жеп жүрмін,-деп жата кетті. Көзі жұмылып бара жатыр еді, мұрны бірдеңе сезіп, көңілін алаңдатты.
–Әй, осы жерден қоянның иісі шығады. Әлде, аш жүрген соң иістің бәрі ас боп көріне ме?-деп өз-өзінен күдіктенді.
Қорыққан қоянның жаны шүберекке түйілді. Қимылдағаны былай тұрсын, демін ішке тартып, үнін шығарған жоқ. Өмірде талайды көрді. Бірақ дәл мұндай қауіпке ұшырамаған еді. «Біткен жерім осы»,-деп іштей өлімге дайындала бастады. Үйдегі әйелі мен сүйкімді көжектері есіне түсіп, көңілі босады. Бәріне өзі кінәлі екенін түсінді. Қорыққаны сонша, өзін өлген қояндай сезіне бастады.
–Неменеге дауласып тұрсыңдар?-деді шортан қасқыр мен қаршығаға кейіп сөйлеп. Сосын мақтанып:
–Қоянды ұстай алмағандарыңа күйініп тұрсыңдар ма? Мен болсам ондай жемтікті қалт жібермес ем. Жуырда бір қозыны тірідей жұта салғаным бар. Ал қоян атаулының талайын жегем. Сендер сияқты ебедейсіз емеспін,-деп масаттанды.
Қасқыр бұл сөзге қарқылдай күлді.
–Қажет болса, қоян тұрмақ шортаасбар. Маған неменеге мақтанып тұрсың?!-деді.
–Сонда да арамыздағы ең жыртқышы – менмін!-деді шортан.
–Жоқ, менмін!-деді қаршыға. – Көкте еркін қалықтаймын. Жердегі аң біткенді алақанға салғандай анық көрем. Қаласам төбесінен түсіп жеймін, қаламасам қарамай өте беремін.
Сөйтіп тұрғанда үшеуінің дауына бір өрмекші келіп араласты.
–Бекерге дауласа бермеңдер! Бәрібір мендей жыртқыш бола алмайсыңдар,-деп өзінің жемтікті қалай аулайтынын баяндай жөнелді.
Қуыстағы қоянның жүрегі дір-дір етіп, аяқ-қолы қалшылдап әрең тұр. Әлгілер бірінің сөзін бірі бөліп, өздерінің қандай жыртқыш екенін баяндай берді.
Бір кезде қаршыға орман жақты көрсетіп, «Тыныш!» деп белгі берді. Бәрінің аузы жабылып, жалт қарады.
Ол жерде нағыз жыртқыштың өзі тұр еді. Денесі жалаң, көзі өткір бір мақұлық бұларға күліп қарап тұрды. Қасқыр қорыққаннан бұқпантайлап, қоян жатқан қуысқа құлап кетті.
–Бәсе, неге қоян сасып тұр десем. Құдай үшін үндеме, анау естіп қояды,-деді қасқыр қоянға жалына сыбырлап. Қоян таңданып, сұрады:
–Ол кім?
–Танымайсың ба? Ол – адам. Одан асқан жыртқыш жоқ.
Кенет мылтықтың даусы естілді. Қаршыға қанат қағып үлгерген жоқ, жерге сылқ етті. Қасқыр зып беріп қашпақ еді, оны да сұлатты. Суға сүңгіп, ұстатпаспын деп тұрған шортан да ауға тұтылды. Өрмекшінің ұясы бұзылды.
Сәлден соң қоян қуыстан шығып, үйіне зытты.