№3 Наурыз, 2022

Елімізде болып жатқан ұлы өзгерістердің маңызды да мәнді саласының бірі жас ұрпақты туған тілімен, туған елінің тарихымен, өнерінен қаруланған елжанды, ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу екені даусыз. Үкіметіміз алға қойған бұл жоспар, бұл мақсат – бүкіл елдің сапалы түрде қайта жаңғыруына негіз бола алатын идеялық бастау. Ал, ұрпақтың, жалпы ұлттың жаңғыруының ең озық көрінісі – мемлекеттік тіл. Ол — ұлттық сананы қалыптастыру жолындағы маңызды құрал. Жалпы, жер бетінде дүниенің негізі тіл болса, сол тіл арқылы адам мен адам, қоғам мен қоғам танысып ұғысады. Еліміз егемендік алып, тәуелсіз болғалы аз уақыттың ішінде зор табыстарға жетті. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп танылып, шетел тілдері екінші немесе үшінші қосымша тіл ретінде қызмет атқаратын болды. Және қазақ хақұы қалыптасып дамыды. Тіл ұлт жүрегінің бір бөлшегі. Сондықтан, тілді қасиет деп түсінбейінше, оның алдындағы қызметте айтарлықтай салмақ та болмайтыны хақ.

ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлері тіл мәселесін ұлт болашағымен, ұрпақ тәрбиесімен байланыстырып, ана тілінің дамуына ерекше көңіл бөлген. Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлы: «Егер біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда, тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек.

Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады», – дейді. Кемеңгер ой иесі «сөйлегенде де, жазғанда да «жат тілді сөздерді араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей», қазақ тілінің бай сөздік қорынан айырылып қалмаңдар» дегендей пікірімен келер ұрпақты сақтандырады. Алаш арыстарының күресі мен атқарған істері, еңбектері, іргелі мәселелерге қатысты ой-пікірлері, тіл мәртебесіне байланысты тұжырымдары – егемен еліміздің тұғырын бекітетін рухани тамыр арнасы, ұлттық бірегейлік пен елдікті сақтаудың алтын көпірі.
Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен мәдени дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Ол ұлттық мәдениеттен бастау алады. Жаңа жағдайдағы рухани жаңғыру баршамыздан жаһандық өзгерістерге және жаңашылдықтарға дайындықты және ұмтылысты қажет етеді. Өйткені, біз айрықша серпінділікпен жылжып жатқан зымыран уақытта өмір сүрудеміз. Мәдениет — қоғамның негізгі құндылықты бағыттары мен тұлғаның жасампаз бастамасын қалыптастыратын әрбір дтымасы. Сонымен қатар, әлемдегі барлық мемлекеттер дамуының маңызды басымдықтарының қатарына кіреді.
«Өскен ел тарихын таспен жазады, өшкен ел тарихын жаспен жазады» мақалдың мағынасын түсіндіре отырып, балалардың туған жер мен ел туралы білімдерін жетілдіріп, сол арқылы Отанды сүйген азаматтық рухтағы ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, ең алдымен ұрпақ біліміне көңіл бөлгеніміз жөн. Осы мақсатта Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Мақсот Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында «Алаштың асыл мұраты: ақдық сағат өткізді. Шараға Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру бағдарламасын басқару» орталығының маманы Данагүл Бегімқызы Нұрмухамедова қатысып «Латын әліпбиі жайлы не білеміз?», «Латын әліпбиіне межелі мақсатта кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек?» деген сұрақтарға толық жауап беріп, арнайы слайдпен таныстырды.

Осынау қызықты мәдени шарада елімізде үлкен рухани серпіліс туғызған жас ұрпақты елінің, ұлтының тарихымен мәдениетімен тәрбиелеу бағдарламасында көрсетілген тағылымы мол тарихымыз бен төлтума мәдениетімізді, құндылықтарымызды зерделеп, соның нәтижесінде «Ұлттық рухани жаңғыру- ұлт рухының асқақтауы» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Құралай Әжігереева,
Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы балаларға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы