№3 Наурыз, 2022
Кеңес үкіметінің кезінде идеология болды. Әдебиет те, өнер де соған жұмыс істеді. Коммунизмді құруға ныты тақырыбына айналды.
Кеңестік идеологияның сондай Павел Корчагин туралы фильмін көрген жастар топ-тобымен комсомолға өтіп, Отаны үшін жанын беруге шынымен-ақ дайын болды. Сол кезде өнердегі жаңалыққа әсіресе, киноға құлағымыз әрдайым түрік болатын. Баспадан шыққан р» олып көріп талқылап бағасын беріп жататын. Міне, осы бір үлгілік үрдіс тәуелсіз ел атанған кезден бастап лезде тоқтады. Әсіресе, кино саласында кімнің не істеп, не түсіріп жатқаны толық жұмбақ болды. Кім көрінген кино түсіретін болды. Кино біреулердің атағын шығарып, күнкөріске айналдырудың құралы болды. Себебі, киноға өзінің тілін, ділін , дәстүрін білмейтін, өздерін өзгенің қаңсығын таңсық көретін, онысын жуып-шаю үшін өздерін «жаңа толқын», «жас толқын» деп атаған бір топ жастар келді. Олардың көпшілігі асфальтта өскен орыс тілді, олардың тілімен айтқанда «цивильный» қазақтар болатын. Білімді совет кезінде алса да, оларда туған жер , Отан әсіресе, туған ұлтын, туған тілім деген ұғым болған жоқ. Олардың ең басты мақсаты — шет елдік кинофестивальдерге қатысып, шетелдік жүлделер алып, абырой жинау атағын шығару болды. Ол фестивальдер қазақтың мәдени-рухани жетістігін емес, рухани күйзелісін ғана көргісі келді.Бұл жастар біз кеңес үкіметін қаралаймыз деп, өз Отанына ең әуелі туған ұлтына тас лақтырғанын сезбей де қалды. Сол кезде түсірілген Серік Апрымовтың «Соңғы аялдама», Рашид Нұғмановтың «Ине», Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» сияқты фильмдеріндегі кейіпкерлердің рухани діңгегі десек артық емес шығар. Оларда біздің қоғамымызға, ұлтымызға қатыс тек аты ғана бар ал жасаған дүниелер, тек соны түсірген режиссердің басындағы жағдаяттар ғана болатын. «Жаңа толқын» деген атпен өнер тарихының сахнасына шыққан бұл топ қазақ киносында сонау Шакен Аймановтардан бері келе жатқан кино өнеріндегі ұлттық менталитеттен ашықтан-ашық бас тартып, кинода ұлттық сөз саптауға мүлде жат, алашұбар өз тіл «стилін» қалыптастырып қазақ қоғамының өздерінше жаңа бейнесін жасауға тырысты.
Тәуелсіздік кезіндегі келесі толқын 2000 жылдардан кейін пайда болған режиссерлер сол жаңа толқынның өкілдерінен білім, дәріс алған жастар болатын. Олардың Эмир Байғазин, Әділхан Ержановтар сияқты өкілдері қазақты рухани жағынан адам танымастай қып өзгертуде өздерінің ұстаздарынан да асып түсті. Олардың да мақсаты «А» класындағы кинофестивальдерге қатысу. Әділхан Ержановтың алғашқы «Риэлтор» фильмінің синопсисі Дарик – раздолбай без будущего и прошлого, который попадает то ли в неопределенное прошлое, то ли неопределенное будущее. Оказавшись наедине с природой, Дарику предстоит выживать, применяя все уловки, которые помогали уцелеть в городе. Но здесь, в степи, прежде всего, необходимо собрать свое маленькое племя.
20 ғасырдың аяғында америкалық Орталық Барлау Басқармасының бастығы Аллен Даллас Кеңес үкіметіндегі халықтың адамгершілік және психикалық денсаулығын бұзудың стратегиясы мен технологиясы деген жоспарын жасап соны тәуелсіздік алған елдерде қолдана бастады. Онда былай делінген :
Литература,театр,кино — все будет изображать и прославлять самые низменные человеческие чувства.
Мы будем всячески поддерживать и поднимать так называемых художников которые станут насаждать и вдалбливать в человеческое сознание культ секса,насилия садизма, предательства, словом всякой безнравственности .
Хамство и наглость, лож и обман, пьянство и наркомания, животный страх друг перед другом и беззастенчивость, предательство, национализм и вражду народов … все это мы будем ловко и незаметно культивировать, все это расцветет махровым цветом!
Мы будем браться за людей с детских лет, главную ставку всегда будем делать на молодежь, станем разлагать, развращать и растлевать ее. Мы сделаем из них циников, пошляков, космополитов…
Осы Әділхан –Адилхан Ержанов деген естуімізше он шақты фильм түсіріпті және олардың сценарийін шет елдік мамандармен бірігіп жазады екен. Киноларын көрсең, бұл дүниеде қазақтан өткен жексұрын ешкім жоқ. Сол фильмдерінің басты кейіпкерлері түгел дерлік қазақтар, уақиға Қазақстанда өрбиді. Қарап отырсам, сол қазақтар бір-бірімен қырқысып, бір- бірінің арын таптап жатады. Сол фильмде бір басқа ұлттың өкілі жүреді: фильмдегі нағыз адам сол. Уақиғалардың бәрі ойдан шығарылған гипертрофированный шындық. Бір жатқан атыс-шабыс. Бір бірін атып өлтіріп сойып жатқан қазақтар. Оның «Қара, қара адам» деген фильмі Азия оскарын алды. Ал осы фильмдегі кейіпкерлердің бәрі шетінен жылмақай, сатқын, парақор біреулер. Тек бір орыс қана шын әділ адам болып шығады.
Фархад Шарипов бұл жас режиссер ұлты ұйғыр » Тренинг личного роста». туралы фильмінде ақша үшін арын сатып билік үшін бүкіл өмірлік ұстанымдарынан ада болып соны ғана місе тұ түнгі клубтарда өтетін сандалма тіршілік суреттеледі. Соңғы түсірген «18 герц» және «Схема» деген фильмдері Қазақстандағы нашақорлардың өмірі туралы деп жазады бірақ ол фильмдер тек шет елдік фестивальдерде көрсетілді, әлі өз елімізді көрсетілген жоқ. Фестивальдерге керегі де сол Далластың халықты азғындату жоспары бойынша жасалған кинотуындылар.
Осы режиссерлердің идеологы, оларды мақтап астына көпшік қойып отырған Гүлнәр Ойратқызы деген киносыншы. Ол өздерін жаңа толны жерге барды, енді мына жастарды қолпаштаумен жүр. Қазақ Үкіметінің берген ақшасын қазақты қорлауға азғындатуға жұмсалып отырғанының бір үлгісі осы. Я олар біз шет елдік кинофестивалдергеығдесін керетін шығар. Бірақ біз Борат сияқты фильммен атымызды шығарғаннан гөрі кино түсіруді мүлде тоқтатудың өзі дұрыс деп білеміз. Егер біз қазақтың әлемді мойындататын өнері мен ерекше қасиетін оның адамгершілігі мен дархандығын, ұлылары мен даналарын көрсетіп жатсақ бөлінген ақша мен жұмсалған тер ақталған болар еді . Бұл жерде қазақтың ақшасы бір режиссердің фестивальға барып кеудесіне нан па Себебі, оның фильмі тек фестивальде көрсетіледі не өз елімізде не прокатта не телеарнада жоқ. Фильмнің бюджеті бір миллион долларға жақын болса оны қалай рәсуа болған ақша демейсің.Ол фильмдерді ешбір арна сатып ала алмайды себебі олардың ешқайсысы телеарнада көрсетуге жарамайды. Еліміздің идеологиясына сәйкес келмейді. Сәйкес келмек түгіл Қазақстан деп аталатын елдің іргесін қалаумен қазақ ұлтының ұлттығына жат және дұшпан дерлік.
Қазақ киносындағы ең бюджетті фильмдер түсірумен аты шыққан адам Ақан Сатаев. Оның бір «Мың баласы» 15 млн долларға түссе, кейінгі түсірген «Томирисі» одан да қымбатқа түсті. Кинодағы алғашқы туындысы «Рэкитир» деп атауы-ақ айтып тұрған нағыз арзанқол дүние болса, осындай адамға Мемлекет басшысы туралы, Түркі халықтарының ортақ тұлға аңызға айналған Томиристі түсіру қалайша сеніп тапсырылды. Қаттырақ кетсек кешірсін, бірақ біздің ойымызша оның ешқандай моральдық құқы да жоқ сияқты ондай фильм түсіруге. (Бірақ бізде оны талдап-талғап жатқан кім бар?). Бәрі ақшаға келіп тіреледі. Сірә, елдік, ұлттық ұғым дегендердің аяққа тапталғанының «жарқын көрінісінің» бірі осы Томирис шығар. Фильм кино тарихында ешқашан болмаған фактімен есіңде қалады. Голливуд Троя туралы фильмді грек тілінде түсірген жоқ, ал Томирис сақ тілінде түсірілген. Оны кім түсінеді. Қазақтың ақшасына түсірілетін кино қазақ тілінде түсірілмегенде енді қай тілде түсірілу керек? Режиссер қазақ тілін соншама жек көре ме қайдам, ол бір сөзінде «Мен фильмді қазақ тілінде түсірмеймін, себебі көрермендер оны түсінбейді» деген болатын, ал сақ тілінде не үшін түсірілгені бізге жұмбақ. Ол сақ тілі деген қандай тіл өзі? Фильмдегі негізгі уақиға Томиристің Кир патшасына қарсы соғысы . Кир патшасы сақ елін жаулауға келе жатады, соған Томирис тойтарыс береді. Ол тарихта солай болса болған да шығар, бірақ фсийді. Кир не үшін алба-жұлба киінген, сүреңсіз мидай айдалада үйсіз-күйсіз тұрып жатқан елді не үшін жаулауды мақсат еткен деген заңды сұрақ туады. Егер сақтар керемет үйлерде, тамаша табиғат көріністері аясында тұрып жатса, онда Кир мына жерге қызығып, оны жаулап алуды мақсат еткен екен ғой деген ой туар еді. Жоқ, өкінішке орай режиссер көне дәуірді сұр түске бояп көрсетіп, даланы бүкіл бояуынан айырып, фильмдегі негізгі драмалық ситуацияны қалыптастыратын детальдан айырылып қалған. Өте сұрқай да сүреңсіз фильм. Сонда режиссердің осындай құрбандыққа баруына не себеп. Әйел патша жасау ма. Өкінішке орай уақыт өзгерді. Бұл фильмнің саяси да көркемдік те құны жоқ дүниеге айналды.
Белгілі режиссер Рүстем Әбдірәшевтың ең алғашқы фильмі өзінің туған әкесі туралы болды. Әділін айтайық, бұл фильм қазақ киносына ерекше өз көзқарасы өз талғамы бар жаңа бір суреткердің келгенін паш етті. Бұл да пендешіліктің, ащылау айтсақ көзге түсу мен күнкөрістің бір тәсілі. Көп ұзамай Елбасы туралы фны Рүстем Елбасы туралы төрт фильм түсірді. Бүкіл таланты мен күш-жігерін сол фильмдерге сарқып берді ме деп қорқам. Кезінде Сталин туралы түсірілген фильмдер архивте қалды, тоталитарлық жүйенің киносы деген атпен бұл фильмдерді де сондай тағдыр күтіп тұрған сияқты.
Киноға да бақылау керек. Егер осылай кете беретін болсақ, көрерменнің ықыласынан айырыламыз.
Телеарналарда көрсетіліп жатқан сериалдар туралы айтып жатудың өзі әрі ұят, әрі өз-өзін силамау десе де болады. Ол басқа тақырып, оларды кім түсіріп жатқанын білмейміз. Ол жерде де әмпей-жәмпейлік. Танысың бар болса тендерге қатысып ұтып аласың, сосын өйтіп-бүйтіп сериалды жасап, өткізесің. Ақшасы төленген соң каналдар оны көрсетуге мәжбүр. Кеше «Ахмет ұлт ұстазы» деген сериал өтті телеарнадан. Ахметтің биографиясын айтқаннан сериал не ұтады. Оны мен сериал көрмесем де білем. Ахметтің соңғы күндерін суреттейді. Оның соңғы күні түсірілген фотосы бар. Енді Ахмет туралы дым білмейтін адам да мына сериалдан не әсер алады. Ондай сериалды түсіріп, Ахметті қор қылғанша түсірілмегені дұрыс қой. Бір шет елде оқып келген балаларға бере салған сериалды. Оларға Ахметің не, Рэкитерің не бәрібір. Олар не берсең де, түсіре береді. Белгілі бір тақырыпты алып, соның айналасында ой толғау кейіпкердің образын жасау деген жоқ.
Биыл Ахмет Байтұрсыновтың 125 ал Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланады деп үкімет ақша бөліп екі ұлы тұлға туралы фильм жасауға тапсырыс берді. Фильм ақиық ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орайластырылған. Түсірілім тобын режиссер Жандос Құсайынов басқарады. Оның шығармашылық қоржынында «Әли» және «Шабдалы» көркем фильмдері, сондай-ақ «Жақсы адам», «Көке» сериалдары бар. Картинаны түсірумен «Мәдениет және шығармашылық бастамаларды қолдау» Қоғамдық Қоры айналысуда. Авторлар аты аңызға айналған Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бірегей фильм қазақстандықтарға ғана емес, шетелдік көрермендерге де қызықты болады деген үмітте.
Жамбыл туралы көркем фильмді кинода аты белгісіз Жандос Құсайынов деген кино тобын басқарушыға беріпті. Енді осыдан шет елдікинсенеді. Екі Фильм де «Мәдениет және шығармашылық бастамаларды қолдау» Қоғамдық Қорында түсірілуде. Ал енді Ахмет Байтұрсынов туралы фильмді Ерген Тоқмырзин деген бұған дейін бірнеше қарапайым ғана деректі фильм түсірген монтажерге беріпті. Не деген батылдық. Мыналар жүрек жұтқан ба деп қаласың. Себебі, өмірі көркем фильм түсіріп көрмеген азаматқа мынандай өте маңызды жобаны сеніп тапсыру нағыз ашкөздік болар. Ал ертең оның нәтижесінің қалай болатыны осы бастан-ақ түсінікті.
Өнерді де коррупция жаулап алғасын оның болашағы жоқ. Сериалдың режиссерлері қанатсыз құс сияқты. Шалқып қалқып көкке көтеріліп, аруақтардың рухымен сырласып оның өмірінің негізгі философиялық дәнін түсірудің орнына жай күйбең тіршілігін көпке аян фактілерді алдымызға жайып салады. Мысалы, өз басым оның бәрін әдеби де, деректі де, тарихи да шығармалардан кітаптан да білем, оның өз жүрегімде қалыптасқан бейнесі де бар. Сен сұрықсыз сериалда сұмпайы қылып көрсетіп оның халық санасында қазақ санасында қалыптасқан оның ғажайып та ғазиз бейнесін талқандап жатқаныңды білесіңедraph —>
Мырзан КЕНЖЕБАЙ