№3 Наурыз, 2022

Қазақ балалар әдебиеті 20 ғасырда толық ірге қалыптастырып, бүгінде жан-жақты даму үстінде. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген қазақ даналығы ертеден-ақ бала тәрбиесін жан-жақты қолға алған. Ал, әлемде бұл үрдіс әлдеқашан етек алып, фильмдер, мултфильмдер түсіріліп, әртүрлі бестселлерлер таралған. Соның бірі Хәрри Поттер жайлы фантастикалық кітаптар болып табылады. Жаһанға даңқы жайылған бұл кітап тұңғыш рет қазақ тілінде сөйлеп, оқырманның көзайымына айналып отыр. Бір қуанатын жайт, кітап тікелей ағылшын тілінен, түпнұсқадан аударылып отыр.ауестселлердің үлкен-кішіге бірдей қызық болатыны, Қазақстанда көпшілікке кеңінен танымал екені себеп болған.

Жоба жетекшісі Райса Сайранқызы Қадыр:
– «Бүкіл әлем білетін, 80 тілде жарық көрген серияның әлі күнге дейін қазақшаға аударылмағанына, 20 жылдың ішінде бұл істі қолға алатын ешкім шықпағанына алғаш таң қалғаным рас. Біздің баспа тәржімаланатын кітаптарды өз қалауына, мақсат-жоспарына, тәжірибесіне сүйене отырып таңдайды. Сондықтан кезекті жобамыз ретінде осы «Хәрри Поттер» топтамасын қолға алып, аударуға кірісіп кеттік», – дейді. Сондай-ақ, Райса Сайранқызы қазір екінші кітап бойынша жұмыс жүріп жатқанын, ал негізгі топтамаға кіретін жеті кітаптың 2020-2021 жылдары толық аударылып, оқырмандарға жол тартатынын хабарлады.
Кітап оқырманға жол тартқан шақта әртүрлі пікірталастар мен қызу талқылар орын алған болатын. Неге «Гарри» емес «Хәрри»?, Неге «Роулинг» емес «Роулиң»? деген сұрақтар көп қойылды. Бұл туралы жобаның жауапты редакторы Назгүл Қожабек:

болып транскрипцияланады. Ал «ә» дыбысы ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де бар. Сол секілді жазушының тегі «Rowling» деп оқылады, яғни «ң» дыбысымен аяқталып тұр. Бұл да қазақ тілінде бар. Сондықтан Біздің нұсқада «Гарри» емес «Хәрри», «Роулинг» емес, «Роулиң» болды, – дейді.

Шынында, кітаптағы жер-су аттары мен мекен-жай аттары түпнұқадан ауытқымай, ағылшын тілінен тура аударылған. Бұл аудармашылардың сапалы жұмысы мен жанашырлығын байқатады.

«Басты мақсатымыз қандай да бір сөзге қазақ тіліндегі дәл, нақты, сайма-сай балама табу болды. Аударманы оқыған адам түпнұсқаны оқығандай әсер алса, аудармашы өз мақсатына жеткені. Жақсы аударма көркем шығарманың бар бояуын, стилін сақтай отырып, аударылатын тілде жазылғандай жатық оқылуы керек. Біз сол мақсатымызға жете алдық деп ойлаймын», – деді «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» кітабының аудармашыларының бірі Динара Мәзен.

Қазақ тілінде кездесе бермейтін ерекше атауларды тәржімалауда аударма авторларының үлкен ұжымдық жұмысы мен  шеберлігі көрінеді. Мәселен, кітаптың жетінші тарауының атауын «Ішірткі шебері» (ағылш. The Potions Master) деп аударған. Мұндағы «ішірткі» сөзі халық емшілері мен молдалардың емдеу әдістерінің бірі. Құранның белгілі бір аят, сүрелерін қағазп і. Қазіргі қазақ тілінде кездесе бермейтін бұл атау ағылшын тіліндегі сөзге мағыналас келеді.

Аудармашылардың бірі Сая

«Қиял ғажайып туындыларда автор кейіпкерлерлің атауын жай ғана бермейді. Кейіпкердің өзіне тән ерекшелігін көрсету үшін қолданады. Мысалы, Longbottom Neville кейіпкерінің атын естігенде ағылшын тілді оқырман ебедейсіз бір бейнені елестетеді. Оның  француз, италян, орыс тіліндегі атауы да осы тектес мағын т Ұзынбұт» деп аудардық. Бұл атау шығарманы оқып отырған адамға еріксіз езу тарттырады деп ойлаймыз», – дейді.

Кітап оқырман қауымға түсінікті болу үшін жеңіл және түсінікті аударылған. Осылайша қазақ балалары қиялға толы ғажайыптармен танысып, санасына жаңа сәуле енуде. Бүгінде көптеген отбасыдан ризашылық хат алып үлгерген баспа ұжымы жұмыстың мұнымен бітпейтінін, алда кітаптың серияларын аударатыны жөнінде айту үстінде. Қазірдің өзінде «Хәрри Поттер» тоқаарасында «Поттержандар», «Поттербастар» фанклубы құрылды.

 Қорыта айтқанда, қазақ балалар әдебиеті тағы бір  алып шығармамен толықты. Алдағы уақытта әлемге аты мәшһүр өзге де шығармалар төл тілімізде сөйлейді деген үміттеміз.