№3 Наурыз, 2022

Каспий теңізінің солтүстік, солтүстік-шығыс жағалауын құшып, ұлан-ғайыр жер аумағын алып жатқан Атырау өңірі табиғи пайдалы қазбаларымен ғана емес, сонымен қатар әртүрлі қайталанбас табиғи ландшафтарға бай өлке. Атап айтсақ, өлкеміздің аппақ таулы бор қыраттары табиғаттың қайталанбас керемет туындысы. Табиғаттың ғажайып көрінісі Құлсары қаласынан 60 км қашықтықта орналасқан Ақкерегешың қыраты және Ақтөбе облысымен шекаралас жатқан Ақтолағай қыраты еш жерге ұқсамайтын, ерекше, мүлдем бөлек, тамаша әлем. Көкке мойнын созған ақ құздардың, яғни бор қыраттарының сұлулығы көз тартады.Ақ таулардың тізбегі ашық күні айналасына аппақ нұр шашып тұрғандай әсер қалдырады. Ал күн еңкейген сәтте кемпірқосақ тәрізді түрлі-түрлі түске боялады. Әсіресе, көктемде, айнала дала гүлдеріне толған шақта, бұл жердің әсемдігі көз тойғын спейтін алуан түрлі өсімдіктерді көруге болады. Атырау және Ақтөбе облыстарының шекарасында орналасқан борлы үстірт бір кездері теңіздің түбі болған.

Сондықтан да дәл осы жерлерде тасқа айналған ұлулар, сегізсәулелі маржандар, теңіз кірпілері, губкалар, медузалар, құрттар, моллюскалар түрлері және басқа да ондаған миллион жыл бұрын тіршілік еткен теңіз фаунасы өкілдерінің көптеген қалдықтарын табуға болады. Ежелгі акулалардың, ихтиозаврлар мен плезиозаврлардың сүйектері мен тістері, бүгінгі күні табиғатқа беймәлім өсімдіктердің қалдықтары, тасқа айналған ағаштар — бұл сан алуан түрлерді тізбектеп өту мүмкін емес. Бұл бір уақытта осы жерде қайнаған тіршіліктің болғандығын аңғартады.
Сол кезеңде тіршілік еткен жануарлардың тасқа айналған қазба қалдықтары Атырау облысы тарихи-өлкетану музейіне қарасты палеонтология бөлімшесінің экспозициясынан орын алған.

Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайына қарасты палеонтология бөлімшесі Қазақстандағы жер қабатының тарихи- геологиялық кезеңін, мезозой кезеңінде тіршілік еткен жануарлар әлемін зерттейтін бірден — бір палеонтологиялық мұражай. Палеонтологиялық мұражай 2003 жылы 12 ақпанда облыстық әкімшіліктің №44 бұйрығы негізінде құрылды. Палеонтологиялық музейде жинақталған жәдігерлердің бірегейлігіне, құндылығына әлемдегі көптеген мұражайлар қызыға алады.
Мұражайдың негізгі бағыты: миллиондаған жылдар бұрын тіршілік еткен жануарлардың пайда болуы, олардың тасқа айналған қазба қалдықтары, ең алғашқы организмдер (губкалар, маржандар, қосжақтаулы ұлулар, моллюскілер, аммониттер, белемниттер, теңіз кірпілері, теңіз лалагүлдері, теңіз жұлдыздары т.б.) олардың тіршілік ету ерекшеліктері, түрлері, жойылып кету себептері жөнінде зерттеу жұмыстарын жүргізу, көрермендерге мағлұматтар беру, мектеп оқушыларына, студенттерге танымдық-тағылымдық сабақтар өткізіп, жылжымалы көрмелер ұйымдастыру болып табылады.
Мұражайда акулалардың, скаттардың тістері, тасқа айналған плезиозаврлар мен ихтиозаврлардың сүйектері мен омыртқалары, қосжақтаулы, бауыраяқты, қармалауышты және басаяқты ұлулар, тікентерілілер тоббақтары,сонымен қатар тасқа айналған ағаш бөліктеріт.б. жалпы саны 8000-ға жуық жәдігер жинақталған.
Атырау облысы тарихи – өлкетану мұражайының 80 жылдығына орай мұражайдың және мұражай бөлімшесінің қорларындағы аса құнды жәдігерлерден Палеонтологиялық коллекция ғылыми каталогы қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай тілдерінде жарық көрді. Ғылыми каталогта Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы мен мұражайдың палеонтология бөлімшесі қорларында жинақталған палеонтологиялық жәдігерлер коллекциялары қамтылған. Атап айтсақ бас-аяқты ұлулар (аммониттер, белемниттер), қосжақтаулы, бауыраяқты, қармалауышты ұлулар, губкалар, құрттар, теңіз маржандары, тікентерілілер тобының өкілдері (теңіз лалагүлдері, теңіз кірпілерінің тасқа айналған қазба қалдықтары), ежелгі балықтардың омыртқалары, жүзбеқанаттары, құйрықтары, акулалардың, скаттардың тістері, тасқа айналған плезиозавр мен ихтиозаврдың сүйектері мен омыртқалары, мозазаврдың тісі, сүтқоректілер (мамонттардың, жүндес мүйізтұмсықтардың, ежелгі жабайы бұқалардың және үлкен мүйізді бұғылардың сүйектері), тасқа айі ғы 314 жәдігер енгізілді.

Каталогты дайындау барысында әрбір палеонтологиялық жәдігерлерге жан – жақты ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың мерзімделуі, материалы, техникасы, өлшемі, есептік белгісі және ғылыми анықтамасы жазылды. Сонымен қатар жойылып кеткен ежелгі жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қалыптасу тарихы, организмдердің жіктелімі, аталымы және жүйеленуі жазылып, оларға сипаттамалар берілді. Нәтежесінде ғылыми зерттеумен айналысатын мамандарға арналған үлкен жинақ баспадан жарық көрді.

Аммониттер — девон кезеңінде тіршілік еткен басаяқты моллюскілер класына жататын өліп біткен омыртқасыз жануарлар отряды. Өз атауын аммониттер ежелгі иректелген мүйізді египет құдайы Аммонның құрметіне алды. Олардың бақалшағы гетероморфты және мономорфты болып келеді. Бақалшағы бірнеше камераға бөлінген. Аммониттердің көп бөлігі нетон тобына жатады, яғни су түбінде еркін қозғалады. «Аммонитос» латынша ғылыми атауын 1789 жылы француз зоологы Жан Брюгье берген. Олар динозаврлармен қатарласып борпалеоген дәуірінде жойылып кеткен.

Белемниттер— басаяқты моллюскілер класына жататын, өліп біткен омыртқасыз жануарлар отряды. Тас көмір кезеңінен бастап палеогенге дейін теңізде тіршілік еткен. Қазбадан табылған белемниттердің қармақша иілген 5 жұп аяқтары, суда жүзуге бейімделген үлкен көзі, сіңір жақтары, қорғаныш қызметін атқаратын ерекше секреция бездері, жұмсақ денесінің ішінде 3 бөліктен тұратын (фрагмокон, проостракум және ростр) бақалшағы болған. Фрагмокон конус тәрізді, іші көлденеңінен бірнеше бөлімшелерге бөлініп, олардан жұмсақ дене өсіндісі- сифон шығып тұрады. Фрагмоконның төменгі сүйір ұшы, рострдың альвеол қуысына жалғасады. Пластинка тәрізді проостракум жануардың арқасында, фрагмоконның алдыңғы жағында орналасқан. Ростр- шыбық немесе қандауыр тәрізді, әктастан тұратын қабық (ұзындығы 40 см-ге дейін). Олардың қазба қалдықтары Қазақстанның Ақтөбе, Орал, Маңғыстау, Атырау облыстарынан да табылған. Белемниттер мезозой және қайнозой эралары шөгінділерінің геологиялық жасын анықтайтын негізгі белгінің бірі.

Губкалар— қарапайым көпжасушалы теңіз және тұщы су жануарлары. Әдетте, олардың денелері бос түтікше тәрізді болып, саңылаулар деп аталатын көптеген тесіктер мен ауыздар қаптап жатады. Осы тесіктер арқылы су губка денесіне кіріп-шығып жатады. Губканың ішіндегі саңылаулар көптеген кішкентай шаяндарға, теңіз жұлдыздарына және басқа да мұхит омыртқасыздарына баспана болады. Губкалар- ең қарапайым жануарлардың бірі. Олар осыдан шамамен 570 миллион жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болған. Губкалардың көбі жылы мұхит суларын мекендейді. Кейбіреулерін тұщы суларда да кездестіруге болады. Губкалар шыны губкалар және ізбесті губкаларболып бөлінеді. Шыны губкалар-әлемдегі ең қарапайым жануарлардың бірі. Олар- теңіз губкалары. Көбіне олардың пішіні кесе пішінді болып, қаңқалары алты ұшты кремнийлі сүйек инелерінің торынан жасалған. Басқа губкаларға қарағанда шынылы губкалардың өз денелерін кішірейту қабілеттері жоқ. Маржан рифтері секілді губка рифтері де көптеген жануарларға ұя болып табылады. Мыңдаған зоопланктондар, теңіз алабұғалары, шаянтәрізділер осы рифтерді паналайды. Кәдіыңбкалардың шамамен 95 пайызын құрайды. Губкалар – сүзіп қоректенетін жануарлар. Олардың денелерінің ішінде суды жұтып, шығаратын күрделі каналдар жүйесі бар. Су саңылаулардан кіріп, каналдар арқылы әрі қарай өтеді. Каналдар «хоаноциттер» деп аталатын арнайы бұрама сызықтарға жалғасады. Осы бұрама сумен бірге кірген бактериялар, планктондар секілді қоректерді ұстап, қорытады. Губкалар қоректендіру каналдары арқылы минут сайын өздерінің өлшемдерінен бес есеге дейін көп мөлшердегі суды жұта алады.

Теңіз лаласы гүлдейтін өсімдікке ұқсайды, алайда ол өсімдік емес, органикалық заттармен қоректенетін жәндіка дерінің денесі тостағанша тәрізді, одан ішінде өзектері бар қармауыш тармақтар тарайды. Олардың жақсы дамыған, әктасты пластиналардан тұратын қаңқасы бар. Пластиналар бұлшықеттің көмегімен бірігеді, бұл сабағы мен тармақтарына қозғалғыштық пен икемділік дарытады. Олар теңіз түптерін мекендеп, диск пішінді денелерін теңіз түбіне бекіндіріп, қолдарын жоғары қарай созып жатады. Теңіз лаласы жорғалап, домалап, жай басып жүре алады, тіпті кейбір түрлері еркін жүзе алады, бірақ әдетте олар губкалар немесе маржандарға жабысып тіршілік етеді. Сабағы, тостағаншасы, қолы, қозғалатын аяқтары, тамырлары болады. Теңіз лаласы сабақты және сабақсыз болып екіге бөлінеді. Сабақты лалагүлдер ғажайып гүлдерге ұқсап, сабағының үстінде отырады да, бір орынға бекіген күйде тіршілік етеді. Кейбір теңіз лаласының сабағының ұзындығы 30 метрге дейін жеткен. Ересек сабақсыз лалагүлдердің сабақтары жойылып кетеді. Олар субстратқа ұшында тырнақшалары бар көптеген өсінділері арқылы жабысады, соны бойлай баяу жылжи алады неместае алады. Сонымен қатар оларды түкті жұлдыздар деп те атайды.

Теңіз кірпілері әдетте, теңіз түптерінде немесе соған жақын жерлерді мекендейді. Олардың дөңгелек пішінді денелері болады. Денесін ұзын қимылдайтын тікенектер қаптап тұрады. Негізінде, олардың тікендері- барлық тікентерілілердің ішіндегі ең ұзындары. Теңіз кірпілерінің пішіні көбінесе шар тәрізді болады, олардың арасында дөңгелек, жұмыртқа және жүрек пішіндері де бар. Олардың түстері қоңыр, қара, күлгін, жасыл, ақ немесе қызыл болуы мүмкін. Бұл инетерілілердің су түбіне қарап тұратын ауыз қуыстары қозғалмалы бунақталған тістер мен бұлшықеттерден құралған күрделі ауыз аппаратымен қамтамасыз етілген. Теңіз кірпілері су балдырларымен, губкалармен, теңіз жұлдыздарымен және басқа да органикалық заттармен қоректенеді. Олар кішкентай тастарды, қабыршақтарды және балдырларды жинап, тығылып қалу үшін жабылып алады. Теңіз кірпілері денесінің үстіңгі бөлігінде қарапайым құрылысты көзшелері бар. Бұл көзшелерімен олар жарықтың аз- көптігін ғана сезіне алады. Теңіз кірпілері тері желбезектері арқылы тыныс алады.

Маржандар топтасып тіршілік ететін мұхит организмдері. Маржандардың екі түрі болады: жұмсақ маржандар және қатты маржандар. Қатты маржандар үлкен рифтер түзеді. Ал жұмсақ маржандар түкті болып келеді. Олар өте майысқақ және де мұхит суларында жүзіп жүреді. Маржан полиптер деп аталатын мыңдаған ұсақ жұмсақ денелі организмдерден тұрады. Полиптердің пішіні цилинр тәрізді, аузының айналасында мұрттары болады. Маржан полиптері теңіз түптеріндегі тастарға жабысып, көбейе бастайды. Олар әктастан баспаналар (қаңқалар) жасап, өздері сонда мекендейді. Бұл баспаналар бірігіп, үлкен маржандар түзеді. Маржандар түнде белсенді болып келеді. Полиптер баспаналарынан шығып, зоопланктондар деп қ енеді. Маржандар мұхит ағысымен жүзіп бара жатқан зоопланктондарды мұрттарының көмегімен ұстайды. Жұмсақ маржандар маржан рифтерінде қатты маржандармен бірге болады. Қатты маржандарға қарағанда олардың қатты кальций карбонатты қабықтары болмайды. Олардың жауларынан қорғайтын миллиондаған жіп тәрізді мұртшалары болады. Сонымен қатар, олардың өздерін қорғап тұратын күшті улары бар.

Палеоген дәуірінде акулалардың тіршілігі басым болған. Сол кезеңдегі ең ірі акула — отодустың ұзындығы 10 метрге дейін жеткен. Акулалар жер бетінде 300 миллион жыл бұрын пайда болған шеміршекті балықтардың ең ежелгі тобының өкілдері. Олардың қаңқасында сүйек ұлпалары жоқ, шеміршектен құралған. Акулалардың басым бөлігі жыртқыштар, балықпен қоректенеді. Жақсы дамыған жақ сүйектері бас сүйек сауытымен қозғалмалы байланысқан, шеміршекті балықтардың денесін өте тығыз зат дентиннен тұратын пластиналар түріндегі қабыршақтар жапқан, дентинде эмальмен қапталған тістер орналасады. Акулалардың тістері әртүрлі пішінде болған. Егер бір қатар тістерінен айырылса, келесі қатарын қолдана береді.

Плезиозаврлар – юра дәуірінде пайда болған теңіз кесірткелерінің тобы. Олардың кеспектей ірі денесі және көлемдері бірдей дерліктей екі жұп ескекаяқтары болған. Құйрығында жүзбеқанаты жоқ, сондықтан теңіз тасбақалары сияқты ескекаяқтарын кезек-кезек сермей отырып жүзген. Кейбір плезиозаврлар өте алып денелі болған. Плезиозаврлардың екі тобы болды: біреуінің мойны қысқа, басы үлкен, ал екіншілерінің кішкентай бастары өте ұзын мойынға орналасқан. Плезиозаврлардың ең керемет ерекшілігі 40–76 омыртқадан тұратын аса икемді ұзын мойындары болған. Мойны кішкентай ғана жіңішке басына ұласқан, ал жақ сүйектерінде өткір, ұсақ, сәл қайқылау келген тістері болған. Дене мөлшері 50 сантиметрден 15 метрге дейін болған. Су жиегінде тіршілік етіп, балықпен, ұлулармен қоректенген. Плезиозаврлар триас дәуірінің бас кезінде пайда болып, бор дәуірінің соңғы кезеңінде жойылып кеткен.

Ихтиозаврлар – триастың орта шенінен бор кезеңінің соңына дейін тіршілік еткен бауырымен жорғалаушылардың бір класс тармағы. Дене пішіні балыққа ұқсас, сүйір тұмсықты.
Киттерге, әсіресе, дельфиндерге керемет ұқсаған, тіпті арқаларында да жүзбеқанаттары болған. Ғалымдардың тұжырымдауынша бұл динозаврлар барлық теңіз кесірткелерінің ішіндегі ең жылдам жүзгіштері болған. Ескек тәрізді жұп аяқтары – жүзу жарғақтарына айналған, негізінен денесін тепе-тең қалыпта ұстауға бейімделген. Арқа қанаты жұмсақ, қатты құйрық қанаты тігінен орналасқан. Бұл – сүңгу немесе су бетіне шоршып шығу қабілеттерінің жақсы дамымағанын көрсетеді. Бас қаңқасы ұзын тұмсығымен жалғасқан және үлкен көздері болған. Жақ сүйегі алға қарай созылыңқы бітіп, көптеген өткір тістері орналасқан. Ихтиозаврдың омыртқа жотасында 40–75 арқа омыртқасы, 100-ге тарта құйрық омыртқасы болған. Ихтиозаврлар жыртқыш жануарлар болғандықтан әртүрлі моллюскілермен және б. >

Мамонт – піл тұқымдасына жататын сүт қоректілердің жойылып кеткен түрі. Қазіргі пілдерге қарағанда денесі ірі, әсіресе, алдыңғы жауырын тұстары өте үлкен, әрі биік, сирағы мен құйрығы қысқа, жүндері ұзын, құлақтары кішілеу және ұзын иілген азулары болған. Азуларының арқасында қысқы уақытта қардың астынан азықтарын таба білген. Бойы 5,5 метр және салмағы 10–12 тонна болған. Үстіңгі жақ сүйегіндегі екі күрек тістері (ірілерінде ұзындығы – 4,5 метрге, диаметрі 18–19 сантиметрге, салмағы 100 килограмға жеткен) болған. Жақ сүйектеріндегі тістері бір-бірден, үлкен, жалпақ, эмаль қабаттарынан тұрған. Мамонттар осыдан 10 мың жыл бұрынғы уақыттарда тіршілік еткен. Мамонт қаңқасы мамандардың есептеуінше 123 ірі-ірі сүйектерден құралады.
Негізінен ашық аймақтарда, тундрада тіршілік етіп, шөптесін өсімдіктермен, бұталармен (күніне 300–400 килограмдай) қоректенген. Мамонттар плиоценде пайда болған. Мамонттардың сүйектері ежелгі адамдар тұрақтаған жерлерде табылған.
Көптеген мамонттар 10 мың жыл бұрын Вислиндік мұз дәуірінде өліп біткен. Бір гипотеза бойынша оларды палеолит дәуірінде өмір сүрген аңшылар жойған, ал екінші гипотеза бойынша климаттың өзгеруі себептерінен жойылып кеткен.

Ақтолағай және Ақкерегешың бор қыраттары

Эльбина Мұхамбетқалиева,
Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайына
қарасты палеонтология бөлімшесінің
маманы