№3 Наурыз, 2022
Орта ғасырлық ақын, сопылық дінді Түркіге жаюшы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жыл өткен сайын өзінің құндылығымен ерекшеленіп келеді. Қанша ғасыр қазақ руханиятының астанасына айналған киелі Түркістан өңірі тұлғаларымыздың табаны тиген киелі мекен. Оса құндылықтары жайлы сөз қозғауды жөн көрдік.
Әмір Темір кесенені неге салдырған?
Әмір-Темір ислам дінінің нығайып, дін негізінде үлкен мемлекет қалыптастыруға барынша күш салған. XIV ғасырда әмірші Ортаңғы Сырдария қалаларын өзіне қарату үшін кескілескен майдандар жүргізеді. Соның бірі Тоқтамыс ханмен өткен соғыстар болатын. 1388 жылы Алтын Орданың ханы Тоқтамыс Қожа Ахмет Яссауи кесенесін аяусыз тонаған. Осы оқиғадан соң Әмір-Темір қарулы әскерін жасақтап, Тоқтамыс әскерін ойсыратып, тоналған жәдігерлерді ан Ахмет Яссауи мазарының үстіне биік кесене тұрғызуға бұйрық берген. 1379 жылдан бастап Әмір Т Шя аймақтарының сәулетшілерін өз мемлекетіне жинап, көрнектілігі жағынан ерекше орын алатын жаңа тұрпатты сәулет өнерін жасауға күш салған. Ғасырлар бойы Ислам шуағын жайған ақынның хикметтерін әмірші жиі оқып, рухани азық алған деседі. Майдан даласына аттанар тұста, маңызды шешім шығарар тұста хикметтермен сусындап отырған.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне жерленген тұлғалар
Түркістан — екі дүние есігі ғой,
Түркістан— ер түріктің бесігі ғой .
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып-өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен.
Мағжан ақын жырлағандай, Түркістан топырағы «басынан көп тамаша күндер кешкен» көне мекен. Қаншама хандарымыз бен билеріміз ұлт тағдырын талқыға салып, елді дұшпаннан арашалау жайлы ой бөліскен. Даңқты батырларымыз тұлпарының тұяғы тозғанша сайын даланы кезіп, ұлтына жерұйық іздеген-тін. Сол бабаларымыздың көбі кесене ішінен тұрақ тапқан. Деректер бойынша мавзолей ішіне 21 ханның сүйегі қойылған. Оның ішінде Абылай хан, Есім хан, Тәуке хан, Болат хан, Сәмеке хан, Жолбарыс хан, Бөкей хан сынды хандарымыз бар. Сонымен қатар есімі елге белгілі би-шешендерден Шоң би, Шаштұғыл би, Үсен би, Күлен би, Бабыр снжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Көкенай батыр, Әжібай батыр, Мамай батыр, Жарылқап батыр сынды ел қорғаған ержүрек ерлеріміз жерленген. Қазақ халқы Қожа Ахмет Ясаунасі, ұлағатты өнеге деп санайды. Бұл дүниеде ынтымағы жарасқан Алаш баласының, о дүниелік болған соң да Әзірет Сұлтанның қасына жерленіп, бір жерде кеі.
Тайқазан – қайталанбас ескерткіш
Тайқазан – 1399 жылы 25 маусым күні Әмір Темір тапсырысымен сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған. Тайғыанып, әртүрлі қоспадан ас дайындалған деген деректер де ұшырасады. Салмағы 2 тонна, сыйымдылығы 3 мың литр келетін алып қазан туристердің қызығушылығын туғызып, таңданысын арттырып келеді. М. Массонның жазбаларында тайқазан суға толтырылып, жұма намазынан соң айналасына адамдар топталып алқа құрып, «жария зікір» ғибаттарын орындайтын болған. Зікір жасап бітісімен, «нұрланған» қасиетті, шипалы су адамдарға таратылатын болған.
Ақын Несіпбек Айтұлы «Тайқазан» атты өлеңінде:
Тайқазан түсті ғайыптан,
Несібе-нұрға байытқан.
Сүйінші сұра, бауырым,
Ертістен, Сырдан, Жайықтан,
Алатау, Алтай, Оралдан –
Басынан бұлты айыққан.
Мың жылда ғана бір келген,
Бақытты мұндай кім көрген?!
Сүйінші сұра Наурызда,
Бәйшешек атқан гүлдерден,-деп ішкі толғанысын жеткізеді. Шынында, асқан шеберлікпен жасалған асыл бұйым осы уақытқа дейін ақындардың өлеңінен, жазушы, ғалымдардың қаламынан табылып келеді.
1935 жылы тайқазанды Санкт-Петербургтегі атақты мұражай Эрмитажға, Иран шеберлерінің III халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы, қыркүйектің 18 жұлдызында ғана тарихи отанына қайтарылады. Тайқазанды елімізге қайтару ісінде мемлекет және қоғам қайраткері, халқымыздың біртуар перзенті, ғалым этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің сіңірген еңбегін айрықша атауға болады. Киелі Түркістан обылысы азаматының бұл ерлігі жоғарғы құрметке лайық.
Қорыта айтқанда, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің біз сезінбеген жұмбақтары жыл өткен сайын жүректерде жаңғырып, ашыла бермек.
Тортай Бекет