№3 Наурыз, 2022
Балалар әдебиеті – әлем әдебиетінде кең таралған жанр. Өмірге келген ұрпақтың зердесін ашып, санасына нұр құятын шымыр шумақтар тудыру – екінің бірінің қолынан келмесі анық. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы орайда «Рухани жаңғыру» ұлттың зердесі рухани байлық құюды, оның жас санадан бастау алуға тиіс екенін жазды. Бүгінде балалар әдебиеті турасында Қазақстанның әр тұсында іргелі шаралар өтуде.
«Қазақ баласының табиғаты өлеңге үйір, ертегіге қызыққыш. Біз осыны біле тұра, елеп, ескере бермейміз. Олардың рухани әлемі жұтаң тартпас үшін кез келген жаалсуға міндетті» дейді ақын Болат Үсенбаев балаларға арналған мақаласында. Байқасақ, ұрпақ санасынан әлі күнге:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте,
немесе,
Мектебің мынау класың,
Осында он жыл тұрасың,
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың,-деген шумақтар өшкен жоқ. Балаларды ана тілін сүюге, ұлағатты ұстаздарын сүюге үндеген бұл өміршең шумақтар болашақта да қанша баланың санасына нұр құяры сөзсіз. Қазақ балалар әдебиетінің қоржыны 20 ғасырда едәуір кеңіді. Кейінгі жылдарда да бұл үрдіс біршама өсті. А.Асылбековтың «Жапырақтары», Ә.Табылдының үш томдығы, С.Қалиевтың «Жыл құстары келгенде», Ш.Күмісбаевтың «Балалық шақ – бал дәурен», Ә.Қайранның «Ерасыл», Б.Әлімжановтың «Ғарыш пен қазақ», Д.Бейсембекұлының «Жалғыз жұлдыз жарығы», М.Базарбайқызының «Әкесін іздеген ұл», Е.Айғалидың «Бокс қолбағыңды жоғалтпа, бауырым», С.Үсенұлының «Еліктің лағы», Е.Жеңісұлының «Мынау ғазиз дүние», Б.Бұқарбайдың «Күміс кітап», Е.Сейдахметтің «Күлші қане, балақай», Е.Ашықбаевтың «Туған күн», Қ.Қайымның «Еркеш–Еркебұлан», Б.Болатханованың «Қарагөз – ғұмыр», Т.Әбдірайымның «Дала әлемі», Т.Жеңісбектің «Жанталас», Т.Бейсембектің «Сиқырлы музыка», т.б. кітаптарды соңғы жылдар табысы деп атауға болады.
Сондай-ақ, «Бәсіре», қос томдық, «Қызыл алма» атты төрт томдық, «Ең керемет дәм» атты бір томдық бүлдіршіндердің тәтті базарлығына айналып үлгерді. Осы орайда «Балдырған» журналы мен «Ұлан» газетінің де балалар еншісіне тұшымды өлеңдер мен әңгімелер тарту еткенін айта кету керек. Балалар әдебиетіне үлес қосып, қарымды қалам сілтеп жүргендер аз емес екенін байқаймыз.
Бүгінгі балалар әдебиетінің тағдыры жөнінде пікірталастар әр алуан. Журналист Серікбол Хасан балалар әдебиеті жайлы пікірінде: «Балалар қаламгерлерін ынталандыру керек. Мұзафар ағамыз құсап зорлықпен жаздыру да артық етпейтін шығар. Рас, «Балдырған», «Ұлан», «Балабек» секілді балалар бବс¬ылымдарында бояуы кеппеген жаңа шығармалар жарияланып тұрады. Бірақ «Қазақ әдебиетінің» де балалар әдебиетіне арналған же¬ке беті болса, жарасып кетер ме еді. Ресейдің «Литературная газета¬сы» балалар әдебиеті туралы жиі жа¬зады. Балалар кітаптары туралы ба¬ғыт-бағдар береді. Балалар жазушыларымен сұхбат құрады. Бәл¬кім, осы тәсілдерді бізге де байқап көруге болатын шығар» – дейді. Ал «Ертегілер елінде» журналының редакторы Әдина Жүсіп: «Қазақстанда балаларға арнап шығатын газет-журналдар саны өте аз. Осы аз газет-журнал өзара көркемдік, танымдық жағынан бәсекеге түсуі керек. Балалар басылымдары деңгейлі басылым болуы керек. Деңгейлі дегенімді түсініп отырған шығарсыз. Мысалы, мектеп жасына дейінгі балаларға арналған журналдар. Бастауыш сынып, оның ішінде 6-7, 8-9 жастағы балаларға арналған журналдар деп, әрі қарай өсіре беру керек. Сонда ғана газет-журналға жазылу да көп болады. Ата-ана да баласына керектісін тез табады. Қазір ата-аналар балаларына газет-журналдарды жаздырып береді. Бірақ журналдың мазмұны баласының жасына, түсінуіне сай келмейді. Сондықтан ата-ана газет-журналдарың қызық емес, балам оқымайды деген сөзді айтады. Осыдан келіп балалар гма сияқты» деп ой қорытады.
Шын мәнінде, болашақ жастардың қолында. Қазіргі интенет, телефон сынды әртүрлі құрылғылар жан-жақты дамыған кезеңде балалардың тәрбиесіне баса назар аударған жөн. Интернеттен орысша бейнетаспалар көрген балалардың тілі орысша шығуы мүмкін. Бұл үшін де қазақша ертегілер, мультфилмдерді дамытқан абзал. Жас жемістің түбіне су құйғанда ғана өнімді жеміс беретіні ақиқат.
Тортай Бекет