№3 Наурыз, 2022
Иә. Осыдан бірер ай ғана бұрын қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының (1871-1948) туғанына 1ас көлемінде атап өту туралы да ұсыныстар бар.
Әлем чемпионы атағын тұңғыш рет қазаққа тарту еткен балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының есімі күллі қазаққа жақсы таныс. Жер бетіндегі 30-ға тарта мемлекетте білектілермен белдесіп, 50-ден астам медальді кеудесіне таққан балуанның қиын да қилы тағдыры,ы ар. Күш атасы Қажымұқан жалғыз қазаққа ғана белгілі десек, қателесеміз. Өз заманында Қажымұқанды Еуропа, Азия елдерінің күрес жанкүйерлері жақсы таныған. Қажымұқан атамыздың орасан зор күш иесі болғанын, әділдігін, мәрттігін, жомарттығын сүйсіне әңгімелеген өзге ұлт өкілдері аз болмаған.
Сондай бір дерекке назар салсақ, Ян Дымов «Воля батыра» кітабында кезінде Қажымұқан Иван Поддубный секілді алыптармен бірге күрескен киевтік Михаил Слуцкийдің естелігі берілген. Онда: «Мен Мұқан Мұңайтпасовты 1908 жылы Киевте түрік циркіндегі күрес чемпионатында көрдім. Оның жауырыны кең болатын. Бұл оның керемет табиғи күштің иесі екенін айғақтайтын. Бірақ ол ешқашан мақтанған емес. Мықты палуан Франц Бинкоклқтап кететін. Қабырғаға жабысып қалатынбыз. Ал Мұқан сабырлы, қарапайым, ақкөңіл, әдепті адам болатын. Бұл әдемі қазақ ешқашан қисық әрекетке бармайтын. Бұл оның туа біткен терең мәдениетінен», — деп тарихи тұлғаның кісілігі мен көркем мінезі жайында өзінің пікірін қалдырған. Мұнан соң ол «Бәсекені тағатсыздана күтопБұл жолы Муханура Циклоптың 50 келіге артық салмағын көтере алмайды деп топшылады. Бірақ ол төтеп берді. Өзіндік әдіс-тәсілдеріне салып, Биньковскийдің арқасынан итергені сонша ол жербауырлап жатып қалды. Белдесудің 11-минутында айқын жеңіс орын алды. Меніңше, бұл талантты қазақтың бойында таңғаларлық қасиет бар. Мұқанда Тәңір берген дарын болды. Табандылық та болды. Циклоп сынды алыпты жеңу тек батыл әрі төзімді адамға бұйырады. Мен мұндай артқа салып, жығу әдісін ешқашан көрген емеспін, оның қалай аталатынын да білмеймін» деп тағы да таңданысын жасыра алмаған. Слуцкий аузының суы құрып, таңданған тәсілі қазақтың жамбас әдісі екен.
Белдескеннің белін, тірескеннің тізесін бүктіретін балуан құжат бойынша 1871 жылы Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүние есігін ашқан. Десе де, балуанның туған жеріне қатысты ғалымдар арасында әрқилы дерек бар. Кейбір зерттеушілер біртуар тұлға Түркістан облысының Отырар ауданында 1883 жылы дүниеге келген деп топшылайды. Бала күнінде жоқшылық қысып, бақуатты адамдарға жалданып жұмыс істеген ол бірде байдың батпаққа батқан өгізін жалғыз өзі көтеріп шығарған деген естеліктер бар. Тағы бірде ол қожайынының қыстың күні «құрғақ шөп тауып кел» деген тапсырмасымен жолға шығып, күннің суығынан арбаны сүйреп келе жатқан жылқы әлсіреп құласа керек, сонда Қажымұқан оны арбаның үстіне жатқызып, екінші тұлпарды артына жегіп, арбаны өзі сүйреп әкелген-ді. Қара күштің иесі жайында осы сияқты адам айтса нанғысыз естеліктер көп. Балуанның өмірі оны циркке жұмысқа шақыртқаннан кейін күрт өзгеріп, жалданбалы қызметтен құтылады. Ол кезде Қажымұқан 18 жаста болса керек. Осы уақыттан бастап ол өзінің өнері мен бойындағы тылсым күш арқылы көрерменнің көзайымына айналып, таныла бастайды. Күрестің бірнеше түрін жетік меңгерген балуан алғаш рет 1905 жылы «Маньчжурия чемпионы» деген лақап атқа Харбинде ұйымдастырылған сайыста ие болып, «джиу-джитсудан» алтын медаль алады. Араға бір жыл салып Алманияда өткен әлемдік додада бас бәйгені қанжығасына байлайды. Швециядағы Гётеборг қаласында француз күресінен өткен дүнижүзілік чемпионатта мойнына алтыннан алқа тағынады. Осылайша ол отандық спорт тарихында күрестен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ атанады. 1910 жылы Америкаға Еуропа мен Ресейден шыққан балуандардың үлкен тобы ақа-Айрес қаласында ұйымдастырылған турнирде ерекше өнер көрсеткені халық жадынан өшпейді. Өйткені, ол осы аламанда оқ бойы оза шығып, алтын медальді еншіледі. Атынан ат үркитін балуанды бет қаратпай, боз кілемде жауырыны жерге бірде-бір рет тимейді. Мәселен, Троицкіде болған бәйгеде ол неміс балуаны Вестергард Шмидтті, француздық тон шыққан Петров сынды спорт саңлақтарына дес бермей, «аяқтарын аспаннан келтіреді».
Қажымұқан отарлық түскен қазақ жұртының рухын көтеріп, намысын жаныған, ұлтына тіреу, еліне жебеу болған біртуар тұлға. Саналы ғұмырында халықтың кеудесін бастырмай, рух беріп, келешектен үміт үзбеуге шақырған. Оның ел жадында берік сақталып, ұлттың жанына жақын, көңіліне ыстық болатыны – туған халқына деген махаббаты мен Отаны үшін алтын басын құрбан қылудан тартынбаған ақ адал жаратылысынан болса керек. Бір ғажабы, біздің ертедегі балуандардың қай-қайсысы болса да, кісілігі мол, еліне сыйлы, барға алмаған, жоққа саспаған, қанағаты мол, бауырластары үшін отқа да, суға да түсуден тайынбайтын ержүрек азамат болған көрінеді.
Ол өзінің цирктегі қойылымын 1940 жылы тоқтатады. Алайда соғыс өрті тұтанып, әртістердің барлығы тапқан табысын майданға жіберіп жатқан уақытта өзінің үлесін қосу үшін сахнаға қайта шығады. Бұл оның шау тартқан кезі болатын. Өзінің үлкен жасына қарамастан ол цирк-шапито өткізіп, түскен пайданы ұрыстағы жауынгерлерге жөнелтеді. Табыстың көп болуы үшін ауыр трюктар жасап, халықтың көптеп келуі үшін түрлі шоулар жасайды. Ол өзі жерге жатып, үстіне тақтайлар төсетіп, артынша сол тақтайлардың бетімен иін тірескен адамға толы жүк көлігі жүріп өтетін болған. Осындай қауіпті шоулары арқылы ол 100 мың рубль тауып, сол кездегі қорғаныс қорына аударған. Қомақты қаржыға соғыс мақсатындағы ұшақ жасатып, бір бұрышына Амангелді Имановтың есімін жаздырған. Отансүйгіш азамат оның қазақтан шыққан жас ұшқыш Қажытай Шалабаев деген азаматқа табыстайды. Жас жауынгер Прибалтика және Ленинград майдандарында осы ұшақпен жауға бірнеше мәрте тойтарыс берген. Міне, оның тек спортта ғана емес, адамдық, кісілік қайраткерлігі де көпшілікке үлгі. Байсалды мінезі, сымбатты болмысы, асқан жомарттығы оны өзгелерден ерекшелеп тұратын болған-ды.
2014 жылғы қабылдау актілерінде тіркелген Ұлттық музейге алынған жәдігерлер арасында Қажымұқан Мұңайтпасұлының заттарының қабылданғандарын көреміз. Шымкент қаласы облыстық спорт мектебі музейінен уақытша қорға 5 жәдігер (белдігі, медалі, төлқұжаты, жарнама қағазы, алғыс хаттың фотосуреті), Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығынан тұрақты қорға 13 жәдігер (фотосурет көшірмесі, жеделхат көшірмесі, анықтама, газет, газет қиындысы, құжат, орден кітапшасына арналған жол жүру билеті және дәрі салатын ыдысы) өткізілген. Бұл жәдігерлердің әрқайсының айтар тарихы бар. Күн өткен сайын батыр бабамыздан қалған әрбір заттың құндылығы арта түспесе кемімейтіні сөзсіз. Осы жәдігерлер ішінде көрермен назарын аударатын жәдігердің бірі ол емдік шөптер салуға арналған темір ыдыс. Ыдыстың пішіні цилиндр тәрізді жасалған жоғарғы бөлігінде жеке жабылатын қақпақшасы бар. Ыдыс темір металлдан құйылып жасалып сыртқы беті өсімдік тәрізді оюлармен өрнектелген. Өрнектердің кейбірі сары түспен боялған және сары түсті түзу жолақ сызықтары бар. Қақпағында да дәл сондай өрнектері бар. Ыдыстың екі жанындағы сыртқы бетінде араб графикасымен «Балишифа» ал екінші жағында «Алқақни» деп ойылып жазылған. «Балишифа» (шифа) сөзі – шипа ем, дәрумен деген мағынаны берсе, «алқақни» сөзі – ыдыс деген мағынаны білдіреді. Демек, бұл зат дәрі-дәрмек салуға арналған ыдыстың бір түрі болса керек. Ыдыстың қақпағы жеке құйылып жоғарғы басы күмбез (кубба) тәрізді болып келген. Бұл жәдігер Қажымұқан Мұңайтпасұлының жеке заты болғандықтан атақты спортшының яөзгерту мүмкін емес. Даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлына қатысты Ұлттық мұражай қорларында сақталған жәдігерлер де бізге іздестіру нәтижесінде жетті. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайының қорындағы бұл жәдігерлердің жинақталуы ұзақ үдерістерден өткен үлкен тарихы енді басталғанымен, олар әлі де зерттеу жұмыстарын қажет <
Хасенов Сырым Серікқазыұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайы, Қазақстан тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері
Нұр-Сұлтан қаласы