Балалардың тілге, әдебиетке, өнерге деген талпынысын арттыруда қашанда білім бұлағы кітаптың алар орны ерекше. Біздің кітапхана ұжымы осынау қастерлі ұстанымды қатаң сақтаумен келе жатқан десем қателесе қоймаспын деймін. Жақында яғни, 21 ақпан күні Ақтөбе қаласы Нұрпейіс Байғанин атындағы облыстық б5 рта мектепте халықаралық Ана тілі күніне арналған «Тарих- тамыр, тіл-тұғыр» атты дөңгелек үстел өткізді.
Заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов өскелең ұрпақ тілімізбен бірге өсіп – өнеді, тілімізбен бірге өркендейді деген. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі , өнуі, дүниеде өзіндік орын алуы оның ана тіліне тікелей әсер етеді.Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Тіл – таусылмайтын байлық.