№2 Ақпан 2022
Жақында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай музыкалық жас көрермен театрында драматург М.Омарованың «CHANEL №5» деректі драмасы қойылды. Бұл шығарма Қазақ елінің тарихында үлкен қасіреттің бірі -1937-1954 жылдардағы Сталиннің репрессиясының құрығына ілінген тұлғалардың қамауда отырған әйелдерінің өмірі туралы қойылған спектакль. Репрессияға жазықсыз түскен әдебиет, мәдениет, білім мен ғылымның дамуына белсене атсалысқан ұлтымыздың алаш азаматтары: Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, Т.Жүргенов, Ж.Досмұхамедұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Шанин т.б. сынды өткен ғасыр басында қалыптасқан қазақтың саяси элитасы жалған жаламен көрсетіліп, «халық жауы» деген жазықсыз қиянатпен қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасындҚазақ елінің дамып өркендеуіне, ұлттық идея үшін өз жандары құрбандыққа шалынса, олардың әйелдері, ұл-қыздары да жазықсыз жапа шегіп, озбыр қоғамның тәлкегіне түседі.
Иә. Кеңестік тоталитарлық жүйе «халық жауларының» қанын төгуді місе тұтпай, олардың аяулы жарларын да сатқын есебінде қамауға алу жөнінде бұйрық шығарды. Осы бұйрықпен жазықсыз 20 мыңнан астам әр өлкеден, әрбір жерден жиналған әйелдер темір торға қамалып, Қазақстан аумағындағы КарЛаг-тың филиалы саналатын, халық арасында «А.Л.Ж.И.Р. лагері» (Акмолинский лагерь жен изменников родины) сол кездегі Ақмола қаласының іргесіндегі 26-шы жұмысшы поселкесінің аумағындағы №26-шы нүктеде жазаларын өтеді. Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласының жанындағы ол ауылды мекенді «Ақмол» деп атайды. «А.Л.Ж.И.Р. лагері» құрбандарына арналған арнайы ашылған музей бар. (Музей сыртында тұтқындарды әкелген бір вагон тұр. Сол вагонның ішінде Ресей, Грузия, т.б елдерден әкеле жатқан әйелдердің шынайы жасалған маникені бар. Және де бір үй (барак) салынған, ол жерде де шаммен жұмыс істеп отырған маникеннен жасалған тұтқын әйелдердің өмірі көрсетілген. Сыртта қару ұстаған қарауылдардың мұнарасын көре аласыздар.)
Қазақ жерінде ең алғаш А.Л.Ж.И.Р. туралы спектакль Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы академиялық Қазақ драма театрында «Кебенек киген арулар» деген атпен қасіретнжин. Диалогтарын жазған- Қ.Ысқақ, хормейстер-Ш.Рахымжанова, биін қойған- С.Ақбарова, режиссердің көмекшісі- А.Мандетова. А.Л.Ж.И.Р-дің 1937- 1954 жылдардан кейін талай уақыттар өтеді. Тұтқын әйелдер қартайып әжелерге айналған кездерінде Ақмолада жиналып, басқосуларынан спектакль басталады, кездескендер сонау 1937- 1954 жылдардағы қамаудағы қиындықтарын айтып, әрбір кейіпкердің мінезін ашады. Режиссер алаш азаматтарының жұбайларының қамаудан кейінгі өмірлері туралы жеткізе айтып, әрбір тұлғаның өмірінің жан-дүниесінің жан-жақты ашылуына көп көңіл бөлген. 1937- 1954 жылдардағы қамаудағы қиындықтарын, қиын-қыстау кездерін терең спектакль деп ауыз толтырып айта аламыз.
Спектакльде Ғалима Смайылованы- Х.Елебекова, Әйішті- Т.Тасыбекова, Жамалды- Х.Бөкеева, Уәсиланы- З.Шәріпова, Күнжамалды- Б.Римова, Күлән Әріпованы- С.Қожақова, Бақыттың анасы- Ф.Шәріпова, Бақыттың әжесі- М.Абдуллина, Үрия- Ш.Меңдиярова, Ирма Брант- Б.Жанғалиева, студент- А.Кәкішева, Журавлевті- Б.Қаптағаев, тұтқындар: Б.Имашева, Ғ.Әбдінәбиева, Ж.Мейрамова, Р.Машурова, М.Өтекешева т.б мықты актрисалардың ансамбілінен құралған спектакль өте жоғары деңгейде сахналанып, талай уақыт театр сахнасында тұрақтаған болатын.
Нұр-Сұлтан қаласының музыкалық жас көрермен театрында драматург М.Омарованың «CHANEL №5» деректі драмасы сахналық нұсқасын жасаған және қоюшы –режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы А.Маемиров. А.Маемировтың Қазақ театрына қойып жүрген спектакльдері өте көп. Режиссердің ассистенттері- Е.Жаңатілек, О.Игілік. Қоюшы-хормейстер- мәдениет саласының үздігі Ғ.Берекешов, Қоюшы-балетрышісі- Г.Әбдісадық, Редакторлары- Е.Сапабеков, А.Махамбет. Режиссер АЛЖИР тарихын әбден зерттеп барып қойғаны бірден көрініп тұр. Театр фоесінде АЛЖИР тұтқындарының өмірі жазылған баннер түрінде орнатылған плакаттарқыөз алдымызға әкеледі, театр залындағы орындықтарда ұлы алаш азаматтарымыздың суреттері белгіленген құлпы тасқа ұқсас тақтайшалар да 1937 жылғы сұрапыл заманның атмосферасына енгізеді.
Спектакль басталғанда театрда жарық өшіп, шымылдық ашылып, сахна авансценасында түрған бір топ балалардың әке-шешесін сағынған монологынан басталады. Мұнда пионерлік қызыл галстуктарын таққан балалар арқылы да Кеңес үкіметі кезіндегі уақыттар өте оңды көрсетіледі, балалар жазған хаттарында өздерінің ата-анасыз қалай қиын өмір сүріп жатқандарын айтып, қолдарынан келетіндері тек көз-жастарын көл қылып жылау еді. Сахна мен авансценаны бөліп тұрған темір тордың бержағында балалар, аржағында жазықсыз жапа шегіп айдалып кеткен репрессия құрбандарын көреміз. Әкелерін ату жазасына, қалғандарын К.А.Р.Л.А.Г-қа қамаған. Ал олардың әйелдерін А.Л.Ж.И.Р. қапасында ұстаған. Өмірде ең қиыны сәбилердің бақытсыз балалық шағы, әке-шешесіз жетімдер үйінде өткізген өмірі. Бұл көріністер әрбір көрерменнің жүрегіне қанжардай болып қадалады. Өмірде ет бауырың балаң үшін бәріне дайын боласың. «Баламның табанына кірген тікен, менің маңдайыма кірсін» деп ата-аналардың жан жүрегі елжірейді. Бұндай тағдырды ешкімнің басына бермесін деп тілейміз.
Театр сахнасы толығымен игеріліп арьерсценаның жоғарғы жағында қаруланған күзетшілер тұр. Сақадай сай әскерилер әйелдер қашып кетпесін деп олардың әр басқан ізін кезекпен аңдып жүреді. Қоғалы қамыс жинап жүрген әйелдер әр елден, әр жерден келгентыекі метрдей биіктігімен ары-бері өтіп жүрген актерлерге қолайлы жағдай жасалған. Сол қамыстың өзі өмірдің небір тосын жағдаяттарын көз алдымызға әкеледі, әйелдерге қамыс шапқызып жұмыс жасатады, олардың жұмыс істеп жүріп ән айту арқылы да сол зарлы заманның атмосферасын көз алдымызға әкеледі. Далада қамыс жинап жүрген тұтқын әйелдерге ауылдың балалары келіп тас лақтырады, барлық әйелдер ашуланып, «енді балалардан қорлық көрдікқой» деп қайғырады. Артынан тастарды қолдарына алып, мұқият қарағанда «ақ құрт» екенін көріп қуаныштарында шек болмайды. Спектакльдегі бұл сахналар өте әсерлі шыққан, қазақ халқы қай заманда да өз еліне келген кез-келген ұлтқа құшақ жайып, ілтипат көрсетіп, жақсылық жасағанын осы қойылымнан көре алдық.
Сценография және киім суретшісі – Тамри Охикяни (Грузия) Халықаралық театр фестивальдерінің лауреаты. Сахнаның екі шетіндегі жылжымалы ширма тәрізді үш метрлік төртбұрыш (квадрат) құрылғының функциясы да шргенде тергеушінің кабинеті, енді бірде тұтқындардың жататын орнына айналады. Актерлердің костюмдері де сол замандарағы адамдардың келбетіне сай образын дәл көрсете алған.
Лагерьге жаңадан тұтқын әкелінеді, ол- жазушы Б.Майлиннің әйелі Гүлжамал Майлина – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямова. АЛЖИР-ге келгенде, «халық жауының әйелі» деп қамауда тергеуші оның кінәсі барын мойындатып алмақшы. Ол лагерьге келе салысымен бәрінің қамын ойлап, тұтқындағыларға араша түсіп жүреді, қамыс жинап, жұмыс істеп жатқан ашасымен АЛЖИР лагері бастығының орынбасары Юрий Усипенкоға қарсы шығады. Юрий Усипенко- актер Ерназар Жаңатілек ойынынан нағыз жауыз, әйелдерге зорлық-зомбылық, ойына келген нәрсені жасайтын, өзін ойлап қалған сужүрек адамды көрсете алды. Сол үшін ол Гүлжамалды тәртіптік изоляторға да қамайды. Соңына түсіп көзін жоятынын айтып, қара бұлт төндіреді.
Хамит Ақсуатов (тергеуші, әрі көшпелі сот төрағасы) — актер Оразалі Игілік. Ол Гүлжамалды тергеуін бастап, «халық жауының әйелі неге балаларыңды ойламайсың» деп қарсы шығады. Гүлжамал Майлина «айналайын мені қамауға ала беріңдер» деп ешнәрседен қорықпайтындығын көрсетеді. Осы сахналарда Самал Еслямова – спектакль барысында АЛЖИР тұтқыны емес сияқты, актриса Гүлжамалдың ішкі толқынысын, мінезін, адамдармен сөйлескендегі эмоциясын құбылтпайды. Келешекте осы қырларын ұштай түсуі ләзім.
Спектакльде сонымен бірге Хамит бейнесі жан-жақты ашылған, спектакль барысында оның ұскө шы жылдардағы аштық кезінде 15 жасар бала болған, әке-шешесі, ауылдастарының ішінде жалғыз өзі аман қалған. Оны Бейімбет пен Гүлжамал құтқарып қалған болатын. Хамитті құтқарып қалған сахнада 15 жасар Хамитті- Ж.Абдрахман ойыны шынайы шыққанын атап өтуге тұрарлық. Спектакль барысында ол бала да Гүлжамалды танып, неге ол өз балаларына бармайтынын сұрайды.
Тағы бір айта кетерлігі режиссер драматургпен шығарманың түпкі идеясын терең аша алған, бір-бірімен құрған тандемі «өте жоғары көркемдік тұрғыда ашылған» деген баға береміз. Тұтқындардың өзара ішінде басшылық жасап, екі топқа бөлініп жүретінін көрсеткен. Қамауда болғандықтан ондай жағдайлар бары түсінікті, режиссер мен драматург тұтқындар арасындағы қақтығыстар мен ішкі күйзелістерді жоғары драматизмде көрсете білген. Александра (революционер, коммунист, партия жұмысшысы, лагерьдің басшылығына жасырын жұмыс істейді)- актриса Дана Верещак, ол спектакльдің барлық сахналарында тұтқындарды басқарып, өз жағдайын жасап жүреді. Юрий Усипенкомен жасырын кездесіп, барақ ішінде болып жатқан оқиғаларды тасымалдап айтып жүретін адамды тура бедерлей білген. Көрермендерді де сендіре алды, түрі де өзге ұлт адамына тура келуімен де образы толыққанды ашылды. Оның жанында жүрген барып қайт, шауып қайттарының бірі, оң қолы Л.Бабицкая- А.Бағдат, ол да басқаларға зіл көрсетіп, өздерінің бедірейген бетпақ екендігін дөп көрсеткен. Спектакльдің коллизиялық ситуациясы осы кейіпкерлер арқылы тереңдей түскен.
Аталмыш топқа қарсы Кира Андронникашвилли (әйгілі грузин актрисасы, кеңестік жазушы Б.Пильняктың жары) – актриса Мақпал Дүйсен. Дәмеш Ермекова-Жүргенова (Халық комиссары, Мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің жары, бала дәрігері) – актриса Инабат Ризабекова. &nbsКережиссері, әлемдегі тұңғыш әйел опера режиссері, театр қайраткері, драматург, педагог)- актриса Гүлдана Әбдісадық,
Александра тобына қарсы шығып, оларды тәртіпке салып, орындарына қойып отырады.
АЛЖИР тұтқындарының қатарына жаңадан келіп қосылған Жюльет (Француз әйелі, актриса) – актриса Арелана Амангелдиева. Режиссер Асхат Маемиров Франциядан келген әйел, актриса- Жюльет бейнесін тура таңдап алған. Француз қыздарына ұқсайтын түр –әлпеті, талдырмаш арық сұңғақ бойы, француз тілінде еркін сөйлейтінін дәл бедерлей білген. Жюльеттің де өмірі оңай емес, Ресейге гастрольдік сапармен театрға келгенде «қастандық жасады» деп оны да қамауға алады, А.Л.Ж.И.Р.ге келгенде оны барлық әйелдер қоршап, жан-жақтан сұрақтың астына алады. Сол сәтте оның шарфын ұстап иіскеген бір тұтқын CHANEL №5. Одеколонының сіңіп қалған иісін иіскеп, бостандықта жүрген кездерін аңсап, шыр айналып билей жөнеледі. Бұл қапастан бір мезгіл бостандықтың «жұпар иісін» сездіргендей қамаудағылардың әрбірі өздерінің бұл одеколонды қолданған сәттерін еске алып, әркім өз тарихын айта жөнеледі. Біреуіне күйеуі, екіншісіне ағасы, үшіншісіне анасы сыйға тартқанын айтып бір марқайып қалады.
Сахнада Жанбике Шанина (қазақтың тұңғыш кәсіби театр режиссері Ж.Шаниннің жары, театр актрисасы) –актриса Замира Сапар. Жұмат пен Жанбике Шаниннің жаңатуған сәбилерімен Мәскеуге бара жатқанда жолда Аянның ауырып, қайтыс болған сахналарды жақсы көрсете білген. Бұл сахналар әсерлі шыққан, қайтыс болған баласын жерлейміз деп елге қайтып кетпей Мәскеудің мұсылмандар зиратына жерлейді, өздерінің қайғысын өнер үшін сырып қояды. Ж.Шанин бейнесін сомдаған –Расул Усманов. Аппақ костюм –шалбар киген, жүріс-тұрысы ширақ, нағыз интеллигентті көрсете білді, Расул сахнаға шығысымен бірден көзге түседі. Баласының қайтыс болған денесін қолына ұстап, тізерлеп отырып солқылдапкөна ерік береді. Өмірдегі ең қиын нәрсе- сәбидің өліміғой. Сөйтіп әке шешесі Аянды құрбандыққа шалады.
Мәскеу сахнасында Қамқаның зарын Жанбике мәнерлеп тұрып ойнап шығады. Бүкіл көрермендер орындарынан атып тұрып қол шапалақтайды, бірақ бұл зар таңертеңгісін ғана баласын жерлеген байғұс шешенің қанды зары екенін сол жердегі бірге барған әріптестері ғана білетін. Мәскеудегі онкүндікті ойдағыдай өткізіп, елге абыроймен қайтады. Бірақ Жұматты 1937 жылы халық жауы деп ату жазасына кесіліп, ал Жанбике А.Л.Ж.И.Р-ге айдалады. Бүгінгі күні Жұмат пен Жанбике туралы бұл оқиғаны ортамызда жүрген өнер адамдарының өздері де біле бермейді. Себебі көптеген шындықты Кеңес үкіметі жасырып келген болатын.
Спектакль соңында тергеуші Хамит өзіне істеген сол жақсылығы үшін Гүлжамалд қағайындайды. Сөйтіп «жақсылық жасасаң –өзіңе, жамандық жасасаң -өзіңе» деген қанатты қағиданы ұстанған Хамит нағыз еркекке тән әрекет жасайды. Бұл сахналар спектакльдің көркемдік деңгейін жоғары көтеріп тұр. Юрий Усипенко Гүлжамалдың ату жазасына кесілгенін күтіп жүреді, бірақ соңында Хамит оны ақтап алғаннан кейін Усипенко ашуланып төбелес шығарады. Комиссия шешімімен оны басқа мекемеге ауыстырады. Сөйтіп, соңында адамдық, адалдық, шындық бәрін жеңеді.
Спектакльде көпшілік сахналарда басқа да тұтқын әйелдер өз ойындарымен өнер көрсетті. Атап айтқанда: Софья Колчак (ақ гвардия қолбасшысы, адмирал А.В.Колчактың әйелі) актриса А.Хайзуллиева, Рахиль Мессерер-Плисецкая (Кеңес үкіметінің атақты кино актрисасы, балерина М.Плисецскийдің анасы)- актриса С. Сугурова, Гертруда Платайс (Германияда туып өскен неміс әйелі)- актриса Жансая Өмірбекова, Г.Сейфуллина- Н.Рысбекова, А.Құлымбетова- Д.Тұржанова, К.Қожанова- Ш.Қалдыбай, Ш.Аймағанбетова- Д.Қабылова, М.Усманова- А.Хамидуллина, Е.Шевчук, И.Бабченко-Л.Аязбаева т.б. өмірлерін көркем тұрғыда суреттелген. Жасампаздықты ту еткен әйелдер- көрермендерді рухани құндылықтардың, еркіндік пен азаттық секілді киелі ұғымдардың тереңіне бойлатады. Олардың қилы тағдырлары, ұлт болашағына деген асқақ сенімдері халқымыздың тарихына мәңгі жазылып қалған қастерлі аманат. Айтатын пәлсапалық ойы тереңде жатқан спектакл -->
А.Л.Ж.И.Р. арулары өздерінің шынайы естеліктерімен, өмірлеріндегі сәулелі сәттерімен, шұғылалы шақтарымен бөліседі. Олар небір аласапыран шақтарда да өз бойларынан адалдық пен тазалықты, мейірім мен махаббатты, өмірге деген іңкәрлік пен құштарлықты жоғалтпайды. М.Омарованың «CHANEL №5» саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухтарына арналған спектакльдік қойылымында халқымыздың біртуар тұлғаларының бейнелерін сомдау арқылы ұлттық рухымызды асқақтататын театр ұжымының толағай еңбегі ауыз толтырып мақтанышпен айтатындай жұмыс деп бағалаймыз.