№2 Ақпан 2022
Кешегісіз бүгін жоқ дейді халқымыз. Қазіргі тәуелсіз еліміздің бүгінін, ұмыт болған немесе ұмытыла бастаған тарихпен таныстыру. Тәуелсіз мемлекет болғанымызға 30 жыл толды. Бүгінгі ұрпақ қазақ халқының алғашқы мемлекеттігі қай кезде, қай жылдары өмір сүрді дегенге бәрі бірдей жауап бере алмайды. Осы орайда осынау мерейлі 30 жққулы кезеңі туралы қысқаша мағлұматты ұсыну да артық болмас деп білеміз.
Қазақ хандығы алғаш достық қарым-қатынас орнатқан мемлекет Моғолстан болатын. Мұхаммед Хайдар Дулати қазақтар мен моғолдар арасындағы «достық және бейбіт қатынастар» Есен-Бұға ханның кезінен басталып, Абд ар-Рашид хан билік ете бастаған уақытқа дейін жасалынды (XV ғасырдың ортасынан XVI ғасырдың 30-жылдарына дейін) дейді. XVI ғасырдың басында Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыстар жасаған Ұлы князь III Василий (1505-1533) басқарған Мәскеу мемлекеті болды. Осы кезде Қазақ хандығы Мәскеуге келген австриялық дипломат Сигизмунд Герберштейннің жазбалары арқылы Батыс Еуропаға таныла бастады. 1594 жылы Тәуекел хан Мәскеу патшасына Құл-Мұхаммед бастаған елшілік жібереді. Елшіліктің мақсатыі ннан босату және шайбанилік Абдаллахқа қарсы күресте Мәскеудің көмегін алу еді. 1595 жылы елшіге патшаның жауап грамотасы тапсырылды. Шын мәнінде, Мәскеу қазақтарға ешқандай көмек көрсеткен жоқ.
Ал Қазақ хандығы тарихындағы жетекші тұлғаларға келсек, Керей мен Жәнібек хандар – Қазақ хандығының негізін қалаушылар. Бұрындық ханның кезінде Қазақ хандығы нығайып, Сыр өңірі үшін күрес жүргізеді. Бұл кезеңде қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасады. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы күшейіп, мемлекеттің территориясы кеңейеді, халқы көбейіп, хандықты көрші мемлекеттер мен Батыс Еуропа таныған. Жалпы, Қазақ хандығы ХVІ ғасырдың бірінші ширегінде Орта Азиядағы шайбанилер әулетімен саяси қарым-қатынастарының барысында Сыр бойындағы саяси-экономикалық, стратегиялық маңызы зор қалаларды Қазақ хандығына қосады. Бұл жағдай хандықтың күшеюі мен нығаюына тікелей әсер етеді. ХVІ ғасырдың 20-жылдарына таман Қазақ хандығы батыста да нәтижелі сыртқы саясат жүргізеді. Орыс деректерінде және қазақтың тарихи жырларында 1519 жылы Қазақ хандығы Еділдің сол жағалауындағы өңірлерге де билік жүргізгендігі, Еділ-Жайық аралығы қазақ тайпаларының көшіп-қонатын жеріне айналғандығы айтылады. Осы кездерде Қырым, Астрахан хандықтарымен қарым-қатынастар орнаған. Осылайша, Қазақ хандығы ХVІ ғасырдың бірінші ширегінде Қасым ханның билігі тұсында бұрынғы Жошы және Шағатай ұлыстары территориясындағы ең күшті мемлекетке айналды. --ихында атақты Қасым ханның жолын қуған ұлы – Хақназар ханның алар орны ерекше. Зерттеушілердің барлығы дерлік Хақназардың жоғарғы билікке келуімен мемлекеттің саяси және экныгендігін айтады. М.Ж.Көпейұлы Хақназарды Қасымнан соң бытыраған елдің басын қосқан «даңқты хан» деп бағалайды: «Қасым хан өлген соң, балалары баққа, таққа таласып, ноғай, өзбек, қалмақ үшеуі үш жақтан жау болып, быт-шыт болып, Қасым ханның бел баласы Ақназарды хан көтеріп, бұл Ақназар қайратты кісі болып, «батыр хан» атанып, өзбек ханы Шайбаниларды жеңіп, Көшім ханды қорғалатып, орысқа тығылдырып, орыстың сол уақыттағы патшасы Қорқынышты Иван (Иван Грозный) Ақназарға елші салып, сауда араластыру, керуен жүргізу үшін елдесіп, Ақназар қазақты Қасым хан уақытындағы қалпына бір түсірген», – деген. XVІ ғасырдың 50-жылдарының соңынан бастап Қазақ хандығы ноғайларға, Көшімнің Сібір хандығына, Орта Азия хандықтарына айтарлықтай қауіп төндірді. Мәселен, 1558-1559 жылдары Орта Азияда болған ағылшын көпесі А.Дженкинсон «мұсылман дініндегі қассақтар» туралы өте күшті және саны көп халық деген пікір айтқан. Ол өзі келерден бұрын қазақтар Ташкентті үш жылдан бері тықсырып келгенін және дүркін-дүркін шабуыл жасау арқылы керуендердің еркін жүріп өтуіне кедергі жасап отырғанын хабарлаған. Бұл Ташкентке үнемі қатер төндіріп отырған әйгілі Хақназар ханның қосындары болатын. XVІ ғасырдың екінші жартысында Қазан (1552 ж.)және Астраханды (Хажы-Тархан) (1556 ж.) өзіне бағындырған Ресей енді Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынастарды жолға қою үшін Сібір арқылы қазақтармен де байланыс жасауға талпыныс білдірді. Сондықтан да орыс елі көршілері туралы мәліметтерді елшілері, шетелдіктер, саудагерлері арқылы жинастырды. Хақназар ханның тұсында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы жақсарып, көрші жатқан орыс, өзбек т.б. елдер онымен байланыс жасауға, достық одақта болуға ұмтылды. Ал Тәуекел хандық билікке өте қиын кезеңде келгенімен, өзін соғыс ісінің білгірі, епті саясаткер ретінде көрсете алды. Хафиз Таныш Тәуекел хан жайлы: «Батырлығы, ерлігі мен күштілігінен ол әлемде жалғыз еді және Дешті Қыпшақта атағы аспандап тұрды. Оның сырт келбеті де сұлу, ақындық таланты да бар», – дейді. Тәуекел хан тұсында ресми түрде Қазақ хандығы орыс мемлекетімен елші алмастырып, дипломатиялық қарым-қатынас жасады. Сонымен қатар, Тәуекел ханның шебер дипломат, көреген саясаткер, батыл қолбасшы болғандығының арқасында Мауреннахр мемлекетіндегі Шайбани әулеті толығымен күйреп, рғір кезеңдерге дейін қазақ территориясының құрамына енді. Есім, Жәңгір хандардың да Қазақ хандығын күшейтуде, көрші елдермен дипломатиялық қатынастар орнатуда өзіндік үлестері зор болды.
Тәуке хан ақылды дипломат, көреген саясаткер, құдіретті хан болған. Ол дала ақсүйектері – билердің көмегімен өзінің саяси үстемдігін нығайта білді. Тәуке ханның кезінде құрылған билер кеңесі хандықтың ішкі және сыртқы саясатындағы маңызды мәселелерді шешетін басты жүйеге айналды.