№8 Тамыз

Бүгінгі таңда діни экстремизм жəне оның кез келген нысанымен күрес жаһандық халықаралық міндет болып отырғаны мәлім.Оған біздің тәуелсіз де бейбіт еліміз Қазақстан Республикасы да зор үлес қосуда.Елімізде сонау бір жылдары шет жақтардан келіп бой көрсете бастаған бірлі-жарым ,мысалы Хизбут Тахрир сияқты діни секталар зиянды екені анықталып,оларға тыйым салынды.Қазір әлемдік маңызы зор бұл шаралардың, яғни, діни экстремизм мен терроризм сияқты қатерлі құбылыстармен күрестің әлемдік мол тәжірибесі қалыптасқан.Бүгінде экстремизмнің қай түріне де қарсы күрес жүргізу бойынша халықаралық құқықтық актілер мен шет мемлекеттердің заңнамалық базасы үлкен қызығушылық тудыруда.Бүгін соның бірнеше елдердегі көпшілік көз тігіп отырған тәжірибелерін жұртшылық назарына ұсынып отырмыз.Мысалы, кейбір шет мемлекеттерде нəсілдік сөздер сөйлеуге, нəсілдік насихат пен аімөрушілік немесе менсінбеушілік білдіретін алауыздық немесе арандатушылық туғызатын сөздер сөйлеп, өтініштер жасауға тыйым салатын заңдар бар.

Еліміздің белгілі-белгілі зерттеушілерінің пікірлері бойынша, Канада, Дания, Франция, Германия мен Нидерландыдағы діни алауыздық пен дінге сенушілердің діни сезімдерін кемсітуді қоздыруға (бірқатар елдерде бұл əрекеттер — hate speeh — «жауыздық сөзі» деп аталады) тыйым салатын заңдарды қолдану тəжірибесі ұқсас — барлық жерде бұл заңнамалар қылмыстықпен қатар, азаматтық жауапкершілікті де қарастырып, жеке тұлғалардың ар-ұятын қорғауға бағытталып, белсенді қолданылады.

Біз елімізде діни экстремизмге жол бермеу шараларын жүргізу барысында қай елдің де үлгілі тәжірибелерінен үйренуіміз керек. Мысалы, Канада, Дания, Франция мен Нидерландыда қабылданған заңдар діни топтармен қатар нəсілі, ұлттық жəне этникалық шығу тегі бірдей топ мүшелерін қорғауды да қамтамасыз етеді. Адамның діни сезімдеріне кемсіту жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң Нидерлан жəне Канада мемлекеттерінде қабылданған.
Бүгінде діни экстремизмге және терроризмге қарсы күрес жүргізуші ұйымдарға Орталық жəне Шығыс Еуропа, Батыс Еуропа мен Солтүстік Американың 60 үкіметтік емес ұйымдары жатады. Олардың ең ірісі Еуропа кеңесінің нəсілшілдікке қарсы комитеті болып табылады.

Мысалы,Канадада бұл құқық бұзушылық жалпы құқықта қарастырылғандықтан, жеке тұлғаның діни сезімін кемсітуге байланысты жауапқа тарту үшін, ол қоғамдық тыныштыққа қауіп төнгендігі туралы дəлелдеме беруі керек.Еуропаның бірнеше мемлекетінде діни экстремизммен және нəсілшілдікпен күрес жүргізуші үкіметтік емес ұйымдардың ондай əрекеттері үшін адамдарды азаматтық-құқықтық жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапқа тартып, іс қозғау құқықтары бар Ал Германия, Нидерланды жəне Канада сияқам мұндай кең мүмкіндіктер беру қарастырылмаған.
Діни экстремизммен күрес қатаң жолға қойылмаған елдерде экстремистік ұйымдар өз белсенділіктерін арттырып, лаңкестілік актілер саны да өсе түсетінін тәжірибе көрсетіп отыр.Олардың Қылмыстық кодексінде алдын алу əдістері қолданылатын тұлғалар саны айтарлықтай кеңейтілген. Қылмыстық жауапкершілік субъектілеріне жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да жатады.

Қазір Францияның «Тұлғаларды тексеру туралы» Заңына өзгерістер енгізіліп, онда Франция еліне келген, қоғамдық тəртіпке немесе елдің қоғамдық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін діни тұлғаларды, сонымен қатар француз билігіне күмəн туғызған тұлғаларды арнайы тексеруден өткізу тəртібі қарастырылған. Заңда артық формалдылық алынып тасталып, тексеру процедуралары жеңілдетілген, саусақ іздерін фотосуретке түсіругебедырғыш немесе басқа да адам өміріне тікелей қауіп туғызушы заттары бар деп болжамдалған тұлғаларды ұстау шаралары белгіленген.

Ал діни экстремизге қатысы бар террористік актілерді көп жағдайда шетелдерден келгендер жасайтын болғандықтан, адамдар арасында қобалжу тудырушы тұлғалар, егер де билік олардың мемлекетте болуы ел азаматтары үшін қауіпсіз емес деп санаған жағдайда шет ел азаматтарын елден шығару қылмыстылықтың алдын алу шарасы ретінде мойындалады. Мемлекет үшін тиімді емес деген шетел азаматтарын Франция аумағынан қудалау Францияның «Шетелдіктердің Францияға кіру жəне болу шарттары туралы» Заңына сəйкес жүзеге асырылады.

Франция заңнамасында құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықта жұмыс істеуге тарту шаралары да бекітілген. 1986 жылғы 2 қазанда қабылданған №86-1019 «Қылмыстық əрекеттермен күрес туралы» Заңға сəйкес қылмыстық топты əшкерелеуге немесе сыбайластарын ұстап беруге көмектескен тұлға жауапкершіліктен босатылады.

Францияның № 86–1026 «Терроризммен жəне мемлекеттік қауіпсіздікке қол сұғушылықпен күрес туралы» Заңында діни экстремистік және террористік қылмыс жасағаны үшін толыжалары қарастырылған. Мысалы, егер жазаланушы тұлға (егер оның əрекет құрамында басқа қылмыс болмаған жағдайда) құқық қорғау органдарына дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарлап, террористік актіні болдырмау үшін барлық күшін салса жəне қажет болған жағдайда террористік актіге қатысушыларды анықтауға көмектессе, ол жазадан толығымен құтылады.Еуропаның кейбір елдерінде террористік қылмыстар жасағаны үшін өмір бойы абақтыға жабу жазасы қолданылады, бірақ құқық қорғау органдарының жұмысына көмектескен тұлғаларға қатысты 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатын ерекше ереже қолданылады.

Тəжірибе бұл ережелер қылмыс жасауға дайындалған тұлғаларға, əсіресе террористер арасына кездейсоқ еніп кеткен жағдайда (мысалы, жағымсыз жағдайлар себебінен, аяқ асты болған жағдай) жағымды əсер ете алмайтынын көрсетті.
Ал Германия Конституциясына 80-ші жылдардың ортасынан бастап экстремистік ұйымдардың кез келген əрекеттеріне тыйым салушы арнайы түзетулер енгізілген. Германия Федеративті Республикасының Негізгі Заңында: діни наным-сенімі немесе саяси көзқарастарына байланысты ешкімге қиянат жасауға немесе басымдылық танытуға болмайды; адамдардың діни наным-сеніміне, ар-намыс бостандығы мен дүниетанымдарына қол сұғуға тыйым салынады; мемлекет діни дəстүрлердің кедергісіз қолданылуына кепілдік береді; мақсаты мен əрекеттері қылмыстық заңдарға қарсы келетін немесе конституциялық құрылымына немесе халықтар арасындағы өзара түсіністік идеясына қарсы бағыттағы бірлестіктер қызметіне тыйым салынады; мемлекеттік қызмет атқару жəне мемлекеттік қызмет ету барысында берілген құқықтар, азаматтық жəне саяси құқықтарды пайдалану діни наным-сеніміне байланысты тəуелді емес деп көрсетілген.

АҚШ мемлекеті президентінің 1998 жылғы қазан айында конгреске ұсынған «Келесі жүзжылдықтағы ұлттық қауіпсіздік стратегиясы» деп аталатын баяндамасында халықаралық терроризм қаупі өз масштабы бойынша жаһандық қауіпке жататындығы туралы айтылған болатын. Халықаралық терроризмге қатысты АҚШ төмендегідей қағидаларды ұстанады: террористермен келісімге келмеу; терроризмге қолдау-жықаралық террористерді жазалау үшін заңды механизмдерді толығымен қолдану; осы мақсатта өзге мемлекеттерге көмектесу.

Қазіргі таңда діни экстремизм және терроризммен күреске үлкен мəн беретін АҚШ осы мақсатта өз заңнамаларын қаталдандыруда: 1958 ж. мен 1999 жылдар аралығында діни экстремизм мен терроризмге қандай да бір қатысы бар 40 құқықтық актілер қабылданса, оның ең маңыздысы 1995 жылғы маусым айында қабылданған президенттің № 39 Құпия атқару директивасы, 1996 жылғы сəуір айында қабылданған елдегі бұл күрестерді күшейту туралы заңы жəне 1998 жылғы мамыр айында қабылданған № 62 Атқару директивасы.

Терроризмге қарсы қызметке АҚШ қарулы күштері тартылып, ол үшін сəйкесінше құқықтық жəне ұйымдастырушылық-қызметтік негіздер əзірленген. Терроризмге қарсы қарулы күштер қызметіне қатысты негізгі құқықтық ережелерге американдық мамандар төмендегі!-

террористік актілер жасалған жағдайда əскери құрылымдардың қатысуымен антитеррористік операциялар өткізу жағдайларын нақты белгілеу;
əскери органдардың, құрылымдар мен лауазымды тұлғалардың əрекеттерін Тергеу федералды бюросымен (ТФБ) міндетті түрде үйлестіру;
барлық дəрежедегі командирлер АҚШ-ның континенталды бөлігінде жəне басқа жерлерде орналасқан əскери бөлім немесе əскери объектілерде заңдылық пен тəртіптің сақталуына жауапты. Сондықтан олардың кез келген террористік актілерге жауап ретінде барлық шараларды қолдану құқықтары бар. Шет мемлекетте шоғырланған əскери объектіге қарсы террористік актілеранғанға ұқсас құқықтары бар, дегенмен, ол өз əрекеттерін сол мемлекет өкілімен жəне АҚШ мемлекеттік департаментімен келісуі қажет;
өздері орналасқан аумақтан тыс жерлерде экстремизм және терроризммен күресу шараларына қарулы күштерді пайдалану президенттің директивті нұсқауы бойынша ғана жүзеге асырылады.
АҚШ Қарулы күштерінің экстремизм мен терроризмге қарсы қызметінің осы құқықтық негіздері əскери құрылымдарды ұйымдастыру мен олардың қызметтерінің базасы болып табылады. Олардың мақсаты — терроризмге қарсы шараларды уақытылы жəне мұқият жоспарлау, даярлану жəне жүзеге асыру. АҚШ құрылықтағы əскерінің əскери полиция мектебінде мұндай əрекеттерді жоспарлау моделі төмендегі кезеңдер бойынша жүзеге асырылады:

барлау жұмыстарын жүргізу;
ықтимал қауіпті талдау жəне бағалау;
қорғаныс министрлігінің əскери жəне азаматтық қызметкерлерінің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық-техникалық құралдарды, қару-жарақ пен əскери техниканы жəне əскери объектінің өзін қорғау;
органдар мен лауазымды тұлғалар арасында заңды жауапкершілікті бөлу;
дағдарыс жағдайындағы, яғни, террористік акт жасалған соңғы немесе жасалуы мүмкін болған жағдайдағы əрекеттер т.б.
Қазіргі таңда АҚШ жасаған терроризмге қарсы күрес жүргізу жүйесі қалаулы нəтижелерге қол жеткізіп келеді десе болады.

1988 жылы Италияда жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексі шығып, онда соттың конституциялық қағидаларын сақтау ар аталды. Италияның жаңа ҚІЖК- де ұлттық жəне діни алауыздықты, кемсітушілік идеяларын дəріптейтін ұйымдар құруға жəне олардың əрекет етуіне тыйым салынған, оларды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды жəне оларға ықпал етуші тұлғаларды жазалау шаралары, сондай-ақ тыйым салынған эмблемалар мен символдарды қоғамдық орындар мен ереуілдерде көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілік бар.Бүгінде осы мәселелерді шешу жж мақсатында итальяндық заңнама реттелген қылмыстық-іс жүргізушілік жəне əкімшілік құқықтар қарастыратын ерекше тергеу тəсілдерін қолданады.

Үндістанда 1998 жылы Қылмыстық кодекс 153 А-бабымен толықтырылып, онда «үнді азаматтарының əр түрлі таптары» арасында алауыздық немесе жеккөрушілікті тұтатқаны үшін жауапкершілік бекітілген.

Жапония Конституциясының 14,19 жəне 20-баптарында барлық адамдар заң алдында тең құқылы жəне саяси, экономикалық жəне əлеуметтік жағынан нəсілі, діні, жынысы, əлеуметтік жағдайы мен шыққан тегіне қатысты кемсітуге тыйым салынады; ой мен ар-намыс бостандығы бұзылмауы тиіс жəне ол үшін кепілдік беріледі; бірде-бір діни ұйым мемлекет тарапынан ешқандай басымдылық алмауы жəне ешқандай саяси билікті пайдаланбаулары тиіс; кез келген діни актілер мен мейрамдарға, жора-жолғылар мен əдет-ғұрыптарға қатысуға ешкімді мəжбүрлеуге болмайды; мемлекет пен оның органдары діни оқулар мен қандай да болмасын діни əрекеттер жасаудан аулақ болуға тиіс, — деп көрсетілген.

Жапонияның мемлекеттік полицейлер басқармасының экстремизм мен терроризмді ескерту мен оның алдын алуға байланысты тəжірибесі де мақұлдарлықтай деп есептейміз. Онда офицерлерді белсенді халықаралық террористік топтар туралы ақпараттар жинақтау мақсатында: болашақта террористік əдістерге жүгінуі мүмкін топтарды анықтап, нақты жəне толық ақпараттар алып, тəжірибе алмасу үшін шет елдерге жібереді. Террористік актілердің алдын алу мақсатында қажетті жағдайларда өзге мемлекрмістерін зерттеу, кепілге адамдар алған тұлғалармен сөйлесу жəне террористік актілердің алдын алуға бағытталған басқа да əрекеттерді жүзеге асыру мақсатында сарапшылардан тұратын командалар жіберіледі.

                                                           М.Сахиұлы