Маусым, №6 (178)
-Бүгін, Қаллеки театрында «Күн сәло барамыз ба?
-Басты кейіпкерлерді кімдер сомдайды?
-Ақыш Омар, Майраен Омар, Нүркен Өтеуілов, Сырым Қашқабаев
-О, жұлдызды құрам ғой, тарттық онда театрға!
Міне, Елордалық театр сүйер көрермендердің арасындағы диал кмандары Ранейрамов, Жұмагүл Мейрамова, Жанат Чайкина, Түймехан Атымтаева, Айман Аймағамбет, Зибагүл КаңеНөгербек, Нүркен Өтеуілов, Айнұр Бермұхамеддова ойындарына көрермен қауым үнемі асығады.Осылардың арасында әр кейіпкері ізденіс пен күш-қуатқа толы Сырым Қашқабаевта бар.
Сырым Қашқабаевтың әкесі Әбдіқадыр Қашқабаев М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында 25 жылдай актер болып еңбек етіп, бүгінде Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде болашақ актерлерағң қанымен бойға дарыған өнер Сырым Қашқабаевті айналып өтпеді. Әрине, бала кезінен әкесі қызмет ететін М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында өскен Сырымның өнерге қадам баспауы мүмкін емес еді. Осындай игі арманмен 1995 жылы мектепті үздік аяқтаған бозбала Сырым Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының есігің айқара ашты. Ол кезде қазақ театрының корифей актрисасы Фарида Шәріпова апнер» деп соққан Сырымды көріп, өзінің сыныбына оқуға қабылдайтынын айтады. Бірақ, Сырым Фарида апайыңа емес, Рахиля Машурованың шеберханасына қабылданады. Ж.Төленбаев, А.Қапаев, А.Керімбекова, А.Салаева, Е.Емелханов, С.Қашқабаевтар Р.Машуровадан білім алып, төрт жыл студенттік шақтың қызықты кезеңдерін бірге өткізген еді. Үшінші курста білім алып жүрген Сырым мен Асылбекті Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Ж.Хадижиев өзі сахналайтын Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» трагедиясына Бекежан мен Төлеген рөліне бекіткен еді. Бірақ, оқуды аяқтаған соң, толық штатқа театр әкімшілігі қабылдай алмайтының айтады. Төртінші курсты аяқтайтын сәт те, жақын келеді. Үлкен өмірге қадам басуға аз қалған жас өрендердің толқыныстары ерекше еді. Әзірбайжан Мәмбетов Сырым Қашқабаевты өзі көркемдік жетекші болып тағайындалған Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрына шақырады. Бірақ, аяулы Алматысын қимаған Сырым Қашқабаев бұл ұсынысты қабылдағысы келмеді. Алайда, әкесі Әбдіқадыр аға Елордаға баруын құп көріп, қолыңа билет алуға ақша ұстатады. Ол ақшаға дастархан жайып жұмсап қойған соң, әкесіне билет алмағаның айтады. Таңертен ұйқыдан оянғанда дәлізде екі чемодан тұрғаның көріп, өзінің Астанаға (Нұр-сұлтан) жол тартатының түсінеді.
1999 жылдың 8 қазан күні театрға қабылдау туралы бұйрық шығады. Ә.Мәмбетов Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек» трагедиясын сахналап, С.Қашқабаевты Бекежан рөліне бекітеді. Репетитцияда Әз аға: «Нет, идиот, идиот, не так! Конференьсе, твою мать!»-деп кіжінеді. Ашуға булыққан Сырым сахналық киімін тастай сала, сахна сыртына кетіп қалады. Сол кезде ҚР еңбек сіңірген артисі Асылболат Смағұлов Сырымды сабырға шақырып, сахнаға шығартып жібереді. Әзірбайжан Мәмбетов Сырымға қарап ақырын ғана жымиып, дайындықты жалғастырады. Сырым Қашқабаевқа мэтр режиссердің спектакльдерінің басты кейіпкерлерін ойнау бақыты бұйырды. Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-Қозы, М.Әуезов «Қарагөз»-Сырым, Қ.Байсейтов, Қ.Шаңғытбаев «Беу, қыздар-ай» — Серке, У.Гаджибеков «Аршын мал алан» — Сүлеймен сынды қаһармандар тізбегін сахна алаңында тудырады.
Сырым Қашқабаев театр сахнасында: Ж.Мольер «Скапеннің айласы» — Карл, Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» — мәңгүрт, С.Тұрғынбеков «Мұқағали»- жазушылар одағының хатшысы, Ж.Әлмәшұлы «Бәйтерек басындағы кездесу»- Абылайхан, У.Шекспир «Ромео мен Джульетта»-Ромео, «Гамлет» — Гамлет, Сайд Ахмад «Келіндер көтерілісі» — Нүктебек, Т.Ахтанов «Күшік күйеу» — Кубик, Э.Хушвақтов «Қызыл алма» — Аббас, Дж. Патрик «Қымбатты Памелла» – Брэд, М.Фриш «Дон жуанның думаны» — Дон Жуан, Д.Рамазан «Кенесары — Күнімжан» — Кенесары, Қ.Жүнісов «Сәкен сұңқар» Сәкен сынды кейіпкерлер кескіндемесін жасайды.
Сырым Қашқабаев-ізденімпаз актер. Сахнада қай кейіпкерді болмасын актерлік техника мен ішкі психологиялық толғаныс арқылы алып шығады. Аталған сөзімізге С.Қашқабаев кейіптейтін А.Вальехо «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драмасында Висенте кейіпкері сөзімізге дәйек бола алады. Висенте-каптитализм дап, заман көшінен қалмауды мақсат еткен кейіпкер. Актер ойынындағы Висентені С.Беккеттің «абсурд театрына» ұқсатамыз. Яғни, сахнадағы жаңа құбылыс деп баға береміз. 2016 жылы Сергей ПотаповА.омедиясын сахналайды. Сырым Қашқабаев бұл қойылымда Ескенді (Епиходов) кейіптейді. Бұл спектакльдің ерекшелігі режиссер сахнадағы әрбір актерге кейіпкерлерінің «көкейкесті мақсатын» дұрыс қоя білген. Туындыдағы әрбір кейіпкер комедия жанрында көрінгенімен әрқайсының ішкі жан-дүниесінде бір-бір трагедия жатқанын ұғынамыз.
Сыр мен сымбатқа толы Сырым Қашқабаев өнері қазіргі таңда талай көрермендерді сүйсінтіп жүргені хақ. Өнерге келгеніне ширек ғасырдай уақыт өтсе де, өзінің актерлік ерекшеліктерімен көзге түстетін актердің өнерін көруге сүйікті көрермендері Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театрына асықты…
Бақтияр Тұрсын