Маусым, №6 (178)
Әлі есімданті 2016 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1117 Қаулысымен бұрынғы республикалық кітап мұражайының негізінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігінің «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік мұражайы құрылды. 2016 жылдың мамыр айында кітап мұражайы өзінің ауқымды кітап қорымен тұтастай Астана қазіргі Нұр-Сұлтан қаласына көшіріліп, өз қызметін біржола тоқтатты. Жаңадан құрылған Орталықтың басшысы ретінде танымал археолог-ғалым, тарихшы-зерттеуші, педагог, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат» орденінің иегері Карл Молдахметұлы Байпақов тағайындалды.
Күні бүгінгідей сол күн әлі көз алдымда. Бұл 2016 жылғы наурыз айы болатын. Сол кездегі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияров арнайы келіп, ұжымға таныстырды. Мен кітап мұражайының ғылыми хатшысы ретінде өзімді таныстырып, әлі Астанаға көшіріле қоймаған кітап мұражайының алты залдан тұратын экспозициясына экскурсия жүргіздім. Өте зиялы кісі екені келбетінен көрініп тұрды. Менің айтқан экскурсиямды аяғына дейін тыңдап, «Қай оқу орнын бітірдің? КазГУ? – деп сұрады» Мен: «Жоқ, инязды бітіргемін дедім». «Иняз nbлықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті» деп мені түзетті. Өзім тіліме жеңіл болған соң, аузымыз үйреніп кеткен «Иняз» деп айта салғаныма қысылып қалдым. Сәлден соң «Қай жақтансың?» деп сұрады. «Нарынқолданмын» дедім. Ол кісі сәл жымия «Мен де Нарынқолданмын» деді. Өзі Талғарда туып-өссе де, ата-бабалары Нарынқол жақтан екен. Менің бала кезімнен естіп өскен «Байпақ» кезеңі осы кісінің атасының атымен аталғанын ауызша және жазбаша дерек көздерінен білдім. Бұл кезең Алматы облысы Райымбек ауданында орналасқан. Тұзкөлді жағалап, Текес бойымен Жабы тауын жоталап жүрсеңіз Байпақтың кезеңінен асасыз. Осы кезең неге Байпақтың атымен аталды, Байпақ деген кісі кім болған деген сұраққа аз-кем тоқтала кетсем.
Байпақ 19-43 жас аралығындағы қазақ жастарын, яғни, ер азаматтарды жаппай майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болған Қарқара көтерілісіне қатысушы. Қарқара көтерілісі — 1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісінің Жетісу облысындағы орталығы. Кейбір мұрағат құжаттарында «Албан көтерілісі», халық жадында «Албан — Бұғы» көтерілісі деп аталады. Сол көтерілісті бастаушы Ұзақ, Жәмеңкелермен үзеңгілес болған. Жасы алпыс бесті алқымдап қалған қарияға бұл көтеріліс оңайға соқпады. Бірақ көтеріліс қару-жарақтың күшімен аяусыз басылды. Бүкіл болыстар жойылды. Бір ғана Байпақ отбасында 13 адам өлтіріледі. Үдере көшкен албандармен ауқатты Байпақ ауылы да қоралы қойын, үйірлі жылқысын тастап Қытайға өтті. 1918 жылы Алжан Қасенбай екеуі Қытайға барып босқындарды қайтарған. Нарынқолда орыс-қазақ төрт сыныптық мектебін ұйымдастырған. Байпақтың Арғынбай, Ысқақ, Иса, Манап, Әкіш, Молдахмет деген алты баласы болған. Осы алты баланың ішінен Манап пен Молдахметтен зор үміт күткен. Екеуін де орысша оқытқан. Байпақ қария «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп шапқылаған шолақ белсенділердің әпербақандығынан тәркіге ұшырап, малдан да, мүмкіндп,sp; дүние салды.
Карл Молдахметұлы «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік мұражайының басшысы егстардың басы-қасында жүрді. Себебі Орталық тәй-тәй басып, жаңа құрылып жатқан еді.
Орталықты Қазақстанның ғылыми кеңістігінде жаңа профильді мекеме ретінде қалыптастыру үдерісі жүрді. Кадр құрамы қалыптасып, алдағы онжылдықтағы және үстіміздегі жылдардағы мәдени-ағарту қызметінің басым бағыттары айқындалып, сәйкесінше Орталықтың жұмыс жоспарынан орын алды. Атап айтатын болсақ, тарих ғылымының кандидаттары И.В. Ерофеева, Г.А. Терновая, Л.В. Дубровская, А.А. Нұржанов, э.ғ.д. С.А. Қалиева, PhD А.Ж. Сыдыков, М.М. Нурпеисов, Е.С. Казизов, И.Р. Камалдинов, Р.В. Ильин тағы басқа да ғалымдар жұмысқа қабылданды.
Қазіргі және болашақтағы ғылыми зерттеулердің басты басымдылығы болып дінаралық диалог, бірінші кезекте біздің еліміздің және басқа мемлекеттердің халықтарына Қазақстан мен Орталық Азияның діни әртүрлілігін таныстыратын арнайы еңбектер жазу. Әлемдік діндер тарихының Орталық Азияда жеткілікті зерттелмеуі және оның өзектілігін ескере отырып, бұл тақырып үстіміздегі жылы Орталықтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағытына айналды.
Карл Молдахметұлының басшылығымен ортағасырларда Жетісудің солтүстік-батысында буддизм мен христиандықтың орталықтары болған Иланбалық және Қойлық қалаларындағы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.
Орталықтың тағы бір басымдығы ЮНЕСКО «Мәдениеттерді жақындастырудың онжылдығы» 2013-2022 жж» бағдарламалық құжаттарына және Қазақстан Республикасының мәдени саясаты Тұжырымдамасына (11/04/2014) сәйкес мәдениеттерді жақындастыру стратегиясын әзірлеу деуге болады, сонымен қатар, Қазақстандағы ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросының және Париждегі осы халықаралық ұйымның Орталық аппаратының қатысуымен Алматы қаласында жобаның тұжырымдамасы сараптамалық талқылаудан өтті. Мәдениеттерді жақындастыру тұжырымдамасы шеңберінде ЮНЕСКО қызметінің басты төрт бағыты бойынша түрлі мәдени-зерттеу шаралары және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру қарастырылған. Біріншіден мәдени, этникалық, тілдік және діни өзара түсіністікке ықпал ету; екіншіден, ортақ құндылықтарды сақтау үшін плюраслистикалык негізін қалыптастыру; үшіншіден, ақпарат құралдары және сапалы білім беру арқылы мәдениетаралық диалогтың қағидалары мен құралдарын тарату; төртіншіден, мәдени, әлеуметтік және этникалық аспектілері және тұрақты даму үшін өзара диалогқа ықпал ету. Осы бағыттардың әрқайсысы бойынша тұжырымдалған стратегиялық міндеттер жүргізу ұсынылды.
Қазіргі жәнертдығы дінаралық диалог, бірінші кезекте біздің еліміздің және басқа мемлекеттердің халықтарына Қазақстан мен Орталық Азияның діни әртүрлілігін таныстыратын арнайы еңбектер жазу және әлемдік діндер тарихының Орталық Азияда жеткілікті зерттелмеуін және оның өзектілігін ескере отырып, Орталықтың ғылыми зерттеулерінің негізгі бағытына айналғандығында.
Қазақстанәны арнайы ұжымдық монографиялар дайындалып, ортағасырларда Жетісудің солтүстік-батысында буддизм мен христиандықтың орталықтары болған Иланбалық және Қойлық қалаларындағы археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 2018 жылы «Қазақстандағы діндер тарихы (ежелгі кезең және ортағасыр)» атты ұжымдық монография жарық көрді. Авторлары: Байпақов К.М., Ерофеева И.В., Казизов Е.С., Терновая Г.А. 2019 жылы бұл монография қазақ және ағылшын тілдеріне аударылды. Бұл Қазақстанның ғылымы үшін өте құнды еңбек болды.
Карл Молдахметұлының басшылығымен өткен елеулі іс-шаралардың бірі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2016 жылы Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Кластерлік Бюросымен бірлесе ұйымдастырылған «Мәдениң 2013-2022 жж аясында өткізілген «Әлеуметтік трансформация және мәдениетаралық диалог» атты халықаралық конференция. Бұл конференцияға Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтері Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар Секторының Әлеуметтік трансформациялар және мәдениетаралық диалог Дивизионының директоры Д. Бадарч мырза мен ассистенті Уг Чарни арнайы келіп, «Мәдениеттерді жақындастыру орталығына» 2-санат мәртебесін беру және техникалық-экономикалық негіздемесін дайындау жұмыстары туралы мәселелерді талқылады.
Д. Бадарч «Мәдениеттерді жақындастыру орталығының» алдағы уақыттағы жұмыстары туралы бірқатар ұсыныстар жасап, «Әлеуметтік трансформация және мәдениетаралық диалог» дивизионының міндеттеріне сай болатындай басымдықтардарnbsp; ЮНЕСКО штаб-пәтерінің өкілдері есеп жасап, қамтылған ұсыныстар бойынша Орталықтың алдағы жұмысына оң баға берген болатын.
Сонымен қатар 2017 жылдың 12-13 маусымындағы «Ұлы Жібек жолындағы Қазақстан және Орталық Азия діндері» халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 2017 жылдың 4-5 қыркүйегіндегі «125ублы Қарақорымға саяхаты: ортағасырлық Қазақстан мен Францияның мәдениеттерін жақындастыру» атты Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Францияның павильонында өткізілген Халықаралық симпозиум, 2018 жылы өткізілген «Ұлы Жібек жолындағы Орталық Азия: ежлегі кезеңнен қазіргі кезеңге дейінгі мәдениеттер пен конфессиялардың диалогы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция, «Орталық Азия халықтарының мәдениеттер диалогы» І Алматы Халықаралық форумын атап кетуге әбден болады. Осы ірі іс-шаралар Карл Молхметұлының тікелей басшылығымен, ұйымдастыруымен өте жоғары деңгейде өтті. Қазақстандық, алыс және жақын шетелдік ғалымдар, сарапшылар оң бағасын берді.
Орталық Карл Молдахметұлы басқарып тұрған кезде аккредитациядан өтті. Орталықты көтеру жолында аянбай, тынбай еңбек етті.
2016-2017 жылдары ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орталықтың шап-шағын ғимараты жарқырап, тап-таза, қызметкерлердің жұмыс істеуіне, ғылыммен шұғылдануына өте қолайды болды. Орталыққа техникалық құралдар, кеңсе жиһаздары сатып алынды.
Осындай білгір басшы, көреген ғалым, адам ретінде өте қарапайым жан Карл Молдахметұлын өзі басқарған ұжымы ешқашан ұмытпайды, істеген істерінің ізі сайрап жатыр.
Енді ғалымның өмірбаяны мен еңбек жолына тоқталсақ.
Карл Молдахметұлы Байпақов, 1940 жылы 17 қарашада Алматы облысындағы Талғар қаласында педагогтар отбасында дүниеге келген. Талғардың №1 орта мектебін алтын медальға бітіріп, сол жылы А.А. Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің тарих факультетінің археология кафедрасына оқуға түсіп, Ленинград Мемлекеттік университетін бітіргеннен соң, 1963 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясы Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтына конкурс бойынша аспирантураға қабылданған. АспVIары мен қоныстары» атты кандидаттық диссертациясымен бітірген.
1986 ж. Москва қаласында (КСРО ҒА Археология институты) «Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудің қала мәдениеті (VI-XVIII ғғ.) докторлық диссертациясын қорғап, 1994 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланған, 1995 ж. – Археология профессоры ғылыми атағы берілді. 2003 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұрақты мүшесі – академигі болып сайланды.
Кандидаттық жұмысын қорғағаннан кейін, 1966 жылы, ҚазКСР ҒА ТАЭИ кіші ғылыми қызметкер болып жұмысқа тұрды.1971 жылдан – аға ғылыми қызметкер, 1973 жылдың наурыз айынан – ортағасырлық археология бияісі, 1989 жылдан ТАЭИ-нің Археологиялық зерттеулер орталығының басшысы, 1991 жылдан 2010 жылға дейін Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры болып тағайындалды. 2010 жылдан «Урбанизация және номадизм» бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
1963 жылдан бастап топ басшысы ретінде археологиялық экспедицияларға қатысты. 1971 жылдан ОҚКАЭ басшысының орынбасары болды. 1978 жылы Қазақ-қырғыз археологиялық экспедициясының жетекшісі, 1984 жылы Тараз археологиялық экспедициясының басшысы, 1986 жылы Ескерткіштер жинағы экспедициясының басшысы, 1989 жылдан өмірінің соңына дейін ОҚКАЭ басшысы болды.
Қазақстан мен Орталық Азияның ортағасырлық археологиясы саласындағы жетекші маман болды. Өзекті ғылыми қызығушылықтарының негізі – Еуразия мемлекеттерінің саяси, экономикалық және мәдени байланысы аспектісіндегі «Ұлы Жібек жолы» мәселесі, сонымен қатар қасиетті география, орта ғасырлардағы рухани мәдениет мәселелері еді.
2006 жылдан бастап К.М. Байпақовтың жетекшілігімен және тікелей қатысуымен «Ежелгі Отырардың қайта өрлеуі» – ескерткішті зерттеу және қалпына келтіру бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілді. 1966 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің археология және этнология кафедрасында оқытуша, аға-оқытушы, доцент, профессор ретінде дәріс оқып, студенттердің диплом жұмыстарына ғылыми жетекшілік жасады. Карл Молдахметұлының жетекшілігімен көптеген жас ғалымдар диссертацияларын қорғады. 17 кандидаттық диссертация, 5 докторлық диссертация қорғалды. Өзі басы-қасында болып «Орта Азия мен Қазақстаннның ортағасырлық қалалары»; «Ұлы Жібек жолы»; «Қазақстан археологиясының негіздері» атты арнайы курстарды дайындады.
ҚазССР тарихы мен Қазақстан тарихының көп томдық басылымдарының көптеген бөлімдерінің авторы, орта мектептің 5, 6, 7 сынып оқулықтарының және жаңа 12-жылдық мектеп бағдарламасына арналған оқулықтардың авторы ретінде де еңбегі жоғары бағаланған. Жоғарғы оқу орындарына арналған қазақ және орыс тіліндегі Қазақстан археологиясына қатысты оқулықтар авторларының бірі.
Қазақстанның астаналарының бірі – Алматы қаласының пайда болуы, дамуы мен жасын анықтауда Карл Молдагіжесінде Жетісу өңірі мен Алматы қаласы бойынша оның іргелі еңбектері мен монографиялары, сонымен қатар журналдар мен газеттерде ғылыми-көпшілік мақалалары жарияланды.
Ол 1966 жылдан өмірінің соңына дейін 60 астам авторлық және бірлескен авторлықта монография, ЖОО үшін археология пәнінен 6 оқу құралы, орта мектеп оқушылары үшін 6 оқулық, 15 альбом және 550 астам ғылыми мақалалары орыс, қазақ, ағылшын, француз, неміс, италия, түрік, жапон, кәріс және қытай тілдерінде Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург, Ташкент, Бішкек, Сеул, Токио, Исламабад, Берлин, Рим, Милан, Лондон, Кембридж, Үрімші, Париж, Тайбей, Анкара қалаларында жарияланған.
Орталығымызп ылы Алматы қаласының Құрметті азаматы атанып, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2017 жылы «Урбанизация в древнем и средневековом Казахстане» Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының иегері атанды.
Қашан көрсең де қағаз жазып отыратын. Дүниеден өткенше ғылыммен шұғылданды. Ұлы Жібек жолындағы ежелгі қалаларды зерттеу ғалымның ең сүйікті ісі еді. Өте қарапайым, адам алаламайтын ол кісі туралы жаза бастағанда биік таудың мұзарт шыңдарына қайта өрмелегендей күйде болдым. Өйткені, олардың әрқайсысында өмірлік дерегі табиғи мінезі, түп-тұқияннан келген бітімі, тіпті адамдық кейбір осал тұстары, ал негізінен, көне дүние түпкіріндегі ата-бабаларынан бізге жетіп тұрған кең мол, кемел адамдық тұрпатын толық танығандай болдым. Иә, әр адам тарих. Келместің кемесіне мініп кеткенімен ол кісі артына өшпес-өлмес мол мұра қалдырды. «Орнында бар оңалар» деп атам қазақ айтқандай, аяқталмай қалған еңбектерін, зерттеулерін жары, кеңесшісі әрі көмекшісі болған тарих ғылымдарының докторы, археолог-зерттеуші Тамара Владимировна Савельева жалғастырып, ошағының отын өшірмей отыр. Артына өлмейтұғын мұра қалдырған асыл жан салған арналы істердің желісі үзілмей, шәкірттері жалғап келеді.
Карл Молдахметқаймыз, артына тастап кеткен мол мұрасы мәдениет пен тарихтың алтын қорына қосылған қомақты үлес, халқымыздың баға жетпес мәдени-тарихи байлығы. Былтыр 2020 жылы 12 қарашада туғанына 80 жыл толуына орай Орталық «Ұp;ін» атты халықаралық конференция ұйымдастырып, конференция материалдары жинақ болып жарық көрді.
Танымал академик, тарих, археология саласының нағыз маманы болған Карл Молдахметұлының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Алматы облысы Райымбек ауданындағы және өзі туып-өскен Талғар қаласындағы бір мектепке есімі берілсе, жыл сайын дәстүрлі орих, археология факультеттерінде «Байпақов атындағы шәкіртақы» тағайындалса, еңбектерінен дипломдық жұмыстар қорғалса деген болашақтың еншісіндегі ұсыныстарымыз бар.
Еліміздің білімі мен ғылымының дамуына қомақты үлес қосқан осындай танымал академикпен&; айым мақтан тұтамын.
Есіміңізді әспеттеп, әркез сағынышпен еске акұмырын ғылымға оның ішінде археология саласына арнаған дара ғалымның жарқын бейнесі өзі қадір тұтқан халқының жадында мәңгілік сақталады.