№5 (177) Мамыр
Тіл мәселесі бүгінгі саяси өміріміздің басты тақырыбының бірі екені мәлім. Тіл – қай ұлттың да, қай мемлекеттің де басты да қасиетті ерекшелігінің бірі. Халқымызда тілге байланысты небір асыл мақал-мәтелдер, қанатты сөздер бар. Тіпті, «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деп хандар мен с ымыз. Бүгін осы тіл мәселесінің кейбір саяси маңызы, аыпғанына 30 жыл толып отырған еліміздің жас ұрпағына үлгі болады деп білеміз
Редакция.
Ислам Жемеы теті-«Тұран-Иран»ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д. проф.
Тіл – өте құдіретті қару. Қашанда ұлтты да, мемлекетті де сақтаудың басты құралының бірі – тіл екені белгілі. Мысалы тарихта қайсыбір отарлаушы елдер тек саяси және экономикалық мақсатты көздеп қана қоймай, тілдік және идеологиялық жаулауға мән беріп отырған. Өйткені, әскери күш арқылы жаныштап басқару басқа халықтарды бодандықта ұстау үшін жеткіліксіз болды. Тілдік және идеологиялық жаулау күш жұмсамай-ақ Америка, Аустралқт болды.
Кезінде зерттеуші-ғалым Калвет тілдік отарлаудың екі түрін бөліп қарастырады. Ғалымның мақсаты тілдіқаыруын анықтау болып табылады. Біріншісі – вертикальді лингивистикалық отарлау. Яғни, отарлаушы халық тілінің алғашқыда бодан халықтың жоғарғы табы арасында және кейін төменгі таптардың арасында әлеуметтік тараі.халқының саны көп ел, бодан елдің жергілікті элитасы отарлаушы елдің тілінде сөйлеуін және оның мәдениетін қабылдауын үлгі ету арқылы жаңа саяси-әлеуметтік иерархия қалыптастырды Екіншісі – горизонтальды (көлбеу) лингивистикалық отарлау. Яғни, жаулаушы ел тілінің бодан халықтың ірі қалаларынан кіші қалаларға және ауылдарға географиялық таралуының жоспарын жүзеге асыруды қолға алады. Осылайша боданшы, отарлаушы елдің тілін бодан елдің білім жүйесіне жаппай ендіру арқылы жергілікті халыққа жат құндылықтарды сіндіруге талпынады.
Тілдік отарлауда колонизаторлар бірнеше тәсілді қолданады және олар түрлі лингвистикалық өзгерістерге мұрындық болды:
Біріншіден, барынша тартымды ету мақсатында әкімшілік басқаруда және саудада отарлаушының тіліне басымдық беріледі. Билікке араласамын, бизанн отарлаушының тілін білу міндет болды. Дегенмен бұл тактиканы әр орталаушы әрқалай қолданды. Мәселен, Франция Африкадағы өз отарларында француз тілінің қолданысына өте қатты мән берді. Ал Ұлыбритания болса, жергілікті халық арасында қай тіл басымдыққа ие болса, сол тілге қолдау білдіру арқылы лингвистикалық отарлауды жүргізді. Алайда, ағылшындардың бұл “бөліп ал да, билей бер” деген саясаты тек ағылшын тілінің үстемдігіне ғана жағдай жасады. Нәтижесінде африкалық жергілікті тілдердің барлығы күнделікті өмірде керексіз, екінші сорттағы тілге айналды. Мәдениетте “еуропалық” және “еуропалық емес” деген идеологиялық деңгейде бөлініс пайда болды. Адамзат тарихындағы отарлау саясаты тек қана әскери жолмен іске аспай мәдени шаралар арқылы да жүзеге асып отырды. Соның айқын тарихи фактілерін ежелгі түрік пен қытай арасында жүріп өткен тарихи-саяси және тарихи мәдени қарым-қатынастарынан мол мысал келтіруге болады. Мысал ретінде қытай билігі түрік қағандарын бұғаттау үшін өздерінің ең беделді, көкрегі ояу, ұлттық мүддесіне қызмет жасай алатын санаға ие ару ханшайымдарын түрік қағандарына тұрмысқа беріп отырған әрі сол арқылы оның санасын ұлтсыздандырып, ассимиляцияға ұшыратып отыру дәстүрге айналған. Олар сол арқылы талай түрік тайпаларын қытайландырып жіберген.
Тілдің бір елге қастандық жасаудағы атқарар рөлі Қалмақ пен Қырғыз арасындағы жауластық қатынастарында Манас жырында көрініс тапқан. Соның бір өрнегі Көзқаман қырғыз ханзадасы. Көзқаман туралы тұңғыш рет қазақтың қайраткер ғалымы Рахманқұл Бердібай (1927-2012) ұлттық тұрғыдан, ұлттық мүддеге сай анықтама беріп саяси айналымға енгізген. Ол осылайша ұлтшыл зерттеушы және күрескер алаш қайр т. Ол былдай деген:«Мәңгүрттік пен көзқамандық – бір-бірінен айырмасы үлкен, екі түрлі құбылыс… Мәңгүрттер есінен айрылған міскіндер болса, көзқамандар елдігімізге саналы түрде қарсы шығатын қаскүнемдер» («Байкалдан Балқанғабеанас жырының кейіпкерінің бірі. Онда: « Бір қырғын соғыста Манастың әкесі – Жақыптың ағасы Үсен қалмақтар қолына түсіп, тұтқын болып кетеді. Үсен барған жерінде қалмақ әйеліне үйленіп, алты балалы болады. Балаларының тілі қалмақша шығады, тұрмысы, салты – бәрі де басқа болып тәрбиеленеді. Міне, осы жағдайды Қанғайдың билеушісі Есен хан пайдаланып, «көзқамандар» атанып кеткен Үсен балаларын жансыз етіп жіберіп, қырғыз мемлекетін іштен ірітпек болады. Есен хан Манасты ашық шайқаста жеңе алмайтынын білген соң қырғызды қырғызға қарсы қойып, арам тәсіл қолданады»,-деп қортынды жасаған ғалым қазақ халқын да іштен шыққан жау жамандегендей қазақ кейпінде бір қазақ заты өзгеріп, өз қазағына біліп-білмей қастандық жасауына тура келмесін деген ескертуі деп қабылдайық.
Екіншіден, лингвистикалық отарлау көптеген тілдердің әлсіреуіне, кейде тіпті жойылуына алып келді. Мысалы, Оңтүстік Америкада Уругвай секілді елдерде кейбір тайпаларды жаппай қырудың нәтижесінде сол халықтармен бірге тілдері де жойылып кетті. Ал Бразилия, Чили және Аргентина секілді елдерде тайпалардың жартылай қырылуына байланысты олардың тілдері қатты әлсіреді. Кейбір ғалымдардың зерттеуінше, бодан халықтардың тілдері адамдардың “бір тілден екінші тілге ауысу” нәтижесінде әлсіреп, жойылып отырды. Яғни, жергілікті халық өз тілі мен мәдениетінен бас тартып, отарлаушының тілі мен мәдениетін қабылдау арқылы ана тілдері рөлінің төмендеуіне үлес қосты. Бұл үдерісті (процесті) ғалымдар “тілдің өлімі”, “лингвистикалық геноцид” немесе “лингуцид” деп те атайды. Осы тұста ескертетін жайыт біздің пайымдауымызша тілдердің қолданылу аясына байланысты қарастырғанда елдердің тілі төрт сатыға бөлінеді. Олар: 1. Халықаралық тіл, ағылшын тілі дүниежүзіндегі ондаған елдердің саясат, экономика, өнер-мәдениет және техника саласында қолданыста жүрген жалғыз тіл. 2. мемлекеттік стандарт тіл, бір мемлекеттің саясат, экономика, өнер-мәдениет және техника саласында сөйлей алатын тіл 3. Ұлттық тіл, бір ұлт өкілдері өздерінің ана тілінде толықтай сөйлей алады. Бірақ мемлекеттік маңызды саясат, экономика, өнер-мәдениет және техника салаларында қолданыста жоқ. 4. Аймақтық және дастарқан тілі, бір ұлттың өкілдері өз ана тілінде толықтай сөйлей алмайды. Әрине бұл нормалар арасында шекараларын әріге не беріге өткізкісі келіп тұрған тілдердің тағдырын анықтауға болады. Аталған бұндай төрт сатылық тілдрдің пайда болу себептері көбінесі тілдердің отарлану тағдырымен тікелей байланысы бар.
Үшіншіден, отарлау мен құл саудасы жаңа тілдердің пайда болуына к ры және Аустралиядағы еуропалық плантацияларда креол тілдері пайда болды. Бұл тілдер еуропалық жалдамалы жұмысшылар мен құлдардың, еуропалық саудагерлер мен жергілікті тайпалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы нәтижесінде пайда болған тілдер.
Төртіншіден, тілдік отарлау саясаты жергілікті тілдердің ара-қатынасына да әсер етті. ХХ ғасырдың басында Бельгия мен Ұлыбритания бодан халықтардың өз ана тілдерінде білім алуын және оны төменгі деңгейдегі әкімшілік басқаруда қолдануын қолдады. Бірақ жалпы отарлау саясатын іске асырғанда елде қай тіл басым болса, соған басымдық беріп отырды. Өйткені ол бодан халықты басқаруын жеңілдетеді. Мәселен, Нигерияда хауса, Шығыс Африкада суахили тілі отарлаушылар тарапынан қолдау тапты.
Бесіншіден, отарлау нәтижесінде қалыптасқан тілдік иерархия отарлаушы ел тілі мен жергілікті тілдердің бір-біріне ықпал етуіне жағдай жасады. Зерттеулер көрсеткендей, африкалық тілдер француз және ағылшын тілдерінен көптеген сөздерді өз сөздік қорына қабылдаған. Әсіресе технология, білім, спорт, ойын-сауық, әкімшілік басқару саларындағы сөздерді. Ал француз және ағылшын тілдері болса бодан халық тілдерінен аз ғана сөзді қабылдаған екен. Тілдің отарлану жағдайында боданшы тілінің сөздік қоры бодан болған елдің зиялы қаламгер, ғалымдарының белсенді болуының арқасында күшейе түседі. Елдің қарапайым бодан халқы өз зиялыларына еліктеп, өз тілдерін менсінбей, сөздік қорын азайтып, бодандаушы ел тілінің тілдік қазынасын байыта түседі. Соның нәтижесінде өздерін психологиялық бұғау арқылы қалайша өздерінің кемсітуіне өздерінің қолымен үлес қосқандарын да өздері білмей қалып, біртіндеп өзге елдің боданы болып қала береді. Сондықтан тілдер айқасы дегеніміз саналардың айқасы. Қазіргі кезде Франция, Қытай және Ресей сияқты елдер өздерінің бір ыңғай ұлттық тілін ағылшын тілінің ықпалында әлсіреп кетпеуіне алаңдап, түрлі ашық кейде жасырын жоспарлар жасап, сақтану амалдарын қарастырып келеді.
Отарлаушы елдердің тағы бір әдісі – олар өз тілдерін мектептерде, университеттерде, шіркеулерде кеңінен таратуға барынша жағдай жасап келді. Олардың шынайы мақсаты жергілікті бодан халықты ағарту емес, өздерінің мүдделеріне жұмыс істейтін сауатты адамдарды дайындау, отарлауды солардың қолдауына сүйене отырып жалғастыру болып келді. Олар өздері басқаратын мектеп пен жоғары оқу орындарында ұлттық санадан жұрдай кәсіптік мамандар даярлауды экономикалық пайда табу мақсатына жұмсамақ. Әрине, бұндай жоба-жоспарларда санасыздандыру, ұлтсыздандыру арқылы оқушы жастарға дүниеуи құмарлықты, сән қууды, жылтыр дүниеге әуестігін арттыруға күш ж
Тілдік имперализм бұрынғы отарлар өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін де жалғасып жатты. Мәселен, ағылшын немесе француз тілін таратуды көздейтін көптеген ұйымдар мен дамыған мемлекеттердің бағдарламалары бар. Ондағы мақсат ағылшын тілінің қоғамдық қолдану аясын кеңейтіп, әр- бір азаматтың психологиясын өздеріне ыңғайлатып қалыптастыру арқылы өз мәдени құндылықтарын да отарлаушы азаматтардың бойына да сіңіру болып келеді. Сол себептен Ел тағдырын ойланатын елдердің саяси билігі ағылшын тілінің технология мен жалпы ғылыми салаларда кең қазынаға қол жеткізе алатын ең керекті құрал ретінде қарап, өздерінің ұлттық-мемлекеттік тілдерін таптатуға жол бермеуге тырысып келеді.
Қорыта айқанда: Тілдік отарлау салдарынан Америкада, Аустралия мен Африкада, Сібірде көптеген жергілікті тілдер жойылып кетті, ал кейбірі жойылып кету алдында тұр. Болжамдар бойынша, алдағы 20-30 жылда бірнеше жүз тіл жер бетінен жойылып кетеді, өйткені ол тілдерде сөйлейтін адам болмайды. Тілдің отарлануы бір елдің ұлттық болмысын жойып жіберудің басты құралы іспеттес. Өйткені, тіл, әр ұлттық біркелкі психологиясын қалыптастыру арқылы оның бірлік пен ынтымақты болуын қамтамасыз етеді.