5 (177) Мамыр

Лаңкестік, экстремизм мен қазіргі әлемдегі оның құбылыстарына қарсы тұру мәселелері жекелеген мемлекеттер үшін де, сондай-ақ жалпы дүниежүзілік қоғам үшін де – ең маңызды мәселелердің бірі болуымен негізделеді. Оны соңғы уақытта лаңкестік акциялардың өзінің жеке адами және жеке ұлттық мәнін өзгерте отырып, жалпы дүниежүзілік құбылысқа айналған ауқымымен және сипатымен түсіндіруге болады. Осыған байланысты адекватты әдістер және лаңкесмдзмдерін дайындау мақсатында осы құбылыстардың мәнін нақты анықтап алу керек.

Экстремизм, жалпы түрі бойынша қоғамда қолданылатын нормалар мен ережелерді жоққа шығаратын қоғамға қарсы әртүрлі пікірлер мен әрекеттер болып табылады. Қоғамның саяси саласында пайда болған экстремизм саяси экстремизм деп, ал діни салада көрініс тапқан экстремизм діни экстремизм деп аталады.

Дін барлық әділетсіздікке, жалғандыққа қарсы күресу мен қарсы тұруға рухани негіз болып табылады. Сондықтан адамзат өмірінің әртүрлі кезеңдерінде түрлі елдерде, әртүрлі діни наным аясында діни экстремизм пайда болған, сөйтіп, діни наным практикасына қайшы келіп, оған кедергі жасаған. Бұдан басқа, билік режимімен келіспеуді көптеген жағдайда діни экстремизм түрінде өршіткен. Мысалы, христиан әлеміндегі діни шиеленістерді (Лютер реформациясы) христан және мұсылман елдерінде діни фундаментализм көріністерінің пайда болуын еске түсіргеннің өзі-ақ жеткілікті.

Қоғамның, әсіресе секулярлы қоғамның басты міндеті – діни экстремизммен күрес аясында жақсы жетілдірілген мемлекеттік саясат жүргізу екені сөзсіз, ол, Қазақстан Республикасы Президенті дәл айтқандай, «алаяқтарды ұстауға арналған емес», әлемде жалпы қабылданған демократиялық қағидаларға сәйкес келетін, белгіленген басымдықтары мен әрекетті механизмдері бар тұжырымдама болуы керек. Бірақ діни экстремизмге қарсы күрес бойынша әрбір мемлекеттсаиялық және географиялық сипаттағы ерекшеліктерін ескере отырып, өзінің құндылық қағидаларына негізделу керек.

Иә, діни экстремизммен күрес тәжірибесі қазіргі заманның өте маңызды міндеттерінің бірі. Өйткені, бұл мәселе жаһандық сипатта болып отыр және оны дер кезінде шешпеу – «өркениеттердің қақтығысын» (С. Хантингтон), «тарихтың аяқталуын» (Ф. Фукуяма) қажет етпейтін адамзат дезинтеграциясына әкеліп соғуы мүмкін, ал адамзат ортақ үйде – Жерде бірлесе өмір сүруді қажет етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы ішкі және сыртқы саясатының сұхбаттық сипатының маңызы өте зор, сондай-ақ оның діни экстремизммен күреске қатысты релевантты тұжырымдамасын дайындауда да маңызы зор.

Діни экстремизмде діни сананың радикалды өзгерістерінің феномені ретінде дәстүрлі діни ландшафттың, саяси құрылымның интенционалды өзгерістері бар және ол кейіннен алдына мемлекеттік билікті жаулап алу мақсатын қояды.

Бір өкінішті жағдаят мынадай: саяси және заң әдебиеттерінде «діни экстремизмнің» бірегей анықталған ұғымы жоқ, бірақ оның сипаты полисемантикалық екені анық, өйткені оның табиғатының өзі де екіұшты болып отыр. Сонымен қатар бұл ұғымның дифференциациясы да бар. Заманауи жағдайда осы ұғымды анықтау, түсіндіру, ең бастысы, оны онтологиялық түсіну қажеттілігі туындады. Діни экстремизм ұғым ретінде өзінің ұзақ тарихы мен өзіндік өмір сүру дәстүрлері бар қоғамның діни-құндылықтық парадигмасын мүлде қабылдамау оны өзгертуге ұмтылыс жасауды білдіреді.

Діни экстремизм дегеніміз негізінде діни сананы түбегейлі өзгерту феномені ретінде, саяси құрылымды қарқынды өзгерту және содан кейін мемлекеттік билікті жаулап алуды білдіреді. Әдетте, діни экстремизм қандай да болмасын бір діни сенімді шынайы және қоғамда өмір сүру мен уағыздауға құқығы бар жалғыз ғана дін ретінде жүзеге асыруды мақсат етеді, ал оған плюрализм мен конфессияаралық шоғырлану идеологиясы жағдайында жол берілмейді. Діни экстремизм көп жағдайда саясатпен бірігіп, уғттық қауіпсіздікке қатер төндіретін радикалды діни-саяси экстремизм идеологиясына айналады.

Діни экстремизмнің және олардың дәстүрлі діни ілімдер аясында пайда болуының әртүрлі: христиан экстремизмі мен ислам радикализмі сияқты нұсқалары бар. Діни экстремизмнің өзінің концептін анықтау қажеттілігінен туындады. Ұғымдарды жіктеу дін негізінде экстремизмді тудыратын себептерді нақты анықтауға мүмкіндік береді, олармен күресудің құралдарымен әдістерін дұрыс таңдауға ықпал етеді, демек, жағдайларды алдын ала болжау мен осындай құбылыстардың алдын алу мен жеңудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.

Әлемде бүгінде болып жатқан небір қасіретті жағдайлар қазіргі кезеңде қоғамға тек жай экстремизм ғана емес, әсіресе, діни экстремизм өте үлкен қауіп төндіретінін көрсетіп отыр. Оның экстремизмнің басқа түрінен айырмашылығы – ол діни ілімдер мен рәміздерді (символдарды) адамдарды тартудың маңызды факторы ретінде пайдалана отырып, оларды сенім мен діни наным үшін ымырасыз күреске жұмылдыра отырып, мемлекеттік құрылымдбиемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталғандығында болып отыр.

Ш.Жандосова