№5 (177) Мамыр
Ислам діні – тазалық пен бейбітшілік діні. Ерте кезеңнен әлемнің тыныштығын күзетіп, ата-анаға жақсылық жасауға, туыстық қатынасты нығайтуға, өтірік сөйлемеуге, жала жаппауға үндеген таза дініміз қашан да жарық жолға бастап келеді. Ал экстремистік ұйымдардың, жат ағымдардың негізгі міндеті – елдің ішіне алауыздық пен іріткі салу. Сондықтан бұл ұлттың негізгі қорқынышына айналып отыр. Қазіргі таңда ғылыми және технология дамуының шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан соңғы уақытта діни экстремизм тақырыптары бұқаралық ақпарат құралдары бетінен жиі орын алуда. Бұл оқиғалар Ислам дініне де өз әсерін тигізетіні анық. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Исламның ішіндегі экстремистер деп айтылып жатқан сөз жөн емес. Ислам деген дүниежүзілік дін. Екі миллиардқа жақын халық мұсылман дініне бағынады. Сондықтан әлгі бандиттер мен экстремистер әр дінде болып жататын жағдай. Ол екеуін біз ажыратып айтуымыз керек. Ал енді Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыздан, діннен қалған мәселелер ондай емес, еш уақытта мұсылманның діні соғыспен, қолына қару-жарақ алып біреуді өлтіріп, заңсыздыққа барып, мемлекетке қарсы жүру деген мәселелер мұсылманда болмайды. Сондықтан осындай нағыз таза мұсылманның, Құранның жолыменен халық жүретін болса, ол елге жақсылық әкеледі, әр адамның өзіне де жақсылық әкеледі деген сөз»,-деген болатын. Қазақстандағы әртүрлі мештіттерде өзге ұйымға маталған адамдармен жұмыс жасау ұйымдары қарастырылған. Мәселен, Алматы қаласында деструктивті діни ағымның ұстанушысы болып табылатын азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүріп отырады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіттердің оңалту жұмыстарымен айланысатын теологтарын және қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының Кеңес беру және оңалту орталығының мамандарын тарта отырып, бұл жұмыстар бүгінде қарқынды жасалуда. Мәселен Алматы Орталық мешітінде ағымдағы жылғы ақпан айында теолог және психолог мамандардың қатысуымен деструктивті діни ағым ықпалында жүрген 282 адаммен (208 ер және 74 әйел) онлайн түрде (еліміздегі карантиндік шектеулерге байланысхб дәстүрлі құндылықтары, қазақ қоғамындағы ислам дінінің, соның ішінде Әбу Ханифа мазхабы мен Матруди ақидасының рөлі мен маңызы, деструктивті діни ағымдарершығу жолдары, зайырлы қоғам түсінігі туралы және т.б. оңалтуға бағытталған ақпараттар берілген. Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА 155/18; ЛА 155/13; ЛА 155/6 түзету мекемесінде және ҰҚК тергеу изоляторында экстремизм және терроризм баптары бойынша жазасын өтеп жатқан 22 азаматпен жеке кездесулер өткізілген. «Дәстүрлі діни ұстаным», «Жат ағымдардың кері әсері», «Абу Ханифа мазхабының ерекшелігі» сынды тақырыптарда 2 топтық кездесу өткізіліп, барлығы 12 азамат қамтылған.
Міне, бұл бір ғана мешіттің атқарып отырған қызметі. Ал еліміздегі басқа да мешіттердің жүргізіп отырған жұмыстарын есепке алсақ, жат ағымдармен күрес едәуір деңгейде жолға қойылып отырғанын байқаймыз. Қазақ халқы ежелден Тәңірін таныған, жалғыз Құдайға табынған халық. Ұлттың тұтастығын сақтап, бірлігін күзеткен сантүрлі ғұламалар мен данышпандар адамдарға темірқазық бола білді. Жалғандық пен шындықтың ара жігін ажыратып берді. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Мұсылмандық шарты» атты еңбегінде: «Ей, достар! Осы иманды әрқашан айтып салақ болмай жүру керек. Құранда неше жерде жұмақ тақуалар үшін деген, тақуа деп сақтанғандарды айтады. Адам һәм уақыт алла тағаланың ғазабынан қорқынышта рахматынан үмітті болып қауіп пенен үміттің арасында болу керек». Аятта: «Тілек дұға қылыңыздар қауіппенен үміттің арасында болып», – деген»-деп кейінгіге насихат етеді. Ал қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы болса:
Алла деген сөз жеңіл,
Аллаға ауыз қол емес.
Ынталы жүрек шын көңіл,
Өзгесі Хаққа жол емес,-деп, Алланы таза жүрекпен ғана тануға болатынын нықтап ескертеді.
Экстремистік ұйымдарға шырмалған адамдардың көбі білімсіздіктен жапа шегіп отыр. Имани білімі бар адамдар көзсіз соқырлыққа бармайды. Ойланып, оң мен солды ажырата біледі. Сондықтан, бүгінгі заманның тірегі – білімді жастар. «Білекке сенген заманда, ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмейік» дегендей, әлемдік дамыған елдердің қатарына қосылуға бірден-бір әсер етер фактор – білімді ұрпақ.
Қорыта айтқанда, жат ағымдарға біржола тосқауыл қояр мезгіл жетті, болашақта бұған қарсы әрекеттер өз жемісін береріне сенеміз.
Тортай Бекет