№4 Сәуір, 2021
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты ұлағаты мол мақаласында Тәуелсіздіктің үшінші он жылдығында шаңырағымыз биіктеп, өсіп-өркендедік дей келіп: «Кезінде Мәдени мұра» бағдарламасы деген шежіресін түгендеуге жол ашты. Ол Қазақстанның мәдениетін, мәдени келбетін халықаралық аренада танытуға зор мән берді деген болатын. Бұл ұлы істер қашанда әуелі аудан, қала, ауыл мәдени ошақтарынан басталатыны мәлім. Ендеше, әркім ең болмағанда өзінің тұрғылықты аудан, қала көлемінде атқарылып жатқан мәдени де рухани шаралар туралы жамағатқа жариялап отырса ол да осы саладағы насихат жұмысының үлгісі болары хақ. Осы орайда яғни, Президентіміздің бүгінде ел ұранына айналған «Тәуелсізді мшаруалар бойынша Арал аудандық мәдениет саласында атқарылып жатқан және атқарылуға тиісті шаралар туралы қысқаша болса да айтып өтсек дейміз.
Жақында ауданымыздың Аралқұм ауылдық кітапханасында «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау, жылқы малының қасиеті мен пайдасы жайлы кеңінен мағлұмат беру мақсатында «Атбегілік-атадан қалған асыл қасиет» атты таным сағатын өткізілді. Бұл шараны жұртшылық зор қуанышпен қарсы алды. Басқаны былай қойғанда шағын ғана ауыл кітапханасының 191 оқырманы осы шараға қызу атсалысты. Ал «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы бойынша
Қосжар ауылдық кітапханасында Ғұлама ғалым, көрнекті ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аясында шығармаларын насихаттау, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби өмірі,еңбек жолы туралы түсінік беріп, жан-жақты ерекше тұлға болғандығын халқымызға білімнің, ілімнің нәрін сепкен көыне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Әл-Фараби және Әлемдік өркениет» тақырыбында тарихи таным сағаты өткізілді. Шараға отыздан астам оқырман қызу атсалысты.
Аудандық орталық кітапханада Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай лирикасы» атты әдеби кеш өткізілді.Мақсаты: Абай мұрасын жас буын жас ұрпақ санасына сіңіре отырып, дархан халықтың – дана Абайынухасихаттау арқылы ертеңгі келер ұрпақтың жан дүниесін Абай сөзімен тәрбиелеу. Шараға қатысушы оқырман саны – 30.
Президентіміз осынау ғибратты мақаласында Елбасымыздың рухани жаңғыру ісінде алға қойған ұлы мақсаттарына да тоқталып өткен болатын. Осы орайда «Туған жер» жобасы бойынша аудандық орталық кітапханада « Бір өлке – бір тұлға , бір кітап» жобасы аясында өлкетанушы Тәңірберген Дәрменовпен «Өлке тарихынан сыр шерткен» атты онлайн сұхбат өткізді. Шараға қамтылған көрермен саны:336
Сонымен қатар Сексеуіл кенттік кітапханасында «Жаһандық кеңістікке бастар жол» атты брифинг өткізілді. Кеш мақсаты: Латын әліпбиі негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелерін таныстыру еді. Кітапхана қызметкерлері бұл тұста да алға қойған мақсат биігінен көтеріле білді.
Тәуелсіздіктің арқасында ұлттық өнеой, ел игілігіне айналып келе жатқаны айқын. Міне, бұл орайда «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы»жобасы бойынша қалалық №1 кітапханада Қазақстанның халық әртісі әнші , композитор Ескендір Хасанғалиевтің 80 жасқа толуына орай «Әуелеп ұшқан ән- өмір» атты өнер сағаты өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты халық әндері мен күйлерінің көне нұсқаларын қатыстыра отырып, әнші, композитор Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің өмірі мен өнерін оқырмандарға жақын таныстыру еді. Шара көпшіліктің қызу атсалысуымен өтті.
Президентіміздің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты ғибраты мол мақаласы аясында өткізілген осындай айтулы мәдени іс-шаралар барысында аудан көлеміндегі мұрағаттар сақталуының жайы да сөз болып «Архив-2025»жобасы бойынша Сексеуіл қыстақтық кітапханасы оқырмандарды тарихи естеліктерді құрметтеуге, қ еабаларымыздың тұрмыс-тіршілігімен таныстыру мақсатында » Сыр ескерткіштері» атты бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Оған 406 оқырман көрермен қамтылды .
Өз тілшіміз