№3 Наурыз, 2021

Президет Қасым-Жомарт Кемелұлының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы – еліміздің өркендеуі мен алға басуы үшін жасалған алғышарт. Мақалада Қасым-Жомарт Кемелұлы әділетті мемлекеттің үлгісін, тарих тағылымын, аштық ақиқаты, желтоқсан қаһармандары, елдігіміздің мәңгілік үштағаны болған: байтақ жеріміз, қасиетті тіліміз, бекере-бірлігіміз турасында сөз қозғайды. Мақалада тәуелсіздіктің отыз жылында болған жетістіктерімізді, айтулы оқиғаларды, тарих түбіне енген маңызды жайттарды тізбелей келіп, «Алдағы төртінші он жылдықтың бізге жүктейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу. Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет» деп есептейді. Мұнан соң тарих тақырыбына ойысып, ұлт тарихын жіті бақылап, зерттеуді тапсырады. «Мен құзырлы органдар мен отандық телеарналарға мемлекеттік тапсырыстың белгілі бір бөлігін міндетті түрде тарихи тақырыптарға бағыттауды тапсырамын. Әрине, қаржы мәселесі шешілу керек. Дегенмен, көп қаражат жұмсамай да жоғары өнер туындысын түсіруге болатынын қырғыз бауырларымыз «Құрманжан датқа» фильмі арқылы анық көрсетті» дейді Мемлекет басшысы. Президенттің мақаласын сарапқа салып талқылай келе, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулет: мақалада біздің еліміздің тәуелсіз 30 жылына қысқаша тарихи шолумен қоса, байыпты баға беріліп, парасатты пайым жасалған екен. Бүгінімізге шүкір десек, келешегіміз қандай болмақ? Еліміз бен жеріміздің тұтастығын қалай сақтап қала аламыз? Мемлекеттік тілдің мәртебесін қайтсек көтереміз?Мемлекет басшысы өз мақаласында осы және бұдан басқа да сұрақтар төңіргенде ой толғапты…» дейді.

Президентіміз мақаласында сонымен қатар желтоқсаншыларға нақты тоқталып, әділ баға бере кетті. Ел тәуелсіздігі үшін шаһит болған боздақтар қашан да ел үшін қымбат, қастерлі. «Биыл әйгілі желтоқсан оқиғасына 35 жыл толады. 1986 жылы өрімдей ұл-қыздарымыз Кеңес одағының қаһарынан қаймықпай, ұлт намысы үшін алаңға шықты. Осы күннен соң тура бес жыл өткенде, Тәуелсіздігімізді жариялауымыздың символдық мәні зор. Бұл орайда азаттықтың алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі лайықты бағасын алып, жоспарлы түрде насихатталуы керек»–дейді Мемлекет басшысы. Иә, елім деп еміренген жас өскіндердің ерлігін ұрпақ санасына сіңіру басты міндеттің бірі болмақ. Ерім деген ел болмаса, елім деген ер қайдан болсын?

Президенттің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы зиялы қауым арасында біршама талқыланғаны мәлім. Белгілі журналист, мәжіліс депудаты Нұртөре Жүсіп, президент мақаласы хақында ой қорыта келе келелі пікір түйеді: «Тіл – Тәуелсіздік тұғыры! Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздіктің бір атрибуты! Осыны ескерген президент барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарға үндеу тастады. «Жастар ағылшын тілін немесе басқа тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Тұтас буын ауысқан осы жылдарда қазақ тілін үйренгісі келген адам оны әлдеқашан біліп шығар еді»–деді Президент».

Ақпаралғарадүрсін депудаттарының еліміздің солтүстік облыстары жайлы айтқан сөзі есімізде. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл жайтты назардан тыс қалдырмай, өз мақаласында жауап бере кетті: «Елдігіміздің мәңгілік үштағаны – Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тіліміз және барлық қиындықтардан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке-бірлігіміз. Біз осы үш құндылықты көздің қарашығындай сақтаймыз,-дей келіп Президент сөзін : «Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр» деп қорытындылайды. Шынында, бабаларымыздың қасық қаны қалғанша жер үшін күресіп өткені – талассыз ақиқат. Ерте кезде Мөде ханның басқа үшін емес жер үшін жан бере соғысқаны бүгінге үлгі. Қазақ жері әлемде көлемі жөнінен тоғызыншы орын алып отыр. Бұл – түсінгенге үлкен құбылыс. Себебі бір жапырақ жер үшін әлемде неше түрлі апаттар мен қанқұйлы майдандар өткені тарих сахнасынан белгілі. Президентіміз осы бір қастерлі ұғымды жоғары көтеріп: «Бабалардан мұра болып қалған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген.тытамырлары көне заманның өзегінде жатыр» дейді.

Қорыта келгенде, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында қамтылған жан-жақты пікірлерді ой елегінен өткізген ләзім. Еліміздің ертеңі мен баянды болашағы үшін жасалып отырған биік қадамдар – ұлттың ұйытқысына айналарына сенеміз.

Тортай Бекей