№3, Наурыз, 2021

Балалар әдебиетінің жүгі – басқа жанрлардан кейде ауыр тартады. Себебі балаға жеңіл шумақтармен қоса телегей-теңіз даналық та берілуі тиіс. Орыс балалар әдебиетінің классигі С.Маршак: «Балалар балалық пен даналықтың екі ортасында өмір сүреді», – дейді. Түйіні балалар қаламгері бала да, дана да болуға тиісті. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасында елдің рухани болмнасы бағдарлама аясында Қазақстанның түкпір-түкірінде әртүрлі іс-шаралар болып өтті.

Ақын Болат Үсенбаев өзінің балалар әдебиеті жөнінде мақаласында: «Қазақ баласының табиғаты өлеңге үйір, ертегіге қызыққыш. Біз осыны біле тұра, елеп, ескере бермейміз. Олардың рухани әлемі жұтаң тартпас үшін кез келген жазушы қал-қадірінше балалар әдебиетіне үлес қосуға міндетті» деп ой қорытады. Шынында, көптеген заңғар ақындар балалар әдебиетіне соқпай өтпеген. Ұлы ақын Александр Пушкиннен бастап қазақтың Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырза Әлі сынды адуын ақындары балаларға базарлық шашқаны мәлім. Қазақ балалар әдебиетінің қоржыны 20 ғасырда едәуір кеңіді. Кейінгі жылдарда да бұл үрдіс біршама өсті. А.Асылбековтың «Жапырақтары», Ә.Табылдының үш томдығы, С.Қалиевтың «Жыл құстары келгенде», Ш.Күмісбаевтың «Балалық шақ – бал дәурен», Ә.Қайранның «Ерасыл», Б.Әлімжановтың «Ғарыш пен қазақ», Д.Бейсембекұлының «Жалғыз жұлдыз жарығы», М.БазарбайқызыныңЕ.ғыңды жоғалтпа, бауырым», С.Үсенұлының «Еліктің лағы», Е.Жеңісұлының «Мынау ғазиз дүние», Б.Бұқарбайдың «Күміс кітап», Е.Сейдахметтің «Күлші қане, балақай», Е.Ашықбаевтың «Туған күн», Қ.Қайымның «Еркеш–Еркебұлан», Б.Болатханованың «Қарагөз – ғұмыр», Т.Әбдірайымның «Дала әлемі», Т.Жеңісбектің «Жанталас», Т.Бейсембектің «Сиқырлы музыка», т.б. кітаптарды соңғы жылдар табысы деп атауға болады.

Сондай-ақ, «Бәсіре», қос томдық, «Қызыл алма» атты төрт томдық, «Ең керемет дәм» атты бір томдық бүлдіршіндердің тәтті базарлығына айналып үлгерді. Осы орайда «Балдырған» журналы мен «Ұлан» газетінің де балалар еншісіне тұшымды өлеңдер мен әңгімелер тарту еткенін айта кету керек. Балалар әдебиетіне үлес қосып, қарымды қалам сілтеп жүргендер аз емес екенін байқаймыз.
     Болат Үсенбаев жоғарыдағы мақаласында: «Бізге тәуелсіздігіміздің тұғырын бекемдейтін, Мәңгілік Ел идеясын ұрпақ санасына сіңіріп, салт-дәстүрімізді дәріптеп, ұлттық кодтың құпиясын ашатын шығармалар қажет. Балалар әдебиетінің келешегі – балаларымыздың келешегі. Балаларға арналып жазылған дүние – бір күндік емес» дейді.

Балалар әдебиетіне жарияланған бәйгелер саны жылдан-жылға артып келеді. Халықаралық «Дарабоз» бәйгесі игілікті істер атқарып, ақын-жазушылардың ынтасын оятты. Жыл сайын жеңімпаздарға қаржылай сыйақы беріп, шығармаларын орыс тіліне аудартып, екі тілде «Кәусар бұлақ» кітабын шығарып, оны мектеп кітапханаларына тегін таратты.
      Он шақты жыл ішінде «Дарабоз» конкурсының арқасында қазақ балалар әдебиеті оннан астам жаңа қаламгерлер легімен толықты. Атап өтсек: Дархан Бейсенбек, Серікбол Хасан, Асхат Өмірбаев, Ернұр Сейдахмет, Елдос Тоқтарбай, Гүлжан Әбирова, Әлібек Байбол, Алтынай Амангелді, Мира Ибраимова, Мейіржан Жылқыбай, Жандос Байділда, Қанат Әбілқайыр сынды жас перілер.
Елдің ертеңі ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысты. Мәңгілік ел болу үшін тілімізді, ділімізді, салт-дәстүрімізді сол жас ұрпақтың құлағына бала кезінен құйып, санасына сіңіруіміз тиіс десек, оған қолбайлау болатын мәселелер бізде жетіп артылады. Біріншіден, балабақша тәрбиешілеріне қажетті оқу құралдары мен әдістемеліктер, көркем әдебиеттер кемшін. Бірлі-жарым болса, олар ұлттық салт-дәстүрімізге кереғар. Әлдеқандай батыстық өркениетті көылған қойыртпақ. Біздің баламыз неге өзге елдің тәрбие үлгісімен өсуі керек? Өзіміздің ғасырлар бойына қалыптасқан ата салтымыз, халықтық педагогикамыз қайда? Бала тәрбиесіне қатысты құралдар, кез келген көркем туындыларымыз да, міне, таза осы тұрғыда жазылуы тиіс. Елбасы Н.Назарбаев тілге тиек еткен ұлттық код мәселесінің түйіні сонда ғана шешімін табары сөзсіз.

«Ел боалмын десең бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезов даналығы, шынында елдің болашағы тал бесіктен басталатынын меңзеп отыр. Ұлттың ұлағатты ұстаздары, ақындар мен жазушылар, белді мамандар мен геологтар, бәрі де бала күннің даналғын бойына сіңіріп, көкірек көзін ерте аша білгендер. Балалар әдебиетінің қадірін білмейтін ел – болашақтың да қадірін білмейді. Елдің ертеңі үшін күресер ұландарға Тәңір медет бергей.

Тортай Бекет