Алаш арыстарының бірі Мұстафа Шоқайдың ұлтым, түбі бір түркілерім деп өксумен өткен өмірі туралы кейінгі жылдары жиі айтылып та жүр. Алайда, солардың ішінде арамыздан күні кеше дерлік бақиға кеткен білікті ғалым, тарих ғылымының докторы, Көшім Есмағамбетовтың дәйекті де деректі зерттеу еңбектерінің орны ерекше. Бүгін ғалымның бұдан біраз бұрын Мұстафа Шоқайдың елім деп егіліп өткен өмірі туралы аз ғана сұхбатын оқырман назарына ұсындық.

–Тарихи тұлғаның, оның ішінде саналы ғұмырының біразы эмиг- рацияда өткен бірегей саяси қайраткердің еңбектеріи жинастыруда басты қиыншылықтардыц бірі — бүркеншік есімдерін анықтау екендігі белгілі. Мұстафа Шоқайдың бүркеншік есімдерін анықтау қиын болған жоқ па?

 анн толық анықтамай жа- тып, «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп, ол туралы еңбектер жазып, шы- ғармаларының жинағын  құрастырып жүрген жайы бар. Осының салдары- наң бірінің еңбегі келесісіне телініп, соңғысының еңбегі үшінші бір тұлға- ның «меншігіне» айналып жатады. Бүркеншік есімдерді анықтау үшін күрделі мәтінтану жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жағдай ескеріле бермейді.

Мұстафа Шоқайдың өз еңбектерін бүркеншік есімдермен жариялауы Түркісннкезінен басталады. «Грузия», «Батумская жизнь», «Шефек», «На рубеже», «Вольный горец» т.б. басылымдарда жарияланған мақалаларының соңында өз аты-жөнін көр- сетпеуі, ие болмаса басқа адамдардың  атынан жариялауы оның  большевиктер мен монархистер тарапынан қутғындауға ұшырауына  байланысты еді. Сонымен бірге бүркеншік есімдер оқырмандардың ұсынылып отырған ақпаратты  автор көзқарасына байланыстыра қарамай қабылдауына мүмкіндік береді.

Бұл үрдіс эмиграцияда жүрген кезінде де жалғасады. Бүркеншік есімдерді пайдалануда М.Шоқай сан алуан әдістерге жүгінген:

Руына, ұлтына байланысты (Қыпшақ оғлы, Жаңай, Жанаев, Қыпшақ);

ты (Невольный туркестанец, Түркістанлы,

Қоқандық);

Ойдан шығарылған есімдер — аллонимдер (бұлар М.Шоқайдың бүркеншік есімдерінің көпшілігін кұрайды);

Лақап аттармен аталу (дене пішіні, психологиялык, физиономиялық ерекшеліктерін меңзейді);

Мамандығына, айналысатын ісіне байланысты (Тілші, Корреспон- дент, ВіІdiris, Бакинский корреспондент; Собств[енный] корреспондент);

Криптомимдік әдіс (өз атының немесе фамилиясының алғашқы буында рын, не болмаса бас әріптерін қысқартып беру арқылы);

Тек өз есімін ғана көрсету;

Ерекше белгілермен – жұлдызшамен көрсету (***);

Басқа елдің лауазымды адамы ретінде жазу (фон Тангри-Берди).

«Яш Түркістандағы» кеййбір анонимдие бір тоқтамға келуде мәтіннің Мұстафаның қолымен редакцияланғаны  да шындыққа көз жеткізе бермейді, себебі ол бұл де. Ресей мемлекеттік әскери мұрағатында М.Шоқайдың бірен-саран түзетулерімен және «Қозы Көрпеш және Баян Сұлудан» 1927 жылегаударған» деп түсіндірме бе а еңбегі сақталған. Бірақ осыған қарап оны Мұстафаныкі деуге болмайды. Ол – Тахир Шағатайдың «Яш Түркістан» журналында жарық көрген мақаласының түпнұсқасы. Бүркеншік есімдерді шатастыру салдаМ.ның туындылары басқаларға телініп жүр. Олардың қатарында Сокли Кайоғлының француз тіліндегі «Түркістан проблемасы» деген көлемді мақаласын атауға болар еді. Шындығына келгенд. ғы Ибрагим Чуликтің «ұЖымшар саясатының дағдарысы», Әлимардан Топчибашының «Кеңестердің Түркістандағы отарлық саясаты» деген еңбектерін де М.Шоқайға телу жаңсақтық.

Мұстафа Шоқайдың 1ыңхалқының ғана емес, бүкіл түркі руханиятына қосылған сүбелі үлес екендігі жөнінде М.Шоқайға арналған ғылыми конференцияларда аталып өтілгені белгілі. Бұған оңай қол жеткізіле қоймаған болар…

< <

  –Басты қиындық  – Мұстафа Шоқай  ғылымінкітапханалары мен мұрағаттарынд а сақталып келуі. Тарыдай шашылған еңбектерді Париж, Берлин, у,іздестіруге тура келді. Кейбірі тіпті Америка Құрама Штаттарынан табылды.

Мұстафа Шоқайдың өмірі, дүние- танымы мен қайраткерлік болмысы жөнінде зерттеу жүргізу мен оның еңбектерін жинастыру барысында ұшы- расқан қиындықтардын бәрін бірдей санай берудің қажеті бола қоймас. Бі- рақ солардың бірін айтпай  кете алмаймын. Ол – Мұстафа еңбектерінің қазақ, орыс, шағатай, түрік, француз, ағылшын, неміс, поляк, грузин тілдерінде жарық  көруі. Мұстафаның өзі қазақ, орыс, грузин, түрік, шағатай, француз, өзбек, ағылшын, неміс тілдерінде сөйлеп, жаза білді. Француз тілінде «Про- метей» журналында 108 мақаласы жарық көрді. 1980 жылы америкалық га- лым Эдвард Лаззарини М.Шоқайдың Париждегі жеке мұрағаттық қорын жүйелеп шығып, оның «ғылыми мұрасын игеру үшін үлкен ізденіске қоса, асқан лингвистикалық дарын керек» деген болатын. Әрине, менде сондай қасиет болды дегенді айтқалы отырған жоқпын. Тек сан алуан тілдерде жарық көрген еңбектерді мәтінтанулық сараптамадан өткізудің оңай еместігіне назар аударып отырмын.

  –Сіз бір сұхбатыңызда шетелдің беделді басылымдары «Яш Түркіс- танға» сілтеме жасап отырды деп едіңіз. «Яш Түркістан» журналы Гер- манияда шығып тұрды. Ал елде болып жатқан оқиғаларды талдап мақала жазу үшін «Ақ жол» газетінен дерек алғандығын білеміз. Мұстафа Шоқай «Ақ жол» газетінен басқа қандай дерек көздерді пайдаланды?

  –Мұстафа Шоқайдың қай еңбектерін алсаңыз да, кеңестік деректерге сілтеме жасай отырып жазғандығын көресіз. Сондықтан да оның айт- қандарын, тұжырымдарын жоққа шығару қиын. Кезінде ол Сталинге дейін жетті. Сталин «Ақ жол» газетін Мұстафа Шоқай сияқты адамдар бізге қарсы пайдаланып отыр деді. Шындығында да, Мұстафа Шоқай «Ақ жол» газетін қандай да бір жолдармен алып, сондағы материалдарға сілтеме жасап отырды. Менің зерттеулерімде толық қай нөмірінен қай мақала алғандығы жөнінде жазылған. Одан басқа ол сол кездегі «Казахстанская правда»ттта Азиялық республикаларының барлық жетекші басылымдарын жаздырып алып отырды. Одан басқа да деректер болды. Бірақ негізгі деректерді кеңес басылымдарының өзінен алып отырған.

  – Ол басылымдар Мұстафа Шоқайға қалай жетті?

– Ол енді құпия. Оны Мұстафа Шоқай да жазған жоқ, басқа ешкім де білмейді. Эмиграциялык өмірде кейбір  нәрселерді құпия ұстауға тура келеді. Менің кітабымда (1-томда) «Елмен байбір жайттарды меңзегендігі баяндалады. Бірақ 30-жылдарда Тебе деген кісіге барып, Орта Азияда, менің ойымша, Өзбекстанда жергілікті қайраткерлермен байланыс орнатылды. Ал Тебе деп отырғаны Тебеккул Бабыр деген адам. Ол «Түркістан милли бірлігі» ұйымының мүшесі. Ауғанстандағы кеңес барлаушысы Махмұд Айқарлы бәрін бірдей ұстап бере алмады. Жаңағы Тебенің осындай байланыс орнатуына байланысты «Яш Түркістанның» кейбір нөмірлері де Өзбекстанға жетіп отырды. Мұстафа Шоқайды жұрттар тек осы «Яш Түркістанмен» ғана байланыстырады. Одан басқа «Йени Түркістан» дег7 — да шығып  тұрды. Ал «Йени Түркістанның» негізін қалаған, ұйымдастырған Мұстафа Шоқай. Зерттеу кітабымда бұл жөнінде барлық мәліметгерді көрсеткенмін. «Йени Түркістанды» «Түркістан милли бірлігінің» бірден бір ұйымы бола ма деп ойлады. Эмиграцияга Түркістан эмиграциясының басшылары ретінде үш адам барған-ды. Ол Бұхара республикасының бұрынғы президенті Осман Қожа, башқұрт Ахмед-Заки Валиди және Мұстафа Шоқай. Әлгілер Стамбулда Мұстафа Шоқайды жайлап-жайлап ығыстыра бастайды. Содан кейін Мұстафа Шоқай 1929 жылдан бастап өзінің «Яш Түркістан» журналын ұйымдастырады. Одан басқа тағы бір журнал болған. Түркияға барған кезімде Стамбулда кп жүрген Ахат Андижани деген профессормен кездестім.

Онымен  біраз  әңгімелестік. Сонда отырып мен «Түркістан» журналы жөнін- де не білесіз? Қалай табуға болады?», — деп сұрадым. «Түркістан» деген жур- нал жок, «Яш Түркістанды» адамдар қате айтып жүр ғой деген жауап алдым. Бұдан кейін мен Осман Қожаның баласы, профессор Тимур Қожа-оғлы деген кісіден сұрадым. Ол да білмейді екен. Бірнеше кітапханаларды, мұрағаттар- ды ақтарып жүріп, ақыры «Түркістан» журналын таптым. Ол «Яш Түркістан- нан» бөлек. Оның бар болғаны 5 нөмірі шығыпты. 1934 жылы 3 нөмірі, 1935 жылы 2 нөмірі шыққан. Қалайша «Яш Түркістанмен» қатарластырып «Түркіс тан» журналын шығарған? Жағдай былай еді. 1934 жылы Кеңес Одағы мен Түркияның арасында келісім жасалады. Ол келісім бойынша Кеңес Одағы ондағы эмигранттық ұйымдардың қызметіне шектеу қою жөнінде талап қояды. Осыдан кейін Түркия эмигранттық ұйымдарды елден шығара бастайды. «Йени Түркістанға», «Яш Түркістанның» Түркияда тарауына тыйым салынады. Сосын Мұстафа Шоқай «Ол жерде біздің көптеген түркістаңдық мұғажырлар тұрады, қалайша олардан, оқырмандардан айырылып қаламыз дегенді айтады. Бұл бізге өте ауыр соққы болды. Біз Түркияның бұл әрекетін түсінеміз. Бірақ біз де түркістандықтарсыз қалай қалып қоямыз» дейді. Содан «Түркістан» деген журнал шығаруды ұйғарады. «Түркістан» дейтін журналды шығарып, Түркияға, Стамбулға тарата бастайды. 5 нөмірі шыққаннан кейін «Түркістан» журналын Түркияда таратпау жөнінде шешім шығарылады. Оған Ататүріктің өзі қол қояды. «Яш Түркістанға» тыйым салу саяси жағдайға байланысты еді. Түркия әуелде, тәуелсіздік алған кезде Ататүріктің басшылығымен бүкіл батыс мемлекеттеріне қарсы соғысты. Сол кезерар болды. Сондықтан да ол Кеңес Одағымен уақытша болса да одаққа барып, оның талаптарын орындады. Бірақ кейін әлденіп, өздеріне-өздері келіп, саяси-экономикалық және әскери қабілетін қалпына келтіргеннен кейіи түрік тілдес халықтар жағына шыға бастады.

 «Түркістан милли бірлігі» жайлы толығырақ айтып өтсеңіз.

  –Саяси күрес жүргізу үшін күрес жүргізу тәсілдерін, оның механизмдерін құру керек. Оған, ең алдымен, өзіңнің сөзіңді дүние жүзіне, басқа елдерге, жалпы өзіңнің халқыңа жеткізу үшін бірінші баспа органы керек. Баспа органын «Йекін кейін адамдардың бәрін ұйымдастыру, идеологиялық тұрғыдан бәрінің бастарын біріктіру үшін қандай да бір саяси ұйым қажет. Ал ондай саяси ұйымның негізі бұрынырақ, Орталық Азияда жүргеңде қаланған. Аттары басқа болғанмен, Мұстафа Шоқайдың өзі кейін Түркістан мұхтарияты (Қокқан автономиясы) құлатылғаннан кейін де 5 адам болып біздер сол ұйымның негізін қалағанбыз дейді. Ал «Түркістан  милли бірлігі» шетелде емес, кезінде өзіміздің отанымызда ұйымдастырылған. Мысалы, ондағы бі- реуі  Мұстафа Шоқай, келесісі Ахмед- Заки  Валиди. Қалғандары кім, олар құ пия күйінде қалды. Кейін шетелге барғаннан соң  бұл ұйымның қызметін жан дандырып, оған Осман Қожа басшылық етті. «Йени Түркістанды» Ахмед-Заки Валиди шығарып тұрады. Мұстафа Шоқай  «Түркістан миллн бірлігінің» Батыс  Еуропадағы өкілі ретінде тағайындалады. Оған «Түркістан милли бірлігінің» алдына қойған мақсаттарын  Батыс  Еуропа елдеріне, бүкіл батыс жұртшылығына жеткізу міндеті жүктеледі. Ал ол ең маңызды іс болатын. Себебі шетелге кеткенде де Мұстафа Шоқайдың алдына бірден-бір мақсат Түркістандағы жағдай туралы хабарлау, лениндік саясаттың  ешқандай теңдік әкелмегендігі, түркістандықтардың отарлық жағдайда өмір сүріп жатқандығы, осы жөнінде бүкіл дүние жүзін хабардар ету керек болды. Осы міндетті Мұстафа Шоқай алғашқы күндерден бастап атқара бастады. Мұстафа Шоқайға ондай міндет жүктелуі оның білімділігітілды. Кейін, 1928 жылы Ахмед-Заки Валиди «Түркістан милли бірлігінде» бірден-бір басшы болуға тырысолрген кездер де болды. Бірақ 1 жылдан кейін оның мүшелері Ахмед-Заки Валидидің өзін бұл ұйымнан шығарып, Мұстафа Шоқайды ұйымның бірінші басшысы етіп тағайындайды.

–Мұстафа Шоқайдың Вали- Каюмға жазған құпия хаты бар екен. Осы орайда Мұстафа Шоқайдың Валн-Каюммен байланысы жайлы нендей мәлімет айтар едіңіз?

–1923 жылдары Орталық Азиядан, Қазақстаннан жастарды шетелге оқуға жіберу жөнінде  іс-шаралар атқарылды. Солардың қатарында бірнеше өзбектер, Ә.Битілеуов, Ғ.Бірімжанов, Ә.Мұңайтпасов, Т.Қазыбеков деген қазақтар болды. Вали-Каюм осылардың ішінде барған өзбектердің бірі. Бірақ Вали-Каюм барғаннан кейін Мұстафа Шоқаймен қарым-қатынас орнатпай, өз алдына немістермен ауыз жаласып кетеді. Содан бір күндері Вали-Каюм Мұстафа Шоқайды Парижге іздеп келеді. Ұлтжанды адам екендігін, ұлттық күреске қатысып жүргендігін, «Яш Түркістанның» көлемін көбейтуге көмектесетіндігін айтып, ұсыныстар жасай бастайды. Алғашқы кезде Мұстафа Шоқай оны асқан күдікпен қабылдайды. Бірақ кейін, 1941 жылы соғыс басталып, Мұятафа Шоқайды және басқа да халықтардың эмиграцияда жүрген жетекшілерін тұтқынға түскен адамдардың тізімін алуға, сол секілді жұмыстарды атқаруға шақырады. Мұстафа Шоқайды түркістандықтардың тізімін жасауға шақырды. Ал Мұстафа Шоқай түркістандықтармен кездесуге өзі де құштар болады. себебі ол өзінің 20 жыл бойы жазған, айтқан, алдына қойған мақсаттары жөнінде олармен әңгімелесе отырып, соның дұрыс-қисықтығын білгісі келді. бірақ тұтқындарды көргеннен кейін өзінің алға қойған мақсаттарын ұмытып, шошынып кетеді. Олардың аурудан, аш- тықтан өліп жатқанын  көреді. Алғашқы кезде ол немістер сияқты өркениетті халық тұтқындарды жақсы жағдайда ұстайтын  болуы керек деп ойлайтын. Бі рақ  олай болмай шығады. Содан кейін ол алдына бірден-бір мақсат койды. Ол түркістандықтарға  мүмкіндігінше, қалайда  қол ұшын  беруді ойлады. Сол кезде Вали-Каюмды Мұстафа  Шоқайға көмекші ретінде қосып берген. Ең соңғы рет лагерьден келе жатқанда да, пойызда қасында Вали-Каюм болды. Сосын Әлихан Кантемир дейтін осетиндердің жетекшісі болған. Берлинге келген кезде Мұстафа Шоқай ауруханаға  түсіп, 5-6 күннен кейін обадан қайтыс болады. Ол қайтыс боларда медсестра укол салады. Укол салған кезде ұйықтап кетеді  де, содан оянбайды. Оған Вали-Каюмның қатысы бар деген де әңгімелер бар. Мен соның кейбір тұстарын анықтағым келді. Мұстафа Шоқай өзінің бүкіл жазбаларын, қағаздарын ауруханада  жатқан кезінде Вали-Каюмға тапсырып кеткен. «Очень доверительно» деп жоғарғы жағына жазылған 10 шақты бет хатты Вали-Каюмға береді. Мұстафа Шоқай Вали-Каюмға сенгені сөзсіз. Ол тастап кеткен қағаздарының барлығын Мария Шоқайға береді. Вали-Каюм іштарлық танытып, Мұстафа Шоқайды көре алмады. Ол өзі бірінші болғысы тқайды өлтіруге барды деп ойламаймын. Себебі ол қожайындары немістерден қорқатыны аян.  Ол егер өлтірсе, тек қана немістердің айтуымен ғана өлтіреді. Оның бір күдік  тудыратын жері бар. Кейін берген сұхбаттарының бірінде мен Мұстафа Шоқайдың қасыңда болған жоқпын, басқа жерде болдым дегенді айтып қалған. Ал енді шындығына келгенде, ол Мұстафа Шоқайдың жанында болды. Ол кезде кеңес барлаушылары да жұмыс істеді қайсысының қолынан келді, оны нақтылы айту қиын. Оның дене сүйегін қазып  алып, экспертиза жасаса ғана анықталуы  мүмкін. Тіпті бір ғасыр бұрын өлген  Наполеонның өзін у беріп өлтірілгені  анықталды ғой. Мәйітін қазып алған соң шашынан удың құрамы табылып, атақты император у беріп өлтірілгені нақтыланды. Ал Мұстафа Шоқайды да солай анықтауға болады. Бірақ ондай жұмыстар әзір жүргізіліп жатқан жоқ.

  –Бірақ ондай жұмыстардың жүргізілгені қоғамдық, діни санамызда дұрыс қабылданар ма екен?

  –Әрине, Мұстафа Шоқай секілді ұлы қайраткердің неден өлгенін білу бізге өте қажет. Басқа біреудің  қолынан келді ме, әлде немістерден келді ме, тіпті оның неден өлгенін білу де тарих үшін аса маңызды. Мұстафа Шоқайдың денесін Қазақстанға әкеліп біздің  Ұлттық  пантеонга жерлесе де ешқандай артықтығы жоқ. Қайта біздің жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен көмегі тиер еді. Халқының тәуелсіздігі үшін жанын пңда еткен адамға өз елінің топырағы неге бұйырмайды?!

Мұстафа Шоқайдың эпистолярлық мұрасы жайлы қайта сөз қозғасақ. Журналистік тұрғыдан алғанда ол кісінің эпистолярлық журналистиканың негізін қалаушы тұлға деп айтуымызға бола ма?

–Жоқ, олай айтуға болмады. Жалпы Мұстафа Шоқайды шетелдік ұлт- тық журналистиканың  негізін қалаушы деп тануымыз дұрысырақ. Мұстафа Шоқайды біздер тарихшы дейміз, саясаттанушы дейміз, халықаралық сарап- шы дейміз, тағы басқа сан қырлы адам. Оның білімдарлығы ұшан-теңіз. Оның Париждегі кітапханаға барған кездегі оқырмандар билетін көрдім. Сол оқырмандар билетінде «мамандығыңыз» деген графикаға «журналист» деп жазыпты. Мұстафа Шоқайдың 1922 жылғы Ташкенттегі біреуге жазған хатында Парижде қандай орыс эмигранттарының басылымдары шығады, онда қандай саяси ағымдар бар екендігін тәптіштейді, соған қарағанда ол басқа біреуге емес, Халел Досмұхамедов сияқты, не басқа бір үлкен қайраткерге арнап жазылган хат деп айтқанмын. Сонда ұлттық басылымдарды, «Ақ жолды», онда редактор кім, тағы басқаларды жазады.

«Грузияда бірнеше газет-журналдар шығардым, мен журналистиканы жақсы көремін ғой», — деп айтқан.

Ғылыми тұрғыдан алатын болсақ, Батыс Еуропада «советология» деген кешенді ғылыми пән болды. Советология – бүкіл батыс әлеміңде Кеңес Одағының ішкі-сыртқы саясатын сынға алған, әшкерелеген қуатты ғылыми ағым. Осы советологияның бастауыңда тұрған Мұстафа Шоқай. Оның түрлі концепцияларына қарасаңыз, Қазан революциясының, шаруаларды ұжымдас- тырудың, өндірісті иңдустрияландырудың қазақ және басқа түрік халықта- рына өте қымбатқа түскендігін атайдкоілігін батыстың советолог  ғалымдары пайдаланды. Мен ширек ғасырдай Қазақстанның Батыс әлемінде зерттелуімен айналысқан адаммын. Соноқарды көргенмін.

Мұстафа Шоқайды Кеңес Одағына сатқындық жасады, немістермен қарым-қатынаста болды дейді. Ал шынында, заң тұрғысынан алған кезде, Мұстафа Шоқай Кеңес Одағының азаматы болған жоқ. Ол немістермен қарым-қатынаста болып, түркістандықтарды лагерьлерден шығарып, түрлі жұмыстарға ұсынумен ғана айналысты. Париждегі жеке мұрағаттық қорын қарасаңыз, сонда Мұстафа Шоқай жинастырған түркістандық соғыс тұтқындарының тізімдері бар. Сол тізімдерді алған кезде неміс тілінде кімді қандай жұмыстарға пайдалану керектігі жөнінде ұсыныс жасаған. Тұтқындарды шаштараз, аспаз, құрылысшы, тракторист, балықшы тағы басқа да мамандықтарға жұмысқа орналастырмақ болады. Бір жағынан, өзінің күрес жүргізіп жүрген мақсатының дұрыс-қисықтығын білгісі де келген.

 Мен «Ана тілі» газетіне «Мұстафа Шоқай және Түркістандық соғыс тұтқындары» деген мақала жаздым. Ол бірде-бір адамды әскери құрылымға ұсынбаған. «Түркістандық легион» деген Мұстафа Шоқайдың  кезінде болған жоқ. Ресейдің мемлекеттік әскери мұрағатынан өте құнды құжат таптым. 1948 жылы Мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі Берлиндегі өзінің оперативтік секторына «Мұстафа Шоқай, 1890 жылы туған, компр- материалдар керек» деп  хат  жазады. Оперативтік с ектор 1948 жылы бүкіл архивті ақтарып, ешқандай материал жоқ деп жауап береді. Яғни, Мұстафа Шоқай  немістермен ешқандай қарым-қатынаста болмаған. Ондай құжаттар Ресейдің ФСБ арихивінде болуы керек. Архивтерді бөліскенде  әлгі құжат осы жерде кездейсоқ қалып қойған. Міне осы құжаттардың бәріне қарамастан әлі күнге кейбір адамдар интернетте, тағы басқа жерлерде Мұстафа Шоқай немістерге сатылды дегенді айтады.

Францияға  барғаннан кейін, 1925 жылдан Мұстафа Шоқай әйелімен бірге бақылауға  алынды. Содан ол өлгенге дейін бақыланды. Немістермен жұмыс жасап жүргенде де ол бақылауда болған. Француз полициясы депар- таментінің материалдарында Мұстафа Шоқайды үлкен демократ дегеннен басқа сөз жоқ. Мұстафа Шоқай шын мәнінде де үлкен демократ және гума- нист. Ол тек қазақ халқының ғана емес, басқада халықтардың тең құқылы өмір сүруін, құқықтарының қорғалуын сөзімен де, ісімен де дәлелдеген. Мұстафа Шоқай өзінің Отанын Түркістан деп есептеді. Оның патша үкіметі кезінде берілген паспорты бар екен. Оны Тимур Қожа-оғлының кітапханасынан  көрдім. М.Шоқай, тағы айтайын, Кеңес Одағының азаматы болған жоқ, өзін Түркістан азаматымын деп есептеді. Ал менің айтайын деп отырғаным, ол – әлем азаматы. Мысалы, академик Сахаровты Ресейдің ғана азаматы емес, әлем азаматы дейді ғой. Мұстафа Шоқай – сол тұрғылас тарихи тұлға. ол – әлем азаматы. Ол әлемнің қай түкпірінде болсын әділетсіздікке қарсы тұрды

Бір сұхбатыңызда  Мұстафа Шоқайдың 400 баспа табақтай еңбектері бар деп едіңіз. Тұлғаның барлық еңбектері табылды дей аламыз ба?

– 12 томдықтың көлемін қарасаң сол 400 баспа табақтай болады. Бар ең бегін жинауға тырыстық. Бірақ бірде-бір адам бәрін жинадым деп кепілдік бере алмайды. Себебі Мұстафа Шоқайдың жан-жаққа шашырап кеткен кейбір еңбектерін тіпті Америкадан таптық. Мүмкін қалып қойған еңбектері болса болашақ  ұрпақтар іздеген кезде табылып  жатар. Әлкей Марғұланның өзі 5 томдық қылып Шоқан Уалихановтың еңбектерін шығарды. Соны біздер, Шығыстану институты, қайтадан қолға алып, жаңадан тағы 1 томдық еңбегін таптық. Ол Шоқан Уалихановтың 5 томдығына кірмей қалған еңбектері. Ал В. Бартольдты  алып қараңыз. Оның да бұрыннан қалып қойғаабдыңғы томдарға енбей қалған, Грузиядан, тағы басқа жерлерден табылған кейбір еңбектерін бердім. Мүмкін тағы да та- былып қалар. Бәрін жасадым, бітірдім деп айта алмаймын. «Бірлік туы» га- зетінің бірінші нөмірін, «Түркістан» журналының бірінші нөмірін әлі күнге іздеу үстіндемін.

sp;Бәкірұлы ағамыз 2005 жылы жарияланған «Астыртын ала- сапыран» атты мақаласында Мұстафа Шоқайдың жеке басына ОГПУ «Двуликий», «Светоч» және «Франц» деген үш оперативтік іс жүргізгендігін айтады. Бұл жайлы да көп айтыла бермейді. Оның себебі неде деп ойлайсыз?

  –Айтыла бермейтін себебі, ол операциялардың құпиялары әлі ашылған жоқ. Мысалы, Түркияда бір барлаушыны мұғажырлар өздері ашады. Ал Мұстафа Шоқайға қарсы бағытталған Махмұд Айқарлы деген ашылмай кетті. 50-ші жылдардың орта кезінде ол эмигранттармен қосылып, Пәкістанға дейін барып, содан кейін Ташкентке оралды. Ол кезде Мұстафа Шоқай да жоқ. Махмұд Айқарлы шетелдік эмиграцияның ішінде жұмыс істеді. Ташкентке оралып, Ленин орденімен марапатталып, солай өмірден өтті

   – Мұстафа Шоқай «Ұлттық  интеллигенция» атты мақаласында  Шоқан Уалиханов батыстың білімінен ғана сусындағаны туралы жазады. Осы жайлы толықтырып айтсаңыз.

М.Шоқай біржақты тәрбиеленген адам қалай болғанда да ұлтына дұрыс жұмыс жасай алмайды деп түйіндейді. Оның өзі батыстық, шығыстық өркениеттердің озық жетістіктерін бойына тоғыстырған адам. Ол – әлемдік деңгейге көтерілген үлкен тұлға. Мысалы, Украинаның бұрынғы сыртқы іс- тер министрі Н.Л.Шульгин егер Мұстафа Шоқай тірі болса Ататүрік сияқ- ты, не одан басқа қайраткерлер санатына қосылар еді деген-ді. Тіпті Ататүрік тей емес, ол одан да биік, өз жолымен кететін адам еді дейді. Мұстафа Шо- қайдың «Ұлттық интеллигенция» жайлы жазған осы мақаласы – ең маңызды еңбектерінің бірі. Бұл методологиялық тұрғыдан да өте құнды еңбек. Мы- салы, бізде журналистер, ақын-жазушылар, артистер, бәрі өздерін ұлттық зия лылармыз деп есептейді. Ал Мұстафа Шоқай білім алған, рухани салада жұ- мыс істеп жүрген адамдардың бәрін бірдей зиялылар қатарына қосуға бол- майды деп айтады. Зиялы деп ұлттың мүддесіне жұмыс істеген, алдына үл- кен мақсат қойған адамдарды атауға болады дейді. Шоқанды алыңыз дейді, «бұл өте дарынды, жас кезінде сондай үлкен жетістікке жеткен адам. Бірақ ол патша үкіметіне қызмет істеген адам» дейді. Мен «Егемен Қазақстанда» Шо- қан туралы бір-екі мақала жазғанмын. Сонда ол өмірінің соңында өзінің көз- қарастарының терістігін сезініп, өкіне бастағанын айтқанмын. Мысалы, ол Достоевскиймен дос болды. Достоевскийдің өзі өте ұлтшыл адам болған. Ол Босфор мен Дарданеллді өзімізге қаратып, орыстың жалауын Стамбулда желбірету керек дейді. Әрине, мен ондай көзқарастарды Шоқан Уалиханов қабылдады деп айта алмаймын. Ұлттық зиялыға жүктелетін міндет өте зор. Онсыз халық ұлт деңгейіне көтеріле алмайды, тарих субьектісіне айналмайды.

  –Мұстафа Шоқайдың «тұтас Түркістан» идеясын дұрыс түсіндіре алып жүрміз бе?

  –Мұстафа Шоқайдың  ғылыми мұрасында біртұтас Түркістан идеясы маңызды орын алады. Біртұтас Түркістан идеясының кейбір қырлары бар. Бұл идея – қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжіктердің тағдырына қатысты идея. Мұстафа Шоқай бұлардың бастары бірігіп, біртұтас мемлекет құру керек дейді. Олар бір халық. Бірақ оны бөлектеп, ажыратып жіберіп отырған кеңестік саясат. Олардың бастары бірігіп, бір мемлекет құратын болса, орыстардың үстемдік жүргізуіне де қиын болады. Екіншіден, бұл халықтардың бастары біріксе одардың тәуелеіздік алуына да мүмкіндік туады. Сосын осы тәуелсіздікті сақтап қалу үшін де керек дейді М.Шоқай. Мұны ғылымда этникалық бірегейлік дейді. Ол осылардың  бір  халық ретінде этникалық бірегейлігін қалыптастыру жолында жұмыс істеді. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл халықтар бәрі бір унитарлық мемлекетте бола ма, әлде болмаса осы мемлекеттің ішінде  автономия ретінде өмір сүргісі келе ме, оны өмір көрсетеді. Әуелі тәуелсіздік алу керек. Швейцария конфедерациясы жұмыс істеп жатыр ғой, сондай мемлекет те болуымыз мүмкін дейді. Оны жалпы түркі халықтарының  бірлігі идеясымен шатастыру ға болмайды. Олардың ішінде түріктер де бар, әзірбайжандар да бар, башқұрттар да бар. Ол бұлардың бәрінің басын қосып, бір мемлекет құра алмаймыз дейді. Олар әртүрлі географиялық жағдайда өмір сүріп жатыр. Анадолыдан бастап Алтайға дейін қалай мемлекет құрамыз дейді. Түркі халықтары бір туысқан, бір отбасының адамдары секілді әрқашан да бір-бірімізді қолдап, бір-бірімізге қолымыздан келген көмекті беріп отыруымыз керек дейді. Бұл тұрғыдан алғанда Юсуф Ақшора деген Түркиядағы үлкен қайраткер Анадолыдан Алтайға дейін бір мемлекет құрамыз деген идея ұсынды. Сондықтан да Юсуф Ақшорамен Мұстафа Шоқайдың арасында келіспеушілік те болған. Мысалы, біздерге украиндықтардан гөрі әзірбайжандар мен қырым татарлары әлдеқайда жақын, оны мен жасырмаймын дейді. Бірақ оларменен жақын  болу, бір-бірімізді қолдау басқа халықтарды итеріп тастаумен, олармен байланысты үзу деген мағынаны тудырмайды деп айтады. Осы жөнінде көптеген келіспеушіліктер, талас-тартыстар орын алған.

  –Ал қазіргі геосаяси жағдайымызда Мұстафа Шоқай армандағандай, осы айтылған түркі тілдес халықтармен саяси одақ құруымызға мүмкіндік бар ма?

  –Біртұтас Түркістан идеясы өміршең деп ойлаймын. Ал басқа түркі ха- лықтарымен қарым-қатынаста болу М.Шоқай пайымдауы бағытыңда болса керек.

Мұстафа Шоқай бірегей, қайталанбас қайраткер. Ол – бүгінгі күнгі тәуелсіздігіміздің жаршысы, оның жалынды күрескері. Ол 1923 жылы Францияның «Orient et Occident» деген журналына мақала жариялады. Онда Кеңес Одағының 5-6 жыл өмір сүруі көрсеткендей, біз Ресеймен Кеңес Одағында бірге өмір сүре алмайтынымызды дәлелдеп берді деп жазады. Біз этникалық тұрғыдан халық ретінде жоғалып кетеміз. Сондықтан да біз р бірден-бір шарты Кеңес Одағынан бөлініп шығып, өз алдына мемлекет құру, дербес өмір сүру. Дербес өмір сүргенде Түркістандағы халықтың  басын біріктіріп өмір сүру керек дейді.  Мұстафа Шоқайды басқа Алаш қырау төмен деп айта алмаймын. Әлихан Бөкейхановтың үлкен қайраткер, Алаш көсемі екендігін жақсы білемін. Бірақ  ол да, жәдид қозғалысы жетекшілерінің бірде-біреуі де дербес өмір сүру, толық тәуелсіздік алуымыз керек деген идеяны ұсынған жоқ. Бұлардың барлығы Кеңес Одағының құрамында автономия алу керек деген бағдарламаны ұстанды. Ал Мұстафа Шоқай «автономия деген алғашқы кездегі біздің балалық дәуіріміз» дейді. Біз оған енді қайтпаймыз, біз дербес ел болуымыз керек дегенді айтқан.  Осы дербес  ел болуымыз керек деген идеясы қазіргі біздің  тәуелсіз өмір сүруімізге, «Мәңгілік ел» саясатына толық сәйкес келеді. Мұстафа Шоқай біздер тәуелсіздігімізге қауіп төндіретін бірде-бір одақта болмаймыз, дербес өмір сүруіміз керек деген идеяны аманат ретінде қалдырды. Қазірдің өзінде де Мұстафа Шоқайды кейбіреулердің түрткілейтін себебі де – оныШо Маtin» деген журналына берген сұхбатында біздер тәуелсіздік алғаннан кейін Англиямен мәңгілік дос боламыз, Ресейден мүлдем қол үземіз деген сөздер келтірілген. Осыған  байланысты мен Мұстафа Шоқайдың жеке мұрағаттық қорынан кішкентай ғана карандашпен жазылған бір құжатты таптым. Мұстафа  Шоқай  Анри  Кораб деген тілшінің бәрін шатастырып жазғанын айтып, «андік алғаннан кейін Ресеймен мәңгілік жау болып, Англиямен мәңгілік дос болғаннан не таба- мыз» дейді. Геосаяси тұрғыдан алғанда, біз қөрші болғаннан кейін, демок- ратиялық па, автократиялық па, қандай Ресей болсын онымен оларға да, бізге де пайдалы екіжақты қатынастар болу керек дейді. Бірақ Ресеймен осындай қарым-қатынаста болу олардың дегенін жасай беру деген сөз емес. Бір- жақты келісім елдің тәуелсіздігіне өте қауіпті дейді. Жалпы біздер тәуелсіздік алғаннан кейін барлық елдермен қарым-қатынаста болуымыз керек. Әсіресе, өзінің дамуында алға кеткен батыс елдерімен қарым-қатынасымызды дамыту керек дейді. Яғни, онын Англиямен де, Франциямен де, тағы басқа елдермен де қатынасуымыз керек  дегені қазіргі біздің ұстанып отырған саясатқа дәл келеді. Шындығына келгенде біздер тәуелсіздігімізді сақтап, ішкі істерімізге қол сұқтырмай, барлық елдермен, барлық мемлекеттермен екіжақты тиімді қарым-қатынастарда болуымыз керек деп ойлаймын.

Мұстафа Шоқай – түркістандықтардың тәуелсіз  де бақуатты өмірі үшін соңғы деміне дейін күрес жүргізген ұлы тұлға, оның идеологы, жалынды публицист, демократ және гуманисг, ұланғайыр білім иесі. Ол ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетті. 30-шы жылдары қазақтардың жаппай ашаршылыққа ұшырап жатқаны жөніндегі шетелде науқанды бастаған тұңғыш қазақ. Ол – Корольдік Халықаралық қатынастар институтында (Англия) екі сағат бойы таза француз тілінде лекция оқып, сон да жиналған ағылшын элитасыр ңес өкіметінің отарлық саясатын бетіне басып, әлем жұртшылығына жария ет кен де сол – М.Шоқай. Мұстафа жөнінде айтылар сөз көп қой. Бүгінгі ұрпақ оған қарыздар.

Сұхбаттасқан Нұрлайым  БАТЫР