№2 Ақпан, 2025

Бүгінгі күн тіршілігі мен қоғамдағы жағдайларға шынайы көзқараста қарайтын суретшілерді жоққа шығара алмаспыз. Әр кезеңнің шындығнеша сипаттай алмасы анық.

Бүгінгі қазақ кескіндеме өнеріндегі жарқын тұлғалардың қатарында Алмас Нұрғожа шығармашылығын атап өтуге болады. Оның туындылары терең философиялық ойлау кеңістігіне арналып, өзіндік кескіндемелік жеткізілу мәнерімен көрерменді қызықтырады. Суретші постмодерн бағытының айшықты белгілері арқылы түрлі бзітырған. Туындыларында қазіргі әлеуметтік және философиялық ойлармен, заманауи миф негіздерімен байланысты терең мағына сақталады. Постмодерндік суретшілер өткенді бүгінгі көзқарастар арнасына салып, өзіндік «жаңа мифін» құрады. Мұндағы «жаңа миф» қазіргі шынайылық, көзқарас және дүниетаныммен байланысты.
Неомифология бүгінгі ақпараттанған заманда болып жатқан құбылыстар. Жаңа тың идеялар, дәстүрлі мәдениет пен жаңа заман мәдениеті арасындағы салыстырмалы көзқарастар барлығы сайып келгенде неомифология яғни жаңа мифологемалар санатына жатқызылады. Барлық елдердің мәдениеттерінде классикалық және әсіресе архаикалық мифті зерттеуге деген қызығушылық өзекті бола болады. Неомифологиялық сана символизмнен бастап постмодернизмге дейін ХХ ғасырдың мәдени санасының негізгі көрінісіне айналғандығы тарихтан белгілі. Сол себепті Алмас Нұрғожа туындыларындағы неомифологиялық әдістер бүгінгі таң көрерменіне өте қызықты болып отыр. Мәдениеттердің синтезделген нұсқасында біз постмодернизм бағыты мәдениетінен көре аламыз. Суретші аталған ерекшеліктерді өзіндік санасынан өткізе отырып, бізге бүгінгі жас келбетін, бүгінгі ұрпақ көзқарасын, тың идеялар негіздерін көрсете алады.
Бүгінгі ақпараттанған замандағы жаңа технологиялар, фантасмогориялық құбылыстар, медиа сферадағы құрылымдар барлығы да жаңа ұрпақ санасында өзгеше алыптарды, айрықша бейнелерді қалыптастыра алады. Тал бесіктен бастап ұялы сымтетік пен ғаламтор жалпы адамзатқа технологияның күшін, оның бейнелеулік әдістерін барлығын сана негіздеріне салып қойған. Сондай күштер Алмас Нұрғожа туындыларында айрықша көрініс табады. Қазақ кескіндемесіндегі кескіндемелік тіл заманауи философиялық тілге алмастырылып, көрермен түспен бояу арасынан өзіндік ойын арашалап шығаруы тиіс. Ал А. Нұрғожа туындыларынан біз кеңістікте көрінген теңсіздік, антигравитация негіздерін айрықша бағалаймыз. Бұл заманауи көрерменді өзіне ынтық ете түсетіні анық. Сонымен қатар әлемдік мифологиямен қазақ мифологиясының бірлескен нұсқаларыда, өнердегі синкреттелген образдар нұсқасында шынайы көрініс тапқан. Бұл негіздер арқылы біз әлеуметтік-саяси мифологиялардыңда суретші туындыларында жарқындыққа ие болғандығын алға тартамыз.
Суретшінің «Үш доп» (2019) туындысы аталған мифологиялық бейнелер арқылы адам санасына терең ене алады. Шексіздік, тұңғиық, тереңдік көрінісі мен динамика арпалыс арасынан орын алған. Туындыдағы мифтендірілген бейне бұл — «кентавр». Кентаврды Батыс Еуропа зерттеушілері бүгінгі таңда «мәселе» ретінде қарастырады. Биологиялық зерттеулер бойынша жылқы жануары мен адамның ешқандайда гендік, хромосомалық ұқсастықтары мен бірліктері жоқ. Олар ешқандай жағдайда бірлескен дене бітімді бола алмайды. Кентавр мифологиялық бейне, дегенменде оның бүгінгі таңдағы қарама-қарсылық мифологиясын көрсетуде шынайы бейнеге айналуы мүмкін.
Қоғамдағы қарама-қарсылықты антикалық архетиптенген бейне ретінде қабылдаған дұрыс. Қазақ суретшісінің мифологиялық сана кеңістігі әлемдік мифология ширегін көрсетуімен әлемдік кеңістікке шығып отыр. Сол арқылы қазақ мәдениетінің, қазақ қоғамының бүгінгі таңдағы саяси, мәдени кеңістік мәселелері ақтарылады, тарих болып жазылады. «Үш доп» туындысынан бүгінгі адамдардың арпалыс өмірін, өмір жалғастығын көре аламыз. Кентавр бейнесіндегі адам кейпі дене құрылымының айрықша бұрылымдары арқылы ежелгі классикалық өнердегі «Дискобол» туындысындағы пішін сомдау ерекшеліктерін негізге ала отырып туындының пластикалық иірімдерін құнды етеді. Арпалыс негіздерін символды түстер арқылы анықтай түскен. Қызыл түстің қызуқандылыққа, агрессияға, қара түстің тереңдік пен хаустың негіздеріне сонымен қатар, ақ түстердің әділеттілікпен тазалық негіздеріне сүйенген.
Қылқалам шебері шығармашылығындағы негізгі жазу ерекшелігі — кескінделген образдың қолына, аяғына ерекше мән береді. Қол-аяқтарды егжей-тегжейлі зерттеу өнер туындысының эмоционалды және динамикалық әсерін күшейтіп, адамның ішкі психологиялық жай-күйін жеткізуге тырысады. Бөлшектік сипатталу адам анотомиясындағы ең негізгі бөліктеріне түсуі арқылы жеткізіледі. Солар арқылы біз туындылардан перспективалық шешім мен шынайылық арасындағы кеңістігін шеше аламыз.

Алмас Нурғожа «Самғау» 2020

Кентавр бейнесі арқылы шешім тапқан Алмас Нұрғожаның «Самғау» (2020) атты туындысында терең философиялық ой мен идеологиялық шынайы мифология бар. Идеологиялық мәнді «қыран» бейнесінен, ал антикалық мифология архетипін кентавр бейнесінен көре аламыз. Кентаврды қазақ халқының «ер қанаты ат» деген мақалдары негізінде қарастырып, өзіміздің дәстүрлі ұлттық көзқарасымызбен дүниетанымымызға жақындастырып қарауға да болады. Дегенмен туындыда саяси идеологиялық мифология көрінісі философиялық ой арқылы кескінделген бейнелердің мифологиялық арғытектік, символдық маңыздылықтарына бағытталып тұрғандығы анық. Кентавр Батыс Еуропа бейнесінде, қыран құсы қазақ халқының кейпінде қабылданады. Себебі, бүгінгі таң мифологиялық бейнелерінде қыран құсы Қазақстанның басты символды бейнелерінің біріне айналғандығы сөзсіз. Батыс Еуропа мәдениеті бар әлемді өзіне бағындырып отырған ғаламат әлем. Бүгінде өзіндік озық мәдениетімен алда келе жатыр. Есігіңді қағып композициядағы тұлпардың тұяғындай басқа елдерді таптап, жойып жіберуге жақын. Сондай ғаламатқа кішкентай ғана Қазақстан төтеп беріп отырған ел екендігі, сонымен қатар жоғарыға өрлеу, «мәңгілік ел» идеясының аясында самғай түсетіндігі растала түскен
Кентавр бейнесін мәселен, қарама-қарсылық күші ретінде қарастыра келе, саяси қақтығыстар мен арпалыстар, қарсылықтар легін арқалаған бүкіладамзаттық болмыстың азаттыққа, ерлікке ұмтылу негіздерін көрсетуге бағытталған картина деп айта аламыз. Қыран құсының қазақ халқының мемлекеттік туында бейнеленуінің өзі, қазақ халқының мифологиялық астарлы мән маңыздылықтың төркініне аса мән беретіндігін дәлелдейді. Қыран құсы бар құстардың ішіндегі ең биікке самғай алатын қайсар құс, сол себептіде ол өзіндік ержүректілігі арқылы барлық мақсаттарына жете алады. Шығармада суретші антикалық миф пен заманауи неомифология негіздерін бірлестіре отырып, діттеген ойының философиялық мәнін ашып отыр.

А.Нургожа. Антигравитация 2020

Жоғарыда аталған туындылар легін өзіндік сұлбалық, бейнелік шешімі арқылы толықтыра түсетін суретші туындылары «Антигравитация» (2020), «Жеңіс биі» (2020). Антигравитация бұл тартылыс күштері арасындағы байланыссыз теңсіздік күші. Ол бүгінгі компьютерленген қоғамда аса үлкен қызығушылыққа ие, зерттеліп отырған сала түрі. Компьютерлік графикалық, анимациялық туындыларда антигравитацияның түрлері көптеп кездеседі. Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы экрандық тәрбие көзі болып табылатын, киноиндустрияда да антиравитациялық тәсілдер арқылы қаншама туындылар дүниеге келіп жатыр. Яғни адамның мифологиялық санасындағы алып күш, адамның ұшуы, жандандырылу мен жансыздандырылу негіздері барлығыда бүгінде архетиптеніп жаңаша фантасмогориялық негіздерде суреттеуде. Яғни «антигравитация» бүгінгі таңда өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, ол адамның мифологиялық санасында терең сақталып қалған құбылыс, сонымен қатар адам болмысын қашанда тылсым күшке, жұмбақ әлемге енгізіп, сана кеңістігін шексіздікке сүйрей жөнеледі.
Антигравитация тақырыбында орындалған туындының негізгі сюжеттік көрінісінде қазақтың ұлттық көкпар ойыны бейнелген. Көкпар ойынына тоқталмаған қазақ суретшісі жоқ. Кез келген қылқалам шеберін бұл ұлттық ойын өзіндік динамикалық шыңырау шыңы арқылы, жанталастық қызу өміршеңдігі арқылы қызықтыра түседі. Себебі, бұл ойынның жалпы көрінісінен бұл өмірдің сыртқы сипатын көре аламыз. Қ.Телжановтың «Көкпар» туындысы кейінгі ұрпақ санасында дәстүрлі көркем образ нұсқасында сақталып қалғандығы белгілі. Кәсіби маман аталмыш туындыны терең философияға негізделген идеологиялық саяси мифология аясында бейнелеген. Терең филоындының үш кеңістікке бөлініп, бүгін, ертең, болашақ негізінде бейнелеуінде. Осы көріністер аясындағы мифологиялық сана кеңістігі айрықша орын алған. Суретші Қ.Телжанов туындысындағы кескіндемелік тіл, сюжеттің монументалдылық ерекшеөлберілу сипаты барлығыда Алмас Нұрғожа шығармашылығындағы жылқылардың бейнелеу ерекшеліктеріне тән. Бұл суретшінің бояу жағысына емес, тек сұлбаны кескіндеудегі монументалдылық сипатына негізделген тұжырымдама болатын.
Алмас Нұрғожа Ж.Қайрамбаев мектебінің шәкірті, сондай-ақ, «Іздер» суретшілер тобының белді мүшесі. Бұл топ суретшілерінің шығармашылық қолтаңбалары ұстаздарына ұқсас, түстік не болмаса жазылу мәнері жағынан бір-біріне еріп келе жатқан ізбасар суретшілер тобы болып табылады. Алайда суретшілердің өзіндік айтар ойлары мен қазақ кескіндеме өнеріне жаңаша сипатпен жаңа леп алып келгендігі белгілі. Суретшінің жоғарыда аталған «Антигравитация» туындысында ұлттық көкпар ойыны ауалық кеңістікте көрсетілген. Бұл сюжеттік негіз арқылы мифологиялық сана шеңберінің жоғарғы түйсікпен әсіріленіп, сипатталған нұсқасын көреміз. Қазақ батырлары кентаврларға айналған. Кентаврды батырлықтың символы депте қарастыратын ескере отырып, ер жігіттің ержүректілікке бағытталып суреттелгені деп қарастырғанның өзінде біз жоғарыда аталған «кентавр мәселе» негізін алға тартамыз. Себебі, көкпар бұл тартыс, қарама-қарсылық, жойқындық, батырлық пен әлсіздік тартысы. Барлығы сайып келгенде әлімдік кеңістіктегі адамзаттың бүгінгі тартысты өмірі айқындалған. Компазицияда қаншама батырлық көрінісі кескінделгенімен оларда жерге тартушы күш жоқ, себебі тартыс болып жатқан жердің нақты орны жоқ. Себебі, ол сана кеңістігінде қалқып жүр. Туындыны суретші ерекше ракурста бейнелеген, төменнен жоғары қараған нұсқады. Сол арқылы, туынды кейіпкерлері ауа кеңістігінде қалқып, ұшып жүр. Бұл әдіс туындыдағы айрықша қасиеттерді әсерілей, биіктете, ұлықтай түсуіне септігін тигізеді.
Суретшінің «Жеңіс» атты картинасында кентаврлар бейнесінің жеңіл, ауалық кеңістіктегі биі бейнелеген. Бұл туындыдан біз кескіндемелік тілді емес, компьютерлік тілдің белгілерін анық көреміз. Ақпаратты технологияландырылған замандағы копьютерлік графика өзіндік ұтымды тілдері арқылы бүгінгі таңда кескіндемені ығыстыруда. Көрермен екі сюжет арасынан кескіндемнің нақты өзіндік тілін ажырата алмайтын хәлге жеттік. Туындыға пластика иірімдері, бет әлпетсіз адам кескіндері бүгінгі таңдағы ақпараттанудың, ғаламторлық тордың шырмауының қоғамдағы жеңісін тойлап жатқан іспетті. Себебі, бүгінгі заман адамының санасы тек компьютерленіп, техникаландырылуға, бағытталыпта бара жатқандай. Нақ сол күйді, суретші кескіндемеші өздік мифтік сана кеңістігінің ширектігі арқылы көрсетіп отыр.
Неомифологияға қауіп төндіретінде осы техникаландырылған ақпараттық құралдар болып табылады. Адам санасымен жұмыс жасау негіздеріне сүйенген бүкіләлемдік саясат бүгінгі таңда Заманауи Қазақстан өнерінде де көп орын алуда. Жаңа мифологияның аспектісі ретінде заманауи шығармаларға мифтік негіздердің, архетиптердін енуін талдауда көркем мәдениет дәстүрлерін пайдаланудың егізі ретінде мифтің түрленуі туралы ойларды, идеялардың маңызы зор. Сондықтан да, ХХІ ғасыр бейнелеу өнері мәліметтерінде архаикалық миф суреттелген әлем қағидалары мен ХХ ғасырдың кескіндемесі арқылы қалпына келген әлемдік туындыларға салыстырмалы талдаулар жүргізіледі. Аталған мәліметтер қатарына «әлем бейнесі», «ғаламдық бейне» концепциялары, сонымен қатар, әлемді мифологиялық тұрғыда қабылдау, мифопоэтикалық бастамалар ұлттық бірегейлік пен ұлттық дәстүрлерін сақтауда өте ұтымды нәтижелер беруде.
Қорытындылай келе, заманауи суретші туындыларында терең философиялық мағына мен заманауи мифологиялық символизм айқын көрінеді. Суретші постмодерн стилінде жұмыс істеп, неомифологияны өнанн байланыстырып, күрделі әлеуметтік және философиялық тақырыптарды қозғайды. А.Нұрғожаның шығармаларында динамика, қарама-қайшылық және мифологиялық образдардың күрделі синтезі бар. Суретші бүгінгі ақпараттанған қоғамның мифологиялық сана шеңберінде кеңістік пен дарге терең ой салады. Қазақ кескіндеме өнерінде неомифология, яғни жаңа мифтік көзқарастар мен архетиптер, қазіргі заманғы шығармашылықта кең көрініс тауып келеді. Бұл жаңа мифологиялар архаикалық мифтік элементтерді, символдарды және діни нанымдарды қайта жаңғыртып, қазіргі жаһандық мәдениетке бейімделуіне ықпал етеді.

Карабалаева Балнур Рахымбаевна, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының аға оқытушысы