№2 Ақпан, 2025

                                                                                               Шаңғытбаев Қуандық, ақын->

Табиғи  ажал  жеңгенімен, рухани ажалдың  әлі  жетпейтін, есімі  ел аузында ықылым  заман  қайталанып, барған   сайын разы  жұрттың  жүрегіне  жылы  ұшырай  беретін адамдар&spанин дәл  осындай  адам  еді.

                                                                                                Шаңғытбаев Қуандық, ақын

Нұрпейіс Байғанин шығармашылығы жан-жақты. Оның басқа ақын, жыршылардан айрықша көзге түсетін бір ерекшелігі – ол әрі асқан шебер жырау-орындаушы да, әрі талантты үлкен импровизатор-эпик ақын. Сөйтіп ақынның ерлікті, батырлықты толғауы Ұдеық қимылын бейнелеуімен ұштасты және осы тұста эпик ақынның анық ақындық өнері биік шеберлік шыңына көтерілді. Өмірін халқына қызмет етумен өткізген Нұрпейіс Байғанин XIX ғасырдың екінші жартысында, 1860 жылы Орал губерниясы, Темір уезінде (қазіргі Ақтөбе » Байғана деген кедейдің отбасында дүниеге келген.Нұрпейіс Байғаниннің балалық шағынан бастап, ел ағасы болып елу жастан асқанға дейінгі басынан өткізген өмірі сол кездегі көп кедей қауымның өмірінен өзгешелігі жоқ. Ақынның әкесі Байғана бала-шағасының күн көрісі үшін жасынан Атырау деген жердегі Барсай, Досжан деген ірі байлардың қойын бағады, жиырма бес жасында Арқаның қысқы боранында қой соңында жүріп екі аяғынан айрылып «тобан аяқ Байғана» атанады. Анасы Үміт өте ажарлы әрі әнші, домбырашы болған. Бала Нұрпейіс ертелі-кеш қой соңынан шаршап келгенінде анасының әнімен ұйықтайды, анасы тартқан домбыраның әсерлі сазына құмартады. 16-17 жастар шамасында Нұрпейіске «бала жыршы» деген атақ ереді. Әуелде өз өнеріне онша мән бермей жүрген талапты жас, кейін өлең-жырды жұрт ықыласпен тыңдайтынын байқайды. Көпшіліктің бұл сенімі оны реті келген жерде ақындармен айтысқа түсуге де бекіндіреді. Сөйтіп жүріп, «бала жыршының» атағы елге жайылады. Нұрпейіс Байғанин –Батыс жыршылық мектебінің өкілі, Абыл, Шернияз, Нұрым, Қашаған, Ақтан, Қазақбай, Сабыр тәрізді белгілі ақын-жыраулардан үлгі алған эпик ақын. Жастайынан жыршылығымен көзге түскен Нұрпейіс ақын жиынтойларда, Темір, Ойыл, Ырғыз, Орал жәрмеңкелерінде өнер көрсетіп жүрген.Ол «Қобланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» жырларын орындаған.Халық құрметіне бөлене бастаған жас талапты ақын енді сол елде атағы шыққан белгілі ақын-жыршыларды іздейді, олардың ақындық өнерін үйренуге, жыршылық жолына түсуге құмартады. XX ғасырдың бас кезіндегі түрлі революциялар мен Азамат соғысы болған жылдары ақын алпыс жасқа толған еді. 1916 жылы патша бұйрығымен майданның қара жұмысына алынған қазақ жігіттеріне арнап өлең шығарғанына орай оның есімі халыққа жақсы танылды. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарынан бастап қызметке іліккен Нұрпейіс 1930 жылдардың екінші жартысына дейін түрлі кеңес жұмыстарында болады. Темір ауданындағы “Союз қосшы” деген шаруашылық одағын басқарады. Онан кейін алғашқы колхоздарды ұйымдастыруға қатысады. Осындай жауапты жұмыстарды атқара жүріп ақын шығармашылық өнерден, өлең шығарудан ешқашан қол үзіп көрмеген.Бұрыннан да жақсы білетін эпостық жырларды халық арасына кең тарата жүріп, елді колхозға, қосшы одағына ұйымдасуға шақыратын үгіт өлеңдер шығарады. Бірақ бұл кезеңде ол кәсіпқой ақын деңгейіне көтерілді деуге болмайды. Кейін өкімет халық таланттарын іздеп тауып, олардың шығармашылық өсуіне жағдайлар жасаған кезде ғана жаңа өмірге жаңаша үн қосып, есімі де ел ішіне жақсы танымал бола бастайды. Алыс түпкірден шыққан ақын 1938 жылы мамыр айында алғаш рет Алматыға, Жамбылдың мүшел тойына шақырылады. Даңқты ақынның тойына арнап “Ғасырдың қарт бұлбұлы”, “Жамбылға”, “Ақын шабыты”, т.б. бірнеше өлең шығарған. Қазақстан астанасына арналған “Көрімдік” атты жаңа өлеңі де осы кезеңде өмірге келеді. Бұл бір ақынның дарын көзі ашылып, шабытқа мінген кезеңі болды. Осы жолы ол қиыннан қиыстыра білетін суырыпсалма ақын екенін де көрсетеді.


Бұрын аты Ақтөбе облысынан басқа жерге көп тарай қоймаған ақын бұл сапарында өзінің ерекше талантын бүкіл Қазақстан жұртшылығына танытады. ХХ ғасырдың бірінші жартысының соңын ала ақын-жыраулық,айтыстық өнеріне атсалысқан халық ақын-жыраулары Жамбыл Жабаев, Тайжан Қалмағанбетов, Нұрпейіс Байғанин, Кенен Әзірбаев, Естай Беркімбайұлы, Саяділ Керімбеков, Болман Қожабайұлы, Айманкүл Тәжібаева, Маясары Жапақов, Нұрлыбек Баймұратов, Үмбетәлі Кәрібаев, Доскей Әлімбаев, Нартай Бекежанов, Шашубай Қошқарбаев, Қазанғап Байболов, Орынбай Тайманов, Әлібек Байкенов, Қалқа Жапсарбаев, Рахмет Мәзқожаев, Әбділда Жүргенбаев тағы басқаларды жатқызуға болады. Халық арасынан шыққан айырықша дарын ретінде осы кезден бастап Нұрпейіс ақынға мемлекет тарапынан көңіл бөліне бастайды. Оның шығармашылық жағынан өсуіне қолайлы жағдай жасалып. Қазақстан Жазушылар одағы ақынға арнаулы әдеби хатшы да бекітіп береді.Нұрпейіс Байғанин өзінің революциядан бұрынғы елу жылдан аса өмірінде де, кеңес тұсындағы отыз жылдық өнер жолында да неше алуан жыр-дастандар шығарды. 1939 жылы өткен Қазақстан жазушыларының ІІ съезіне Нұрпейіс делегат болып қатысқан және съезден кейін үздік талантты ақындардың бірі есебінде Жазушылар одағының мүшелігіне қабылдануы оның шығармашылығына жаңа серпін берді. Н.Байғаниннің республиканың қоғамдық өміріне белсене араласуы осы жылдардан бастау алады. Ақындардың республикалық слетіне қатысқан ол Кеңес Одағының астанасы Мәскеуге барып, Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесіне қатысады. Қартайған ақынның шығармашылық талантына қанат бітірген жағдайлар – өмір жолында кездесіп отырған, міне, осындай ұнамды оқиғалар. Мәскеудегі көрмеге арнап шығарған “Өңімдегі жұмбақ” атты өлеңі халыққа кеңінен тарайды.Өзі туған Ақтөбе жеріне ел астанасынан үлкен шабытпен оралады. Өзінің көрмеден алған әсерін баяндайтын “Ғажайып көрмеде” атты өлеңі бір жағы тыңдарман жұртшылыққа берген есебі сынды еді.Үкімет пен партия Нұрпейіс Байғаниннің көп жылғы ақындық еңбегін өте жоғары бағалап, 1939 жылы оған «Қазақ ССР-нің искусствоға еңбек сіңірген қайраткері» деген құрметті атақ берді. 1940 жылы аталып өткен Қазақ Республикасының 20 жылдық мерекесіне орай еңбегі жоғары бағаланған ақын “Құрмет Белгісі” орденіне ие болды.

Өзі барып Мәскеуден, өкімет басшыларының қолынан орден алған Нұрпейіс бір ұмытылмас күнін “Қуаныш жыры” атты толғауында әсерлі суреттейді. Бұл толғау бүкілодақтық атақты басылым “Известия” газетінде жарияланып, енді Нұрпейіс жырлары бүкіл Кеңес елінің оқырмандарына таныла бастайды.Нұрпейіс Байғанин әрі ақын, әрі қоғам қайраткері. Ол өзінің ақындық өнерін қоғам өмірімен әр уақыт тығыз байланыстырып отырды. Халық ақыны өзінен кейінге өте бай әдеби мұра —15 поэмегқ оның әдеби мұрасы бізге толық жетпеді. Әйтсе де оның кейінге сақталған шығармаларының өзі де көлемді, мол. Нұрпейіс ақын ұзақ жасады, көп көрді, көп үйренді, көп жырлады. Ол Абайға, Жамбылға, Максим Горькийге, Тарас Шевченкоға, Шығанақ Берсиевке, Аманкелді Имановқа арнап өлеңдер шығарды.Байғаниннің шығармалары әр жылдары бірнеше рет жарық көрді. 2008 жылы ақынның шығармалар жинағын сыйлық нұсқамен оның немересі Ерболат Момынұлы Байғанин шығарды.Нұрпейістің ақындық және эпикалық шығармашылығын жазушы-академик Сәбит Мұқанов өте жоғары бағалады. Атақты ақынның мұрасына арнап Дихан Әбілев, Қуандық Шаңғытбаев, Әбділда Тәжібаев, Берқайыр Аманшин, Тобық Жармағамбетов, т.б. зерттеу мақалалар мен естеліктер жазды. А.Б.Никольскаяынліне аударып, 1946 жылы «Избранные произведения» жинағын 10 мың дана етіп орыс тіліне шығарды. Н.Байғаниннің 150 жылдығына арнап 2009 жылы өлкетанушы-ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Беркін Құрманбеков «Нұрлы жүзді Нұрпейіс» атты кітап шығарды.1941 жылы 22 шілдеде бүкіл кеңес халқы «бір ауыздан сөз, бір жеңнен қол шығарып» өзінің сүйікті Отанын шетел басқыншыларынан қорғап қалу жолына аттанып жатқанда сексен жастан асқан Нұрпейіс өткір де өжет «өлең-жырларын – зеңбірек, оқ» етіп, «домбырасын – винтовка» етіп майдан үшін, жеңіс үшін жауға қарсы жорыққа шықты. Ақын 1941 жылдың 19 мамырында Ақтөбеде құрылған 101-ұлттық атқыштар бригадасы жауынгерлері алдында жыр айтып, оларды Отан қорғауға үндейді. Бригаданың дайындығын тексеруге даңқты маршал Климент Ворошилов келген болатын.Соғыс қызу жүріп жатқан 1942 жылдың көктемінде ақын Шалқарда теміржолшылар клубында қала халқы алдында жырлап, оларды «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» ұранымен ерлікпен еңбек етуге шақырды. Осы кездесудің нәтижесінде Шалқар ауданының тұрғындары майданға 3755 сом ақша, 604 мың сомның облигациясын, 7927 әртүрлі киім жинап, Қызыл армия жауынгерлеріне көмек көрсетті. Нұрпейістің «Қазақстан — майданға» өлеңі бойынша деректі киноочерк түсіріліп, ол КСРО киноэкрандарында бүкіл кеңес халқына көрсетілді.Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап ол өзінің жалынды сөздерін жауға оқ етіп атып, халық арасында үгіт-насихат жұмысын атқарды. «Қазақстан – майданға», «Қаналының қасқыр ішігі», «Ер қамын ел ойлайды», т.б. толып жатқан жырларында ақын халықтың қажырлы еңбегін, майданға деген көмек жәрдемін жырлайды. Ақынның “Өрістеген өмір” (1939), “Ақын шабыты” (1940), “Таңдамалы шығармалары” (1945), “Избранные произведения” (1945), “Шығармаларының жинағы” (1950, 1956) сияқты кітаптары жарық көрген. Ғылыми-техникалық прогресс күшейгенге дейін қазақтың ақын-жыршылары адам бойындағы бағалы қасиеттерді батырлықты, адамгершілікті, адалдықты, әділдік пен ізгілікті дәріптейтін, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан жырларды жаттап алып, оны жұрт алдында жырлап отырған. Нұрпейіс Байғанин де нақ осындай үлгідегі талантты жыршы еді. Оны қазақ әдебиетінің мол қазынасы кейінгі ұрпаққа жеткізуші деуге болады.Қазақтың батырлық жырын өте көп біліп, көп жырлаған ақын аузынан ол нұсқалардың барлығы өз кезінде түгел жазылып алынбаған. Нұрпейіс жырлаған халық жырларынан сақталғандары: “Құбығүл”, “Қобыланды”, “Төрехан”, т.б. жырлар. Ал Нұрпейіс жырлады деп айтылатын “Ер Тарғын”, “Алпамыс”, “Қыз Жібек”, “Айман-Шолпан”, т.б. жырлар қағазға түспей қалған. Ақын-жыршы әрбір жырды шығармашылықпен өрнектеп, көркемдеп жырлай білген. Дайын сюжеттерді пайдалана отырып, тапқырлықпен жаңарта жырлауға бейім болған. Соның бір мысалы – “Құбығұл” дастаны. Ол – ел аузында сақталып келген аңыз негізінде шығарылған туынды. Дастанның мазмұнына таза махаббат, берік достық, әділеттік пен ерлік өзек болған. Жырдың бірнеше нұсқасының ішінде мазмұны жағынан тартымды әрі көркемі осы Нұрпейіс жырлаған нұсқа болып саналады. Сюжеттік желісі аңызға құрылғанымен, эпикалық сарыны мен мазмұнына қарап, “Құбығұлды” дәстүрлі батырлар жырына жатқызуға болады. Өйткені бұл туындыда дәстүрлі батырлар жырына тән көркемдік белгілері айқын. Жырдың соңғы бөлімі түгелдей реалистік мотивке құрылған. “Құбығұл” жырының бас қаһармандары Құбығұл мен Ақбілек – кіршіксіз, шынайы махаббат үшін күреске түскен адал жандар.Бұл жырлар ақынның сүйікті еліне, қадірлі халқына тастап кеткен асыл қазына мұрасы іспетті.Ақын дастандарында көбірек кездесетін сюжеттер қыз бен жігіттің ғашықтық сезімдеріне байланысты.Нұрпейістің өмір шындығын әлеуметтік тұрғыдан жырлағанын дәлелдейтін поэмасының бірі — “Нарқыз”. Оның негізгі идеясы — қазақ әйелінің өз теңдігі үшін жасаған жанқиярлық ерлігін көрсету. Ақынның көркемдік мақсаты – ел азаматы, намыс, кек иесі болған күрескер қыздың бейнесін жасау.Поэмадағы басты кейіпкерлер — Нарқыз бен Нияз. Бұл шығармадағы назар аударатын үлкен бір өзгешелік – ондағы әйел қаһарманның қолына қару алып, теңдік үшін күреске аттануы Нұрпейіс поэмаларының көбіне тән сюжеттік арқаудың бірі. Феодалдық-патриархалдық қоғамдағы әйел теңсіздігіығу болып табылады. Ақынның бұл көркемдік идеясы мейлінше айқын сезілетін шығармалары – осы айтылған “Ақкенже”, “Нарқыз” дастандары.Ақынның өлең-жырларының идеялық, көркемдік, тәрбиелік мәні айқын болып келеді. Бұл – ақын талғамының жоғары екендігінің белгісі. Үйренгенде нені үйрену керек, қандай жыр халыққа ұнайды, нені сүйсіне тындайды – сол жағына көбірек зер салып, жырды таңдай білуі ақын талғамын көрсетеді. Таңдап алған жырларына өз тұрғысынан, халықтық, бұқарашылдық, көзқарас тұрғысынан қарап, олардағы айтылар негізгі ойды сондай түсінікке қарай бейімдеп отырды. Нұрпейістің жыршылық өнеріне тән үлкен бір ерекшеліктің өзі де осында.Халық ақындары ескі мен жаңаны, жаман мен жақсыны салыстырып, шеңдестіре жырлауға үлкен орын беретіні белгілі. Басқа ақын-жыршылар сияқты Нұрпейіс те қарапайым халықтың басында болған мұқтаждықты, кедейшілікті, әлеуметтік-таптық теңсіздікті жырға қосады және осыларды өз көзімен көргенін де еске салып отырады. Ақынның көптеген өлең-жырларының көркемдік идеясы – еңбек етудің шаттық, қуаныш екенін жеткізуге бағытталады. Ақын ойынша, еңбек ету дегеніміз – Отанға адал қызмет ету, оның өсу, өрлеу, ілгерілеуіне жәрдемдесу, Отан күшін нығайту, ел дәулетін ұлғайту боп табылады.“Қазақстан майданға”, “Қаналының қасқыр ішігі”, “Ер қамын ел ойлайды”, т.б. толып жатқан жырларында ақын халықтың қажырлы еңбегін, майданға деген жәрдемін жырлайды.Нұрпейіс Байғанин Ұлы Отан соғысы кезінде көптеген жалынды, қысқа өлеңдер мен бірге “28 батыр”, “Ер туралы жыр”, “Жиырма бес” секілді сюжетті дастандар, “Капитан Гастелло”, “Ер Талалихин”, “Толғау”, “Ұлы Отан соғыс туралы”, т.б. толғау жырлар шығарған. Оқырман талабына жауап беретін осындай поэзиясы арқылы ақын өмірінің соңына дейін Отанына адал қызмет етті. Ұлы Отан соғысы жылдары ақын қысқа-қысқа үгіттік өткір өлеңдерге ден қойды. Нұрпейістің “Жау талқандалады”, “Отан үшін”, “Қарулан, халық, қарулан”, “Зор майданға шапшаң бар”, т.б. өлендерінде патриоттық сезім күшті.Жауды жеңу жолында майданда жүрген жауынгерлердің батырлық іс-әрекеттері қаншалықты қажет болса, тылдағы еңбек ерлерінің іс-әрекеті де соншалықты қажет еді. Сондықтан да Нұрпейіс ақын осы кезеңдегі шығармаларының көбісін тыл еңбеккерлеріне арнады.“Капитан Гастелло”, “Ер туралы жыр”, “Жиырма бес” атты поэмаларының қаһармандары бұрын жырлап келген эпостың батырлары сияқты қиялдан алынған, халықтың арман етіп, алдан күткен батырлары емес, Отан соғысы кезінде ерлігімен көзге түскен, тарихта нақты болған адамдар.Ақынның Отан қорғау тақырыбына арналған поэмаларының ішіндегі көркемдік бітімі жоғарылары – “Ер туралы жыр” мен “Жиырма бес”. Бұл поэмалардың қаһармандары – қазақтың батыр ұлдары Нарсұтбай Есболатов пен Төлеген Тоқтаров. Мәскеуді неміс басқыншыларынан қорғауға қатысқан бұл жауынгерлердің екеуі де қажырлы, қайтпас, жүрек жұтқан батырлар.Ақынның жырларында қазақтың тілінің байлығы мен тілдік құнары мол кестелі шешендік сөзге, мақал-мәтелге, афоризмге толы. Ақынның дәстүрлік жырды көп білуі оның жаңа заман тақырыбына арналған шығармаларының да көркем, өткір, әсерлі болуына да себін тигізді. Әсіресе, ол ел аузында ертеден сақталып келген, халықтың жақсы көріп, сүйсіне тыңдайтын ауыз әдебиетінің дәстүрлік формаларының үздік үлгілерін ұтымды пайдаланады. Нұрпейістің “Отарба”, “3ор майданға шапшаң бар”, “Ақын шабыты”, “Ақын”, т.б. өлеңдері дәстүрлі термемен айтылады. Нұрпейіс Байғанин 1945 жылы ұлы жеңіс күніне аз ғана уақыт қалғанда өмірден өтті.
Көмейден құлайды жырдың басы,
Өлеңнің тасығандай дариясы
Күй тартсам, ән шырқасам ширай берем,
Сұңқардай қияға ұшқан кең құлашы
Екі елі Нұрпейістің қалыспайды
Қосылып дүмбірлеген домбырасы.
Жырында Нұрпейістің жаңалық бар,
Зейінмен құлақ салып, ал, тыңдашы.- деп жырлаған халық ақыны, жырау Нұрпейіс Байғанин. Нұрпейіс Байғанин – өз дәуірінің ақыны. XX ғасырдағы қазақ халқы өмірінің жаңалықтары ақын талантының көзін ашты, шалқыған шабытқа бөледі. Бұрын өзі туып-өскен ауыл-аймақта ғана аты шығып жүрген ақын бүкіл Қазақстанға белгілі, қадірлі болды.

Нұрдәулет Нақыпов, Н.Бекежанов мемориалдық өнер музейінің қор сақтаушысы