№4 Сәуір, 2024
Көшпенділердің биыл Алматыда өтуге тиісті Бүкіләлемдік Ү спорт ойындарын («Қазақстан барысы») енді Астанада өткізуге шешім қабылданды. Бұл ауқымды турнир 10-12 мамыр аралығында өтеді. Ол үшін әуелі жақында, яғни, 1-5 ақпан аралығында грек-рим күресі бойынша һәм еркін күрестен әйелдер арасында еліміздің біріншілігі өткізілген болатын. Ол ұлттық турнирге Қазақстанның 17 уәлаятынан һәм Алматы, Астана,Шымкент қалаларынан спортшылар қатынасты. Онда жеңіімпаз атанған мық (ііктеу турниріне, сонымен қатар Стамбулда болатын (Түркия) әлемдік біріншілікке қатысатын болады.
Міне, Наурыз, қасиетті Наурыз мейрамы да келді. Осынау ұлық мейрам құрметіне Елордамыз – Астанада бірталай спорт жарыстарын өткізу жоспарланып, ұйымдастырылуда. Ол спорт түрлеріне қазақтың асық ату, арқан тарту, жамбы ату сияқты әрі ұлттық ойын, әрі спорт түрлері кіргізіледі. Таразы тасын (гир) көтеру де жоспарда бар. Ал көркем гимнастикадан жарыстар өткізу де анау-мынау мейрамнан кем емес. Кейінірек Астанада самбодан тайталас өткіізіледі. Осынау шаралардың барлығы да негізгі бір мақсатқа Елордамыз Астана қаласында, тұрғындар арасында бұқаралық спортты насихаттау мен ұйымдастыруға арналған.
Өз тілшіміз