№3 Наурыз, 2024
Азат Базаркелдінің өмір жолы мен шығармашылық жолы туралы айтсақ, Азат Базаркелді 1 қаңтар 1954 жылы Қытай елінде Баяндай ауылында туған. Он жылдықты бітіріп, 1971 жылы Құрманғазы атындағы мемлекеттіклысі Шолпан Жандарбекованың курсына қабылданды.
Дипломдық жұмыстары Ғабит Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Валентин Ежовтың «Бұлбұлдар түні» спектакльдері болды. Осы спектакльдегі бұл атқарған екі ролі не Жантық болса, «Бұлбұлдар түнінде» адам жанын қандай кезде болса да түсіне білетін подполковник Гура. Азат Базаркелдінің дипломдық жұмыстағы Жантық бейнесін қазақ өнерінің қара шаңырағы Мұхтаакының актеры Қазақстанның Халық артисі, белгілі киноактеры, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Камал Қармысовтың ойнауында бүкіл қазақ халқына аңызға айналған болатын. Камал Қармысов Жантықтың қулығымен сұмдығын, залымдығын айтқызбай жеткізетін, көрерменді тек қана үнсіз ұстап тұратын сахнасы бүкіл көрермен залды шыбынның ызыңы естілетіндей үш-төрт минут тыныштықта ұстаса, Азат жасаған бейнеде бұл үнсіз сахна үш-төрт минуттан да асып Жантық жәй ғана қу емес, ақылды, айлакер, залым болып бейнеленді. Осы жасаған бейнесін Мәскеуден келген қазылар алқасы Азаттың бұл дипломдық жұмысын өте жоғары бағалады.
Үлкен театр сахнасына шығуды армандаған жас талант иелерін ертеңінде Талдықорған облыстық мәдениет басқармасының бастығы Құлмағанбетов Ораз деген ағалары консерваторияға келіп, Талдықорған қаласында жаңадан облыстық театр ашылатынын, соған бұлардың жұптарын жазбай баратындықтарын айтты.
Сонымен, 1975 жылы Азат Базаркелді консерваторияны профессор Шолпан Жандарбекованың сыныбынан бітіріп, Талдықорған облыстық драма театрына жолдамамен келіп, 4 қазан күні Ғабит Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» қойылымымен жас театр шымылдығы ашқанда қазақтың майталман актерлары Камал Қармысов, Әнуар Молдабеков зор үміт күтіп ақ жол тілеп еді. Содан бері Азат өзі ашқан театр сахнасында, қарадан бастап ханға дейін, пластикалық рөлдерден бастап әнші, сал, сері, комедия, драма, трагедия, фарс жанрына дейін көптеген рөлдер ойнап актерлік диапазонын, талантын дәлелдеді. Бірде рөлдерінде актер ойнақы әзілмен, фарс жанрының шебері екенін танытса, басқа бейнелерінде психологиялық образдарды жете меңгергендігін көрсетті.
Кейбір сахнагерлердің бір жақты қалыптасып кететіні болады, күлкілі бейнеден шығып, қайғылы образ жасауға бара алмай немесе тек лирикалық басты рольде болып бірінен екіншісіне ауыса алмай қалады. Азаттың жасаған бейнелеріне талдау жасап қарайтын болсақ, сахнаіңмайды.
Режиссер Сәулебек Асылханов қойған Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясындағы Бекболат образы — әнші, домбырашы, шешен, бүгінгі күннің сал серісі болса,Тәңірберген Калилахановтың «Алтын бесік» пьесасындағы — Барақ бейнесі тіпті басқа – адуынды, каһарлы, албырт адам.
Режиссер Оразәлі Сәрсенбековтың қойған Сәкен Жүнісовтың «Қысылғаннан қыз болдық» спектакліндегі Жұмат бейнесі – іскер, қарапайым, қиын-қыстау кезеңдерінен шығуға тез ы р Хұсейін Әмір-Темір қойған Ораз Ысмаиловтың «Наркескен» музыкалық драмасында — Жетісудың жезтаңдай ақыны Бақтыбай ақын, режиссер Мұхтар Қамбаров қойған Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері–Ақтоқтысында» — Ақан сері, Тәңірберген Қалилахановтың «Ақын Сарасында» — Біржан сал, режиссер Мұрат Ахманов қойған «Кенесары-Наурызбайда» — Кәрібоз бейнелері Азаттың әншілігімен қоса жоғарыда айтылғандай кең тынысты актерлығының айғағы.
1996 жылы режиссер Хұсейін Әмір-Темір қойған Есенжол Домбаевтың «Қор» қойылымындағы шалдың ролі үшін Жезқазған қаласында өткен Республикалық театр фестивалінде Лауреат атанды.
1997 жылы Алматы қаласында өткен Мұхтар Әуезовтың 100 жылдығына байланысты Азат сомдаған Алмахан Кенжебекованың «Абай туралы аңызында» — Баймағанбет образы көрнекті сыншы профессор Әшірбек Сығай: «Республикалық театрда өзіндік бағасын ала алмай жүрген талантты актерларымыздың бірі» дегеніне театр ұжымы куә.
1998 жылы тарихи шығармалар фестивалінде (Тараз қаласында) Тәкен Әліпбайдың «Қанды ғасыр» спектаклінде Азат сомдаған Абыз Сүрей образы қазылар алқасындағы Иран Ғайыптың: «Мен Азаттың ойынында нағыз халықтың арасынан шыққан Абызды көрдім» деген аса жоғары бағасына ие болды. < - -->
Азат Базаркелдінің еңбегі облыстық кәсіподақ, атқару кеңес комитеттерінің Алғыс хаттарымен марапатталған.
Азат Базаркелді бүгінде баршаға белгілі есім. Әркім жанына балап жақын тартқан сүйкімді актер, қаршадайынан осынау киелі дүниенің есігін ашып, оның өнерін көтеріп, сол арқылы халқының мерейін асырып, өзінің бойына біткен талантымен ерінбей еңбектеніп, үлкен табыстарға жетіп өзі ашқан театрда табан аудармай еңбек еткеніне 45 жыл болған. Осы жылдарда қаншама сүрлеу соқпақ, қиындық пен қуаныш, азап пен рахат іздері жаagagraph —>
Ол 100-ге тарта образдар сомдап майталман актер атанып, шеберлік шыңына көтерілген. Режиссер Мұхтар Қамбаров қойған Қалтай Мұқаметжановтың «Қайдасың, Қайдарбек?» сатиралық комедиясында — Қайдарбек, Сәкен Жүнісовтің «Өліара» деректі драмасында — Шәлтік, Мұсатай Ақынжановтың «Алтын сақа» ертегісінде — Желаяқ, Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» драмасында — Ақан сері, режиссер Бәйтен Омаров қойған Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» трагедиясында — Қайқы, Шыңғыс Айтматовтың «Ана-жер-анада» — қойБа» — Болатбек, Рәш Рақымбековтың «Шаған хикаясында» — Жанай, Сәбит Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» — Сұлтанғазы Абылайханов. Режиссер Сәулебек Асылханов қойған Тахауи Ахтановтың «Әке мен балада» — хулиган, Александр Вампиловтың «Сүйінші табылды, табылды!» комедиясында- Сильва, Т.Есімжановтың «Жолда қалған жолаушыда» — Көмекбай, Александр Фадеевтің «Жас гвардиясында» — Анатолий Попов, Мұхтар Әуезовтің «Түнгі сарында» — Нұрқан, Уильям Шекспирдің «Асауға тұсауда» -Грумио. Режиссер Әскер Құлданов қойған Бейімбет Майлиннің «Шұғасында»- Базарбай, Мұхтар Әуезовтің «Абай» трагедиясында — Көкбай, Құдаш Мұқашевтың «Дала дастаны» тарихи драмасында – Желбуаз. Режиссер Қадыр Жетпісбаев қойған Мұхтар Әуезовтің «Хан Кенеде» — Кәрібоз би. Режиссер Базарбек Тоқымтаев қойған Тахауи Ахтановтың «Күтпеген кездесу» мелодрамасында — Естемесов, Баққожа Мұқайдың «Өмір заяда» — Юлий Цезарь. Режиссер Хұсейін Әмір-Темір қойған Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебекте» — Жомарт, «Мен бір партия, сен бірде…» — Аманбай, Ілияс Жансүгіровтің «Исатай-Махамбетте» — Ерсары батыр, Тәкен Әліпбайдың «О Атилла, Атиллада!» — Император Феодосий, «Аяз биде» — Аяз би, «Томиристе» — Зарувавел, Камал Әбдірахмановтың -пқан мың балада» — Абылай, «Мұнар да мұнар, мұнар күнде» -Асау батыр. Қырғыз режиссері Камат Касеновтың қойған Қалихан Ысқақовтың «Таңғы жаңғырығында» — Замана. Режиссер Бәйтен Омаров қойған Дулат Исабековтың «Әпкеде» — Сұлтан, Мұстай Кәрімнің «Ай тұтылған түнде» — Диуана. Режиссер Мұрат Ахманов қойған Шахмет Құсаиновтың «Алдаркөсе» Инатында» — Байжан, Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» — бейтаныс әйел, Әбділдә Тәжібаевтің «Көтерілген күмбезінде» — Бөгде, Әлімбек Оразбековтың «Бір түп алмағашында» — Тұрсын, Мұрат Ахмановтың «Алдардың айласында» — Түлен, Сұлтанәлі Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасырда» — Руслан, Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек! Райымбекте!» — би, Оразғали Әбділмановтың «Әке тағдырында» — Сопай, «Раушанда» — қытай. Режиссер Қайрат Сүгірбеков қойған Уильям Шекспирдің «Ақсақалында» — Дос, Тәкен Әлімқұловтың «Қош бол, Қараойында» — Жаңаберген. Режиссер Талғат Көбеков қойған Иран-Ғайыптың «Гүл-Егы күйеу, қайдасыңда?» — Төлебай. Режиссер Қуандық Қасымов қойған Иран-Ғайыптың «Естайдың-Қорланында» — Қожақ. Ұлан Ахметов қойған «Метранпажда» — Калошин, Николай Васильевич Гогольдің «Үйленуінде» — Анучкин.
Сахнада біріне бірі ұқсамайтын алуан мінезді образ жасаумен шектелмейтін майталман сахнагердің тағы да бір тамаша қыры – домбырада, гитарада, аккардеонда, күйсандықта ойнай білуі. Әріптестері: «Біздің Азат Өзбекстан мен Қарақалпақстанның халық артисі» бақалпақстандағы бауырларымыз өте сауыққой, сондықтанда болар, олар жыл сайын гастрольдік сапарымен барған Қазақстан өнерпаздарын жақсы қабылдап жатады. Мұның басты себебінің бірі – Азаттың әртүрлі аспапқа қос әшығарған «Аққу», «Түсімдегі түнім-ай» әндерін де шебер орындауында болса керек.
Облыс көлемінде өтіп жатқан бабаларымыздың есімін қайта жаңарту мерекелерінде Қаблиса жырау, Бақтыбай ақын, Жамбыл тағы сол сияқты бейнелер жасап, үзбей ат салысқан. Жақсы әнші және домбырашы, сахнагер Азат Жетісудың жезтаңдай әншісі, қазақ халқы сүйіп тыңдайтын Дәнеш ағаның өнерін жалғастырушы, насихаттаушы, оның мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізуші. Бүкіл қазақ халқының аяулы әншісі, қазақ халқының Халық артисі Дәнеш Рақышевтың көзі тірісінде алдында ән салып, әнін үйренген халықтың аяулы азаматы Шәкәрім Құдайбердіұлының ақталмай тұрған кезінде елге айтылмайтын әндерін Дәнеш аға Азатқа қатты сеніп, батасын беріп, кейінгі ұрпаққа жеткізуді аманан антты азаматқа халық артисінің сеніп тапсырған аманаты Азаттың болашағынан үлкен үміт пен сенім артқаны.
Ұзақ жылдық еңбегін ескере отырып, 2000 жылы Азат Оразайұлына «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» белгісі беріліп, Қазақстан Республикасының Мәдениет Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2003 жылғы желтоқсанның 8–де Қазақстанның тәуелсіздік мерекесі қарсаңында шыққан Елбасы жарлығымен Азат Базаркелді мемлекетке сіңірген еңбегімен, елдің мәдени дамуына қосқан елеулі үлесін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Отыз төрт жыл бойғы еңбегі бағаланып 15 желтоқсан 2008 жылы Азат Базаркелді «Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткері» құрметті атағын иеленді. 2014 жылы шығармашылық кешінде «Алматы облысының құрметті азаматы», «Іле ауданының құрметті азаматы» атағының иегері атанып, Алматы облыстық мәслихатының Алғыс хатымен марапатталды.
Республикаға танымал режиссер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қасымовтың соңғы актерлік роліне берілген пікіріне жүгінсек: «Азат алпыстың қырқасына шықты. Бозалаң тартқан әдемі толқын шашы кері қайырылып, әдемі жігіт ағасының байсалды келбетіне жарасып-ақ тұр. Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланында» Қожақ болып осы сымбатпен шыққан актер, өмірдегі барлық жетістіктерге қажыр қайратымен, бойындағы актерлік кәсіпке деген табандылығымен жеткенінен хабардар етіп тұрғандай. Бұл актердің өзінен бұрын атына қанық болдым. Себебі Азат актердің ғажап өнері мен оның ерекше талант иесі екені туралы өзі тәмәмдаған Консерватория қабырғасында да, Талдықорған қаласында жаңадан ашылған қазақ театрының сахнасында да ыстық ықыласпен сөз етілетін. Әсіресе бұл актердің есімі, Өзбекстанның Бұхара облысындағы қазақ ауылдары орналасқан елді мекендерде, аңызға айналған еді.
Сол жылдары театр ұжымдары ғастрольдік іс сапарға көктемнен күзге дейін шығып ел аралап өнер көрсетуші еді. Көршілес жатқан Өзбекстан мен Қырғызстанның түкпір-түкпіріне барып өз өнерлерін паш ететін. Сондай кезеңдерде барған жерімізде алдымыздан Талдықорған театрының актерлерінің атын атап: Азат, Кендебай, Ораз, Алмахан, Мұса, Сағат, Нұрлан келді ме? Келмесе қашан келер екен? — деп, қызыға сұрайтын. Ал Бұхара облысының өнер сүйер халқы қолдарында көтерген бір-бір магнитофоны бар, сол магнитофонаға Азаттың, Кендебайдың, Алмаханның, Оразәлінің айтқан әндерін таспаға жазып алып, күнде сағынышпен тыңдайтынын көріп тәнті болдым. Бұл актердің өнеріне деген үлкен құрмет, ыстық ықылас еді.
Азатпен осы театр сахнасында өзім қойған екі спектакльде де жұмыс істедім. Бірі драматург Әлібек Әмзеұлының «Қор болған Қодар-ай!» болса, екіншісі есімі елге белгілі драматург Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланы» еді. Екі түрлі оқиға. Екі түрлі жанр. Біріншісінде өз көлеңкесінен қорқатын Құрбақа қарын қорқақ шенеунік болса, екіншісі есімі елге белгілі Қорланның жұбайы — Қожақ. Екеуі бір-біріне кереғар бейнелер.
Сол тізбектің ішінен Азаттың орны ерекше бөлек болып көрінеді. Ол ойнаған Құрбақа қарын шенеуніктің көзі шарасынан шығып, үрей құшқан сәттері әлі күнге көз алдымда. Әсіресе сүйем-күйем деген келіншегі аяғының ауыр екенін айтқанда, оның зәресі зәр түбіне жетіп, бет пердесі шешіліп өзінің шын мәнінде кім екенін білдіріп қоятын сахнаны асқан шеберлікпен ойнайды. Азат актердің Құрбақа қарын бейнесінде «сүйгенінің» үйіне келуі мен сол үйден қайта шығуын тек көзбен көру қажет, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. «Осындай тұрақсыз, қорқақ мінез құрбақа қарын шенеуніктер елімізді басқарып, «ұлағатты» сөз айтып дүниенің тұтқасын ұстап жүр-ау?» деп өзегіңді өрт шалады. Азат өзінің шеберлігімен бізге осындай ой қалдырады.
Азаттың «Естайдың Қорланында» ойнаған ролі Қожақ есімді кейіпкер. Бұл роль оның шеберлігінің шыңдалған шыңы ғой деп ойлаймын. Бұл кейіпкердің жан дүниесін ашуға Азат актер барын салды. Оның Естаймен алғашқы кездесетін сахнасындағы көңіл күйін дөп басып тапқаны асқан шеберліктің үлгісі. Оның кірген бетте тіс жармай үй ішіндегі көңіл күйді ұзақ барлап, әрбір кейпкерге көз тігіп үндемей жүруі ғажап атмосфера туғызады. Содан бастап Естай мен Қорлан арасындағы сезім күйлерін бақылап, соңында өзінің қырық жыл бойы неден зардап шегіп күйзелгенін айтатын монологы актер шеберлігінің шыңы деп айтсам қателеспеспін. Себебі актер сахнада сөзсіз көңіл күй кешкенде оның жан дүниесінің құбылысына көз жүгіртсең нағыз өмірдің шындығына енесің.
Қорлан Естайдың «Сандуғаш» әнін орындап Естайға көңілін білдіргенде сол мұңлы әннің әсерінен Қожақ та көзіне жас алады. Өзегі өртенеді. Жүрегінен қан тамады. Ән аяқталған сәтте Қожақ ішіндегі қырық жыл бойы жинаған мұң мен зарын ортаға салып жан айқайын жеткізеді. Соңында Қорлан мен Естайды қайта қосады. Осы сахналардағы актер Азаттың жүрекпен тебіреніп, тереңнен ой қозғайтын қатпарлы шеберлігі елді жайбарақат қалдырмайды. Бұл актер шеберлігінің жоғарғы деңгейі! Сөз соңында айтарым мен актер Азатпен бірге сахна төрінде жұмыс атқарғаныма қуанамын. Оның қайталанбас ешкімге ұқсамас шеберлігіне бас иемін» — деген еді.
Актердың театрда да ұстазы болады, оған келетін болсақ Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Оразғали Әбділманов — ғ ағасы, ақылшысы, кеңесшісі. Бұл дүниеден озған Орекең Азат туралы былай дейтін еді: «Азат өте сезімтал актер, ал сезімталдық актерге ең қажетті қасиет. Талант деген сөздің астарында тоқсан тоғыз пайыз еңбек деген астар жатады. Осы сөзді Азатқа әбден пайдалануға болады. Мен кез-келген актерге ұстаз бола алмаймын. Көкірегінде түйсігі бар, актер деген аурумен шындап ауырған, ары-бері илеуге келетін адам болмаса қиын. Ал Азатта осы қасиеттің бәрі бар. Ұстаз деген — рольді, шәкіртінің аузына шайнап салып беру міндет емес, тек соған жетелейтін жолға бағыттау. Алып отырған образына көмекші болу».
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, драматургЛидия Егембердиева, өзінің «Әріптестер» деген қойылымында ойнаған Азат туралы ойымен бөлісіп еді: — «Өзінің айтуы бойынша осы рольден бас тартқан. «Мен басшы, интеллигент адамды шығара алмауым әбден мүмкін. Оның үстіне еуропалық үлгіде жазылған ба, қалай болады» деген ойын да алға тартыпты. Бұл да болса Азаттың адал актер екендігін дәлелдейді, күдігін де күмілжімей жеткізу көрінгеннің қолынан келе бермейді. Осы әрекеттен Азаттың азаматтығына да тәнті боласың. Бірақ бәрібір осығаің сүйікті, сүйкімді спектакліне айналдырды. Азат жасаған Бекті риясыз жақсы көресіз, күлдіріп отырып күйіндірген әрекетіне риясыз иланасыз. Ол иландырады, ал иландыру актердің шеберлігінің дәлелі. Азаттың әдемі, сымбатты денесі, дене қозғалысы, ол билегенде өзіне талайды еріксіз ғашық етеді. Сондықтан Азат жасаған Бектің образына, ер адамға тән қызғанышы, жұбайына деген махаббаты мен адалдығы, бәрі-бәрі тоғысып келіп, спектакльге әр берді. Ол кейін маған «Лидия жалпы автордың ойын бірден түсіну қиын екен. Осы Бектің образы ойнаған сайын шым-шымдап бойыма енді, оның жанын кейін түсіндім. Кез-келген адамның сырты жылтырап тұрғанымен оның ішінде жүрек сыздатар қынжылыс жатқанын байыптадым» деген еді. Шынын айтқанына разымын.»
Азат Базаркелдімен сухбаттасқан кезімде: «Осы театрда 40 жылдан астам өмірім өтті. Біздің жастығымыз кеңес өкіметі тұсында болды. Ол кезде заман басқа, қоғам бөлек. Идеологияның өзі ұлттық сананы тұмандауға бағытталған. Ал, қазір еңсесі биік ел болдық. Тарихымыз, дініміз, тіліміз рухымыз жанданып, жаңғырып келеді. Театр сахнасында көптеген спектакльдер қойылып, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді. Театр тән азығының емес, жан азығының ордасы. Сондықтан театрға тектілік пен тазалық керек. Сонда ғана театр өзіңді көріп, тани алатын өмірдің айнасы бола алады.
Уақыт деген өзінікін алады екен. Жиырма бір жасымда театрға келіп едім, алпыстан астым.ағр, рахмет. Менің ортам азайып кетті. Қуанышыма ортақ болып менімен бірге қуанатын сол кездегі адамдар маған ыстық еді. Мені тұған баласындай көріп кеткен Наз ағам мен Оразғали ағам, Сақаң. Шаршап бара жатсақ, бізді демалдырып қамқор болатын Алтын апам мен Дәмен апам. Баяғыдағы адамдардың бәрі жақсы еді. Аузын ашса көмекейі көрінетін аңқылдаған Құдайберген Әлдібеков. Бірге өсіп, бірге жүрген, әскер қатарына бірге барып, басымыз түйісіп жатқан Тілек Әбжәлиев, Асан Исаев, Нұрлан Әлбосынов, Өмірсерік Қалиев деген достарым жоқ. Алтынның асығындай жігіттер қатарымнан кетіп қалды. Мен соны аңсадым. Олар жоқ… Қазір ойласам, ол кісілер бар кезде бақытты екенбіз. Егер солар болса, қуанышымда шек болмай қуанар едім. Ал, қазіргі келген жастар менің не ойнағанымды, шығармашылық өсу жолымды көрген жоқ, сондықтан бұрынғы еңбектерімді білмейді.
Қасымда Серік Нұрхалық, Кендебай Темірбаев, Алмахан Кенжебекова, Аман Қожабеков, Мәкен Нұрмұханбетова, Әлихан Ыдырышева деген әріптестерім бар. Енді еңбектері әлі бағаланбай, атақ ала алмай жүрген әріптестерімнің еңбегі бағаланып, тиісті атақ алсын деп ойлаймын. Барлығына жақсылық тілеймін. Әкең мен анаңның аруағын сыйлап, солардың әріптестері туралы жазып жүрген қыздар кемде кем, саған мында бір рахмет. Құдай жар болып, еңбегің жемісті болсын!» -деп еді.
Отбасында ұлсіріп отырған ұлағатты әке еді. Аяулы жары Бибігүл қалалық емхананың қызметкері. Достарға қадірлі, ағайын-туысқа қайырымды, ырыс-бақыты жарасқан отбасы болатын. Иә, кешегі балаң жігіт ұлттық өнеріміздің айтулы тарландарының бірі, белгілі тұлғасы еді.
Өкінішке орай 2020 жылы науқастанып дүниеден озды. 2021 жылы дарынды әнші, жақсы актер, ақылшы аға, аяулы әке Азаттың театр шымылдығын бірге ашқан және Азатты аға деп ұстаз тұтқан Бикен Римова атындағы драма театрының әріптестері, іні қарындастары, әні мен өнерін құрмет тұтып қадірлейтін елі өзі тұрған үйінің қабырғасына естелік тақта орнатып, салтанатты түрде ашты.
Зәмзәгүл Назарбекқызы Әмірғалиева,
Бикен Римова атындағы драма театрының музей меңгерушісі