№3 Наурыз, 2024
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жа>
>
Күріш өсіруге әдіс керек. Маман Қалдыбаев 1879 жылы
Қызылорда облысы Шиелі
ауданы,Коммунизм колхозында(қазіргі Н.Бекежанов ауылы) дүниеге келген.1959 on/wp:paragraph —>
Шиелі ауданындағы
тұңғыш Социалистік Еңбек Ері болғандардың бірі Мампатілдіру
жолында өтті.Бар көрген қызығы –екі ұл,бір қызы еді де,күріш өсіру ісіне
талмай,тынбай жұмсаған еңбегі еді,жарықтықтың .Ол күріштің әр гектарынан
1947-1950 жылдары 70-80 центнер өнім алып жүрдібытын. Туған жердің әсем көркінен,жалбыз иісінен,асыл
топырағынан туған қуаныш екен.Осы сәтте менің есіме желмая мініп жер кезген
Асан қайғының: -Ей Сыр бойы,жерің шаң екен,суың жар екен,әр бұтаның
түбінде кесек етің бар екен.Сірә,сен жұтай қоймассың,-деген сәуегейлігі түсе
кетті. Асан қайғының Қаратауды көргенде айтқаны: -Еншіңе алған құсың көкек екен.Бауырың қара отты
ойпаң,шөбің көкпек екен.Тауың жалаңаш,жазығың шөл ,түйеден басқа мал аз
шыдар.Бірер ай жазда жайлап,қыста Сыр бойына бармасаң,өрісің кең
болғанымен,қонысың аз екен,-дегені о!-
Кәрілігін мойындай бастаған қарияға бір жас жігіт келіп:
«Біраз жерге бардыңыз,содан не алдыңыз?»-деп әзіл-шыны аралас сұрақ
қойыпты.сонда қария : «Елу –шылбырын алды,алпыс-тізгінін алды,жетпіс-өре
салды,сексен-тұсау салды,тоқсан –толқыполанымда толқи бастадым.Несін
жасырайын,маған қазір уайым кірді,ол уайым –жақсы адам қартайса,жазып
қойған хаттай,жаман адам қартайса,бықсып жанған оттай демекші –жасарымды
жасаған едім,айтарымды айта алмай кетем бе деген уайым.Мен қазір көзім ілінді
босұрықсыз құбыжық
емес,кәдімгідей іс көрем .Көз алдыма
өткен шақтың елесі бәз-баянеған
қалпында келеді.Көз алдыма замандастарым келеді,ойыма солар түседі. Менің замандастарым «кім?» дейсіңдер ғой? Әгар озық
өнерімен аты дүйім елге әйгілі болған адамдардан бастасақ,ол-халық ақыны Нартай
Бекежанов,ақ күріштің атасы Ыбырай,Соцалистік Еңбек Ері Ким Ман Сам,Бәукен
Байжанов,Үрпек Жансарин,агроном әрі өкіл інім Нақып Тыныбековтер.Олармен бірге
тұздас-дәмдес болдым, талай мәрімкөп өнерін өз көзіммен көрдім. Мен өзімді диқан деп білетінімді айтқан мын.сондықтан да,
«шын замандастарыңыз кім?»-дейтін болса,мен,әрине, Сыр бойына күріш дақылын
жаппай тұрақтану ісіне өзіммен бірге белсене араласқан талай саңылақтарды тізіп
берем. Олар… «Төсегі оттың
басы,ермегі ошақтың қасы» деген сөз осы жасқа жеткендерге айтылса
керек.Өткен шаққа көз салсам,менің замандастарымның арасында жасына жетсе де
еңкеймеген,белі бүгілсе де иілмей өткен сабаздар көп-ақ екен.Менің ол
серіктерім колхоздасу науқанына да белсене араласты.Соғыс жылдарының мехнатты
зардабын қабақ шытпай бастан өткерді,соғыстан кейінгі ұлы дүбірден де еш
қалысқан жоқ.Бәріне көнді,бәріне төзді.Білгенін-бір тоғыз
болса,білмегенің-тоқсан тоғыз дегенді ұран етіп,көп нәрсені өмірден үйренді,өздері
қартайса да үйрене беруден жалыққан жоқ. Соғыс жылдары Шиелі ауданында кең етек
жайған мол өнімді қарттар қозғалысының ұйтқысы осы Маман еді. Солардың ішінде
жетпістен асқанда Социалистік Еңбек Ері атанғандары да бар.Ол
«Коммунизм»колхозының күрішшісі Маман Қалдыбаев.Маманның қандай адам екендігі
жайлы бұдан бұрынырақ айтқанмын.Сұрапыл соғыс жылдары өз ортасынан суырыла
шығып,Шиелі ауданындағы қарттарды күріш егуге жұмылдыра білген Маман шынында да
Еңбек Ері еді. Жетпісте ер атанған көрдім адаapaph —>
Тоң бұзып,тасты уатқан аты- Маман. Шалдырмай келеді әлі кәрілікке, Жел соқты канал қазса кетпенінен Қайнаған қайрат,күші қажымаған Жүзінен жарқ –жұрқ еткен от көрінген. Келгенде шынтуайтқа нар да болса, Атының сауырына бөктерілген. Ия,өз тұрғыластарынан дара шыққан Маманның шын тұлғасы
осындай болатын. Енді Маманның замандас,әрі досы Екі мәрте Социалистік
Еңбек Ері Ыбырай Жақаев естеліктерін айтайын әрі жазайын. «Коммунизм»
колхозының егіс егетін жері негізінен Қорғантөбе деп аталатын,бір кездері
кәдімгідей биік төбе болған,ал қазір төбесі ала-сарып,етек жағы жапырайып
кеткен жалпақ дөңнің төңірегіне орналасқан.Ол төбенің Қорғантөбе аталу себебі
Шыңғысханның қазақ жеріне шапқыншылығына байланысты алыс тарихқа кетеді.Шиеліде
25 шақырым жерде Сығанақ деген ескі шаһардың жұрты жатыр.Бұл жерді жергілікті
халық Сунақ-ата деп атайды.Әйгілі Бату-хан орыс жеріне,одан әрі Европа елдеріне
шапқыншылығын бастамастан бұрын,өзінің жер қайыстырған түмендерін осы Сығанақ
түбіне жинағаны тарихтан белгілі.Әскер мен әскер арасында әр жайдан хабар беріп
отыруға арналып ,аралары көз көрім жерден биік төбелер сол тұста тұрғызылған.Бір
шеттен қәуіп төне қалса,немесе жедел хабар жеткізу керек болса,осындай
төбелердің басына от жағылып, түтін түтетілген. Сондай төбелердің бірі-Қорғантөбе.Төсінде талай
жұрағаттың аты ойнақтаған,талай көздердің қанды жасы тамған,жақсыны да,жаманды
да бастан кештен осы төбені жергілікті тұрғындар осы уақытқа дейін
қастерлеп,оның «киесі бар,тынышын алған адамды пері соғып кетеді»,-деп сескеніп
жүреді,Коммунизм колхозы күріш егетін жерге тарыға бастағанда,дәл ортада
қаңқиып тұрып,талай жерді босқа алып жатқан Қорғантөбені қиратып,бар аумағын
тегістеп жіберу мәселесі қойылды. Бірақ ол жерді «әулие»тұтатын адамдар ондай іске бара ма?Бәріде жыннан қорқып Қорғантөбеге
безектеп,жоламай қойды.Маманның бір ерлігі,міне,сол тұста көрінген еді. Сол
кездің өзінде-ақ Маман Коммунизм жұртының батагөй ақсақалы болып қалған
кезі.Жасыратыны жоқ ол тұс-алдымен сақалды,сонсын барып ақылды сыйлайтын
кез.Сондықтан да ешкім оны дәл мындай көзсіз ерлікке,қала берді,нағыз
нақұрыстың ісіне барады деп ойламағанды. Бірақ Маман барды.Оған сол түні нендей ойлар келді,көз
алдына қандай елестер өтті,-мен оны айта алмаймын .Оның бәрі де Маманмен бірге
жер қойнына кетті.Маман ерте оянып,қасына өзіне аталас туысқан болып келетін
Жауғашар деген тракторшы балаң жігітті ертіп, «Қорғантөбеге» соқа салды.Үш
күнге жеткізбей бір кездері кең жазықта одырайып тұратын оқшау төбені қиратты
да тастады. -Ал,Маман құрыды!-депті жұрт. -Маман алжыды.Оның құлағына сайтан сыбырлап
кетіпті!-десіп жағаларын ұстапты діндарлар. Ауыл адамдары осылайша үрписіп жүргенде,Маман 20 гектар
жаңа жер ашып,оған күріш егіпте үлгерген еді.Сол жылғы Маман алған өнім-ай! Тау
боп үйілді-ау,қамбаға тасқын судай құйылды –ау!Сол жылы Маманның тасы өрге
қарай домалап еді-ау!Кеше ғана ойлары бұзық адамдар бойларынан түңіліп
еді.Бірақ не керек,адам аттан жығылайын десе бір-ақ сәт екен.Ажал жетсе жаныңды
сандықта да сақтай алмайсың,деген сөздің растығына көзім сол жолы анық жетті.
«Қорғантөбеде»өсіп шыққан мол өнім қапқа түгел түскен күні Маман бір түнде
жығылады.Бір аяқ,бір қолы сырқырап ауырып тартылып шығадыда,содан соң біртіндеп
жаны кетіп,Маман жүре алмай қалады.Мұны естіген жұрт: -Маманды «Қорғантөбенің» перісі соқты! -Аруақ атты!-десіп шу ете қалды. Еңселері түсе бастаған діндарлар қайта төріліп,олардың
сөздері қайтадан үстемдік алып кетті. Мен Маманның көңілін сұрай барған адаммын.Көз
жәудіреп,кіріптар болып жатқан есіл ерді қатты қиналтқан нәрсе-ауру
емес-тін.Маманды діндарлардың әлгі сөзі жүдетті. «Көзі ашыла қоймаған қараңғы
қазағымды тағы да өрге емес,көрге сүйрейтін болдым-ау »,-деген ой Маман
досымның жанын жегідей жеген еді. О,дос,дос!Адам басынан не өтпейді?Ол бірде шырқау биік
асқар тауға шығады. Тағы бірде түбі терең жарға жығылады.Адам өмірі,мен
білсем,тәй-тәй басқан баланың бастапқы қадамына бара-бар;ол өмірден сүрінумен,жығылумен,қайта
тұрып,қайта оңалумен өтеді.Солай болмаса,бұл өмірдің қызығы да
жоқ.Менімше,жұтып қойатындай болмау керек,түкіріп тастарлықтай ащы да болмау
керек.Оқабы жоқ даңғыл жолмен өтсе,өмірдің қиындығы да есіне
сақталмайды,айта-айта жүрерліктей қызығың да,шыжығың да болмайды.Адамды
ашындыратын да,қызындыратын да-қиындық.Адамды суындыратын да,белін бекем
буындыратын да-қиындық. Онсыз өмір жоқ.Қызық та жоқ.Маманға мен,міне,осыларды
айттым.Адамға басшы-ақыл,қорғаны -сабыр дедім оған. «Төс болсаң-төзе біл, балға
болсаң-соға біл»,-деген мақалды бірнеше рет қайталадым. Жанын әрі ауру,әрі қайғы жеп жатқан Маман кәдімгідей
қатайды.Ол үй алдында ерттеулі тұрған атқа мінетін адамша бекінді.Содан келесі
көктемде нардай желіп кеткен Маман қайтадан егіске шықты.Ол ауырғанда бір тасып
қалған діндарлар,ол тәуір болғанда қайтадан жасып қалды.Менің Маман замандасым
осындай адам еді. Көз алдымда бәрі бәрі зулап өтті…Ақкүріш-арманым…Шиелі каналым…Туған
жерім Шиелім…Заман дауылы тұрды алдында.Себебі алдыңда сүрінетін,кейде
мүдіретін,кейде тұйыққа тірейтін,кейде биікке сүйрейтін неғайбыл жол
жатыр…Бұл өмір… Нұрдәулет
Нақыпов, Н.Бекежанов мемориалдық өнер мұражайының қор сақтаушысы.
Оған ізденсен ғана жетесің.
Ізденуден жалықпа.
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев.