№3 Наурыз, 2024
Түрік ақыны Мехмет Акиф Ерсой хақында «Өзі қандай болса, өлеңі сондай, өлеңі қандай болса, өзі сондай» деген келелі пікір айтылады. Дәл осы пікір күрескер ақын, марқұм Арман Қанидың болмысыны лына арнаған айбынды тұлға артына өлмес мұра қалдырды.
Көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Арман Қанидың туғанына 70 жыл толып отыр. Аталған ара басқармасының ұйымдастыруымен «Толқын-толқын жыр туар бізден кейін» атты республикалық жыр мүшәйрасы болып өтті.
Осы іс-шараға ақын, Абай атындағы Мең ұңқарұлы, Ғалым Жайлыбай, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан сынды зиялы қауым өкілдері қатысты. Қазақстан жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы модераторлық еткен кеште алғашқы сөз тізгінін Павлодар облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Медет Алпысбайұлы алып, тағылымды жиынды ашып берді.
«Арман аға – біз үшін тірі, арамызда жүрген азамат. Өйткені ғалымның артында қалған хаты өлмейтіні айқын. Ақынды еске алу мақсатында жылда аймақтық мүшәйра өтіп тұрады. Сіздерге және осы іс-шараны өткізуге ұйытқы болған Ұлттық кітапхана ұжымына мың алғыс», деген Медет мыәш 10 томдығын тарту етті.
Сонымен қатар іс-шара барысында Арман Қанидың өлеңдер жинағының тұсауы кесілді. Жинаққа демеушілік жасаған – Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Асылбек Туғанбайұлы. Кітаптың тұсаукесерінде ақындар Серік Ақсұңқарұлы мен Ғалым Жайлыбай, Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан, ақынның жан жары Бақыт Аханбайқызы кітаптың лентасын қиды.
«Арманның орны мен үшін бөлек, ол – күрескер ақын. Мағжандардың алпысыншы, жетпісінші жылға жеткен жаңғырығы секілді. Он бес жасынан жыр жазып, азаматтығымен танылған, Керекуде әдеби орта жасаған адам. Ана жұртынан қарасаң – Жаяу Мұса, ата жұртынан қарасаң – Мәди, міне, осындай екі тектіден туған ақын. Арман Қанидың екінші ғұмырыал да солай жасай береді», деді ақын Серік Ақсұңқарұлы.
Сонымен қатар қаламдас досы Ғалым Жайлыбай ақынның болмыс бедері жөнінде айтып өтті.
«Арман Қани – қазақ үшін үлкен ұғымға айналған азамат. Тектілердің қанынан жаралған ақын ар, намыс, ұят деген ұғымдармен өмір сүрді. Арманмен бізді көп дүние байланыстырады. 2001 жылы ақынның бір кітабына алғысөз жаздым әрі «Қазақ әдебиеті» газетіне «Керекуде Арман деген ақын бар» атты мақалам шықты. Солайша Арманмен өмірінің соңғы күніне дейін бірге жүрдік. Туған жерінде ақын сыйлы болеып, жақсы сөзін аяған жоқ», деді ол.
Бұдан соң «Толқын-толқын жыр туар бізден кейін» жыр мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Жыр додасына Ғалым Жайлыбай, Серік Ақсұңқарұлы, Дәулеткерей Кәпұлы, Жарқынбек Амантай және Жұмабек Сманов бастаған айтулы ақындар қазылық етті. Мүшәйраға еліміздің әр өңірінен 40 жасқа дейінгі 30 ақын қатысты. Додада Аманжол Шәмкенов атындағы арнайы жүлде Біржан Ахмерге, Мұзафар Әлімбаев атындағы арнайы жүлде Айдана Сегізбаеваға, жүлделі 3-орын Олжас Қасымға бұйырды. Ал 2-орынды Айбек Оралхан, 1-орынды Жұлдызай Ысқақ алса, бас жүлдені Алпысбай Қоншы иелендіphph —>
Өлең оқылған өрелі кеште Мәдидің «Қарқаралы» және Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әндері шырқалып, көрерменін керемет әсерге бөледі. Сонымен қатар С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана мен Бұқар жырау атындағы Әдебиет және өнер музейінің қорындағы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты кітаптар, жәдігерлер қойылған мазмұнды көрме ұйымдастырылды.
Тортай Үсен