№3 Наурыз, 2024
Президентіміз «Егемен Қазақстан» газетіне берген мақаласында биыл Жошы ханның мерейтойын атап өтетініміз туралы мәлімет берген болатын. Дешті қыпшақтың толағай тарихында Жошы ханның алар р алынған Жошы хан кесенісінің тарихы тереңде.
Жошы хан кесенесі туралы алғашқы мәліметтер XVI ғ. жататын жазба деректерде және Хафиз Тыныш бен Мир Мұхаммед әл- Бұхаридің еңбегінде кездеседі. Ол өзінің «Шараф-наме-йи шахи» атты шығармасында бұхарлық билеуші Абдаллахтың 1582 ж. Ұлытауға жасаған жорығын сипаттай отырып, Жошы хан кесенесі туралы: «Сенбіде 6-шы айда Сарай маңында Жошы хан кесенесінің алдында тоқтадық» деп атап өтеді.
Жошы хан кесенесі туралы мәліметтер ресогшілердің жазбаларында кездеседі. Кесенеде 1946 ж. Ә.Х. Марғұланның басшылығымен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ә.Х. Марғұлан кесенедегі бейіттерде Жошы хан мен оның әйелі жерленгендігін айтады. Деректерде Жошы ханның құпия өлімі туралы тарихи аңыздардың әртүрлі нұсқалары бар. Олар қазақтар арасында осы күнге дейін сақталған. Әсіресе аңыздардың ішінде «Ақсақ құлан, Жошы хан» желісі көптеп кезігеді. Өтеміс қажы өзінің түрік тілінде жазылған «Шыңғыснама» (XVI ғ.) атты еңбегінде: «Жошы хан оның (Шыңғыс ханның) ұлдарының ішінде үлкені еді. Ол оған үлкен әскер беріп, Дешті Қыпшақ уәлаятына тағайындап, аттандырған кезде: «Сенің жылқыларыңның жайылым жері болсын» деп айтты. Сонымен қатар оған Хорезм уәлаятын берді. Жошы хан Дешті Қыпшақ уәлаятына аттанған кезде Улуг-Тағаға (Ұлытау) жетеді. Бір күні ол тау ішінде аңшылық құрып жүрген кезінде бір топ марал мен киіктерге кезігеді. Оларды қуалап, оқ жаудыртып келе жатқан кезінде аттан құлап, мойны үзіліп, қайтыс болады» – дейді тарихшы.
Қазақ жеріне кең таралған аңыздардың бірінде Жошы ханның өлімі туралы хабарды Шыңғыс ханға Улуг жыршы жеткізеді. Шыңғыс хан жауап ретінде түрік жырын айтқан деседі: «Кулу алған құландай құлынымнан айырылдым, айырылышқан анкудай ер ұлымдан айырылдым».
Келесі бір аңыз желісінде Жошы хан Алаша ханның ұлы болды деген тағы бір нұсқа кезігеді. Онда ұлының өлімі туралы хабарды оған жыршы КетБұға домбыра ойнау арқылы жеткізеді. Әйгілі ханның өлімін жеткізетін «Ақсақ құлан» күйінің осы күнге дейін сақталуы – өнердің мәңгілік екенінен хабар береді. Жошы хан кесенесінің жанында Жошы ордасы атты ортағасырлық қоныс орналасқан. Ол жазба деректерде Орда Базар деген атпен белгілі қала болған деседі.
Жошы хан кесенесі Қаракеңгір өзенінің аласа төбелі жағалауында орналасқан, әрі алыстан тайға таңба басқандай анық көрінеді. Кесененің бірнеше ғасырлар бойы жақсы сақталуына оның құрылыс іргесінің әбден ойластырылып таңдалуы себеп болған. Кесене мемориалды құрылыстардың порталды-күмбезді түріне жатады. Кесененің құрылысы үшін күйдірілген жоғары сапалы қызыл кірпіш пайдаланылған. Кесененің жобасы бойынша көлемі 7,25х9,25 м құрайды. Қазіргі күнге дейін сақталған порталдың биіктігі – 7,85 м, ал күмбездің биіктігі – 7,1 м. Кесененің қабырғалары сәулеттік әрлеу тұрғысынан қарағанда безендірілмеген. Ішіндегі қабырғалар сазды-саманды ерітіндімен сыланған. Кесененің екі күмбезі бар. Олар: ішкісі – жарты сфералы және сыртқысы – сфероконустық, әрі екі барабанда орналасқан: төменгісі – он жеті жұлдызшалы және жоғарғысы – дөңгелек барабанды. Дөңгелек барабанға орнатылған күмбездің төбесінде жасыл сырлы кубба орналасқан. Куббаның «мүйізшелері» шығыс-батыс бағыты бойынша бағдарланған. Қырланған барабан мен сыртқы күмбездің қаптамасы балшық ерітіндісінде көк зертасты шаршы тақталар мен жасалған. Дөңгелек барабанның қаптамасы гүлді өрнегі бар көгілдін.ршы пішіндегі кірпіштермен төселген.
Жошы хан кесенесі – ортағасырлық керемет ғұрыптық құрылыстардың бірі, тәуап ету және туризм нысаны болып табылады. Республикалық маңызы бар сәулет ескерткішіа сененің арғы-бергі тарихы қайта сараланып, ұрпақ санасына батырлық, ұлттық рух дариясын құяры талассыз ақиқат.
Тортай Үсен