№12 Желтоқсан, 2023
Жасы тоқсанға келсе де жас кезінде Алатау мен Қап тауының бірнеше шыңдарын бағындырған шебер альпинист, Қазақ музыка өнерінің арғы-бергі тарихын қопара зерттеп, оның дүние жүзілік сахна төріне шығуына атсалысып жүрген профессор, педагогика ғылымының канлыірі-ірі баспасөздердің барлығы да мақала жариялады.
Бұл кісіні мен жас кезімнен білемін. Көкбұлақ өзенінің бойына қарт Қаратауға қарай еміне кіріп жатқан ауыл Свердлов колхозы деп аталатын. Менің әкем Ешенқұл отызыншы жылдары осы ауылдағы төрт жылдық бастауыш мектептің меңгерушісі болған. Пернекеңнің әкесі -Момын Әлімқұлұлымен жақсы қарым-қатынаста болыпты. Ол кісі ауылдағы көзі ашық, өнерг ӨКелімбет, Әлтай, Кәдендердің ұстазы Күдері Палуанов елге қадірлі ақын еді. Бұл ақын жүрген жер әрқашан той-думан, ойын-сауық болған. Пернекеңнің өнерге құмы й қоймайды. Пернекең төрт жылдықты бітірген соң Каганович атындағы жеті жылдық мектепте оқып, оны мақтау қағазбен бітіреді. Одан ауылдан он шақырымдай жердегі Балықшы орта мектебіне қабылданады. Онда оқып жүргенде көркемөнерпазшылар үйірмесіне қатысып, мектеп директоры Сейткәрім Нұрматұлының көзіне түседі. Ол өз әкесіндей болып, көп қамқорлық жасайды. Мектепті Алтын медальмен бітіріп, ағайындарының қарсы болғанына қарамастан, Алматыға оқуға аттанады. Жол қаражаты қатты қинайды. Мектеп директоры жағдайын түсініп, әкесі еккен тал-теректерді кескізіп, мектепке отын қылып алып, біраз ақша төлейді. Жол қаражатын осылай тауып, Алматыға жөнеп береді. Бұл келгенде емтихан басталып та кетіпті. Жағдайын академик Ахмет Жұбановқа түсіндіреді. Ол емтихан комиссиясының председателі екен. Емтиханды өзі қабылдап, ұлт аспаптары факультетіне баруға кеңес береді. Осыдан бастап енді академиктің қамқорлығына өтеді. Өзінің талаптылығының, кісіге жұғымдылығының арқасында ¬Ахмет Жұбановтай әке табады. Оның қамқор¬лығын көп көрді. Өз намысын қолдан бермейтін бала кейбіреулермен жұдырықтасып та қалатын. Мұнысына әке Ахмет кеші-ріммен қарап, күліп алатын да, оны «тентек бала» деп атайтын. Сол «тентек бала» консерваторияны қызыл дипломмен бітіріп, Ахмет Жұбановтың қолқалауымен Мәдениет министірі Әмір Қанафиннің бұйрығымен Семей қаласындағы музыка училищесіне директор болып барады. Училишенің қиын жағдайын (бөлмелері тар, суық, ұстаздарының баспанасы жоқ т.б.) айтып, қала басшыларының мазасын алады. Жоғары орындарға хат жолдайды. Айтқанынан қайтпайды. Содан мұнда енді «дәукес директор» атанады. «Аққа құдай жақ!» демей ме халқымыз. Семей қаласының бірінші хатшысы ¬Новиков орнынан алынып, оның орнына Мұхамбетқали Сужиков келіп, «дәукес директор» енді «алғыр директор» атанады. Ұлтжанды М.Сужиков Пернекеңнің өзіне іздеттіріп жүріп, өздеріне ыңғайлы кең де келісті бір ғимаратты училищеге бергізеді. Оқу орнының іргесін нықтап, мұғалімдерін пәтермен, студенттерін жатақханамен қамтамасыз етіп, оқу базасын нығайтып, Абай елінің алғысын арқалап, 1961 жылы Алматыға қайта оралып, мәдениет саласындағы әртүрлі мекемелерде жұмыс істейді. Мұнда да іскерлігін танытады. Туған жерінде, Түлкібас ауданының орталығында музыка мектебін ашуға тікелей мұрындық болып, оны да іс жүзіне асырады. Қандай құжаттар керектігін аудандық оқу бөлімінің басшысы Мүсілім ¬Абировке айтып, өзі қадағалап отырады. Бұл мектеп қазірде абыроймен жұмыс істеп, көптеген өнерлі жастарды өсіріп отыр. Әйгілі «Жігіттер» тобы әншілерінің бәрі Түлкібастан шыққанын біреу білсе, біреуі білмес. Ешкімге ұқсамайтын әсем даусы бар Сәкен Қалымов та осы өңірдің ¬азаматы.
Мәдениет министрі оны бас¬шылыққа құтаймай жүрген Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық мектеп-интернатына директор етіп та¬ғайындайды. Мұнда да абыройлы еңбек етіп, он үш жыл бойы қазақтың келешек өнер жұлдыздарын даярлайды. Еңбегіне риза болған Нұрғиса Тілендиев ағасы өзінің үлкен қара роялын мектепке тарту етеді. Өмірінің соңына дейін мектеп-интернатынан байланысын үзбейді. Жиі-жиі келіп оқушылармен кездесіп, ағалық ақыл-кеңесін береді. Пернекең еңбегінің нәтижесі болар, қазіргі өнер жұлдыздарының көбі, атап айтсақ: М.Жүнісова, Р.Рымбаева, А.Жорабаева, Т.Забирова, композиторлар А.Райымқұлова, Ә.Бестібаев, Д.Дәл¬ден¬баев¬тар, ғылым жолында жүрген Шұғыла Сапарғалиева, Жеңіс Сей¬доллаұлы, Сәкен Майғазиев, Би¬бігүл Нүсіпжано¬ва, ғылым докторы Арыстанбек Мұ¬хамедиұлы, атақты әнші Мәдениет Ешекеев т.б. Пернекеңнің түлектері. Шәкірт тәрбиелей жүріп, музыкалық, эстетикалық тақырыптарда мектептерге арнап оқулықтар жазды. Әдістемелік қосымшалар шығарды. 1962 жылы «Қазақ операсының даму жолдары» атты еңбегін орыс, қазақ тілдерінде жариялайды. Атай берсек мұндай еңбектері көп-ақ.
Мектеп-интернаттың жетістігін, балалар өнерін көру үшін Қазақстанға келген шетел делегациясы бұл өнер ордасына бас сұқпай кетпейтін. 150-ге жуық (он үш жылда) шет елдік делегацияны қабылдайды. П.Момынов¬тың өзі де шет елге шығып, талай мемлекетті аралап, елімізге қажеттісін алып, оны тез арада іске асырған күндері де болды. Мәселен, Балтық жағалауы елдерінің мәдениетке деген құлшынысын елімізде насихаттап, Алматыда талай рет солардың дәстүрімен ән фестивальдерін өткізуге мұрындық болғанын сол кездегі жас, қазіргі қарттар, жақсы біледі. Шет елде жүргенде онда қазақ музыкасын насихаттауды да ұмытпайды. Шотландиядағы бір кездесуде қаны қызып кетіп, жанындағы қазақ жігіті екеуі қазақтың «Шапибаяу» әнін шырқағанда, шотландықтар таң-тамаша қалып, бұларға келіп, фужерлерін соғыстыруға кезекке тұрады. Жұрт қолқалаған соң «Қарқаралы басында жалғыз арша…» деп тағы да шырқай жөнеледі. Пианинода сүйемелдеуші Пернекеңнің өзі.
Мектеп-интернатты басқарып жүргенінде әр оқушыға өз әкесіндей қарайды. Бір жолы кішкентай Мақпал Жүнісова дауысында әлдебір өзгеріс барып сезіп, дәрігермен келісіп, бір жылға дейін ән айтуына тыйым салып, бұйрық шығарады. Өйткені әр баланың дауысында бір өтпелі кезең болады. Ол кезде ән айтуға болмайды. Дауысы бұзылады. Еліміздің ерке қызы атанған танымал әнші Мақпал Жүнісова: «Пернебек Момынұлы болмағанда мен әнші атанбас едім», – деп еске алады. Ал Семейде жүргенінде бес-ақ кластық білімі бар 21 жастағы Мәдениет Ешекеев деген жігіттің өміріндегі мына бір жайды Абай елі аңыз қылып айтады. Пернекең оның салған әндеріне тәнті болып, мәдениет училищесіне оқуға шақырады. Ол: «Жасым асып кетті ғой, ағай. Оның үстіне орысша білмеймін. Үйдегілерді колхозда жұмыс істеп асырап жүрмін. Мен кетсем олар қалай күн көреді», – деп мұңын шағады. Ақыры жігітті көндіріп, училищеге қабылдайды. «Үйге барып жағдайымды айтып келейін», – деп сұранып, еліне келеді. Алдында колхоз бастығы үй сатып ал деп, оған несиемен біраз қаржы бөлдіртеді. Оған үй салып алады. Мәдениеттің оқуға баратынын естігенде бастық шошып түсіп: «Онда қаражатты қайтар немесе колхоздан шықпай жұмыс істейсің», – дейді. Бала училищеге келіп, директорға қиын жағдайын айтып, оқи алмайтынын ескертеді. Мұндайда «даукес директор» қарап жатсын ба, тез арада хат жазып, облыстық атқару комитетіне жолдайды, өзі де барып жолығады. Басшылар келер сессияда қарамақ болады. Біраз күннен соң Пернекең жауабын алады. Онда: «Мәдениет Ешекевке үй салуға берілген қаражат кешірілсін!» депті. Ұстазы Мәдениетті осылай қуантып, әкелік қамқорлығын жасайды.
Пернебек Момыновты жақсы тану үшін оның үш томдық монографиясын зерделеп оқып шығу керек. Бұрын еш жерде айтылмай жүрген әндер тарихы да монографияда жазылған. Мәселен, Л.Хамидидің «Қазақ вальсінің» шығу тарихы былай екен. 1940 жылы Қазақстанның білім, мәдениет басшыларының ұсынысымен Сәбит Мұқанов пен Латиф Хамидиге қазақ жастарының рухын көтеретін ән жазыңыздар деп, Медеудегі демалыс үйіне жатқызып, домбыра, пианино әкеліп беріп, барлық жағынан қамтамасыз етеді. Сәбең өлеңін жазады, Латиф оған ән шығарады. Осылай бірнеше рет қайталанады. Ән де, өлең де өздеріне ұнамай, жыртып тастай береді. Олардың саны 24-ке жетеді. Біраз күн өтті, бірақ ән жоқ. Хамиди далада серуендеп жүреді. Бір уақытта тамаша ән сазы кеудесіне құйыла кетеді. Жүгіріп барып, пианинода ойнай бас¬тайды. Сөйтіп, 7-8 минутта 25-ші ән дүниеге келеді. Сәбең табан асында ән ырғағына қарай өлеңін де даяр етеді. Оны «Жәмила» деп атайды. Кейін «Сайраның әні» аталады. Ән вальс ырғағымен жазылғандықтан, тапсырыс берушілер «Қазақ вальсі»деген атауға тоқталады. Бұған қатты қуанған академик А.Жұбанов Л.Хамидидің 60 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзінде: «Л.Хамидидің өмірі мен шығармашылығының құндылығы сонда, оның 1940 жылдары шығарған «Қазақ вальсі» Ю.Гагаринге дейін жер шарын айналып шыққан болатын. Біздер соны әлі айта алмай жүрміз», – деп зор баға береді. Айтқандай, Ахмет Жұбановтың қызыл империядан көрген құқайын біреу білсе, біреу білмес. Пернекең былай деп еске алады: «1954 жылы қазан айының бір күнінде ұстазымыз академик Ахмет Жұбанов оншақты студентті коридордың бір бұрышына жинап алып, қатты ренжіп тұрып, былай деп еді: «Мен жаңа ғана Орталық партия комитетінің пленумынан келдім. Пленумды басқарып отырған Нұрымбек Жангелдин көлемді баяндама жасады: «Еуропалық классикалық музыкалық аспаптарды игеруіміз өте қажет, ескінің қалдығы домбыра, қобыз аспаптарында ән салу мен күй тартуды азайту керек», – деп нұсқау берді. Қарақтарым, болашақ сендердікі, қазақ халқы аман болса, халықтың тілі, домбырасы мен қобызы сол халықпен боларында дау жоқ. Мен сендерге сенемін, халқымыздың төл музыкалық аспаптарын дамытып, әлем халықтарының мәдениетімен теңестіріңдер!», – деген еді. Пернекең академик ұстазының бұл сөзін жерге тастамай, жасы тоқсанға келсе де шаршап-шалдықпай, жастарға насихаттап қана қоймай, іс жүзінде жүзеге асырып жүргеніне ел куә.
Тұрсынбек ЕШЕНҚҰЛОВ,
Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі