№7 Шілде, 2023
Арттағыға сөз> >
Өлсең де өлмегенге боласың тең,-
< <Бұл өмірдің қызығы махабатпен,
Артқаragraph —>
Өлсең де өлмегенге боласың тең,- < - -->
деген Абай атамыздың өлеңін 1943 жылы Мергендер даярлайтын інтанар алдында апасы Сапураға газет бетіне жазған хатынан тапқаағағұлова соғыста жүрген кезінде апасына көптеген хаттар жазған. Солардың бірінде «Смелость командира» деген мақаласы бар газет бетінің шетіне Р/s : «Бүгін орманға барып, бір құшақ гүл тердім. Орман сондай жақын. Жан-жағымыздың барлығы әдемі гүлдерге толы шалғындар. Сол әдемілікті жалғыз өзім тамашаламайын деп, саған арнап қалампыр, құлпынайдан бір бума гүлді жіберіп жатырмын»,- деп жазып, екінші шетіне менің мекен-жайым: Мәскеу облысы, п/о Шелково, Амерово аулы, Орталық Әйелдер Мергендер мектебі,- деп көрсеткен.
2015 жылғы батырымыздың туғанына 80 жыл толуына орай, мұражайымыздың экспозициясы қайта жасақталды. Осыған орай, аталмыш хат жазылған газет бетінен бір сиямен жазылған жазуды байқадық. Техника көмегімен ұлғайтып қарағанымызда, Абай атамыздың осы бір өлеңін оқыдық. Ол жазу кезінде соғысқа аттанар алдында Әлия апамыздың бізге жіберген сәлемдемесі іспеттес. Сол кезге дейін бұл өлең жолдарын ешкім байқамаған. Ал, Әлия соғысқа аттанарда Отаны үшін өмірін қиюға дайын екенін, майданға жеңу үшін, жеңіс жолында жанын беру үшін саналы түрде аттанғанын көреміз.
Батыр Әлияның арттағыға сөзі де, ісі де қалғанына көзіміз жетіп отыр. Қазн е, жыр да, балет те, қойылым да, кино мен кітаптар да бар. Солардың бірі Әлияны соғыс алаңында көрген жалғыз майдангер жазушы, журналист Жекен Жұмахановтың «Әлия әні» кітабы.
Әлияның ерлігі жалғыз Казачиха ауылы маңындағы болған ұрыста жауға қарсы жауынгерлерді ұрандатып тұрғызумен шектелмейтінін дәлелдейтін деректі оқиғаларға негізделген шығарма. Жекен Жұмаханов өзінің көргенін, кітап жазбақшы болып, бірнеше рет Әлиямен кездесіп, ол мұратына жете алмай, соғыста қайтыс болған Ставскийдің де әңгімелерін повестке қосқан.
Негізінде, майдан жауға қарсы шабуылдау ғана емес, ақыл-айла, өнер -әдіс, сабыр мен шапшаңдық, ыза мен ұстамдылық қасиеттері секілді адамның ішкі сапасы мен ой өрісінің соғысы, мінездердің теке-тіресі. Әлия қырағы, айлалы мерген болған. Оған дәлел Әлия, тілші Ставскиймен барлауға шыққанда, суға шомылуға келгееле, Ставский Әлияға фашистті алғаш құрту керек екендігін, әрі суға түсіп, жақындағанда ату қажеттілігін айтқанда, ол кәрі казактың айтқанын тыңдамай жағада тұрған әйелді әуелі, сосын ерді атып түсіреді. Ставский Әлиядан не себепті керісінше әрекет еткенін сұрағанда, ол фашисттің ешқайда қашпайтынын, сондықтан әуелі сатқынды өлтіру керектігін, ал суға малтып басы қылқийып тұрған адамды атқаннан бойы сорайып тұрғанда атқан дұрыс екендігін дәлелдеп береді.
Таенасханасынан ауқат алып бара жатырған 2 неміске кезігеді. Бұл жолы да мерген қыз жазушы Ставскийден қайсысын бірінші атқаны дұрыс екенін сұрайды. Әрине алдыңғысын атса, артқысының жолын бөгер деген оймен журналист ойын айтып болғанша, Әлия артқысын жайратады. Кейіннен алдыңғысына да мергеннің дәлдеп атқан оғы дөп тиеді. Бұл жолғы қимылының не себепті олай болғанын сұрағанда: Әлия алдыңғысын атса, артқысы жата қалады, ал алдыңғысының артында көзі жоқ, не болғанын ұғынып болғанша мен де атып үлгерем,- деген екен. Сол кезеңде екі соғысқа қатысқан Ставский жас та болса тапқырлығы өзінен асқан Әлияның тактикасына тәнті болған көрінеді.
p;sp; Ал жазушы Жекенді Әлия өз позициясына жолатпапты. Оқиға былай болатын. Әлияның мергендігі бүкіл ұрыс алқабына әйгілі болады. Ұлтжанды жазушы өзінің жерлесі туралы майдан газетіне жазбақ болып іздеп келеді. Кездескенде өзінің қазақстандық екенін, мерген қыз: «Ақтөбеденсіз бе?»-деген сұрағына, көңілін қимай Ақтөбелік екендігін айтады. Екеулеп алдыңғы шепке бара жатқанда мерген қыз шашырай жүруді бұйырған. Ол алдыңғы шептің ережесі екен. Атыс болған жағдайда біреуінің аман қалуы үшін. Әлия алдыға түсіп, бауырлай жөнелсе, тілші тізерлеп қана өтеді. 300-400 метр қашықтықта жатқан немістер оны байқап қалып бір уыс оқты бората салады. Осы кезде Әлия тілшіге мерген оғының жалғыздап келіп, дөп түсетінін, бұл пулемет оғы екенін айтып, снаряд ойып кеткен апанға құлауын бұйырды. Құлауы сол екен тағы бір уыс оқ алғашқы жерді ойсыратып өтті. Көп ұзатпай траншеяға секіруін сұрады. Кетуі сол екен, кеткен орнына гранатамет оғы барып түсіп тас-талқан еткен. Жаудың сырын алақанында тұрғандай біліп, есебі айна қатесіз келетініне жазушы таң қалған. Осылайша, өміріне қауіп төндірмес үшін кейін қайтуын өтініпті. Оған Жекен Жұмаханов Ставскиймен барлауға барып, оны алмауының себебін сұрайды. Оған Әлия Ставскийдің көп жылдар әскери қызметте болып, төселген жан екенін, ал оны қару алуға мына соғыс мәжбүрлегенін алға тартып, кейін қайтарады.
Әлия құрамында болған 4-ші ротаға жазушының екінші сапары 1944 жылы көктем айында болады. Әлия мергеннің №956 нөмерлі жеке винтовкасы өзі өлсе де жау көзін кі, қандасы деп, Әлия батырлықпен көз жұмғаннын кейін Түркістандық Айсары Құрмановқа табысталған екен. Сырдарияға суын құятын Аша деген кішкене өзен жағасында дүниеге келген Айса бұл винтовкамен аз уақыттың өзінде 6 фашистің көзін құртқан екен. Сол винтовканы сүйе отырып, бұл қарумен Берлинге дейін баруды жоспарлап отырғандығын баяндайды.
Ертесіне болған ұрыста майдандастары Әлияша соғысып, бірнеше дұшпанды өлтіріп, бір обер-лейтенантты қолға түсіреді. Әлияша дейтіні, аз қолмен көп жауды жайратқан кезде ол: «біз бүгін күшпен емес, жүрекпен жеңдік, арыстанның айбатымен алдық», — деп келеді екен. Өйткені, жолбарыста жүз кісінің күші болады да, арыстанда жүз кісінің айбаты болатын көрінеді. Сол себепті де «Жолбарыс күшпен, арыстан айбатпен жеңеді»,- деген сөзді өзіне ұран еткен.
Жекен Жұмаханов батальон штабына келіп, Әлия жөніндегі құжаттармен танысады. Көлемі қобдишадай болатын отқа күймейтін сандықшадан балауыз қағазға оралған Әлияның комсомол және қызыләскерлік билеті шығады. Су тиіп, көп қажалған комсомол билетінің сырты тозған екен. Дегенмен, 1944 жылдың қаңтарына дейін мүше болып, жарнасы төленіп, белгісі соғылып отырған. Ал, қызыләскер билеті көбіне штабта тұрған&nbsжағұлова, ұлты – қазақ, әскери атағы – ефрейтор…», -деп жазылған. Сол ораудың ішінен бірнеше хаттар да ұшырасады: Сапураның «открыткаға» жазған хаты, Бисенбай мен Әби деген туыстарына үшкіл бұрыш конвертке оралған хаттары бар. Соңғы екеуінде мекен-жайдың орнына 5 санды дала пошта номерлері жазылған екен. Не себепті хаттары жіберілмегенін сұрағанда, сол кездегі қобдишаға жауапты батальонның парторгі алматылық лейтенант Абдолла Бабашев пен батыр қыздың құрбысы Яковлева 1943 жылдың 16 желтоқсанында жазылған хаттың бұл алғашқы нұсқасы екендігін, қайта көшіріліп Әлия көзі тірісінде жібергендігін айтады.