№5 мамыр, 2023
Жақында ғана Алматыдағы Республикалық Ұлттық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған үлкен жиын өтті. М.Әлімндрбақты ауданы, Маралды атырабында дүниеге келген.
Әкесінен сегіз жаста, анасынан он үш жасында айырылған бала өмірі ХХ ғасырдағы қазақ халқы басынан өткерген аумалы-төкпелі оқиғалармен бірге өтті. 1932-1933 жылдардағы қазақ даласындағы алапат аштық, 1937 жылдардағы сталиндік жеке 5 асынан өткеріп, әскер қатарынан 1948 жылы босады. Оның шығармашылығының дені балалар әдебиетіне арналды. 25 жыл «Балдырған» журналының бас редакторы қызметін атқара жүріп, дүнибистүр мен тың ізденістерді бойына жинақтады. Ақынның көркемдік ізденістері алғашқы «Қарағанды жырларынан» бастап, әр жылдары шыққан «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ – олақ», «Шынықсаң – шымыр боларсың» жинақтары жас оқырмандардың қолына тиді. «Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
М.Әлімбаев тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініндей мақал-мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысты. Оның осы бағытта жасаған «666 мақал мен мәтел», «Мақал – сөздің мәйегі», «Өрнекті сөз – ортақ қазына», «Халық – ғажап тәлімгер», т.б. жинақтары мен зерттеу еңбектері бар.
Сонымен бірге ақын әлем халықтарының мақал-мәтелдерін жинап, оларды қазақ тіліне аударып көркем аударма саласына да үлес қосты. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тілінде сөйлетті. Ақынның өз туындылары әлемнің 38 тіліне аударылған. ¬
Әдебиетке сіңірген осы еңбектері үшін Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1978), Қазақстанның Халық жазушысы, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты атанды (1996).
Балалар әдебиеті туралы сөз ететін болсақ, тілімізге бірінші кезекте оралатын есім – Мұзафар Әлімбаев. Ғасырға жуық жасаған ақын шығармаларын қарап отырсаңыз, оның өнімді еңбек еткенін байқауға болады. Шығармаларының дені қазақтың жас бүлдіршіндері мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге арналды. Ақын бірінші кезекте балаларға өздерінің төңірегіндегі ең жақын адамдарын таныстыруды көздейді. Сондықтан, біраз өлеңдері туыстық атауларға қатысты. «Ана», «Әке», «Аға», «Іні», «Әпке», «Қарындас», «Жезде», «Жиен», «Бөле» өлеңдерінде әкесі жақтан туысытан адамдар мен анасы жақтан туысатындарды ажырататын болады. Әдетте балаларға үлкендің бәрі бірдей болғанмен, олардың әрқайсысының өз атаулары болады екен. Мұны ұғынған бала әр туысын өзіне қатысты атпен атайтын болып үйренеді. «Әке» өлеңінде:
Мақтайды әкем:
– Батырым,
Енді өзіме серік! – деп.
Өсіп келе жатырмын,
Өз әкеме еліктеп.
Кез келген бала өз ата-анасынан тәлім-тәрбие алатыны белгілі. Сондықтан, қазақ халқы «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп айтқан. Ақын халық даналығын тірілтіп, балаларға өз ата-аналарын үлгі-өнеге етеді. Ал, олар өсіп келе жатқан балаларының жетістігіне қуанып, «өзіме тартқан» деп марқайтатыны белгілі.
М.Әлімбаевтың балаларға арналған шығармаларын жанр бойыншы жітейтін болсақ, олардың ішінде жеке адамға арнап айтылған сықақ өлең – эпиграммалар көптеп кездеседі. «Қисыбай» өлеңінде кіп-кішкентай болса да мінезі қисық баға кездесеміз.
Қызды тартып тұлымнан,
Ұлды шертіп мұрыннан,
Көрінгенге ұрынған,
«Жын» қаққандай жұлынған
Кіп-кішкентай Қисыбай,
Мінезінің қисығы-ай!…
Ақын Қисыбай сияқты қисық, қыңыр баалардың жамана мінезі мен өрескел әрекеттерін, жағымсыз қылықтарын сынай отырып, жас оқырманға жаманнан жирену керектігін ескертеді. Жекелеген адамдардың мінез-құлық, іс-әрекеттерін сынауда ащы сын, сықақ, кекесін, әзіл-оспақ кездеседі. Бұл – сынай отырып, оқырманын тәрбиелеудің үлгісі. «Жамақай мен душ» өлеңінде көктем шығып, қар еріп жатқанда Жамақайдың шатырдан трубадан аққан судың астында тұрып, малмандай су болғанын көреміз.
«Душқа» түсті бір апта,
Қыста түсті бірақ та…
«Тұмау тиді қайдан?..» – деп,
Әжесі жүр қайран боп, – деген жолдарда кекесіннен гөрі әзіл басым. «Кербақбай» өлеңінде үлкендер жұмсаса тіл алмайтын, сиыр бақпай сүт ішетін, сабақ сұраса жауап бермейтін Кербақбайдың іс-әрекеті әжуа болады:
Күркілдейді Кербақбай
Суық тимей,
тер қатпай.
Жұмсай қалсаң,
Кербақбай
Адасады,
жол таппай.
Ақын кейбір балалардың бойындағы осындай кемшіліктерін сынау арқылы, басқа балаларға ой салады. Осы өлеңді оқыған бала сүт ішу үшін сиыр бағып, бұзауға қараумен бірге еңбек етуді ұғынады. Олардың еңбектері – сабақ оқу, ендеше Кербақбай сияқты ұятқа қалмай, үй тапсырмасын міндетті түрде орындап жүру керектігін түсінеді. Осылайша ақын балаларға неден жирену, неден үйрену керектігін өмірде болған шынайы кейіпкерлердің ісімен нанымды суреттеді.
Балалар әдебиетінде фольклордан жалғасып келе жатқан көне жанрдың бірі – мазақтама. Мазақтамада балалардың мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі кемшіліктер мазақ етіледі. «Асыл емес, масылсың» өлеңінде:
Мен білетін Асылсың,
Досың
неге жасырсын.
Бәтеңкеңді өзің майламасаң,
Бауын өзің байламасаң…
Сен Асыл емессің,
масылсың!, – деп Асылды мазақ етеді. Бала атына заты сай болу үшін, өз киімін өзі тазалау керек, өзі киіну керек. Алғ өзі істей алмаса ол қайдан асыл болмақ. «Асыл» деген сөз бағалы, қымбат деген ұғымды білдіреді. Мұндағы асыл атына заты сай болмағандықтан, ақын оның істерін мазақ етіп отыр.
Ақын шығармадарынан өлең тармақтарының соңында бір сөзді бірнеше рет қайталайтын эпифоралар да көптеп кездеседі. Ақын қайталау арқылы сол сөзге немесе затқа, құбылысқа ерекше назар аударуды қалайды. «Қайда кеткен қарындаш» өлеңінде тәриеші балаларға журналдың жоғалғанын айтып, оны Дулат алған болар деп ойлайды:
Дулат айтты: – Алғам жоқ.
Мұрат айтты: – Алғам жоқ.
Зәуреш айтты: – Алғам жоқ.
Сәулеш айтты: – Алғам жоқ.
Ақын «алғам жоқ» деген сөзді әр балаға қайталату арқылы олардың жоғалған жәрналға қатысы жоғын көрсетеді. Бірақ сол журнал бақшадан табылғанда Қарлығаштың: «Жатқан мұның жанында, Қайда кеткен қарындаш» деген сөзінен журналдың жоғалуына себепкер адамды танимыз. Мұның өзі – халық айтқан «Балалы үйде ұрлық жатпайтыны».
«Желдің өзі қандай? Желдің көзі қандай?» өлеңінде желдің көптеген тіүрі болатынын аптап шөл мен Арктиканың желін салыстыра арқылы ұңһғындырады.
– Аптап шөлде
Қызыл көзді қызыл жел,
Шұбатылған ыстық жел
Пысынатқан ыстық жел
Мәне, омсындай түстік жел – деп, «жел» сөзін бәр шумақ өлеңінің әр тармағында қайталау арқылы осы сөзге мән беріп отыр. Себебі, шөл мер Арктиканың желі салыстыруға келмейді екен. Шөлде ыстық жел тұратын болса, онда адам есін аларлықтай үскірік болады екен. Бір заттың қарама-қарсы ұғымын осылай параллел қатар салыстурмен бейнелеген.
Сонымен бірге әр тармақты бір дыбыспен, немесе сөзбен бастап, сол дыбысты, не сөзді бірнеше рет қайталайтын анафораларды кездестіреміз:
Шалқарда шабақ жүзеді,
Шағала көзін сүзеді.
Шүйіліп көктен шағала
Шегеше келіп қадалар.
Шиедей шоқып жеп қояр,
«Шиманды екен!» – деп қояр.
Сөз басында қайталаудың: әуендік, синтасиситік-ырғақтық, лексикалық, әуендік-лексикалық түрлері болса, осындағы әр тармақтың «ш» дыбысымен басталуы әуендік анафораға жатады.
Ақын шығармаларынан үлкен орын алатын келесі жанр – мысал. Бұл жанрда айтпақ ой тұспалмен берілетіндіктен, көбіне оның кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік болып келеді. Кейбір жағдайларда адамдар да қатыстырылады. Шағын көлемді, сюжетті оқиғаға қатысуышы кейіпкерлердің диалогымен олардың болмыс-бітімі, негізгі ой-арманы ашылады. Мысалда ғибратты ойлар айтылатындықтан, онда уағыздық, дидактикалық сарын басым. Фольклордан жалғасып келе жатқан көне жанр кейінгі уақытта жазба әдебиетте кең жайылды. Орыс әдебиетінде мысал жанрының негізін салған И.Крылов болса, қазақ әдебиетіндегі мысал жанрын Ыбырай, Абайдан бастаймыз. ХХ ғасырдың басында бұл жанрға Шәкәрім, Ахмет, Әлихан, Спандияр, С. Дөнентаев, А.Тоқмағамбетовтар көп үлес қосты. Аты аталған ақындардың көпшлігі Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударды. Мысалдың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі қызметі жоғары болғандықтан, аттары аталған қалагерлердің мысалдары бастауыш сыныптан бастап мектепте оқытылады. М.Әлімбаев «Тауыс пен сауысқан» мысалында екі құстың диалогын былай өрбітеді:
Тауыс:
Жақыннан да алыстан
Сұрқың нашар сауысқан!..
Қанат-құйрық, қауырсын
Сұрап алсай тауыстан.
Сауысқан:
Менің атым – сауысқан,
Тауыспен да жарыспан…
Туа біткен көркім бар.
Аласұрып орынсыз,
Ажар іздеп қонымсыз,
Ақылымды тауыспан.
Құбылмадан қорқыңдар…
Ұрлық-қарлық өң бермес
Жат мүлкіне жабыспан…
Ақын кейіпкерлерін бір-бірімен сөйлестіре отырып, олардың болмыс-бітімен көрсеткен. Тауыс өз көркіне марқайып жүретін мақтаншақ, болса, сауысқан – өз жаратылысын қанағат тұтатын құс. Олардың түрі бірдей болу шарт емес, керісінше олардың негізгі айырмашылығы өздерінің андай құс екенін көрсетпек. Ақындар аң, құс, балық, өсімдіктер арқылы адам баласының бойындағы кемшіліктерді көрсететін болса, біз сауысқаннан өнеге алуымыз керек. Бес саусақтың бірдей еместігі сияқты адамзат баласы да түрліше. Әр адам өзінің жаратылысын қанағат тұтып, барына ризашылық таныту керек. Ашкөзденіп өзгенің затына қол сұғуға болмайды екен. Мысал жанрында әрбір қысқа оқиғаның нақыл түрінде айтылатын түйіндемесі болатын болса, мұның түйіндемесі – сауысқанның «Ұрлық-қарлық өң бермес, Жат мүлкіне жабыспан» деген сөзі.
Балалар әдебиетіндегі негізгі жанрдың бірі – аңыз-ертегі болса, ақын шығармаларынан да авторлық аңыз-ертегілерді кездестіреміз. Аңызға халықтың жадында сақталған би-шешендер, хандар мен батырлар туралы уақиғалар негіз болады. Аңыз – қазақ фольклорлық проза жанрларының бірі. Онда елдің, халықтың, тайпаның басына кешкен тарихы, жүріп өткен жолы да сақталып қалады. Халық жадында ұзақ уақыт сақталып, атадан-балаға мирас болатын жанрдың мифологиялық, топонимикалық, антропологиялық түрлері бар. Фольклортанушы ғалым С. Қасқабасов антропологиялық аңызға мынадай анықтама береді: «Орыс халқындағы Чапаев, Буденный, Котовскийлер секілді, есімдері қазаққа мәлім Қажымұқан, Әміре, Сұлтанбек Қожанов, Ғани М ұратбаев, Бауыржан Момышұлы, т.б. туралы аңыз-әңгімелердің туып, фольклорлық айналымға түсуін аңыз жанрының жалғасы ретінде қабылдауға болады». Халықтың өздеріне ұнаған тарихи тұлғалар туралы әңгімелері ауыздан-ауызға тарап, ол кейіпкер көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналып жатады. Жоғарыда аталған тұлғалардың барлығы көздері тірісінде есімдері аңызға айналған жандар.
Ақынның «Көк сиырды көтерген келіншек», «Екі құрбы» аңыздары ел ішіне кеңінен тараған аңыздарға құрылған. «Көк сиырды көтерген келіншекте» ертеде бір мерген жігіттің болғаны туралы айтылады.
Мақтанып қоймайды екен жолдасына:
«Мен кепіл мендей мерген болмасына!»
Жебемен табанда атып ұшырыпты
Шанышқан тебенді де тал басына .
Мерген жігіт өзінің мергендігін елге айтып мақтана берген соң, оған келіншегі көп мақтана бермеуін сұрайды. Мақтаншақ жігіт қойсын ба. Келіншегі соның бір орайын күтіп жүреді. Үйлерінде жалғыз сиыры бар екен. «Жұбайы депті бірде – мықты болсаң, Көтеріп көрші мына сиырыңды!», – дейді. Жігіт күшін сынамақ болған соң, қызық көруге көрші-қолаңдары түгелдей жиналады. Бірақ жігіт сиырды көтермек түгіл, орнынан қозғай алмайды. Содан кейін келіншегін күшін сынайды.
Келіншек дәу сиырды ауырсынбай,
Қарына іліп алды қауырсындай.
Қайтадан дік еткізіп қойды жерге,
Пәлен пұт зіл болса да тау тасындай.
Күйеуінің келіншегіне қайрақ қалып, мұнша күшті қайдан алғанын сұрайды. Ол: «Күніне үш-төрт рет төл кезінен, Көтеріп көк бұзауды еттім машық…», – дейді. Шап-шағын келіншекке таң-тамаша болған мақтаншақ жігіттің солай келіншегінің алдында сағы сынған екен. Бұл аңыз бойыңда бар өнеріңді көпке мақтан ете бермеу керегін ескертеді. Мақтана берсең, сенен де мықтылар шығып тауың шағылып қалатына рас.
«Екі құрбы» – бір күнде өмірге келіп, қатар өскен екі құрбы жігіттің өміренен алынған оқиға. Өмірдің өзі күрес, жанжал, тартыстан тұратыны белгілі, уақыт өте келе жігіттіердің бірі ханға уәщзір болып кетеді. Екіншісі кедейлікпен күн кешіп арып-ашып жүріп жатады. Күндердің бір күнінде қолы бос, іші пысқан уәзір жігіт ел ішіне сайрандап шығады. Сонда бір сайда бала күндегі досы кездеседі:
– Кетіпсің, сорлы, қартайып,
Нендей күн түскен басыңа?
– Жүргендер аз ғой шалқайып,
Көргені жұрттың осы да!.., – деп, өзінің кедейлікпен жүрген жүрісіне досын кінәлайды. Екеуі айтысып тұрғанда қастарына бір шал келіп, екеуіңе: «Ақыл мен ақша ұсынсам, Қайсысын алар едіңдер», – дегенде, уәзір жігіт ойланбастан «мен өзім ақыл алам» десе, кедей жігіт те ойланбастан «ақшаңыз – біздің қалау» дейді. Екеуінің жауабын естіген шал оларға былай жауап береді:
– Ақылды болсаң қарағым,
Табылмас па еді қазына.
Ақшаны қалай қаладың,
Ақылыңның азы ма?
Шалдың айтқан жауабына түсінбеген кедей жігіт «мен қалаппын ақшаны, алмай ма әркім керегін?!» дейді. Екі жігіттің бірі уәзір, екіншісі кедей болып жүргеніннің сыры осы оқиға үстінде ашылады. Басыңда ақылың болса, жұмыс тауып күн көруге болады. Бірақ басында миы жоқтар кінәні өздерінен көрмей, басқаларды кінәлап жатады. Екі жігіттің қалауын естіген балалар мектепте жақсы оқу керектігін түсінеді. Жақсы оқыған балаға қайда да жұмыс табылады, жұмысы бар адамның тұрмыстық жағдайы, өз ортасындағы абыройы да жақсы болады. Ал, жұмыссыз жүргендерге ешкім құрмет жасамайды. Ең жаманы ол жұмыссыздығын өзінен көрмейді.
Балаларға фольклорлық жанрлардың бірі – ертегі. Ертегіде өткенді қиялмен болжап, оқиғаға құрылған көркем әңгіме қара сөзбен беріледі. Фольклортану ғылымында қара сөзбен айтылатын фольклорлық прозаны екі топқа бөліп: бірін – аңыздық проза, екіншісін – ертегілік проза деп атау қалыптасқан. Ертегіні қызықты оқиғаға құрып, оқушысын қызықтырып отырған. Фольклорлық жанрлардың ішінде балалардың қызыға тыңдайтыны – ертегі. Себебі оның сюжеті қызықты болып келеді. Қызықты оқылатын ертегі оқырманына танымдық-тәрбиелік, эстетикалық тәрбие береді. Ақынның «Қарағай неге ұзын, жыңғыл неге жатаған, тобылғы неге қызыл болған?», «Тауыс неге қызыл-жасыл, қарға неге қара?» ертегілерінің танымдық-тәрбиелік қызметі мол. Екі ертегіде де осы жанрдың үлгісі бойынша «ерте-ерте, ертеде» өткен уақиғалар баяндалады. «Қарағай неге ұзын, жыңғыл неге жатаған, тобылғы неге қызыл болған?» ертегісінде ертеде қарағай, жыңғыл, тобылғы ағаштары бір өлкеде өскендіктен, тел өскен балалардай бір-бірімен тату, дос болғаны туралы айтылады. Күндердің бір күнінде Қарағай мен Жыңғыл ұрсып қалады да, Қарағай тауға қашып кетеді. Қарағай тауға барғанмен, «Қайтеді ол?» деп жыңғылға мойнын соза-соза бойы да ұзын болып өсіп кетеді. Ал, жыңғыл қарағай көріп қоймасын деп құмға бұғып-бұғып содан бойы өспей қалған екен. Екі досының арасына арашашы болып, ары-бері шапқылаған Тобылға «Қойыңдар, – деп, – керісті!» айтудай-ақ айтқанмен олар тыңдамайды. Екі досының мына қылығына ашуланған ол үйіне ренжіп қайтады. Ертегі былай аяқталады:
Екі арада ит-әлек –
Сондай қыжыл болыпты:
Жатаған да тәпенек
Содан Жыңғыл болыпты.
Дәу қарағай содырлы
Содан ұзын болыпты.
Ұялыпты тобылғы –
Содан қызыл болыпты.
Үш достың арасындағы уақиғаға қарап отырып, балалар ұятқа қалмас үшін өзара ұрыспау, керіспеу керектігін түсінеді. Араша түскен достарының бетін қызартып керкілдескенше, тыныш жүрген артық екенін ұғатын болады.
«Тауыс неге қызыл-жасыл, қарға неге қара?» ертегісінде тауыс ғаарлар туралы ертегілердің қатарына жататын бұл ертегіде ежелгі миф, аңыздар орын алған. «Ерте,ерте, ертеде, Ну орманды өлкеде» ақ тауыс пен ақ қарға өмір сүреді. Тауыс қырғауылдың қызылдығын, әтештің алтын айдарын, тотының жап-жасыл көйлегін айтып, оларға сұқтанады. Қар үстінде жүргенде екеуі де көрінбей қалатын болған соң, олар да өзгелер секілді түрлі-түсті болғысы келеді. Ертесіне ерте тұрып, екеуі үйлеріне жасыл, күрең, қара, ақ, көк, қызыл, сары сияқты жеті түсті жинап алып келеді. Жеті түсті ортаға қойған Қарға қолына қылқаламды алып асықпай досы Таусты сырлай бастайды:
Үндемейтін Қаракең
Өнерге де бар екен.
Тауысының қымбатты
Тұла бойын сырлапты
Ең ақыры аяқты, –
Түрлі түспен бояпты.
Түрлі түсті түрге еніп құлпыры шыға келген Тауыс енді Қарғаның үстіне төне бергенде, дөң астынан бір шошқа шыға келеді. Оның алдындағы етін көрген қарға шыдамай, бол да болдың астына алады. «Мен қашанғы тұрам», – деп, «Тез боянып шығам!» – деп, легенге құйып қойған бояуға күмп береді. Ол қара бояу болғандықтан, ақ қарғаға желімдей жабысады. Сабырға көнбеген ашқарақ ақ қарға осылай көмірдей қара болып шыққан екен.
Үсті басы қап-қара,
Мойыны тек ақ қана.
Қарға атанған «қомағай»,
Кеткен тауыс жоламай.
Оның «қарқ-қарқ» дегені
«Қап!..» – деп опық жегені.
Қомағайлық пен сабырсыздық адамға да абырой әпермейтіні белгілі. Олай болса, оқырман да сабырлы, ақылды болуға өзін үйретері анық.
Жазушы А.Жақсыбаев ақын туралы: «Мұзағаңның тұрған бойы – ақыл мен нақыл. Кез келген сөзден ұй¬қас құрастырып шығаратын. Ел ішін¬дегі сирек сөздерді іздестіріп, жинап жүретін. Мұзафар Әлімбаев қазақ әдебиетінің көрнекті өкіл¬де¬рінің біріне айналды. Поэзия жанрын¬дағы еңбектері – өлеңдері, поэ¬малары әдеби сын тарапынан да, оқырмандардан да жақсы бағасын алды. Қазақ әдебиетінде мақал-мәтелдердің бірден-бір жинаушысы болды», – деген болатын. Әлем халықтарының мақал-мәтелдерін жинаумен, оны қазақ тіліне аударумен айналысқан ақынның өзі де өмірден көргені мен түйгендерін тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні етіп жеткізді. Сан ғасырлар бойы қалыптасқан халықтың наным-сенімдерін, түсініктерін төмендегіше тыйым жасаумен жеткізуге ден қойды.
Тұзды баспа,
Шоқты шашпа.
Ақыл есің бүтінде:
Кісіге қарай түкірме.
***
Әдепсіздікті таста,
Есікті теуіп ашпа.
***
Адамдарды санама,
Түнде айнаға қарама.
***
Босағада тұрма,
Көк шөпті жұлма.
***
Малды теппе,
Ақты төкпе.
Халық балаларға көп жағдайда тыйым жасап, оларға әдепсіздік жасамауды үйретіп отырады. Осындай мақсатта ақын оқырмандарына халық ұғымында тыйым жасалған дүниелерді естеріне салып, оларды жасауға болмайтынын түсіндіреді.
Балаларға арналған Ұлттық құндылықтар – әбзел-саймандар туралы өлеңдер. «Бұйда», «Тұсау», «Шідер», «Тізгін», «Басжіп», «Ноқта», «Жүген», «Шылбыр», «Қайрақшы», «Қол шана» өлеңдерінде аты аталған ат әбзелдері мен құрал-саймандарға түсінік береді. «Жүген» өлеңінде:
Құлақтан басып күреңді,
Кигізер әкеп жүгенді.
Ауыздықтайды асауды,
Шабандоз жігіт жігерлі, –
деп, ат-әбзелі жүгеннің атқаратын қызметі туралы мағлұмат берген. Осындай мақсатпен әр заттың негізгі ерекшелігін бір шумақпен беруде ақынның аз сөзге көп мағына сыйғызғанан байқаймыз.
Ақын шығармаларынан көзге түсетін келесі өлеңдер – бата сөздер. Бата сөздің магиялық құдіреті сенген ерте заманда қалыптасқан. Бата сөзінің Құдайғ пайғамбар, әруақ сияқты адам еркінен тыс күштермен байланысты болып келуі де сондықтан. Осы жанр туралы әдебиеттанушы ғалым Ғ.Доскенов: «Бата сөз қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата сөз – халқымыздың жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті», – деген болатын. Батаны әдетте жасы үлкен ақсақалдар, көпті көрген көнекөз қариялар беретін болған. «Ақсақалдың ақ батасынан» өлеңінде ақын кішкентай оқырмандарына мынадай бата береді:
Оқуда алғыр бол,
Ойлауға даңғыл бол!
Өмірде әділ бол,
Ашуда сабыр бол!
Ісіңде шебер бол,
Ақылға кемел бол!
Қиынға батыл бол,
Еңбекте батыр бол!
Уәдеңе берік бол,
Ауылыңа көрік бол!
Бата жанрына осылайша шұбыртпалы ұйқаспен соза беруге болады. Бата сөздері жаттап алуға жеңіл, нақты да түсінікті, қарапайым сөздермен беріледі. Бала ұғымына түсінікті сөздеріді жаттау оңай болғандықтан, мектеп жасына дейінгі балалар көптеген баталарды жатқа айтуға шебер.
Қорыта айтқанда, «Өз бағамды сұрамаймын өзгеден, Ердің құнын өлшейтін кім сөзбенен?!» дейтін қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Мұзафар Әлімбаев – балаларға арналған шығармаларында фольклордан жалғасып келе жатқан шағын жанрларды өз тарапынан жаңғырта отырып жалғастырған ақын. Ол мектеп жасына дейінгі және бастауыш, орта сынып оқушыларына арнап жазған шығармаларында кішкентай оқырмандарына эстетикалық, танымдық, тәрбиелік дүниелер жазды. Қазақтың болашағы болып саналатын өскелең ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді үлгі-өнеге етті.
ОРДА Гүлжаһан Жұмабердіқызы,
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты,
Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика
бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.д., профессор