№4 Сәуір, 2023
Халық жырларының қайсысын алып қарасақ та оларда беруға болады.
Фольклор ғылымында эпикалық жырларды жанрлық стадиалық белгілеріне қарай көне эпос, батырлық эпос, ғашықтық эпос деп төрт топқа бөліп қарастырқ гі арнасы – көне эпос. Бұған жатқызылып жүрген шығармаларға «Құламерген», «Жоямерген» «Дотан батыр», «Құбығұл», «Ақ Көбек», «Шолпан мерген», «Мұңлық-Зарлық» тағы басқа да жырлар енеді…» деп жазды («Көне эпос», оқу құралы, құрастырып, алғысөзін және түсініктемелерін жазғандар: З.Сейтжанұлы, П.Бисенбаев, Ә.Құдияров, Алматы, «Қазақ университеті» баспасы, 2003 жыл, 3-бет).
«Мұңлық-Зарлық» эпостық жыры балалардың қызығып оқитын жырына айналғаны шындық. Эпостық жыр балаларға арналған ертегі желісімен шығарылған. Ағайынды Мұңлық пен Зарлықтың басынан кешкен оқиғалары өзге елдердің эпостық шығармаларына қарағанда өте қызықты оқылады. «Мұңлық-Зарлық» жырында да барлық жамандық мыстан кемпір арқылы іске асады. Бұл арада айта кететін бір жай, таудағы екі баланы (Мұңлық пен Зарлықты) киік «асырайды». Сонымен бірге әке мен баланы кездестіруге кәміл пірлер киік кейпіне түсіп, себепкер болады. Мұның түп-төркіні көне түсінік тотемдік ұғымдарға қарай тамыр тартады…»-деп жазады «Көне эпос» деп аталатын хрестоматиялық оқу құралын құрастырушылар.
«Мұңлық-Зарлық» эпостық жырында Қызыр Ілияс, Ғайып Ерен қырық шілтен егіз туылған ұлға Зарлық, қызға Мұңлық деп ат қой деп кеңес береді. «Мұңлық-Зарлық» та кәміл пірлер мен Қызыр Пайғамбар, Ғайып Ерен қырық шілтеннің жырда айтылуына қарағанда бұл көне эпос заманның өзгеруімен айтушылар, жыршы-жыраулар, ертекшілер мен қиссашылар тарапынан өзгерістерге ұшырағанға ұқсайды. Ислам дәуіріне дейінгі балалар әдебиетінде жалғыз көзді дәу, дию, жеті басты аждаһар, жезтырнақ, т.б. кейіпкерлер ғана болған. Ал, Пайғамбарлар, Ғайып Ерен қырық шілтен, басқа да исламдық діни ұғымға байланысты пайда болған кейіпкерлер Ислам дәуіріндегі балалар әдебиетінде ғана көрініс беретіні шындық. «Мұңлық-Зарлық» эпостық жырында кейіпкерлер кейде Тәңірге, кейде Аллаға сиынады. Бұл – Ислам дәуірінде жасаған айтушылардан қалған мұра. Жыр исламдық идеология орнамаған кезде пайда болған ауыз әдебиеті үлгілерінің біріне жататын көне заман эпостарының бірі. Ал исламдық құндылықтардың ендірілуі – қиссаны айтушылар мен жазып алып баспаға дайындағандардың тарапынан болған. Жырда Зарлық құландарды атып, Мұңлыққа алып келеді. Егіз бала тапқан Қаншайымды дұшпандары жолбарыс, бөрі, қабыланы көп жеті қабат аралға апарып тастайды. Ит адаммен дос болады – Қаншайымды иттің екі күшігі асырайды.
Белгілі ғалым Ә.Қоңыратбаев «Мұңлық-Зарлық» эпостық жыры туралы былай деп жазады: «Қазақтың бұл классикалық аңызын да сол Жүсіпбек қожа жырлаған. Ол революциядан (1917 жылғы Ресейдегі Қазан төңкерісін айтады, М.Ә.) бұрын Қазанда, 1967 жылы бізде қайта басылды. Мұны қазақтың ертегілік эпосының әрі көркем, әрі кенжесінің бірі дейміз. Аңыз Х ғасырда Сыр бойында, оғыз-қыпшақ ұлысы кезінде туған. Мұндағы Шаншар хан 956 жылы Жент қаласында Ислам дінін қабылдайтын Санжар болуға тиіс. Жырда Ислам жайы әңгіме болмайды. Ұғымдар, оқиғалар ескі замандарға кетеді. Құралай-Қарадәу оқиғасы аналық қоғам салтын сынаудан туған. Мыстанның зорлығына ұшырап, тауда киік сүтін еміп өсетін екі жетім Мұңлық пен Зарлық аңызы тіпті ерте заманды мегзейді. Алтай түркілерінің атасы делінетін Бөрте-Шинді қасқыр асырайды. Қазақ батыры Зарлық киік сүтін еміп жетіледі. Бұл аңыз жер жүзі мифологиясынан қалыспайды. Аңыз Сырда туған. Аңыздың Сыр бойында туғанын ондағы жер-су, адам аттары дәлелдейді. Хазар аралында «Арал теңізі) балық аулап күн көретін Жаудыр осы күнгі түркімен тайпаларының бірі делінеді. Түркімендердің ертеде Сырда тұруы бар. Жырдың негізгі мәні балықшы шалдың Қаншайым сияқты ақылды қыз, одан Зарлық, Мұңлық сияқты жетімдер туғызып, солардың әділ ісін жақтауда ғана емес, сонымен бірге Шаншар, Дотан сияқты адамдардың саяси бірлік жасаудағы әрекетінің көп қиыншылықпен байланысты болғанын айту болса керек. Тұқымсыздық бір ғана отбасының драмасы емес, заман проблемасын да білдірмек. Сол үшін жыр Шаншар хан, оның балалары тағдырын ғажап драматизмге құрған».
«Мұңлық-Зарлық» қиссасының идеясы – адамгершілікті қорғау идеясы. Анасының бауырынан алысқа апарып тасталған егіз ұл мен қыз – Мұңлық қыз бен Зарлық бала туралы баяндалатын қиссаның;
Ақыретте сауап жоқ,
Айтатұғын жауап жоқ.
Жетім-жесір ғаріпті,
Кемсініп біреу қорласа…- деп басталуы қиссаның үлкен мәселені қамтитынын сездіріп тұр. Ұл балаға зар болып жүрген Шаншар ханның Қаншайымға үйленіп, онан егіз ұл мен қыз табуы, Шаншар ханның алпыс әйелінің ұл мен қызды қызғанып, «Қаншайымды екі күшік туды» деп, аң аулап жүрген Шаншар ханға жамандауы, ұл мен қызды мыстан кемпірдің алысқа апарып тастауы, Зарлықтың Күлмес ханға жолығуы, Қара дәумен шайқасы, Зарлықтың патша болуы өте қызғылықты баяндалады.
Ежелгі дәуірлерде пайда болған қиссада мыстан кемпір адамның қас жауы ретінде сипатталады. Мыстан кемпірде баланы аяушылық сезімі жоқ, ол – қатыгез, зұлым.
Қиссаның:
Ақсұңқар құс шырмалар,
Саятшы алдын торласа,
Ақ бөкен келіп жығылар,
Алдын қазып орласа…-деп басталуында адамгершілік идеясы бой көрсетеді.
Қиссаның басталуында жыршы адамгершілік, имандылық, исламдық дәстүрлер аясында біраз пікірлер өрбітеді. Сонан соң:
Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Он сан Ноғай елінде…-деп жырлайды.
Мұнан «Мұңлық-Зарлық» қиссасы исламдық түркі дәуірінде болған оқиғаларды қамтиды деп топшылауға болмайды. Мысалы, көне ғұн дәуіріне жататын «Алпамыс батыр» («Алып Бамсы батыр») жырының академик-жазушы С.Мұқанов 1939 жылы құрастырған «Батырлар жыры» кітабында:
Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда…
Немесе:
«Байбөрі хаққа налыды…»
«Алмады Алла жанымды…»
«…Қадыр Алла жаратқан…»-деп жырланады («Батырлар жыры», Алматы, «Жазушы» баспасы, 1986 жыл, 7-бет).
Ал, Алпамыстың (Алып Бамсының) ежелгі ғұн дәуірінде өмір сүргенін ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеп жүр: «…Тарих беттеріне үңілетін болсақ Алпамыс деген батыр тарихта болған адам екендігін байқаймыз. Ол шамамен б.з.б. 110-50 жылдары өмір сүрген қолбасшы, батыр болған. Алпамыс батыр шүршіттермен соғыста ерекше ерлік көрсеткен қолбасы. Тайчу (Тайшық хан) Ғұн мемлекетін біржола жою мақсатында көшпелілер еліне бірнеше дүркін әскер аттандырады. Осы әскерге қарсы бағытталып, бірнеше аптаға созылған жойқын шайқаста Алпамыс шүршіт әскерлерін ойсырата жеңеді. Кейіннен тағы бір жойқын соғыстардың бірінде Алпамыс батырдың жау қолына түсуі жыр-дастанға айналып, біздің дәуірімізге жеткен…».
«Мұңлық-Зарлық» қиссасында Аллаға сиыну дәстүрі де белең береді:
«Жаратқан Алла құдайым…»,
«Бір Аллаға ашық боп…»-деп жырланады (сонда, 8-бет).
Сондай-ақ жырда:
«…Он сан Ноғай елінде,
Бір сәуегей бар ма екен…»
Немесе:
«…Он сан Ноғай ішінде,
Ақша салып алғандай,
Екі ен дорба жоқ па екен?..» делініп оқиғалардың ноғайлы дәуірінде болғанын баян қылады.
Молдалар Құралай мен Зарлықтың некесін қияды.
Исламдық түркі дәуірі түркілер идеологиясына әдеуір өзгеріс әкелгені рас. Сондықтан исламдық түркі дәуіріне дейінгі ауыз әдебиеті жанрлары (қисса, ертегі, мысал әңгімелер, мифтік аңыздар, өлең-жырлар т.б.) айтушылар тарапынан исламдық идеология тарапынан көп өзгерістерге ұшырады.
Қиссаны жырлаушы Жүсіпбек Шайхуисламов («Жүсіпбек қожа сөйлейді…») «Мұңлық-Зарлық» қиссасындағы оқиғаны Ноғайлы елінде болды деп жырлайды:
…Он сан Ноғай елінде,
Шаншар хан атты ханы бар,
Ғадалатшы хан екен,
Қайыры тиген жаһанға.
Бір перзентке зар болып,
Алпыс қатын алыпты…
Мұндай «Бір перзентке зар екен…» деп басталатын желілер «Алпамыс батыр» жырында да бар. Байбөрі де бір ұлға зар болады.
Алпыс қатыннан ұл көрмеген Шаншар хан ұлды болуды армандайды. Түсіне ақ шалмалы қария аян беріп, ол Шаншар ханға: «Бір сұлу қыз аласың, сонан бір ұл, бір қыз көресің…» дейді. Жас қызды әйелдікке алады. Онан да перзент көрмейді. Ақыры Жаудыр деген шалдың Қаншайым атты қызын әйелдікке алады…
Қиссада Ноғайлы елі қайталанып отырады:
Он сан жатқан Ноғайға,
Үй басына он сомнан,
Үш қайтара салады…
…Он сан жатқан Ноғайды,
Жалғыз қалта жалмайды…
Бала Зарлық қалмақтарға кезігеді:
…Қалмақ деген зәнталақ,
Екі беті қанталап,
Зарлықжанды көрген соң,
Жиылды бәрі анталап…
…Өзі батыр ер еді,
Қалмақпенен ісі жоқ.
…Онда қалмақ келеді,
Ұрыс қыла береді…
Зарлықтың дәуді іздеп, оны тауып алуы, шайқасып оны өлтіруі ежелгі дәуірлердегі ертегілерде болатын дию, жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, жезтырнақ, жерқазар т.б. жамандық негізін салатын кейіпкерлерді еске түсіреді.
Зарлықтың мініп жүрген Гүлсары аты ақылды болып суреттеледі. Қобыландының Тайбурылы да ақылды. Ол Қобыландыға қауіп төнгенде төнген қауіпті ескертіп отырады. «Алаңқай батыр» жырында Шабыскер де ақылды. Ол үнемі Алаңқайға көмектеседі. «Құламерген-Жоямерген қиссасында Жоямергеннің аты ділдаш су астындағы алтын қазанды сыртқа алып шығып, Жоямергенге көмектеседі.
Ғалымдар З.Сейітжанұлы, П.Бисенбаев, Ә.Құдияров, «Мұңлық-Зарлық» қиссасы туралы: «Мұңлық-Зарлық» жырында да барлық жамандық мыстан кемпір арқылы іске асады. Бұл арада айта кететін бір жай, таудағы екі баланы (Мұңлық пен Зарлықты) киік асырайды. Сонымен бірге әке мен баланы кездестіруге кәміл пірлер киік кейпіне түсіп, себепкер болады. Мұның түп-төркіні көне түсінік тотемдік ұғымдарға қарай тамыр тартады…»
Ежелгі дәуірлердегі қисса-дастандарда, ертегілерде, мифтік аңыз әңгімелерде адамға көмекке келетін жан-жануарлар мен құстар. «Мұңлық-Зарлық» қиссасында киік адамның досы ретінде сипатталады.
Негізінен «Мұңлық-Зарлық» қиссасы ежелгі дәуірлерде пайда болған ең көне эпостық жырларға жатады. Қиссада адам мен мыстан кемпірдің, дәудің арасындағы күрес баяндалады.
Қиссада зарлық Қара дәумен айқасып, күші басым дәуді жеңе алмасын сезген соң Аллаға мінәжат қылып, көмек сұрайды:
«… Әлі келмейтін болған соң әуелі Алла тағалаға, екінші жәмиғи пайғамбарларға шапиғи келтіріп, әулиелерден медет сұрап айтқаны:
Мендей ғаріп құлыңның,
Ал, ұсындық қолын ал.
Сүйегім сынып болды сал,
Қуат кетіп тәнімнен,
Қалмады менде зәррет әл!
Бір медет маған бере гөр,
Перзентің енді қысылды,
Қазірет атам, анамыз.
Мұнда көрдім бір мехнат,
Машақат көрдім мен биқат.
Мен мұндай сасқан күнімде,
Я,Расул, қыл шапағат,
Жетім болдым әуел бастан,
Талай бейнет көрдім жастан,
Мүсәпір қылды Құдайым,
Қорлық көрдім талай істен.
Бір медет берер күніңде.
Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман.
Мен бейшара болдым кедей,
Ел-жұртымнан болдым жұрдай.
Әулиелер жолына
Байладым жанды мен пида.
Бір медет берер күніңде,
Я, қазіреті жер құда.
Көзімнен ақты қанды жас.
Сарсаң болды ғазіз бас,
Болды маған енді жат
Ағайын, туған, қарындас.
Бір медет берер күніңде,
Ғұс қиясы Қызыр Ілияс.
Арманда кеттім енді мен
Дәрменің кетті халімнен.
Бір медет маған бере гөр
Жасымнан баққан қырық шілтен.
Әлқисса Зарлық бала бұлай деп медет сұраған соң әулиелер медет береді, жүз ердің күшін пайда қылады:
Пірлері медет бергесін,
Бала судай тасады.
Қайтадан қааһар шашады
Қара дәуді Зарлықтың
Аруағы да басады.
Әр нәрсе қылса Зарлық хан
Пешенеден көреді.
Ғайып ерен қырық шілтен
Зарлықтың кәміл пірі еді.
Пірлері медет берген соң,
Бала енді асады.
Көтеріп алып Зарлық хан
Дәуді астына басады.
Басып жатып Зарлық хан
Дәудің басын кеседі.
Судай шашып қандарын
Ағашқа басын асады.
Әлқисса, Зарлық батыр дәуді өлтіріп, Құралай сұлуға келеді…» («Көне эпос», Алматы, «Қазақ университеті» баспасы, 2003 жыл, 51-52-беттер).
Аллаға жалбарынып, онан көмек сұрап, қарсыласын жеңу желісі «Қисса Шаһизинда» да кездеседі. Қиссада Әли балуан (батыр) Дариға балуанмен (батырмен) он бес күн айқасып, күші басым Дариғаны жыға алмайды. Әли Дариғадан намаз оқуға рұқсат сұрайды. Дариға рұқсат береді. Әли он бес күндік қаза болған намазын оқып болып, Аллаға мінәжат етеді. Сонда Әлиге тілеулес болған періштелер Алладан «Әлиге көмектесе гөр..» деп өтініш етеді:
Тілеулес болды жылап көк пенен жер,
Қол жайып «әумин!» деді періштелер.
Айтады мінәжат қып баршалары:
«Құдай-а, ер Әлидің тілегін бер».
Әлидің қысылғанын Расул білді,
Қол жайып тақсыр сонда дұға қылды.
«Дұғасын қабыл қылдым, досыма айт»,-деп,
Жіберді Пайғамбарға Жәбірейілді. («Қисса Шаһизинда», кітапта: «Бабалар сөзі», жүз томдық дастандар, 10-том, Астана, (Фолиант( баспасы, 2004 жыл, 370-бет).
Мұндай Аллаға сиыну, жалбарыну желілері діни қисса-дастандарда жырлануы кейін әдеби дәстүрге айналып кеткен. Бұл исламдық идеологияның әдебиеттегі көрінісі.
Қиссада Қызыр баба, Ғайып ерен қырық шілтен сияқты ұғымдар кездеседі. Белгілі ғалым С.Қосан осындай ұғымдар туралы былай деп жазады: «…Қызыр Ілияс, ғайып-ерен қырық шілтен секілді ұғымдар – өзара мәндес атаулар. Қазақтағы «қаймана» деген сөздің негізі ғайыпанада жатқаны даусыз. Бұл сөз сырттай қамқорлық ету, жоқ жерден жолығып, қол ұшын беруші, жасырын, сырт көз т.б. мәндерге ие. Қызыр (Қыдыр) – көптеген шығыс халықтарының, әсіресе мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде жиі ұшырайтын ертегілік, тіпті, жартылай мифтік тұлғаның есімі. Әдетте, оның аты Ілияс пайғамбармен бірге қосылып атала береді.
Мұсылмандардың аңызы бойынша, Қызыр әулие жасыл киім киіп жүрген (қызыр – арабша жасыл деген сөз). Бұл әулиенің бейнесін, шығу тегін әр халық өз тарихына жақындатып әңгімелейді. Бір деректерде оның зираты Мысырда, бір деректерде Орта Азияда орналасқаны айтылады. Мысалы, Самарқанда хазірет Қызыр атындағы мешіт бар екені белгілі.
Қызыр атаға байланысты аңыздардың көбінде «мәңгілік су» жайында әңгімеленеді.
…Қызыр Ілиястың жанында әдетте «шілтендері» болады. Қазақтардағы ғайып-ерен қырық шілтен, Шашты Әзиз, Қызыр әулие секілді тіркестердің бәрі де осы кейіпкерге байланысты туған…».
Қызыр баба, ғайып ерен қырық шілтен туралы В.В.Бартольд, Е.Э.Бертельс пікірлер жазып қалдырды. В.В.Бартольд Қызыр бабаны жолаушылар мен саяхатшыларға ақсақал кейпінде жолығып, оларды сынақтан өткізеді, дұрыс жолға бағыттайды (Бартольд В.В. Том 2.-Мәскеу, 1918 жыл, 59-бет). Ал, Е.Э.Бертельс Қызырды «мәңгі тірі пайғамбар, ол бәрін білетін жұмбақ жәрдемші» деген ой өрбітеді.
Қызыр баба туралы Астанадағы «Фолиант» баспасынан шыққан «Бабалар сөзі» деп аталатын жүз томдық кітаптың ғылыми қосымшасында мынадай түсінік берілген: «Қызыр баба – (Қыдыр баба) – көптеген шығыс халықтарының, сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық образ.
Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар қызыр бейнесін көне архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зерттесе, кейбір ғалымдар – тек Ислам ықпалымен пайедында Қызыр баба (Қыдыр) – ел аралап жүрген ақ киімді ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы, бақыт, дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы».
Қазіргі еуропалықтардың Аяз ата деп жүргені – сол Қызыр баба – Қыдыр ата. Қыдыр атаның тілегі адамзатқа арналған жақсы, қайырымды тілек. Ол бейбіт өмірді аңсайды. Жамандық атаулыға қарсы.
«Мұңлық-Зарлық» қиссасы шытырман оқиғаларға бай, тәрбиелік маңымд бағытта тәрбиелеуге де септігін тигізе алатын, адамгершілік пен имандылық тұрғыда әлем әдебиеттеріне тең келе алатын балаларға арналған шығарма.
Мұрат Шалқар