№3 Наурыз, 2023
Қазір Ақтөбе облысының ересек тұрғындарына тілдерді оқытуды жүзеге асыратын «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ «Тілдерді оқыту орталығы» КММ басты ақсаты: мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді оқыту, оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік тұрғыдпа шығару екені біз үшін үлкен мақтаныш дей аламыз.
Ақтөбе қаласындағы тілдерді оқытатын басқа орталықтардан басты ерекшелігі – мемлекеттік және басқа да тілдерді тегін оқытуы, облыстың бір кездері өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған, шекара бойында орналасқан 3 ауданда (Хромтау, Мәртөк, Қарғалы аудандары) тіл үйрету курстары ұйымдастыруы, жеткілікті оқу — әдістемелік қоры, мемлекеттік труі игерудегі ашықтығы деп батыл айта аламыз.
Егер нақты мысалдар келтірер болсақ бүгінде біздегі «Тілдерді оқыту орталығы» КММ тілдік курсты мынадаұйақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК енгізген Ұлттық стандартына сәйкес «Қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі бағдарлама» (қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі) негізінде 5 түрлі деңгей бойынша жүзеге асырады. Мемлекеттік тілді оқыту курсымен қамту ісіне 100 сағат бөлініп отыр.
Бұл шаруаға Әскери құрылымдарда-72 сағат (Қысқа мерзімді курс) берілген. Оның мақсаты: Қазақ тілін оқыту үдерісінде тыңдаушылар оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып, коммуникативті дағдыларды дамытады, таңдалған мамандық бойынша тілдік материалдармен танысады, шынайы көздерден жаңа білім алады, зерттелетін тілдің ел армиясы саласындағы ой-өрісін кеңейтеді, аударма негіздерін игереді.Тиімді қызмет ету үшін жеткілікті ауызша сөйлеу, оқу, жазу дағдыларын дамытады. Қазіргі нормативтік құжаттарды дайындау және әскерилердің тілдік даярлаудың негізгі бағыттары қарастырылады. Әскери-ғылыми мәтіндерді өңдеуді, талдауды қалыптастыру және қолдау болып табылады. Қазақ тілі бойынша әскери қарым-қатынасқа қажетті кездесулерге дайындық, оны өткізу, презентация дайындау, іскерлік хат алмасу, келісімшартқа отыру, сауатты толтыру білігі мен дағдысын және дұрыс сөйлеу тілін жетілдіреді. Құқықтық құжаттарды құрастыру сияқты қатысымдық құзыреттілікті дамытады. Бұл курста үйренушілер әскери терминологияны меңгереді.
Мемлекеттік тілді медицина қызметкерлері білуі өте маңызды. Сондықтан біз бұл орайда медицина қызметкерлерінің мемлекеттік тілді игеруіне 72 сағат (Қысқа мерзімді курс). Әзірше жеткілікті деп ойлаймыз. Мақсаты: мемлекеттік тілді білу болашақ медицина қызметкеріне біліктілігін арттыруға, сондай-ақ олардың білім деңгейін арттыруға, медициналық әдебиеттерді, сайттарды, мақалаларды, зерттеу жұмыстарын оқуға, зерттеуге мүмкіндік береді. Пациенттермен еркін қарым-қатынас жасай алу үшін күнделікті ауызекі сөздерді жаттап, сұрақтарға нақты жауап беру дағдыларын дамытады. Бұл курста үйренушілер іс қағаздары мен іскерлік құжаттарды сауатты толтыру білігі мен сауатты дұрыс сөйлеу тілін машықтандырады. Медициналық терминдерді сауатты айтуға, өз ойларын дәйекті түрде білдіруге үйренеді.
Қазір біздің басқарма былтырдан бері «Қандасым» жобасы аясында 60 сағаттық «Тілашар» қысқа мерзімді курсы ұйымдастырылды. Қысқа мерзімді курсты оқытудың оңтайлы нұсқасы ретінде қарастырған кезде әдіскерлердің алдына түбегейлі жаңа міндет пен мақсаттар қойылады: мақсаты, өткізілетін сабақтарда тілді ауызша және жазбаша түрде сөйлеушілердің тілді меңгеру деңгейіне жақын шекарада еркін меңгеруі, тіл жүйесі туралы білім алу және білімді қолдана білуге үйрету. Ең аз қысқа мерзімде, уақытты үнемдей отыра тыңдаушыларға тіл және оның сөйлеушісі туралы жеткілікті ақпарат беріп қана қоймай, оны тыңдаушылардың жадына бекіту. Сабақтың негізгі барсысы сөйлесімге бағытталған. Коммуникативті тәсіл аясында бұл ақпаратты ауызша немесе жазбаша қарым-қатынас процесінде қолдануға үйрету.Сондай-ақ тыңдаушы өзіне қарата айтылған сұрақтарға да жауап беруді үйренеді. Бағдарлама тіл үйренушінің күнделікті тұрмыс-тіршілігі мен қызметінде ең жиі қолданылатын, ең қажетті сөздерден құралған. Сондай-ақ тыңдаушы тез ұғынып, жаттауға тиімді жай сөйлемдер берілген. Оқытушының да, тіл үйренушінің де уақытын үнемді әрі тиімді пайдалану үшін тіл үйренушілер тапсырмаларды жеке-жеке емес, топпен бірге іске асыратын тапсырмалар да бар. Шетелдіктерге қазақ тілін оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері қамтылған. Фонетикалық, грамматикалық тапсырмаларды оңай әрі тез орындап, лексикалық тапсырмаларды игереді. Сонымен қатар үндестік заңын сақтай отырып, дыбыстарды, буындарды, сөздерді, сөйлемдерді дұрыс айтуға, айту дағдысын қалыптастыруға бағытталады.
Біздің облыстық тілдерді оқыту орталығы заман талабына сай болуды үнемі қолдап отырады. Оқыту үдерісінде оқытудың барлық форматын қолданамыз. Әлеуметтік желідегі «TIL – AKTOBE.KZ» ақпараттық сайтында, «Тілдерді оқыту орталығы» телеграмм парақшаларына енгізілген оқу-әдістемелік материалдар циклы қазақ тілін өз бетінше үйренуге ниетті тұлға үшін өте қолайлы.
Тағы бір қуанарлық жәйт мынай: Қашықтан өткізілетін сабақтар желісі бойынша барлық деңгейді оқыту қамтылған. Сонымен қатар, 24 сағаттық «Тілтаным» латыннегізді жаңа әліпбиді насихаттау мақсатында жасалған сабақтар циклі бар. Бұл бөлімде жетілдірілген әліпби және соған сәйкес тапсырмалар берілген.
Тыңдаушылар үшін орталықтың ютуб платформасында «Til Aqtobe» каналы жұмыс жасап тұр. Ютуб каналда 163 видео жинақталған, 8 түрлі плейсттерге бөлінген. В1 деңгей тыңдаушыларына арналған «Тіл ордасы» 22 бейнесабақтар циклы;
Қызықты айдарлар мен тың мәліметтерді, түрлі ойындарды қамтитын балаларға арналған «Тілдарын» бағдарламасы;
«Жаңа әліпбиді бірге үйренейік» атты ересектерге арналған оқыту бағытындағы телебағдарлама бар.
Қашықтан өткізілетін сабақтар тыңдаушыларға өндірістен қол үзбей өз бетімен білім алуға, дәстүрлі әдістемелер мен өзекті технологияларды біріктіруге, жұмысты өз бетінше ұйымдастыруға және жоспарлауға, білім алуға және талдауға, ақпаратты іздеуге және іріктеуге, шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді.
Оқу дағдыларын тереңдетуге, жазу машықтарын дамытуға, сауаттылықтарын көтеруге бағытталған әлеуметтік желілерде Фейсбуктегі «Центр по обучению языкам г.Актобе» және Инстаграмдағы «Sentriazyka» парақшаларында «Сауаттылық парақшасы», «Латын, назар аудар!», «Latyn-time». «Тағылым» және «Шежіре» атты жобалар ұдайы жұмыс жасап тұр. Бұл жобалар арқылы желі қолданушысы қазіргі әдеби қазақ тілінде жазылған публицистикалық мәтіндерді еркін қолдана алады. Әлеуметтік желілердің көмегімен тыңдаушылар тек коммуникативті құзыреттілікті ғана емес, сонымен бірге елтану білімін де дамытадыдеп ойлаймыз.
Міне, осының бәрі бүгінде елімізде қолға алынып, жолға қойылған Мемлекеттік тіл, тілдерді дамыту сияқты ұлы істерге қосар үлес болады дегіміз келеді.
М. ОРАЗБАЙ