№11 қараша, 2022
Қазақстан Республикасының президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің халыққа жоәдкөңіл бөлді.
Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. «Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамдеесті сөзі әлі де ел жадында. Бүгінде Еуразияның ең бай да бірегей мәдениетінің қатарына қазақ мәдениетінің де кіргендігі біз үшін үлкен мақтаныш. Дана халқымыз: «Өнер – ұлттың жаны» деп бекер түстемесе керек. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.
Ата-бабамыздан бүгінгі ұрпаққа мұра болған, ұлттық өнерімізді дәріптеу, оның тылсым сырларына шәкірттерді машықтандыру мақсатында , жемісті еңбек етіп келе жатқан оқу орындарының бірі ауданымыздағы Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі. Өнер саласында өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген саз мектебі биылғы оқу жылында 50 жылға толып отыр. Ширек ғасырды артқа салған Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі 1973 жылы ашылған еді. Сол кезде осы мектепке басшылық жасаған, өнер ошағының директоры, КСРО және Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, ІІ дәрежелі Отан соғысының ардагері, белгілі сазгер Емберген Тереков «Шалқар вальсі» әнінің авторы, бар ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз болатын. Кезінде ұлы сазгер академик Ахмет Жұбанов ол туралы: «Емберген Тереков – талантты музыкант» деп жоғары баға берген екен. Ұстаздардың ұстазы болған, іскер басшыға мектепте арнайы тақта орнатылған.Осындай іскер басшының ізін жалғастырған 50 ге жуық әннің авторы, ҚР Білім беру ісінің үздігі Шалқар өңіріне есімі әйгілі ұстаз марқұм Есенжол Садықұлы Өтебасов болатын. 20 жыл бойы осы қызметті абыроймен атқарып, мектептің өркендеп өсуіне өз үлесін қосты. Қазіргі таңда мектеп тізгінін өз қолына алған Гүлбану Галимуллақызы Үмбетова өз ісінің шебері. Осы мектепте шәкірт болып, кейін баян сыныбының мұғалімінен бастап, оқу ісінің меңгерушісі қызметін атқарып, ал енді өз ұжымының ұйытқысы, іскерлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен ұжымды алға тартып келеді.
Мектебіміздің мақтан тұтар , майталман ұстаздарының алды қазір зейнеткерлік еңбекдемалысында. Олар: Жамал Тілесова, Күләш Төрегельдина, Ағима Салина, Гүлзада Қалмағанбетова, Бақыт Қалжанова, Жұмабике Шықыраева , Роза Ақдәулетова, Есентай Өтебасов.
Қазір осы ұстаздардың тәлімі мен еңбек жолын жалғастырып келе жатқан 25-35 жыл еңбек өтіліне ие ұстаздар қауымы бар.
Әбіш Кекілбаев ағамыз «Өнерде шəкірттік сезімін ұмытқан адам – ұстаз да бола алмайды.» деп бекер айтпаған. Себебі біздің шәкірттер осы мектептен түлеп ұшып, ұстаз болып өз мектебіне қайта оралып жатыр. Бұл ұстаздардың келелі еңбектерінің арқасы деп білемін. Елге танымал , өнер адамдарының ішінде термеші Айгүл Елшібаева, әнші Жаңабай Өтегенов біздің мектебіміздің төл шәкірттері.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, жалпы өнерге баулу, өнер танымын кеңейту мақсатында, және оларға эстетикалық тәрбие алуына ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға өмірмен өзектес — өнер екендігін ұғындыру мақсатында мектепте 57 педагог тер төгуде.
Жас ұрпақты сәулетті қоғамымыздың жан – жақты жетілген, жарасымды азаматы етіп қалыптастыру білім ордамыздың, аяулы да ардақты ұстаздарымыздың ерен еңбегі, бүкіл ғұмырлық мақсаты, шын жүректі тілегі.
«Ұстаздық – ұлы қызмет» — деп жазушы Әзілхан Нұршайықов ағамыз айтқандай мектебіміздің ұстаздары асқан жауапкершілік сезіммен, оқушыларға тиянақты білім беріп, таусылмас қажыр қайрат жұмсай отырып, өсіп келе жатқан ұрпақты адалдыққа, адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілікке, жоғары өнегелі қасиеттерге баулып, білім берудегі жаңа міндеттерді шығармашылықпен іске асырып келеді. Мектепте көпшілік мәдени іс-шаралар мен дәстүрлі мерекелерді атап өту және түрлі интеллектуалды жарыстар өткізу мен отансүйгіштік, патриоттық сезімін арттыруға бағытталған байқаулар өткізу арқылы жүзеге асырылуда.
Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады. Мектеп ұстаздары осы ұстанымды назарға ала отырып, жыл сайын өз біліктілік дәрежелерін арттырып, үнемі жаңашылдыққа ізденіс үстінде.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда сонгы ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары ұстаздардың білімдеріне жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда ұстаздардың үлестері орасан мол. осындай нәтижелі еңбектің арқасында мектеп оқушыларының жетістіктері ұшан теңіз, олар әртүрлі аудандық, облыстық, республикалық және әлемдік байқауларға қатысып, жүлделерге ие болуда.
Мектепте әр түрлі байқаулар, іс – шаралар өткізу барысында оқушыларымыз өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, дарынды балаларды анықтап оларға қолдау көрсетуге, ашылмай жүрген өнерлерін көрермендер назарына ұсынып, жеңіске жетулеріне үлкен жол ашады деген сенімдеміз.
Оқушыларға өнер үйретіп , білім берген саз мектебінің ұстаздары мәдениет саласында да өзінің айшықты орнын алып келеді. «Мәдениет — ең алдымен жәдігерлік. Оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші — зиялы қауым. Себебі, әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс — тіршілігі, салт-дәстүрлері дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, ол елдің еңсесі де биік , рухы да жоғары болады. Сонымен қатар, мәдениет — адамзат тұлғасы деңгейіне көтеретін негізгі құрал. Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Шынында да өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі. Мәдениет пен өнер – қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамиды. Ауданымыздағы Сары Батақұлы атындағы Мәдениет Үйі жанынан құрылған Ахмет Жұбанов атындағы халық аспаптар оркестрінің негізгі құрамы осы саз мектебінің ұжымы.
А.Жұбанов атындағы халық аспаптар оркестрінің негізі 1968 жылы көркемөнерпаздар ұжымы болып қалыптасты .Алғашқы көркемдік жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Ізбасар Ілиясовтың ұйымдастыруымен 20 адамнан 16-домбырышы, 2-баян, 2-мандалиннен құралды. Оркестр алғашқы күннен бастап жан-жақты талқыланған өздерінің қабілеттеріне бейімделген жаңа репертуарлармен жұмыс істей бастады. Нота үйрену арқылы музыкалық қабілеттерін көтеріп, күйлерді нақышына келтіріп, сауатты орындау дәрежесін арттырды. Аз ғана уақыт арасында ұлт аспаптар оркестрінің атағы халық арасында кеңінен тарап, көрермендер ықыласына бөленді. 1970 жылы оркестр В.И.Лениннің 100 жылдығы мен Қазақ ССРнің 50 жылдық мерейтойына арналған байқауда жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшінұйымдастыру комитетінің 3-дәрежелі дипломымен марапатталды. Ол кезде оркестр дирижерсіз өнер көрсетті, жеке домбырашылар Ізбасар Ілиясов, Бақыт Басығараев, Сәуелхан Демеубаевтар байқаудың лауреаты атағына ие болды. Сол жылдары оркестр арнайы бағдарламамен Ақтөбе теледидары көрермендерге арқылы танымал бола бастады. 1976 жылы БүкілОдақтық көркемөнерпаздар шығрмашылығы 1-фестиваліне қатысып, жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үші 1-дәрежелі дипломмен марапатталып, фестиваль лауреаты атанды. 1977 -1980 жылдар аралығында аудандық байқаулардың жүлделі орындарына ие болды, 1980 жылы Облыстық халықтық ұжымдардың байқауында 1-орынды иемденіп, қазылар алқасының жоғары юбағасы бойынша «Халықтық» атағын алуға ұсыныс қойылды. Қаз ССР Мәдениет Министрлігінің шешімімен 1980 жылы көркемөнерпаздар Оркестріне «Халықтық» атағы берілді. Оркестр жетекшісі болып Өтебасов Есентай Садықұлы тағайындалды. 1983 жылы Алматы қаласында халық шығармашылығын дамыту мақсатында өткен байқауда Алғыс хатпен, 1985 жылы Облыстық байқаудың жүлдегеоі, 1987 жылы 2-ші Бүкілодақтық Халықшығармашылығы Фестивалінің лауреаты, 1990 жылы Онжылдық мерейтойын атап өту мақсатында есепті концерт берді. 1995 жылы Ұлы Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында, 2000 жылы Шалқар қаласының іргетасының қаланғанына 130жыл толу мерейтойына жоғары дәрежеде өнер көрсетті.
Қазіргі таңда оркестр құрамы жаңартылып және түрлі аспаптармен толықтырылды. Оркестрдің жетекшісі Ауашова Ақбөпе Түлкібайқызы 14 жылдан бері оркестр жетекшісі және дирижері. Ауданддағы түрлі іс шаралар, мерекелік концерттерде оркестр өнер көрсетіп келеді. Облыс орталығы Ақтөбе қаласында екі жыл қатарынан «Шалқар күндері» аясында оркестр өз өнерлерін облыс көлеміне танытып қайтты. Сондай-ақ жергілікті күйші Қазанғаптың 155 жылдық мерейтойында, жақында ғана «Рухани жаңғыру» аясында өткізілген Ақай Ақтан батырдың Республикалық ғылыми конференциясында, Облыстық «Жерлестер» форумында да оркестр халықтың қошеметіне бөленді. Мәдени шаралардың барлығынан дерлік тыс қалған емес.
Репертуарында негізінен Қазанғап, Дәулеткерей, Құрманғазы, Дина күйлерімен қатар Нұрғиса Тілендиев, Сыдық Мұхамеджанов, Кенжебек Күмісбеков, Ахмет Жұбанов сынды композиторлардың әндері мен күйлері бар. А.Жұбанов атындағы халық аспаптар оркестрі бүгінгі күні репертуарын толықтырып, өз көрермендерінің ықыласына бөленуде.
Оркестр 2020 жылы «Бақытты елдің ұрпағы» қоғамдық қорының үйымдастыруымен «Өмірін өрген өнермен» атты Республикалық байқауға қатысып І орынды иеленді. 2021 жылы Республикалық «Бірлігіміз жарасқан» байқауында үздік өнер көрсеткені үшін «Үздік жетекші» дипломымен марапатталды. 2022 жылы ІV Республикалық “Мәңгілік ел алыптары» байқауында Бас жүлдені жеңіп алды..
Халқымыздың бай мəдени мұрасы мен руханиятының дамуына үлес қо¬сып келе жатқан оркестр ұжымы, хәм мектеп ұжымының ұстаздарына ширек ғасырлық мерейтойларыңыз құтты болсын демекпін. Сіздерге шығармашыдық табыс тілеймін.
Ақбөпе Ауашова,
А.Жұбанов атындағы халық аспаптар оркестрінің жетекшісі
Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінің домбыра класының мұғалімі